ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Р.Е. Джуншеев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. Алайда, бұл бағытпен тым әуестену сабақ мазмұнының теориялық бөлігінің жеткілікті қарастырылмайтынын, тіпті оның эмпирикалық материалдардың көптігінен ығыстырылуына алып келуде. Аталмыш жағдайда дәстүрлі және вербальды дидактикалық құралдарды пайдалану жеткіліксіз болып табылуда. Сондықтан философия пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.
Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.
Кестелер оқыту процесінде түсіндіру, есте сақтау, бекіту қызметін атқарушы көрнекілік құралдары немесе оқу ақпараттарын, мазмұндағы білім элементтерін белгілі бір құрылымдық жүйемен жеткізу формасы ретінде қолданылады.
Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.
Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде ұйымдастыру және өткізу, біздің ойымызша, студенттердің оқу-танымдық қызметін басқару әдісі ретінде теориялық білімдерді тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.
Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.
Философия пәнін оқытуда логикалық-құрылымды кестелерді қолдану жеткіліксіз жүргізілуде. Философиядан сәйкес кафедраларда құрылатын кестелер теориялық білімдерді толықтай қамтымайды және логикалық құрылымды кестелерге қойылатын талаптарға сай келе бермейді, сондықтанда философияның теориялық мәселелерін шешу міндеттерін жеткілікті орындай алмайды.
Философия пәнінен логикалық-құрылымды кестелерге арналған осы әдістемелік құрал жоғарыда аталған кемшіліктердің орнын толтыруға бағытталған және кафедрада философия оқу бағдарламасына сай жасалынып жатқан оқу құралының бір бөлімінен (қазақ философиясының тарихы) логикалық-құрылымды кестелер жасау үлгісі болып табылады.
Оқу құралының алдына қойылған мақсаттың іске асуын бағалауды оқырмандардың үлесіне қалдырамыз.
Аталған оқу құралын құрастыру барысында авторлар төмендегіндей мақсаттарды көздейді:
-
философиядан оқу материалдарын дайындауда оқытудың жүйелік
принципін жүзеге асыру;
-
студенттердің философия ғылымының категориялық аппараты
туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру, олардың ұғымдық ойлауының қалыптасуына жағдай жасау;
-
студенттердің аналитикалық ойлауын және оқу материалын жүйелі
меңгеру қабілеттерін дамыту;
-
студенттердің бағдармалық материалды толық меңгеруіне жағдай тудыру.
Бұл әдістемелік құралдағы кестелер қазақ философия тарихына арналған.
Философия қазақ халқына сырттан танылған ілім емес, өзінің төл санасында жататын құбылыс. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психологиясына, әлеуметтік дүниетамына әбден сіңген.
Халықта даналығымен, әділдігімен көзге түскен көптеген билер, жыраулар, ақындар болған. Мәселен, аты алашқа әйгілі болған: Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би (оларды халық «Тура би» деп атаған). Билер көбінесе құбылысты астарлап ашып, тұспалдап сөйлейтін шеберлігін танытып отырған. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды тіршілікте өте жоғары бағалаған. Жырау-әлі қоғамдық ғылымда тереңірек зерттелмеген, сыры толық ашылмаған, күрделі ұғым. Оған Бұқар жырау, т.б. сияқты тұлғалар шығармашылығы кепіл.
Қазақ қоғамдық ойының философиялық тұрғыдан көрініс беруіне үлкен үлес қосқан ғұлама ойшылымыз Абай болып табылады. Абайдың философиялық дүниетанының «таза» материалистік немесе идеалистік деген түсінік сыңаржақтылыққа әкеліп соқтырады. Ол Шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі данышпандық тұрғыдан сарапталуына, қазақты іштей жеп жатқан ала ауыздық тамырына балта шабу керектігіне шақырған ұлы тұлға. Оның ойларын әрі қарай дамытып, тарихқа өзіндік дүниетанымын қалыптастырған ойшылардың қатарына Шәкәрім де жатады.
Міне осындай бай мазмұны бар қазақ философиясы тарихын игеруде көрнекі, нақты кестелердің алатын өзіндік орны бар. Төменде философия оқу бағдарламасына сай қазақ философия тарихының біршама тақырыптарының мазмұнын көрсететін кестелердің үлгісін бердік.
1 кесте
Алғы философия
Алғы философия және оның қалыптасу барысы
Анарыс (Анархасис) (ҮІ б.ғ.д..) ел билеу жолдарын айтқан ғұлама, реформа жасаған
Тоныкөк (ҮІІ ғ.) шығыс-түрік мемлекетіндегі реформатор
Қорқыт тіршілік және мәңгілік мәселесі
Күлтегін (ҮІІ ғ.) елдік, халықтық қасиеттер
2 кесте
О
Ортағасырлық Қазақстан философиясы
ртағасырлық Қазақстан философиясы
Жүсіп Баласағұн (1015-1016 ж.ж.) Елді әділетті басқару мәселелері
Махмуд Қашқари (1029-1101 ж.ж.) Түрік халқының салт-дәтүрін, менталитетін, тілін зерттеген
Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551) Тарих философиясы мәселелерін қойып қарастырған, дін философиясын дамытқан.
Қожа Ахмет Иассауи (1166 ж.қ.б.) Ақиқатты танып-білу жолдарын қарастырып сопылық (суфизм) философиясын дамытқан
3 кесте
Аль Фараби философиялық көзқарасы
Аль Фараби философиялық көзқарасы
Болмыс туралы ілім
Бақыт теориясы
4 кесте
Ақын-жыраулар философиясы
Ақын-жыраулар философиясы
Шалкиіз (1465-1560) Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Шалкиіз толғауларының рухы-батырлық ерлік, өз Отанын сүю, оған қызмет ету
Қазтуған (ХҮ ғ) Ол өз артына өмір хақында, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптардағы сан алуан мол мұра
Асан-Қайғы (ХҮ ғ.т.ж., ә.ж. белгісіз) Өзінің философиялық жыр-толғауларында хандық үкіметі нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттады
Бұқар-жырау (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.) Философиялық көзқарас-білімнің толықтырылған, қорытылған күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келешекті болжаудан туындайды.
5 кесте
Бірлік философиясы
Бірлік философиясы
Төле би (1663-1756) Елдін бірлігі, ынтымақтастығы мәселесі
Әйтеке би (1666-1722) Бейбітшілік, адамгершілік мәселелер
Қазыбек би (1667-1764) Мемлекеттік, құқық мәселелерін қарастырған (Жеті жарғы)
6 кесте
Қазақ ағартушылық философиясының негізгі идеялары
Ақыл-ойды дәріптеу
Білім, ғылымды қоғам дамуының қорғаушы күші ретінде түсіну
Дінді философиялық талдау. Дінге сын
Адам мәселесі
Адам бақыты
Әлеуметтік прогресс мәселесі
Адам болмысы ерекшеліктерін қарастыру
Онтологиялық аспект
Имандылық, ізгілік, адамгершілік категорияларын негіздеу
Этикалық аспект
Адам табиғатына сай келмейтін қоғамды өзгерту қажет
Әлеуметтік аспект
Имандылықтың нығайтуы прогресс түрткісі
Этикалық аспект
Білімді басшы идеялы
Саяси аспект
Шаруашылықтың жаңа түрлерінің қажеттілігі
Экономи калық аспект
7 кесте
Абай Құнанбаев философиясы
Абайдың ағартушылық философиясы
Имандылық (этикалық) философиясы
Бақыт жолы-білім, ғылым және имандылық. Этикалық категорияларды негіздеу
Әлеуметтік философия Білім, ғылым және имандылық қоғам дамуының қозғаушы күші. Алғашқы басшы идеялын негіздеу
Дін философиясы. Ислам дінін талдау, оның негізгі қағидаларына сын. Дейстік тұрғы.
Өнегелік дінін ұстану
8 кесте
Шәкәрім Құдайбердиев философиясы
«Үш анық» еңбегінің идеялары
Сенім ақиқаты, жаратушы болмысын мойындау, жан мәңгілігі туралы идея
Ғылым ақиқаты, сезімдік қабылдау нәтижелері және рациональды-логикалық ойлаумен негізделген
Жан ақиқаты, субстанциональдық негізі болып ар-ождан табылады.
9 кесте
9 кесте
Рухани Ренессанс философиясы
Рухани Ренессанс философиясы
Ахмед Байтұрсынов (1873-1937) Көрнекті қазақ ақыны, ағартушы-демократы, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қазақ эстетикасының негізін қалаушы
Сұлтанмахмұд Торайғыров (1893-1920) Әлеуметтік философия көзқарасының бастауы-құдай, табиғат және адам арақатынастары туралы мәселе
Әлихан Бөкейханов (1866-1937) Ұлттық-мемлекеттік егемендік мәселесі
Мұстафа Шоқай (1890-1940) Түркі елдерінің отандығы
Мұхтар Әуезов (1897-1961) Қазақ өркениеті әлем өркениетінін құрамдас бөлшегі
10 кесте
Кенес дәуіріндегі кәсіби философиясы
Кеңес дәуіріндегі кәсіби философия
Ағын Қасымжанов Фараби мұраларың жаңғырту
Жабайхан Әбділдин Диалектикалық ой кешу
Әбдімәлік Нысанбаев Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттар-диалектикалық логика, ғылыми методологиясы және жаратылыстанудың философиялық мәселелері
Ораз Сегизбаев Қазақ философиясының тарихи мәселелерін зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |