Қазақ мемлекеттік қыздар


БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ



бет2/17
Дата02.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#172885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Әбеуова И.Ә. психология ғ.к., доцент,

Нығметова Қ.Н аға оқытушы (Қазқызмемпу)

Сыртқы ортаның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы қолайсыз әсерлері нәтижесінде қалыптасқан психикалық күйлер: шаршау, қалғып жүру, үнемі қауіптену, тарығу, жан күйзелісі, көңілдің бұзылуы, фрустрация түрінде болады.

Арал өңірі аймағындағы экологиялық қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан тұрғындарда жоғарыда аталған барлық күйлер байқалуы мүмкін. Қорқыныш пен үрейдің бастамасы, жан күйзелістері, эмоциональды ширыққан сезім қалпы, сабырзызданудан басталады. Бұған - адамдардың психоәлеуметтік және психоэмоционалды торығуын ауыр экономикалық дағдарысты қосу керек. Созылмалы дистресс тек тұрмыс, өндіріс мәселелері, әлеуметтік жағдайлар мен медициналық көмектің аздығы нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар, қазіргі және болашақта өмір сүретін ұрпақ денсаулығының төмендеп кету мүмкіндігі туралы күдіктің күштілігінен де пайда болады.

Сондықтан, Аралдағы сияқты апаттар өзінің алапат экономикалық шығыны жағынан да, миллиондаған адамдардың психикасына зақым әкелуі себепті де, ірі экологиялық апаттар қатарынан саналады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай (БДҰ)–шын мәніндегі денсаулық – дене, психикалық және әлеуметтік үйлесімділік болып табылады.

Адамның өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене,эмоциялық, рухани және ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің шын мәнісі болып табылады. Денсаулық пен үйлесімділікке ұмтылса, бұлардың ешқайсысын да шеттетпеу керек.

Сонымен денсаулық: дене саулығы, жан саулығы, психикалық және психологиялық, әлеуметтік саулық болып бөлінеді.

Дене саулығы — бұл организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық процестердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері.

Жан (психикалық) саулығы- тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, адами тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы - интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық - психиканы жаттықтыру, психикалық процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Әлеуметтік саулық әлеуметтік белсенділікпен, адамның қоршаған әлемге деген белсенділігімен байланысты.

Саулықтың басты белгілері:


  • зақымданушы факторлар әрекетіне тұрақтылық;

  • орташа статистикалық норма деңгейіне сай өсу мен даму көрсеткіштері;

  • орташа статистикалық норма деңгейіне сай организмнің функционалды қалпы;

  • организмнің резервтік мүмкіндіктерінің болуы;

  • нақты бір аурудың, не дамуында кемістігінің болуы;

  • моральді еріктік және құндылықты- мотивациялық бағдарларының жоғары деңгейі.

Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымының анықтамасына сәйкес, денсаулық бұл тек аурулардың немесе жарымжандық ақаулықтың болмауы ғана емес, сонымен қатар толық дене күші мен психиканың және әлеуметтік жағдайдың жақсы болуы.

Жағдайдың жақсы болуы адам өмірінің барлық аспектілеріне қатысты: өмірдің әлеуметтік, физикалық, интеллектуалдық, эмоциональдық және рухани элементінің үйлесімділігі қажет. Егер денсаулық пен жақсы жағдайда ұмтылатын болсақ, онда олардың бірде біреуіне немқұрайлы қарамауымыз керек.

Соңғы жылдарда әрбір адам өзінің денсаулығын жақсарту үшін қандай да бір амал жасайтын болғандықтан, осы мәселеге деген қызығушылық танытуда.

Денсаулықты сыртқы ортаның өзгерістеріне тәуелді, бүкіл өмір барысындағы ағзаның жеке даму үрдісінде қарастыру керек. Дененің саулығымен аурудың арасындағы адам ауру емес, бірақ, дені де сау емес, аралық “үшіншік үйі” болады. В.П.Петленко бұл күйді “ауруалды” немесе “ақуалдылық” күйі деп атайды. Ақаулық алды - бұл ағзаның қалыпты қызмет етуінің шекаралық күйі. Жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық адамдардың жартысынан көбі осы күйде болады. Оларға: өздерін зиянды химиялық заттардың әсеріне ұшыратып жүргендер, орнымен дұрыс тамақтанбайтындар, ішімдік заттарды үнемі пайдаланушылар, темекі шегетіндер, түнгі уақыттарда жұмыс жасайтындар, экологиялық орын ауыстырушылыққа ұшыраған адамдар жатады.

В.П.Петленконың пікірінше, осындай күйдегі адам өз табиғатындағы психофизикалық мүмкіндіктің тек жартысын ғана меңгереді. Осындай күйлерді зерттеу - психология, педагогика, валеология және медицина ғылымдарының міндеттері болып табылады.

Адамның денсаулығы- бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жасына және жынысына сәйкес келетін физикалық және психикалық тұрақтылықты сақтау қабілеттілігі. Табиғат адам ағзасының туғаннан тұрақтылықтың үлкен қорымен өмір сүру мен өзін-өзі реттеуге деген қабілеттілікпен қамтамасыз еткен: оның өмір сүру (тұрмыс) қалпына тәуелді болады. Егер шартты түрде денсаулық деңгейін 100 % деп алсақ, онда 20 % тұқымқуалаушылық факторларға, 20 % сыртқы орта (экология) факторларына, 10 % медицина, 50 % адамның өзіне, оның өмір сүру қалпына тәуелді болады.

Өмір сүру қалпы бұл адамның өз-өзімен және сыртқы орта факторларымен өзара қарым-қатынасының жүйесі. Сыртқы орта факторларына: химиялық, физикалық, биологиялық,психологиялық әсерлер жатады. Адамның өмір сүру қалпы жынысқа, жасқа, денсаулық күйіне, өмір сүру жағдайына, экологиялық жағдайға, пайдалы әдеттердің болуына және зиянды әдеттердің болмауына тәуелді.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі құрамдас бөліктері үш мәдениеттен тұрады: тамақтану мәдениеті, қозғалыс мәдениеті және эмоциялар мәдениеті. Психологиядағы нақты жеке тұлғаның салауатты өмір сүруінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі факторлары: рефлекцияға деген қабілеттілік, тіршілік ету ортасының жағдайы, еңбек ету мен дем алудың дұрыс тәртібі болып табылады.



Рефлекциябұл өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, өз әрекеттерін ойластыру қабілеті. Пайдалы әрекеттер мен гигиеналық дағдылар саналы түрде түсінілген жағдайда жақсы бекітіледі. Салауатты өмір сүру салты адамның ерік күшін жұмсауын, өз істерін ұғынуын, оның салдарын жеке өзі үшін де, сондай-ақ басқа адамдар үшін де болжауын талап етеді. Нақты өмір сүріп жатқан буынның денсаулығына болашақ келер ұрпақтың денсаулығы мен бақыты тәуелді.

Денсаулыққа әсер ететін кеңістік бұл климаттық аймақ пен баспана. Дені сау адамда жаңа климаттық жағдайға тез бейімделуге мүмкіндік беретін орнын толтырушы механизмдері болады. Баспана микроклиматтының да өз көрсеткіштері болады: температура, ылғалдылық, оттегі мен көмірқышқыл газының концентрациясы тұрғын үй көлемінің шамасы және т.б.

Еңбек пен демалудың саналы тәртібі, негізінен адам өмірі еңбек пен демалыстың кезектесуімен өтетін болғандықтан, салауатты өмір салтының маңызды факторы. Еңбек, ақыл-ой және дене еңбегі болып бөлінеді. Демалыс белсенді және енжар болып бөлінеді.

Осылайша, егер жеке тұлға өзіне және кеңістікке қатысты қауіпті формадағы агрессивтілік танытпай, психикалық және денсаулыққа қолайлы жағдайда белсенді өмір сүретін болса, онда оны дені сау деп есептеуге болады.

В.А.Сухомлинский ХХ ғ. 70 ж. бас кезінде педагогикалық жұртшылықты баланың үйлесімді дамуында бәрі де өзара байланысты екендігін айтқан болатын. Ол: “Денсаулық балаға қандай үй тапсырмасы берілетіндігінде де, оларды қашан орындайтындығына да тәуелді. Үйдегі өз бетінше саналы еңбек етудің эмоциялық бояуы маңызды роль атқарады. Егер бала кітапты оқуға көңілсіз болса, онда бұл оның тек рухани күшін тудырып қана қоймайды, сондай-ақ, ішкі ағзалардың өзара әрекетінің күрделі жүйесіне де жағымсыз әсер етеді. Мен баланың сабаққа деген жақтырмаушылық жағдайында ас қорытуы бұзылып, асқазан және ішек жолы аурулары туындаған бірнеше жағдайларды білемін” – деп жазды В.А.Сухомлинский. Балалық кезең ортаның әсеріне деген үлкен сезімталдықпен сипатталады және осындай қосымша факторлардың кейбір балаларды жүйкелік-психикалық бұзылыстарға ерекше бейім қылатындығы аталып көрсетіледі. Балалар мен жасөспірімдер неврозының патогенезінің дамып келе жатқан жеке тұлғаның қатынастар жүйесінің деформациясы жататындығы бекітілген факт болып есептеледі. Бұл оны неврозды дамуға әкелетін (В.Н.Мясищевтің невроздар қағидасының шеңберінде) біртұтас жүйені құрайтын жеке тұлғаның аса маңызды қатынастарының бұзылысы ретінде түсініледі.

Қазақстан бүгінгі таңда өтпелі кезеңде тұр, оның экономикалық, саяси және әлеуметтік құрылымы әлі де болса тұрақты емес. Бұның айқын дәлелі қоғамның бөлек топтарға бөлінуі, ал әрбір қоғамдағы топтың өзінің салауатты өмір сүру бейнесі бар. Көптеген отбасылары өмір сүруі үшін қажетті болып табылатын – дұрыс тамақтану, киіну, жайлы қоныс, маусымдық киім, жеке гигиена құралдарына да дұрыс қолы жетпей кедейлік қамытында өмір сүруде. Бұл адамдар “қауіп-қатер тобына” жатады, бұл топты өміріне және денсаулығына қауіп төнетін адамдар ғана құрайды.

Адамдардың өмір салты мен салауатты өмірі бес әлеуметтік факторларға тәуелді деп қарастыруға болады:

- макроәлеуметтік фактор- нақты тарихи жағдайлар, мемлекттің мәдени

дәстүрлері деп қарастыруға болады;

- микроәлеуметтік фактор- жеке отбасының экономикалық жағдайы;

психоәлеуметтік фактор- нақты отбасы қажеттіліктерінің арасында денсаулықтың алатын орны;

- психологиялық фактор- денсаулықтың денсаулық иерархиясындағы орнын анықтау мәселесіндегі тұлғалық бағдарлары;

- қауіптілік факторы- тәуекелділік факторларының көрінуінің шынайылығы мен шарттарының болуы.

Жеке тұлға қалыптасуының биологиялық және әлеуметтік факторларының арақатынасының бірлігі адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізі болып табылады. Осы әдіснамалық тұрғыдан алғанда жеке тұлғаның қалыптасуын зерттеуде кешенді тұрғы болуының қажеттілігі айқын.

Балалық шақтағы барлық ауытқулар, бейімделу немесе жеке тұлғалық өзгерістерде, осы айтылған себептердің көп факторлығын ашуға мүмкіндік беретін, солардың өзара әсерін зерттеу қажет. Психикалық денсаулықты нығайту, өсіп келе жатқан ұрпақтың жоғарғы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және үйлесімді психофизиологиялық пісіп жетілуін қамтамасыз ету - маңызды әлеуметтік міндеттерге жатады.

Психикалық және тән саулықтарын бір-бірінен бөлуге болмайды. БДҰ беретін денсаулық анықтамасында бұл жағдай барынша нақты көрсетілген. Денсаулық ауру немесе жарымжандықтың (кемістіктің ) жоқтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ, толықтай әлеуметтік, рухани және физикалық аман-есендік. сонымен адам биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік ретінде қарастырылады.

Біздің ойымызша, қазіргі кездегі этносқа деген тұрғыларға сүйене отырып, адамды- биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік деп анықтауға негіз бар сияқты.

Мидың генетикалық потенциалы мен органикалық саулығы баланың отбасындағы, балалар ұжымындағы, оқыту және тәрбиелеу үрдістеріндегі мінез-құлқын әлеуметтендіру мен реттеуді тудыра алатын физикалық процестердің дұрыс өтуінің негізі болады.

Денсаулыққа әсер ететін факторлар мәселесі зерттеу нысанасы “адам-орта” жүйесі болып табылатын көптеген ғылымдар үшін теориялық та, практикалық та қатынаста ерекше маңызды болып табылады.

Адамтану психологиясы саласындағы зерттеулердің нәтижелері жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуы қолайсыз биологиялық және әлеуметтік факторлармен бұзылуы мүмкін екендігін көрсетті. Биологиялық ақаулықтың психиканың дамуына тигізетін әсері түбегейлі болып табылмайды, ал ауыртпалық жүктейтін биологиялық қауіптілік факторлары мен жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуының арасында қатынас сызықтық түрде болмайды.

Биологиялық фактордың теріс жақтары және оның психикаға тигізетін әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік детерминизмімен анықталады, орталық жүйке жүйесінің оптималды қызмет жағдайы, қолайлы әлеуметтік фактордың тиімді әсет етуі үшін және әлеуметтік қауіптілік факторларымен байланысты болатын, жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды бұзылыстарын шектеу үшін алғы шарт болып табылады.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда биологиялық және әлеуметтік детерминацияның арақатынасы (теориялық және әдіснамалық мәселелерді қосқанда) күрделі және көп аспектілі болып келеді. Дамудың сапасы жағынан әр түрлі екі факторының–биологиялық және әлеуметтік –ролін зерттеу, детерминизм қағидасын ұсынады. Психологиялық тұрғы биологиялық және әлеуметтік адам дамуының біртұтас үрдісінің жүйелік детерминизмінің бөлімдері ретінде қарастыруды пайымдайды; биологиялық пен әлеуметтіктің өзара жанама түрленуі анағұрлым толық формада оның психикасына көрінеді. (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн,) П.В.Симонов атап көрсеткендей, жеке тұлғаның әлеуметтік меңгеру ерекшелігі генетикалық фактордың рөлін, яғни әлеуметтік және биологиялық бірлікті сипаттайтын жеке ерекшеліктерге тәуелді, бірдей әлеуметтік әсердің әр түрлі әсер етуі мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайтындығын атап көрсетеді. Шеткі жүйкелік-психикалық бұзылыстардың туындауындағы орта факторларының мәні бар ортаның психозақымдаушы әсерлерін анықтайды. Психикалық зақым кез-келген жаста бала үшін естен танарлықтай әрекет болуы мүмкін, эмоционалды депривация, мектептегі қарама-қайшылықтар, неврозбен мінез-құлықтың бұзылыстарын тудыруы мүмкін.

Психикалық денсаулығы бұзылған жасөспірімдердің ата-аналарының кейбір қолайсыз тұлғалық ерекшеліктері бірнеше сипатта болуы мүмкін: генетикалық фактордың әлеуметтік психологиялық фактормен қосылуы, жасөспірімнің жеке басының қалыптасу үрдісіндегі теріс көріністің күшеюіне, жанұяда психологиялық алдын-алу жұмыстары болмаған жағдайда жүйкелік психикалық ақаулықтың дамуына жағдай жасайды. Шекаралық бұзылысы бар жасөспірімдерде байқалған нақты қолайсыз орта факторларының арасында отбасылық тұрмыстық факторлар (созылмалы дау-дамайлар, невроз және т.б.) ерекше мәнге ие болып табылады.

Баланың қалыпты дамуы үшін отбасы және қоршаған ортада бала өзін қорғайтындығын сезінуі шарт. Баланың қоршаған ортамен өзара қатынасын реттеудің негізгі механизмдері эмоциялық байланысты құра білу қабілетіне негізделген. Тілек пен қажеттіліктер тәрбие процесі нәтижесінде, қоршаған ортадағылардың қолдауы, не қарсы ықпалы негізінде қалыптасады. Егер бұл даму процесі қоршаған орта не мидың зақымдануына байланысты дұрыс жүрмесе, жеке тұлға дамуында ауытқу болады.

Нервтік психикалық ауытқушылықтың туындауындағы орта факторларының әсерін қарастыра келіп клиницистер психологиялық тұрғыдан маңызды, ең алдымен ортаның психиканы зақымдайтын әсерін қарастырады.

Баланың жүйке жүйесінің психикалық саулығын қорғауда отбасының тәрбиелік функциясының әсері зор. Отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасы баланың үйлесімді дамуына әсер етеді. Бала тәрбиесінің типі мен оның психикалық дамуының ерекшеліктері арасында тығыз байланыс болуы заңды.

Экологиялық білім дегеніміз - табиғатты қорғау саясаты, ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі сан алуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйнеге жинақтап отырған сала- экология екендігінде дау жоқ. Өйткені экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік-экономикалық факторлар болып отыр. Осы экологиялық қасіреттен құтылу үшін білім берудің барлық саласында экологиялық білім мен тәрбие берілуі тиіс. Осыған байланысты психологиялық денсаулықтың көрсеткіштері мен өлшемдері жасалынды (1.5 кесте).

Осы орайда превентивті (алдын-алу) бағдарламасын қарастырып өтейік.

Превентивті (алдын-алу) бағдарламасының бағыттары.

Қазіргі кезде білім берудегі психологиялық қызметке деген мамандардың көзқарасы, ең алдымен превентивті (алдын-алу) әрекет ретінде болу керек дегенге саяды. Превентивті қызмет дегенді – даму мен психикалық және психологиялық денсаулықты сақтаудың алғашқы психологиялық профилактикалық әрекеті деп түсінуге болады.

Соған байланысты превентивті қызметтің бағыттары, шарттары, аспектілеріне тоқталайық.

Превентивті қызметті ұйымдастыру мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:

1) баланың нақты білім беру мекемелеріндегі психологиялық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туындауы мүмкін қолайсыз жағдайлардың алдын алуға бағытталған жүйені құру;

1.5 кесте- Тұлғаның қалыпты психологиялық денсаулығының көрсеткіштері мен өлшемдері


Өлшемдері




Өзін-өзі кемелдендіру

(А.Маслоу)

(гуманистік психология)


Интраперсонал-дық тұлғалық даму С.Л.Бразенко

Интерперсоналды тұлғалық даму

Көрсеткіштері

Танымдық

Болмысты тиімді қабыл-

дау, өзара онымен оңтай-

лы қатынаста болу өзін басқаларды және табиғат-

ты дұрыс қабылдауы.

Құралды мақсаттан,жаман

-дықтан ажырата білуі.

Креативтілігі. Қалыпты

заттарға жаңаша қарай

білу.


Өзін-өзі қабыл дауы, өзін - өзі түсінуі

Басқаларды

қабылдауы; Басқаларды

түсінуі


Еріктік -

эмоциялық



Ерік күші мен белсенді

-лігі, “Ерекше шыңына

жеткен күйзелістер”

Қауымдастық сезімі.

Терең тұлға

аралық қатынастары.

Демократиялығы


Ішкі күйзлістерге

Бірігуінің толық-

тылығы, жауап-

кершілігі, ерік

күшінің тұрақты-

лығы


Шығармашылық

бейімдеушілігі



Мотивация

лық


Ойлануға деген қажетті-

лігі, автономдылығы,

орта мен мәдениетке

тәуелсіздігі. Мәденилік

әсерлерге төтеп бере

алуы. Тілегі мен ой-сана-

сы арасында қақтығыс-

тың болмауы.



Тұтастығы

Динамикалығы



Әлеуметтенушілігі

2) мектепке дейінгі және мектеп кезеңіндегі баланың психикалық және психологиялық денсаулығының тиімді жағдайларының маңызды көрсеткіштерін айқындау;

3) Білім беру мекемелерінде балалардың психологиялық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шарттарды құру және сақтау;

4) балалардың дамуындағы (дамудың барлық кезеңдерінде) бұзылыстардың болмауына бағытталған кәсіби психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі.

Сонымен қатар “қатерлі топ” балаларының психикалық денсаулығын нығайтудың педагогикалық- психологиялық шарттары анықталынды (1.6 кесте).

Осындай жұмыстың тиімділігі көбінесе баланың психикалық және психологиялық денсаулығының күйлерін анықтап отыратын әдістерді таңдаумен байланысты болады. Қазіргі кезде қолданылатын әдістердің бірі- мониторинг, яғни жүйелі түрде немесе оперативті түрде бақылау болып табылады. Тұрақты түрде бақылау әдісін (мониторинг) қолдану психологиялық қызметте қолднау әбден мүмкін екендігі тәжірибеден белгілі болып отыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде ақпараттық қамтамассыз етудің бағдарламасын (түрлі ақпараттық жүйелер арқылы) жасауға да мүмкіндік бар.

1.6 кесте- “Қатерлі топ” балаларының психикалық денсаулығын нығайтудың педагогикалық психологиялық шарттары



Мазмұны

Жүргізілетін шараларға

Жауаптылар



1

Облыс, қала,ауыл немесе аймақтың арнаулы

орталықтарымен бірлесе отырып первентивті

жұмыс бағдарламасын құру


Превентивті (алдын алу) Қызметіне қатысушылар

2

Білім беру саласындағы психикалық денсаулық

туралы деректер мен құжаттардың мәліметтік

қамтамасыз етілуі:“Білім беру кеңістігінің

динамикалық картасы-білім беру ортасы

субъектілерінің психологиялық денсаулығының

картасы”


Байланыстың қазіргі техникалық жүйелерін пайдалану

3

Білім беру мекемелерінде балалардың психика-лық денсаулығының жағдайы мен динамикасының мониторингін жүргізу

Психо-педагогикалық

әлеуметтік-гигиеналық,

дәрігерлік іс-шаралар жүйесі


4

Балалардың психикалық денсаулығына теріс

әсер ететін жағдайларды талдау және

әрдайым сараптап отыру


Білім беру мекемесі

Психологының міндеті



5

Локальді оперативті жұмыстар (апатты аймақ

жағдайларына байланысты)



Психоло-педагогикалық,

дәрігерлік кешенді іс-шаралар



6

Неғұрлым ұзақ уақытқа созылатын және терең-

детілген даралық және жеке-дара дамуының

қоршаған ортамен этномәдени байланыстарын

есептеп отыру



Білім беру мекемесінің

Психологы



7

Баланы қоршаған ересектердің (ата-анасы,

Тәрбиеші, мұғалімдер, т.б.) психологиялық

Денсаулығының күйін анықтауға арналған

бағдарлама



Превентивті қызметті

Жүргізушілер



Қазақстанда психикалық және психологиялық денсаулық проблемасы қарастырылған Н.Д.Унарбекова 6-7 жастағылардың психологиялық денсаулығынзерттей отырып, оны қамтамасыз ету жолы ретінде топтық тренинг бағдарламысын ұсынады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Василева О.С., Филатов Ф.Р. “ Психология здоровья человека” – Москва, 2001г

  2. “Психология здоровья” Под. ред. Г.С.Никифорова- Санкт -Петербург, 2000г

  3. Давыдов В.В. “Теория развивающего обучения” – Москва, 1996г

  4. Дубровина И.В. “Школьники и охрана их здоровья” // “Школа здоровья. 1998г.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада балалардың психикалық денсаулығын нығайтудың жодары қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются пути сохранения и укрепления психичесского здоровья детей.



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ
Абдраманова Д.Е. психология магистрі,оқытушы,

Қасымова Г.Е. оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)

Практикалық психолог жұмысының негізгі бағыттарының бірі психологиялық кеңес беру болып табылады.

Психологиялық кеңес беру психологиялық қиындықтарды, клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуы мен өзге де ситуацияларда кездестіретін қиындықтарын өзі шешуіне мүмкіндік беретін әрекеттің адаптивті емес тәсілдетін анықтайтын психологиялық көмектің түрі.

Кеңес беру - адамның мәселесін зерттеуде, дау-дамайды анықтауда, ситуацияны басқара білудің жаңа тәсілдеріндегі көрсетілетін көмек. Кеңес беру психолог жағдайды өзгертуге және жақсартуға тырысқан уақытта орындалады, бірақ ол өзгеріс үрдісін басқара алмайды.

Психолог-кеңесшіге эмпатия, ашықтық, тұтынушыға баға бермей қабылдау, оған оның өз мәселелерін өзі шеше алатындығына сенім көрсете білуі қажет. Кеңесші тұтынушыға жеке қамқорлығын оның көңіл-күйіне ену арқылы, сөзбен, мимикамен, дене қозғалысымен көрсетуі қажет; сондай-ақ өзімен тұтынушы арасында оптимальді психологиялық ара қашықтықты сақтай білуі қажет. Ол тұтынушыға қобалжулардан арылуға емес, осы қобалжуларды конструктивті бағытқа бұрып, тұтынушының өзін, өз өмірін, өзгертуге сенімділігімен шешімділігін ұялату. Кеңесші тұтынушыға ақыл айтып, өз ойын танытуға болмайды.

С.Глэддинг кеңес берушінің жеке қасиеттерімен тиімді жұмыс жолдарын төмендегідей қарастырады:



  • Қызығушылық. Мұндай қасиеті бар адамдар басқаларға табиғи қызығушылық танытады.

  • Тындай білу. Тындай білу қабілетін стимулдық фактор ретінде қолдана білу.

  • Еркін әңгімелесу. Әңгімеден рахат ала білу.

  • Эмпатия және түсіне білу. Жынысына мәдени бағыттылығына қарамастан, өзін басқа адамның орнына қоя білу.

  • Қөңіл-күйін білдіру. Қөңіл-күйін шығара алатын адамдар қайғыдан қуанышқа дейін көрсете алады.

  • Интроспекция. Өзінің ішкі сезімдерін сезіну, саналы сезіну.

  • Өзін құрбан ете білу. Жеке шаруаларын кейінге қалдырып, бірінші кезекте басқа адамның мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, оны тыңдау.

  • Жақын қарым-қатынасқа төзе білу. Қысымға қарамастан эмоциялық жақындыққа төзе білу.

  • Биліктегілермен қарым-қатынасқа түсе білу. Биліктегілерді мойындай білу және тәуелсіздіктің белгілі деңгейін сақтау.

  • Әзілдей білу. Өмірдегі оқиғалардың екі қырын қабылдай білу, олардан күлкілі нәрсе көре білу.

  • Ойлау қабілетінің біліктілігі. Оқуға ынтасы және қабілеттілігі, тапқырлықпен шығармашылық ойлау қабілеті.

  • Күш-қуаты. Кеңесші бірнеше сессия қатарынан белсенділік көрсете білуі керек.

  • Иілгіштік. Тұтынушылардың сұранысына қарай өз әрекеттерін икемдеу.

  • Көмек көрсете білу. Тұтынушының шешімін қабылдауына қолдау көрсету, үмітпен сенімге ие болуға көмектесу.

  • Жұмыс істеуге еркі. Тұтынушының қызығушылығына байланысты олардың тәуелсіздіг әдепін сақтай отырып, конструктивті жұмыс жасауға ықыласы.

  • Өзіне сенімділік. Бұл өзін-өзі білу, ұстанымдарын, құндылықтары мен сезімдерін білу және осыларға қандай факторлар және олардың қалай әсер ететіндігін тани білу.

Кеңес беруші әдетте интервьюдің бес қадамдық моделін ұстанады:

  1. Тұтынушымен қарым-қатынас орнату және жұмысқа бағыттау;

  2. Тұтынушы туралы мәлімет жинау («Мәселенің мазмұны қандай?»);

  3. Күтілетін нәтижені анықтау («Неге қол жеткізгіңіз келеді?»);

  4. Балама шешімдерді ойлап шығару («Біз бұл жөнінде тағы не істей аламыз?»);

  5. Тұтынушымен әрекеттесуді түйіндеме формасында қорытындылап, қарым-қатынасты аяқтау;

Осы келтірілген қабілеттер кеңес берушінің жеке басының сапаларына сәйкес келсе өте тиімді болар еді. Кеңес беруші топта әрі әртіс, әрі ғалым, сезімдермен интуицияларды әдістермен концепцияларды кәсіби білімдермен байланыстырады. Жалпы топтық психотерапевте төмендегідей тұлғалық қасиеттер болуы керек:

    • Психологиялық қатынасу уайымына ортақтасу, қарым-қатынасқа эмоциялық тұрғыда берілу, басқа нәрселерге назар аудармай «қазір, осында, бізбен бірге» қағидасын ұстану.

    • Өз күшіне сенімді болу және басқаларға өз ықпалын сезіндіру.

    • Батылдылық өзінің сезімдерін көрсету үшін тәуекелге баруға, қателіктер жібермеуге және оларды мойындауға дайын болу.

    • Шыншылдық өзі төмендегідей сұрақтарды қоя алу қабілетінен көрінеді:

  • топпен жұмыс істей отырып, мен қандай қажеттіліктерге қызмет етемін? Бұл әрекеттен мен не аламын?

  • Мен кез-келген бір топты өзімнің жеке қажеттіліктерімді қанағаттандыру үшін топтың қажеттіліктеріне қайшы келдім бе?

  • Мен неге топта өзімді дәл осылай ұстаймын? Топқа менің қарым-қатнасым, құндылықтарым, сезімдерім және әрекеттерім қалай әсер етеді?

    • Шынайылық дегеніміз топтың қатысушыларына өздерінің тыңдағысы келмейтіндерін де тік және мейірімділікпен айту болып саналады;

    • Тең түпнұсқа (аутентичность) – бұл өз-өзімен болу қабілеттілігі, топқа пайдалы болатындай ашық жарқын болу;

    • Ұқсастық сезімі жеке ішкі стандарттарына сүйену қабілеттілігі. Бұл сезім өзінің мәдени мұрасына және этникалық сана сезімін түсіну үшін негізделген және де өз өміріндегі мақсаттарын және өзінің психологиялық мүмкіндіктерін түсінуге негізделген;

    • Өнертапқыштық және тапқырлық қиын жағдайларда қайталанбас шешімдер табуға мүмкіндік береді;

    • Вербальді емес қарым-қатынас сезімдерді білдіруге көмектеседі. Белгілі болғандай сөйлеу барысында, қарым-қатынаста айтылатын әлеуметтік мәннің үштен бір бөлігін ғана білдіреді. Қарым-қатынастың тиімді жолдары келесідегідей: вербальді ұғымды білдіру-7%, дауыс-38%,бет-әлпет арқылы-55%.

К.Хеку бойынша 1-фазада жүргізуші иждевидтің күткеніне қарсы жүрмей, мүмкіндіктерді шеберлікпен сейілтіп және қарым-қатынасты «қазір және осы жерде» арнасына бағыттайды. Екінші фазада терапевт қалыпты емес лидермен бірігуіне алып келетін топтың онымен конфронтациясын тездетеді. Ал, үшінші фазада терапевт өзінің ескертулерімен топтағы рольдерді анықтап, және топтық нормаларды өндіретін эксперт позициясын ұстанады.

Топтық таяу әр жүргізушіден анық тұлғалық сапалармен осы бағытқа байланысты топ қатысушысы ретіндегі жұмыс тәжірибесін талап ететін бағыт-бағдарларға байланысты қолданылады. Топтар кіріспе стилі негізінде психотерапевтерді төмендегідей бөледі:



  1. Қамқоршылар – қатысушылардың жағдайын жасайды, танымдық бағыт –бағдар сілтейді, хабардар етеді және кеңес береді;

  2. Ынталандырушылар - оларға жоғары дәрежелі эмоционалды ынталандыру, және жоғары немесе орта дәрежелі орындаушылық функциялары тән;

  3. Әлеуметтік инженерлер – орташа қамқоршылар, жекешіл және олар жеке қатысушыларға қарағанда топқа және олардың қатысушыларының қарым-қатнасына өте көп назр бөледі;

  4. Тұлғалық-бейтарап лидерлер - өздерін алшақтау ұстайды, ара қашықтықты сақтайды, әлсіз қамқорлықпенорта дәрежелі эмоцияналды ынталандыру бағытымен сипатталады;

  5. Либералды жетекшілер – танымдық бағдарының айқындығы мен басқа мінездемелердің төмен бағытымен сипаттамалары;

  6. Басшылар – орындаушылық қызметінің жоғары дәрежесіне, авторитарлық айқындаушылыққа және әр түрлі жаттығуларды жиі қолдануға ие.

Осы типтердің арасындағы соңғы үшеуінің тиімділігі аз. Көбінесе топпен жұмыс істегенде төмендегі үш стиль жиі кездеседі:

Авторитарлы – жетекші, топта болып жатқан оқиғаларды жеке-жеке айқындайды.

Демократиялық – топтық талқылау арқылы жүзеге асырылады.

Өз бетімен жіберу – жетекші топта болып жатқан жайттарды бағаламайды және әсер етуге тырыспайды, билікті топқа береді.

Сонымен қатар, терапевт топтық процессті қадағалай отырып, фасилитацияның келесі түрлерін қолданады (ағылш. Facilitate – жеңілдету, жәрдемдесу);


  • топтың ішіндегі қарсылықтарға зейінді ұлғайту, топ мүшелеріне олардың жалпы ағымға кедергі келтіріп және ол не себепті солай болып жатқанын түсінуге көмектесу;

  • топ мүшелерінің әрқайсысының өз сезімдері мен не күтетіндерін айқын көрсетуге бағыттау;

  • топ мүшелерін өз сезімдері мен өздеріне зейін қойып қадағалауды үйрету

  • топ мүшелерін бір-біріне деген ашық қарым-қатынас жасауды үйрету

  • топта бір-біріне деген сенімдік қарым-қатынас атмосферасын дамытуда жұмыс жасау;

  • жаңа мінез-құлық формаларын үйренуде қолдау жасау;

  • консультант пен топ мүшелерінің арасындағы қарым – қатынасқа емес, топ мүшелерінің арасындағы бірлескен іс-әрекетке бағытталған бірлестік іс-әрекет стилін қалыптастыру;

  • қақтығысты ашық түрде көрсетілуін қолдау;

  • топ мүшелерінің арасындағы тікелей қарым-қатынастың қалыптасуына кедергі келтіретін қамалдарды жеңуде көмек көрсету;

  • топ мүшелерінің топта үйренгендерін интеграциялауда, сол білімдерді күнделікті өмірде тиімді қолдану жолдарын іздеуде көмектесу;

  • топта болған кез-келген аяқталмай қалған оқиға арқылы топ мүшелерінің арасында жақындасуға қол жеткізуде көмектесу (Кори, 2003, 62 б.).

О.В.Евтихов топпен қарым-қатынас ережелерін бөліп көрсеткен:

- бүкіл топқа қарай отырып, «сіздер», «сіздерге» деген емес, «біз» және «бізге» деген позицияны ұстануға тырысыңыз. Мысалы, «Қазір біз келесі жаттығуларды орындаймыз...»

- бүкіл топқа қарай отырып, түрлі модальностті қолдануға тырысыңыз (көру арқылы, есту арқылы), немесе бейтарап түрде;

- топтың арасындағы өзіңізге қарым-қатынастың ең қажет ететін мүшелер болса, онда олардың іс-әрекетін ерекше незерға алып бақылаңыз;

- топтың әр мүшесінің жеке кеңістігін құрметтеңіз, белгілі бір физикалық ара-қашықтық ұстаныңыз;

- топтың мүшелерімен таласқа түспеңіз. Талас – бұл қарым-қатынасты бұзатын қарсылық түрі.

Д.Кеннард топ жүргізушісінің араласудың келесі типтерін бөліп көрсетеді:

- Сақтап қалу рұқсат етілген нәрселерді айқындайды және бекітеді (орынды, уақытты, мүшелікті, міндеттерді және рұқсат етілген мінез-құлықты шектеу);

- Ашық фасилитация топтық процесстің дамуын қамтамасыз етеді;

- Бағытталған фасилитация жүргізушінің зейінін қамтиды, оның қойған сұрақтары мен белгілі бір гипотезалардан негізделген бағыт-бағдар беретін түсініктемелері;

- Интерпретация топтық пікірталаста нақты кездесетін сезімдер мен құрамдарын және жеке қатысушылардың ойларын айқындайды;

- Тікелей үндесудің жоқтығы топ жүргізушісінің топты сырттан бақылап қана қойып, оның беретін реакциясын кейінге қалдыру;

- Іс-әрекет жүргізушінің ары-бері қозғалысын қатысушылардың кейбіреулеріне жақындау және т.с.с. байланысты;

- Өзіндік ашылу жүргізушінің ішкі және сыртқы жан дүниесінің мазмұнын айқындайды;

- Модельдеу топтың және оның мүшелерінің іс-әрекеттерінің қазіргісі мен болашағымен айқындалып, қатысушылардың іс-әрекеттік жоспары болып қалыптасады.
ӘДЕБИЕТТЕР


      1. Старшенбаум Г.В. Психологическое консультирование.

      2. Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Феникс 2008.

      3. Ауталипова У.И., Бапаева С.Т. Теориялық және практикалық психологияның әдіснамалық негіздері. Алматы 2006.

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада кеңес беруші психологтың жеке басының қасиеттері қарастырылған.
РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются черты личности психолога-консультанта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет