Қазақ халқының ұлы перзенті, қаhарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-xx ғасыр биігінде тұрған дара тұлға



Дата23.02.2016
өлшемі32.51 Kb.
#11024




Қазақ халқының ұлы перзенті, қаhарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға.

Балалық шағын Қаратау, Алатау қойнауларында өткізіп, асау заманмен арпалыса жүріп есейген, қоғамның небір сұралып, қиян-кескі кезеңдерінде алған бағытынан қайтпастан өз заманының биігіен көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы мақтан тұтатын және шет елдер татитын аңыз- адамға айналды.

КСРО-дағы ірі әскербасы-малшалдармен бірге, өз қол астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен жұп жазбай жүріп, Б.Момышұлы 1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына 1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып, Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы қан майданды қаhармандықпен қақ жарып өтті! Қарапайым командирден даңқты қолбасшы тұғырына көтерілді.

Бауыржан Момышұлы соғыстан соңғы жылдарда аса көрнекті жазушы ретінде танылды. Оның қаламынан шыққан әскери және көркем шығармалар, роман-әңгімелер, хикаяттар ел игілігіне айналды.







Табаны күректей төрт жыл бойы ғаламат күш-қайрат көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған біздің еліміз фашистік Германияның қуатты әскери машинасын тас-талқан етті. Төрт жыл бойы соғыз қырғыны Отан қорғаушылардың қатарын селдіреткені, ал мұның өзі қаралар мен ауыл-селоларға «қаралы қағаз» болып жетіп, жесірлердің көз жасына айналып жатқаны да кешегі ақиқат. Төрт жыл бойы өз басының қамын ойламаған тылдағы еңбеккерлер майданға әскери өнімдерді эшелондап жіберіп жатты. «Біз фашизмнің омыртқасын опырамыз!»- деп ант берді жауынгерлер 41-ші жылы. «Фашистік жыртқыштарды өз інінде құртамыз!» деді олар 45-ші жылы. Сөйтіп, олар өз сертінде тұрды, дәл осындай мамырдың жайма-шуақ күнінде мерекелі салют адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғаны туралы адамзатты хабардар етті.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті








Ептілік- шапшаң ойланып шешім қабылдаудың және бұлшық еттердің шапшаң ойға тәртіптілікпен бағынуының нәтижесі.










Батылдық- есептен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру.

Қызбалық-батылдық пен ептілікті қштастыра білу деген сөз.









Жұбайы Жамалмен бірге. Житомир, 1940 ж.




Бауыржан атаның жұбайы Жамал, ұлы Бақытжан



Батырлық-табиғаттың бере салған сыйы емес, бұл- патриоттың өз борышын орындау үшін қауіп-қатерге қарсы баруға өзін-өзі саналы түрде зорлауының нәтижесі.





Н.Ә. Назарбаевтың Бақытжан Момышұлының Батырдың Алтын жұлдызын тапсырын тұрған сәті. Алматы, 1990 ж.






Бүгінгі Момышұлылар әулеті: Бақытжан Момышұлы, Зейнеп Ахметова, ұлдары-Ержан Момышұлы, келіні Анар, немерелері-Нұрсұлтан және Мадияр







Жеңіс!!!...

1945 жылдың 9-шы мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста-1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Милиондаған адамдар мүгедек боп қалды. Миллион адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді!



Осы ұлы Жеңісте Қазақстаннан шыққан қаhарман жауынгер, Кеңес Армиясының қайтпас офицері-Бауыржан Момышұлының да қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлесі бар еді...


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет