Қазақ халқының аспаптық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар



Дата08.06.2016
өлшемі93.9 Kb.
#123089
Қазақ халқының аспаптық музыкасындағы дәстүрлі жанрлар
Қазақ халқының аспапта жеке шығарма орындаушылық, яғни күйшілік өнері сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласы. Күй, көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады.

Күйшілік өнер құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінеді. Әр дәстүрдің өзіндік орындау мәнері, өзіндік саздық жүйесі болады. Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, "төкпе" күйлер мен "шертпе " күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Ба­тыс Қазақстанда, ал, шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері - Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап, Есір, және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді.

Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер құрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар. Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің орындаушылық үрдістері бір-біріне мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындау-шылық дәстүр түзеп, айрықша құрылымдық, орьндаушылық мәнерлерді байқатады.

Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, кұрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезек орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар.



Күйлердің мазмұны мен тақырыбы да әр алуан болады. Адамның түрлі сезімдері, табиғат суреттері, үлкен әлеуметтік-пәлсафалық мәселелер шертпе күйлердің негізгі айтар ойына арқау болған. Шертпе күйлердің өзі мазмұндық, орындаушылық ерекшеліктеріне орай, бірнеше мектептерден түрады. Олар Арқа, Қаратау, Жетісу, Алтай мектебі деп аталады. Шертпе күй мәнерінің көрнекті өкілдері - Байжігіт, Тәттімбет, Сүгір, Тоқа, Дайрабай, Баубек, Әбди, Төлеген және т.б. Төкпе күйлерге қарағанда шертпе күйлердегі жеке дауыстық эпизодтар екі шекте кезек дамиды. Мұнда оң қолда көп қолданылатын негізгі тәсіл - сұқ саусақпен екі шекте алма кезек шерту әдісі жиі кездеседі.

Жалпы күйлердегі форманың қалыптасуы ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлі дыбыс тұрақтылығына сүйенеді. Мысалы, Құрманғазы күйлерінде қалыптасқан "бас буын ", "орта буын", "бірінші саға", "екінші сага" осының айғағы. Шертпе күйдегі формаға жеке дауыстылықтың үздіксіз дамуы мен дәстүрлі орындау әдістері негіз бола алады.
Бірінші саға - қазақ күйлерінің музыкалық кұрылымындағы бірінші шарықтау шыңы. Ол домбыраның ортаңғы регистрінде орналасады.

Екінші саға - домбыра күйлерінің музыкалык құрылымындағы екінші шарықтау шыңы.
Көпғасырлық дамудан өткен қазақ күйінің өз бойына түрлі халық шығармашылығының негіздерін сіңірген өте күрделі құбылыс екендігін және алуан түрлі жанр, дәстүрлермен - эпоспен, әдет-ғұрыптық, көне нанымдық, шамандық тәсілдермен, лирикалы-поэтикалық, лирика-саздық жанрлардың көркемдік байлығымен өзара байланыста тұрғандығын айрықша атап өтуге болады.

Ғалымдардың пікірінше кейбір ортаазиялық халыктардағы "күй" сөзі өте ертеден келе жатқан атау, ал ХІҮ-ғасырдан бастап бұл сөз негізінен аспапты музыкаға байланысты айтылады. Қазақтың аспапты музыка өнері өзінің шығу тарихына, шығарушысының суреткерлік тағылымына, орындаушылық мектебіне орай түрлі жанрларға; аңыздық, тұрмыс-салттық, тарихи және лирикалық үлгілерге бөлінеді.

Алғаш рет қазақ күйлеріне жанрлық классификация берген белгілі ғалым Құдайберген Жұбанов болды. Оның "Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы" деген еңбегі 1936 жылы жарық көрді. Осы еңбекте: "Бүгінгі күйлер әнсіз, эпосша тартылады. Оларға бөтен өлең, еш нәрсе қосылмайды. Бұл әннен, дауыс қосып айтатын сөзден бөлініп, бөлектеп шыққан бір жанр. Бірақ алғашқы әзірде бұлай бөлектелмей жырмен екеуінің бір болуының жөні бар. Осы күнгі қазақтың күйлеріне ұқсас Иран, Азербайжан күйлеріне дауыс қосылып, ән шырқайды" делінеді.

Бұл үзіндіден екі түрлі ғылыми терең пікір түйінін аңғарамыз. Бірінші, Европа елдеріндегідей, өнердің синк-реттік дәуірін шығыс елдері де басынан өткізгендігін, бұл адам баласының өрлеу жолындағы мәдениеттің белгілі бір белі, баспалдағы, халықтардың бәріне бірдей жалпы заң екендігін көреміз.

Екінші, қазақ халқы жазу - сызу, ғылымнан кенже қалған ел болса да, сөзі мен музыка өнерлері ерте дамыған, тіпті мәдениеті, жазу сызулары көне заманнан келе жатқан кейбір жақын шығыс елдерімен салыстырғанда, қазақ елінде музыка өнерінің өте биікке көтерілгендігін меңзейді.

Қ. Жұбановтың айтуынша ХІҮ ғасырда Каспий теңізін мекендеген Қытай елінің (ол бүгінгі қытайлар емес, түрік елдері, біздің бір кездегі аталарымыз) 366 күйлерінің бо­луы, әннен, сөзден бөлініп, қазіргі Европа музыка мәдениетіндегідей, симфониялық биікке көтерілуі таңғажайып нәрсе ғой.

Қ. Жұбановтың сүйеніп отырған Иран музыканты, Абдіқадыр Мұрали (Каспий теңізін зерттеуші) "Қытай елінде ХІҮ ғасырда көптеген күйлер болды" десе, күйлер сол дәрежеге жету үшін қанша ғасыр бойы өмір сүріп, қалай дамығанын айту өте қиын. Бірақ бір нәрсе талассыз. Ол - Қытай елінің күй өнері XIҮ ғасырда кемеліне келіп, әннен бөліну биігіне көтерілгенге дейін, көп ғасыр-ларды басынан өткізгені.

«Қытай» деп аталған түрік тектес тайпа басқа ру, тайпалармен араласа келіп, суға салған қанттай еріп жоғалса да, күйлері қалған. Жоғарыда айтылған 366 күйлердің мүрагерімін деп, бүкіл шығыста айта алатын жалғыз-ақ ел бар. Ол - тек қазақ елі. Күй өнері жөнінде біздің халқымызбен ешкім де таласа алмайды.

Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспапты музыкасында домбыра, қобыз жэне сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты. Бұларға аңыз күйлер, тарихи күйлер, тұрмыс-салт күйлері, лирикалық күйлер және тартыс күйлері жатады.

Аңыз күйлер-халықтық музыка өнерінде ежелден қалыптасқан шығармалар. Біздің заманымызға дейін жеткен бұл күйлер халықтың тұрмыс-салтын, өмір сүру жағдайын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар, оларды қоршаған дүние, әлем құбылыстары жайындағы наным-сенімдерін де бейнелейді: "Аққу", "Көк бөрі", "Нар идірген", "Аңшының зары", "Қорқыт", "Қазан", "Көрұғлы", "Жұмағүл", "Жетім қыз", "Жетім бала зары", "Қамбар күй", "Желмая", "Ақсақ құлан", "Ақсақ қыз", "Тепен көк", "Хан жұбату" күйлері.



Қазақ аспаптық музыкасының ертеден келе жатқан бұл жанрлары синкретикалық болып табылады, яғни, ауызша әңгіменің, музыканың, театрлық элементтердің, орындаушылық өнердің ең басынан бір тұтастығын, бөлінбестігін аңғартады.

Күй-аңыздарна мазмұнның алуан түрлілігі тән. Бұл аңыздарда көшпелі малшылардьң тұрмысы, еңбек кәсібі, халықтың мифологиялық дүние тану көзқарасы бейнеленеді. Академик М. Әуезовтың пікірінше, күй аңызында "Қазақ эпосы мен фольклоры өзінің бір саласы ретінде музыкамен етене жақын, тығыз байланысты... сыбызғы, қобыз, домбыра, сөйлейтін көп күйлермен қатар, сол күйлердің ауызша айтылатын көркем, шебер әңгімесі болатыны мәлім" делінген.

XIX-XX ғасырдың біртуар ғалымдары, жазушылары, шығыстанушылары - Ф. Диц, Ш. Уэлиханов, П. Остроумов, В. Жирмунский, М. Әуэзов, Ә. Марғұландардың деректері бойынша Қиыр Шығыс және Орталық Азияның түркітілдес халықтары өзінің патриархы ретінде халық қазынасының сақтаушысы, музыканың бастаушысы саналған Қоркыт бабаны (ҮШ- IX ғ.ғ.) пір деп бағалайды.



Ол туралы академик А. Жұбановтың баяндаған аңызын келтіре кетейік: "Халық шежіресінің айтуынша, Қорқыт аты тек туыстарының ұнатып қоя салған аты емес. Қорқыт шыр етіп жерге түскенде, ол айналасын қоршап отырғандарға, шешесіне кішкене сәби сияқты болып көрінбеген, түрі адамға ұқсамайтын "қап" сияқты болып көрінген, жұрт шошып, қашып кеткен, бейшара шешесі ғана қасында қалған. Қап емес адам тапқанын жүрегі сезген ана, ғажап заттың ауызын аша бастайды. Әлсіз үнді сәбиін көреді. Оны емізеді, баланың жылағанын естиді. Баланың даусын естіп, бағанағы қорқып қашып кеткендер енді қайта жиналады, балаға "Қорқыт" деген ат қояды. Бір күні жиырма жасқа толған бала түс көреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет