Бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#133850
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік қызметшілердің ант беру

ҚАҒИДАЛАРЫ


  1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары (бұдан
    әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
    2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ант беру тәртібін айқындайды.

  2. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген не мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған жаңадан кірген, сондай-ақ әкімшілік не өзге мемлекеттік лауазымнан саяси мемлекеттік лауазымға өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері ант береді.

  3. Мемлекеттік саяси қызметшілер әкімшілік не өзге мемлекеттік қызметке ауысқан, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президентіне ант беру көзделетіндерін қоспағанда, қайтадан ант бермейді.

  4. Мемлекеттік саяси қызметшілер:

    1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері – Қазақстан Республикасының Президентіне;

    2. егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне;

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері; Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры және оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медицина орталығының басшысы, оның орынбасарлары; «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры, оның орынбасарлары; «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, атқарушы директоры, директордың орынбасарлары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына;

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының төрағасы; Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілдері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына;

облыс әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері – облыстар әкімдеріне;

астананың және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары – тиісінше астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне;

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері; халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі; халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне ант береді.



  1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.

  2. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері сынақ мерзімін сәтті өткізген күннен бастап бір ай ішінде ант қабылдайды.

  3. «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға ант береді.

«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

  1. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік қызметшілері:

орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Хатшысы – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшысы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына;

облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері – тиісінше облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiне ант береді.



  1. Орталық атқарушы органдар ведомстволарының басшылары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері тиісінше облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді.

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.


  1. Ант берудің салтанатты рәсімі тиісті қызметтік ғимараттың ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған залында өткізіледі.

Ант беру кезіндегі міндетті атрибуттар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы.

Ант берудің салтанатты рәсімі антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.

Залға ант беретін мемлекеттік қызметшілерден басқа өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік саяси қызметшінің, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшінің, тиісінше ресімделген және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде басылған антының мәтіні ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесі антының мәтіні «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.

Ант бергеннен кейін антты қабылдаған лауазымды адам қысқаша құттықтау сөз сөйлейді.

Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады, оны қатысушылар орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.


  1. Мемлекеттік қызметшінің қолы қойылған, ант беру күні көрсетілген ант мәтіні бар бланк оның жеке ісінің материалдарында сақталады.

Қызметшінің қызметтік тізіміне ант беру туралы тиісті жазба енгізіледі.

___________________________________

Мемлекеттік қызметшілердің

ант беру қағидаларына

1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік саяси қызметшісінің
АНТЫ

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

Т.А.Ә. _____________________

(қолы, күні)

_______________________


Мемлекеттік қызметшілердің

ант беру қағидаларына

2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы

мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

АНТЫ
Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

Т.А.Ә. _____________________

       (қолы, күні)

_______________________

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу

ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН МЕРЗІМІ


  1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу тәртібі мен мерзімін айқындайды.

  2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау

  1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің айқындаған тәртіппен жүргізіледі.



2. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау


  1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей өткізіледі.

Мемлекеттік органдар «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей (оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.

Егер «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау өткізілмейді.



  1. Әлеуметтік демалыстарда жүрген «А» корпусының қызметшілері осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімде жұмысқа шыққаннан кейін «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан өтеді.

  2. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды «А» корпусының қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар уәкілетті (орган) адам (бұдан әрі – лауазымды адам) уәкілетті орган бекітетін «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің негізінде жүргізеді.

  3. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Хатшысының – Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.

  4. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге дайындықты мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.

  5. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге дайындық осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім басталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге қажетті материалдарды дайындау мен «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу кестесін айқындауды қамтиды.

  6. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізуге қажетті материалдарға:

    1. мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының не қызметіне «А» корпусының қызметшісі жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;

    2. бағаланатын кезеңде «А» корпусы қызметшісінің қызметін сипаттайтын мәліметтер жатады.

  7. «А» корпусының қызметшілері бағалау өткізілгенге дейін мемлекеттік органға өзінің кәсіптік деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

  8. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «А» корпусының қызметшісін оған қатысты қызметті бағалаудың өткізілетіні туралы оны өткізу басталғанға дейін жеті жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

  9. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелерін тіркеу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.

  10. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері мынадай мәндердегі шәкіл бойынша қойылады: «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «тиімді».

  11. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері оның қызметтік тізіміне енгізіледі.

  12. Бағаланатын «А» корпусының қызметшісі жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қызметті бағалау нәтижелерімен таныстырады.

  13. Мемлекеттік орган жылдық бағалау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:

    1. «А» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері;

    2. «А» корпусы қызметшісінің қызметі туралы пікір.

  14. «А» корпусы қызметшісінің қызметі туралы пікірге уәкілетті адам қол қояды.

  15. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының қызметі туралы пікірге бағаланатын қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды.

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының қызметі туралы пікірге Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қол қояды.

  1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
    «А» корпусының қызметшілерін жылдық бағалауға талдауды жүзеге асырады және оныншы ақпаннан кеішіктірмей оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына енгізеді.

  2. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, «А» корпусының қызметшісі өзінің қызметін бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өтінішпен Ұлттық комиссияға жүгіне алады.

  3. Ұлттық комиссияның жұмыс органы жылдық бағалау материалдарын Ұлттық комиссияның қарауына шығару туралы шешім қабылдайды.

  4. Ұлттық комиссия жұмыс органы ұсынған материалдарды қарау және, қажет жағдайда, «А» корпусының қызметшісімен әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

    1. атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

    2. атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

  5. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағалануы уәкілетті комиссиямен келісім бойынша онымен еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.


3. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау


  1. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
    (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау оның нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша:

    1. тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей
      (оныншы желтоқсаннан кешіктірілмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

    2. жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей өткізіледі.

Егер «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау өткізілмейді.

  1. Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусы қызметшілері «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.

  2. «Б» корпусының қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.

  3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы бағалау парағы пайдаланылады.

  4. «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам құратын бағалау жөніндегі комиссия жүргізеді.

Бағалау жөніндегі комиссия кемінде бес мүшеден тұрады, оның үштен бір бөлігі бағалау өткізілетін мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен, оның ішінде төрағадан құралуға тиіс.

  1. «Б» корпусының қызметшісін бағалаудың нәтижелерін уәкілетті адам бекітеді.

  2. «Б» корпусының қызметшісін бағалаудың нәтижелері мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысандағы тиісті бағалау нәтижелері хаттамасында тіркеледі.

  3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың нәтижелері мынадай мәндердегі шәкіл бойынша қойылады: «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «тиімді», «өте жақсы».

  4. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін қызметті бағалау нәтижелерімен таныстырады.

  5. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  6. «Б» корпусы қызметшісінің екі жыл қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алуы, ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған жағдайда, оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады.

Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.

Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатылады.



  1. Мемлекеттік қызметші өзінің қызметін бағалау нәтижелеріне уәкілетті органға не сотқа шағым жасауға құқылы.

______________________________


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 152 Жарлығымен



БЕКІТІЛГЕН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет