РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ АҚМОЛА ЖӘНЕ СЕМЕЙ ОБЛЫСТАРЫНА УКРАИНДАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ
Маханова А.О. – оқытушы (Алматы қ., Қазақ қатынас жолдары университеті)
Украиндық шаруаларды Солтүстік Қазақстанға көшірудің бастапқы кезеңі. Украиндықтардың көшіп-қонушылардың құрамына еніп, Солтүстік Қазақстанда пайда болуы және казактанудың басты кезеңі Орта Жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіруімен байланысты ХVIII ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. Бұған тілдің, діни сенімдерінің, мәдениеті мен тұрмыстарының ортақ болуы ықпал жасады. Ал, екінші жағынан, олардың шығыс славян халықтарының негізі болып табылатын белорустар сияқты санының аз болуы орыс әкімшіліктеріне оларды орыс ретінде санауға негіз берді. Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 60– жылдарынан бастап әскери-казак отарлаудан жалпылай сипатқа көшті. Сондықтан, жергілікті орындарда қазақ даласын отарлау және ол жерлерге орыс-украин шаруаларын қоныстандыру бойынша шараларды дайындай бастады. Қазақстанды жаулап алу Ресейдің ХІХ ғасырдың орта кезіндегі буржуазиялық реформасымен сәйкес келді. Шаруалардың көтерілістері жалғаса берді. Осындай жағдайларда үкімет шаруалардың төңкерістік қозғалыстарын тоқтату бойынша бір қатар шараларды қабылдады. Олардың бірі – көші-қон саясатын белсендіру болып табылады. Шаруаларды шығыс аудандарға қоныстандыру Ресей империясының орталық және батыс губернияларындағы жерге деген қажеттілікті күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар, үкімет оларды жаңа жерлерде өзіне сүйеніш етіп пайдаланды.
Егер біз зерттеу жүргізіп отырған украиндық көшіп қонушыларды қарастыратын болсақ, олардың санының аз болуына байланысты статистикалық органдардың есебіне алынбай, ХІХ ғасырдың 70–жылдарына дейін орыс халқы ретінде саналғандығын байқаймыз. Мұндай субъективті жағдай ХІХ ғасырдың 80–жылдары, көшіп келушілердің келген орны бойынша әкімшілік-полицейлердің есебіне тіркеу тиісті деңгейде жұымыс істеген кезде ғана өзгерді.
Қарастырылып отырған мерзімде, әкімшілік тұрғыдан Ақмола және Семипалатинск облыстары Дала генерал-губерниясына бағынды. Алғашқы облыстың құрамына Омбы, Петропавл, Ақмола, Көкшетау және Атбасар уездері, ал екінші облыстың құрамына Семей, Павлодар, Қарқаралы, Өскемен және Зайсан уездері кірді.
ХІХ ғасырдың аяғында аймаққа украиндардың көшіп қонуының күшейтілуі. Солтүстік Қазақстанда шағын украин халқының пайда болуы 1891-1893 жылдарға қатысты және ол келесі объективті себептермен байланысты. Біріншіден, 1889 жылдың 13 шілдесінде ауыл тұрғындары мен мещандардың қазына жерлеріне өз еркімен көшіп қонуы туралы негізгі заңның шығарылуымен байланысты. Ол жоспарлы және төтенше көшіп-қону қозғалыстарының белсенді жүзеге асуына ықпалын тигізді. Екіншіден, Патша әулеті тікелей басқарып отырған Сібір темір жолының іс-әрекет етуі ықпал етті. Құрылысы 1891 жылы басталған Транссібір темір жол магистралі Солтүстік Қазақстан бойынша өткізілуі тиіс болды. Мәселен, «Сібір темір жолының Ерекше Комитеті» Ақмола облысының үш уезі бойынша 160 мыңнан артық орыс-украин шаруаларын көшіру үшін көлемі 2241,5 мың ондық болатын жер қорын дайындады /1; 2, с. 94/.
Көшіп келген қоныстанушылардың басым бөлігі біз зерттеу жүргізіп отырған аймақпен қатар, Қазақстанның басқа да алты облысынан орын тепті. Алайда, көшіп қонушылардың негізгі бөлігі Ақмола облысында орналасып қалды. Бұл облыста 1869-1896 жылдары көшіп келушілердің 36,3% орналасқан. Мәселен, 1894 жылы Ақмола облысының 54 ауылында 39,7 мың орыс-украин шаруалары орналасқан болатын /2, с. 104/.
1–кесте
1897 ж. Солтүстік Қазақстандығы украиндардың қоныстануы /3-5/
-
Облыс,
уезд
|
Жалпы аумағы,
шаршы верст
|
Жалпы халық саны
|
Соның ішіндегі украиндар
|
адам
|
%
|
Ақмола
|
Омбы
|
59 716
|
100 528
|
4 298
|
4,3
|
Петропавл
|
63 590
|
155 137
|
20 351
|
13,1
|
Кокшетау
|
69 290
|
155 461
|
19 328
|
12,4
|
Атбасар
|
219 420
|
86 413
|
1 899
|
2,2
|
Ақмола
|
108 390
|
185 058
|
5 207
|
2,8
|
Барлығы
|
520 406
|
682 597
|
51 083
|
7,5
|
Семей
|
Семей
|
69 880
|
156 801
|
801
|
0,5
|
Павлодар
|
98 130
|
157 487
|
121
|
0,1
|
Зайсан
|
34 960
|
95 072
|
18
|
0,0
|
Өскемен
|
55 970
|
103 575
|
2 316
|
2,2
|
Қарқаралы
|
186 370
|
171 655
|
1
|
0,0
|
Барлығы
|
445 310
|
684 590
|
3 257
|
0,5
|
Жиынтығы
|
965 716
|
1 367 187
|
54 340
|
4,0
|
1897 жылы жүргізілген санақ бойынша Ақмола және Семей облыстарының он уезіндегі жалпы халықтың 21,5% (293,9 мың адам) орыстар мен украиндар құраған. Ал, түпкілікті қазақ тұрғындарының саны 1032 мың адамды (75,5%) құраған /3-5/.
Біз жоғарыда айтып кеткендей, украин халқының басым көпшілігі Ақмола облысында орналасқан. Бұл олардың мемлекет меншігіндегі жерді тұрақты иеленуге алуымен, сондай-ақ, қазыналық және зем салықтарын төлеуден және әскери борышын өтеуден үш жылға босатылатындығымен түсіндіріледі /6/. Осындай жағдай Жетісу, Сырдария, Орал және Торғай облыстарынан орын тепкен қоныстанушыларға да тән болды. Мысалы, Қазақстанда қоныстанған 86,7 мың украиндықтардың 51,1 мыңы (58,9%) аталған облыста тіркелген (1 кестені қараңыз). Сонымен бірге, біз зерттеу жүргізіп отырған этностың басым бөлігі, сәйкесінше, 20,4 мың адам Петропавл уезінде және 19,3 мың адам Көкшетау уезінде орналасқан. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын түпкілікті қазақ халқы басым орналасқан оңтүстік уездерге қарағанда, облыстың үштен бір бөлігін алып жатқан аталған уездерде қоныстанушылар көбірек орналасқан.
Егер көрші жатқан Семей облысын алып қарастыратын болсақ, онда Өскемен уезінде 2,3 мың украиндықтар есепке алынғандығын байқауға болады. Бұл уезде, негізінен Полтава, Киев және Чернигов губернияларынан шыққандар қоныс тепкен. Аталған уезде қолайлы табиғат жағдайы, суармалы және шабындықты жерлері көп, сондай-ақ, су қоймалары мен ормандары жеткілікті болғандықтан көшіп келушілер кешенді ауылшаруашылық өндірісімен ғана емес, сондай-ақ, әр түрлі кәсіптермен де айналысу мүмкіндігіне ие болды.
Ақмола облысында тұруға келген көшіп қонушылар санының көп болуына байланысты ХІХ ғасырдың 90 жылдары көшіп келгендерге арналған жер телімдері жеткіліксіз бола бастады. Үкімет көшіп келген шаруаларды жермен қамтамасыз ету үшін «көшіп келгендерге арналған жер қорын» қалыптастырды. Оны қалыптастыру үшін жергілікті тұрғындардан ауыл шаруашылығын жүргізуге ыңғайлы жер массивтері тартылып алынды.
Орыстар сияқты, украиндарды ауқымды көшіп келуі 1906-1912 жылдары анық байқалады. Бұл жерде көшіп қону қозғалысының күшеюімен қатар, қазақтардың жайылымдық жерлерін (қыстақ, күзеу, жайлау) тартып алудың да ықпалы болды. Сонымен бірге, бұл жерде көші-қон басқармасы да өз ықпалын жасады. Мәселен, 1895 жылы құрылған және Ф.А.Щербина төрағалық еткен арнайы комиссия өзінің мақсаты ретінде алдына Дала генерал-губерниясының Ақмола және Семей облыстарының барлық он уезіндегі артық қазақ жерлерінің есебінен орыс-украин және басқа көшіп келген халықтың пайдасына көшіп қону және қосымша жерлерді ұйымдастыруды жүзеге асыруды қойды. Түпкілікті қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығын зерттеген жоғарыда аталған комиссияның тексеру нәтижелері 1898-1909 жылдары «Материалы по киргизскому землепользованию» деген атымен 11 томдық басылым болып жарық көрді. Осыған ұқсас міндет үш томнан тұратын, А.В.Перплетчиковтың жетекшілігімен жинақталған «Материалы по повторному обследованию 1910-1911 гг. хозяйств и землепользования киргиз Семипалатинской области» атты басылымдардың алдында да тұрды. Көші-қон басқармасының шешімі бойынша жергілікті қазақ тұрғындары бір қазақ шаруашылығына 234 ондық жер есебімен жердің 51% өзіне қалдырып, ал 49% көші-қон қорының пайдасына беріп отырған /7/.
ХХ ғасырдың басында украиндық қоныстанушылардың негізгі ағымы Украинаның далалық сол жағасынан, атап айтқанда, Полтава және Чернигов губернияларынан келді. Жаңадан қоныстанып келушілер солтүстік аймақтың өзінің табиғи-климаттық жағдайы бойынша олардың бұрынғы өмір сүру жағдайына ұқсайтын уездерінде орын тебуді жөн көрді.
Қарастырылып отырған кезеңнің ерекшелігі Көші-қон қозғалысының ұйымдасқан үкіметтік бағдарламасы, сондай-ақ, су көздері (өзен, көл, су қоймалары) жеткілікті және жерлері ауылшаруашылық өндірісін жүзеге асыруға қолайлы Солтүстік Қазақстанның жерлері еуропалық халықтардың, соның ішінде, орыс-украин халықтарының көшіп қонуының өсуіне ықпал етуі болып табылады. Бұл украиндықтардың санының кенеттен өсіп шыға келуіне әкелді. Мәселен, 1911-1914 жылдары олардың саны он есе өсіп, 531,5 мың адамнан тұрды немесе Қазақстандағы украин халқының 58,1% құрады (2 кестені қараңыз). Сонымен бірге, Ақмола облысында украиндардің саны 458,9 мың адамға жетіп, олар 423,4 мың адамды құрайтын орыстарды басып озып, саны бойынша қазақтардан кейінгі екінші орындағы этнос болып саналды. Бұл облыстағы көшіп келушілердің басым бөлігі Көкшетау (124,9 мың адам) және Омбы (114,4 мың адам) уездерінде орналасқан.
2–кесте
1911-1914 жж. Ақмола және Семей облыстарындағы украиндардың саны /8-9/
|
Жалпы халық саны
|
Соның ішіндегі украиндар
|
саны,
мың адам
|
%
|
Ақмола
|
Омбы
|
395,3
|
114,4
|
29,1
|
Петропавл
|
302,0
|
87,1
|
28,8
|
Кокшетау
|
161,9
|
50,0
|
35,2
|
Атбасар
|
354,5
|
124,9
|
30,9
|
Ақмола
|
344,0
|
82,5
|
24,0
|
Барлығы
|
1555,7
|
458,9
|
29,5
|
Семей
|
Семей
|
211,6
|
19,4
|
9,2
|
Павлодар
|
242,5
|
40,8
|
16,8
|
Зайсан
|
130,3
|
0,6
|
0,5
|
Өскемен
|
151,9
|
10,9
|
7,2
|
Қарқаралы
|
169,4
|
0,9
|
0,5
|
Барлығы
|
905,7
|
72,6
|
8,1
|
Жиынтығы
|
2461,4
|
531,5
|
21,6
|
Көрші жатқан Семипалатинск облысында зерттеу жүргізіліп отырған этностың басым бөлігі - 40,8 мың адам Павлодар уезінде орналасты.Бұл жерде олар, негізінен, Ертістің оң жақ жағасын жағалай орналасты. Олармен 1906 жылы – Алексеевка, 1907 жылы – Новопарковка, 1909 жылы – Ковалевка, 1910 жылы – Дмитриевка ауылдары салынды. Ертістің сол жағалауында украиндықтарды 1908 жылы бір қатар ауылдар (Артемка, Беловодск, Голубовка, Горноставека, Грабово, Котельниково), ал 1910-1911 жылдары Иртышск және Корниловка ауылдары салынған қазіргі кездегі Ертіс ауданының аясында орналасқан солтүстік жағы қызықтырды /10/.
Сонымен қатар, орыс-украин халықтарының арасында тұрғылықты өмір сүру үшін шарауалардың көшіп келуімен қатар, еңбек етіп, ақша табу үшін Қазақстанға келіп уақытша жер өңдеу сияқты көшіп қонудың кеңінен тараған түрі де қалыптасқан. Олардың еңбегі қазақтар мен казактарда айналысып көрмеген бір қатар кәсіптердің (тасымал, ұсталық, құрылыс) арасында өте қажет болды. Олар білікті және біліктендірілмеген адам ресурстары қажет болып табылатын Сібір темір жол құрылысына кеңінен тартылды /11/.
Осылайша, қарастырылып отырған хронологиялық мерзім ішінде укранидардың Солтүстік Қазақстанның аумағына және Қазақстанның басқа да аймақтарына көшіп келуінің басты факторы ретінде олардың бұрынғы тұрған жерлерінде жердің тапшылығы, ашаршылық және кедейшілік, жақсы өмір сүруге ұмтылыс жасауы саналады. Екінші жағынан, казактармен қатар, орыс-украин шаруаларының төтенше және ұйымдасқан көшіп қонуы Қазақстанның аумағын одан әрі отарлау бойынша патша әулетінің ұзақ мерзімді саясатын жүзеге асыруға және осыған сәйкес стратегиялық мақсаты – еуропалық этностардың, соның ішінде шығыс славяндардың санын көбейтуге мүмкіндік берді.
ЛИТЕРАТУРА
1.Кауфман А.А. Переселение и колонизация. СПб., 1905. С.100-103.
2.Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы XIX в. – 1917 г.). М., 1986. 245 с.
3.Первая всеобщая перепись населения Российской империи, 1897 г. Вып. VII. Наличное население обоего пола по уездам с указанием числа преобладающих родных языков.СПб., 1905. С.8-10, 36-37.
4.Первая всеобщая перепись населения Российской империи, 1897 г. Вып. LXXXI. Акмолинская область. – СПб., 1904. – С.1-3, 50.
5.Первая всеобщая перепись населения Российской империи, 1897 г. Вып. LXXXIV. Семипалатинская область. СПб., 1905. – С.1-3, 54.
6.Шкапский О.А. На рубеже переселенческого дела // Вопросы колонизации. – СПб., 1907. – С.117-130.
7.Журнал совещания о землеустройстве киргиз. СПб., 1907. С.17.
8.Обзор Акмолинской области за 1914 г. Табл.1.– Омск, 1915.
9.Обзор Семипалатинской области за 1911 г. Табл.1.– Семипалатинск, 1913.
10.Калышев А.Б., Акишев А.А. История Павлодарского Прииртышья с древнейших времен до XIX в. // Павлодарское Прииртышье: История и современность. Павлодар, 1996. – С.37-41.
11.Тихонов Б.В. Переселение в России во второй половине XIX в. – М., 1978. – С.101–147.
Резюме
В статье рассматривается проблема переселения украинцев на территорию Северного Казахстана, приобретшего в конце XIX– начале XX века массовый характер.
Түйіндеме
Мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Солтүстік Қазақстан аумағына украиндардың қоныс аударудағы мәселелері қарастырылады.
Меркі тұрғындарының мәдени өміріндегі этнотілдік үрдістері (1990-2000жж.)
Сулейменова Л.А. – оқытушы (Алматы қ., ЮКА)
Тіл адамзат өркениетіндегі ілгерілеудің негізі болып табылады. Тіл сөйлеудің ғана құралы емес, ол – әркімнің және барша қауымның кемелденуіне озық тәжірибе мен жетістіктерді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын құдіретті күш.
Қазақ тілі елімізде өзінің заңды қолданысына, заңды мәртебесіне тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы ғана ие болды. Қазақ тілі - қазақ халқының этникалық тілі, яғни бұл тұрмыстық тілден бастап, ғылыми тілге дейінгі барлық салаларды қамтитын кешенді тіл.
Қазіргі таңда мерзімді басылымдарды екі тілде еркін оқитын азаматтар жиі кездеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі газет пен журналды көбіне ауыл тұрғындары пайдаланса ал, қала тұрғындарының басым бөлігі орыс тілінде немесе қос тілде (қазақ және орыс) оқуды жақсы меңгерген.
Сондай-ақ мерзімді басылымдарды бірнеше тілде оқып пайдалана білу адамның біліміне, жасына, мамандығына және қанадай этникалық топқа жататынына да байланысты болып келеді. Мақала Жамбыл облысы Меркі ауданында жүргізген этносоциологиялық сұрауларының нәтижесі бойынша алынған статиститкалық мәліметтерден тұратынын ескертеміз.
Бұл мәліметтер бойынша Меркі ауданында қазақтар ана тілінде 46,3%, орыс тілінде, 4,9%, ұлттық және орыс тілінде 49,1% сөйлейді. Ал Меркі ауданында тұратын орыс этностары ана тілінде 52,0%, қазақ тілінде 0,0%, қазақ және орыс тілінде 2,3% сөйлей алады. Түріктердің 60,6% газет, журнал оқу барысында орыс тілін пайдаланса, 30,3% ана тілімен қатар орыс тілін пайдаланады және олардың 3,6% тек ана тілінде, түріктердің 6,8% газет және журнал оқу барысында қазақ тілінде газет журнал оқиды екен /1/.
Яғни тіл білудің басты ерекшелігі, ол - алуан түрлі хабарларды сараптап өзінің мәдени-ақпараттық қорын молайтуға зор мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда этносоциологиялық зерттеулердің нәтижесінде ауыл тұрғындары газет, журналдарды сирек оқитындары анықталды. Оның үстіне баспасөз басылымдарына қазіргі кезеңде баға еселене түсуде, сондықтан да болар көпшілік халық оны сатып алуға мүмкіншіліктерінен айрылып отыр. Яғни, 1990 ж. дейін әлемде ең оқырманы көп саналған кеңістік бүгінгі ТМД мемлекеттерде өзінің алдыңғы позициясын жоғалтып отыр /2/.
Меркі ауданында тұратын тұрғындардың қазақ және орыс тілдерінде оқитын баспасөз басылымдарының әр түрлі екенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Оған әсіресе Республика мен аймақтардың ішкі саяси өмірінің мәселелері, шетелдегі оқиғалар, мәдениет пен тарих, ойын-сауық материалдары, спорт, қылмыс істері жайында ой қозғайтын мақалалар кіреді. Дегенменен қазіргі кезде газет, журнал оқу барысы айтарлықтай төмен. Тіпті мектеп оқушылары газет, журнал оқудан бөлек кітап оқуға деген ынталары төмен екені этносоциологиялық зерттеулердің барысында айқындалды. Мәселен, өткен ғасырмен салыстырғанда Қазақстанның ақпарат ахуал саны мен сапасы жағынан өзгеріске ұшырады. Себебі қазіргі кезеңде баспасөз беттеріне мемлекет тарапынан қаржының бөлінуі едәуір қысқарған, ал бұл жағдай республика көлемінде газет пен журналдан басқа өзге де басылымдардың шығарылуына кері әсерін тигізуде. Егер, 1991 ж. елдегі газеттердің жылдық таралымы 932 миллион дананы құрған болса, ал 1996 ж. республикадан тек 257 миллион дана ғана газет шығарылды. 1991-1996 ж.ж. аралығында газеттер саны 3,6 есе журналдар 4,6 есе және жинақтарды шығару 4,5 есеге қысқарды. Дегенменен 1999 ж. аралығында газеттер саны 1,3 есеге және шығарылатын кітап саны 1,06 есеге өскен /3/. Әсіресе егемендік алғалы бері 1991 ж. салыстырғанда 2000 ж. газет, журнал, кітаптар қазақ тілінде шығарыла бастады, сол қазақ тіліндегі басылымдарға сұраныс саны қазіргі таңда да артуда. Соның ішінде қазақ тіліндегі көркем әдебиетке сұраныс көбейген. Көркем әдебиеттің ең басты қызметі – ол адамдардың рухани сұранысын, ой-өрісін кеңейтеді. Руханилық қазіргі кезеңдегі жастарға өте қажет. Әсіресе, ұлттық тілімізді дамыту, жандандыру, тіпті шарықтатуға алып келетін осы руханилық.
Тілімізді дамыту үшін біріншіден халық қазақ тілінде газет, журналдармен қатар кітаптар оқуға тиіс. Енді біз төменде қазақ тіліндегі баспасөз емес, қазақ тіліндегі кітаптардың қолданылуы жөнінде талдау жасап көрейік. Яғни, елімізде қазақ тілінде кітаптар көп шығарылып, халыққа тиімді бағада болу қажет. Қазіргі кезеңде қаншалықты қазақ тіліндегі басылымдарды көптеп шығардық десек те, орыс тіліндегі басылымдар басымырақ. Мысалы, Қазақстанда кітап саудасының 96-98% шетел кітаптары құрайды екен. Яғни оның барлығы орыс тілінде /4/.
Қазіргі кезде орыс тіліндегі кітаптарды Қазақстанда тұрып жатқан этностардың басым бөлігі оқиды. Қазақтардың өздері кітап оқу барысында қос тілді қолданады. Мысалы, Меркі ауданында қазақтар кітап оқу барысында 46,6% тек ана тілін пайдаланатындары белгілі болды. Ана тілінде және орыс тілінде 48,1%, ал орыс тілінде 5,3% оқиды. Орыстар ана тілінде 52,8%, қазақ және ана тілінде 1,7%, ал түріктер ана тілінде 3,2%, қазақ және ана тілінде 32,0%, қазақ тілінде 6,8% кітап оқиды /1, 36 б./.
Елімізде қазақ тілінде кітап шығару саласын жетілдіріп, оны одан әрі дамыту, бұл ұлттық мәдениеттің дамуының ең қозғаушы күші болып табылады. Жоғарыда айтып кеткендей, қазіргі таңда қандай тілде болмасын кітап оқуға деген ынта төмен. Оған дәлел ретінде Меркі ауданындағы 60 және одан да жоғары жастағы респонденттердің жауабы мынадай болды: ауыл қазақтары 36,1% кітапты тұрақты оқыса, 19,4% кітапты сирек оқиды екен, ал 44,4% көркем әдебиет шығармаларын мүлдем оқымайтын болып шықты.
Қазақстан – демократиялық, зайырлы мемлекет. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 7 бабында қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп жазылған. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. «Қазақстан Республикасы Әкімшілік бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 81, 82- баптарында тіл заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту жайлы көрсетілген /5/.
Қазақ тілі– қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздардың тілі. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, сондықтан әр қайсымыз қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін ат салысыуымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. 1990 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында жүргізілген «Қазіргі кездегі Қазақстан халықтары арасындағы этникалық және этномәдени процестері» (жетекшілері т.ғ.к. Х.А. Қауанова және А.Б. Қалыш) атты ғылыми-зерттеу тақырыбының этносоциологиялық материалдары.
2. Нуртазин Р.А., Байдаулетов А.Т. Многонациональная пресса Республики Казахстан. –Алматы, 1994.–С.48.
3. Адраманов Е.С. Оңтүстік Қазақстан ауыл тұрғындарының қазіргі кездегі мәдени өмірі: Тарих ғ.к. дисс. . авторефераты. –Алматы, 2004. – 101 б.
4. Мәдениетті көтеретін майдан келді // Шымкент келбеті. – 2000. –13 қаңтар.
5. Основные законодательные акты о языках в Республике Казахстан.–Алматы: Юрист, 200.–31 с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада, Жамбыл облысында жүргізілген этосоциологиялық мәліметтер негізінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілінің жағдайы баяндалған.
РЕЗЮМЕ
На основе этносоциологических материалов рассматриваются современные этноязыковые процессы в культурной жизни современного населения Жамбылской области. Они прослежены на примере казахского, русского и турецкого этносов.
Достарыңызбен бөлісу: |