Сабақтың тақырыбы: Сән мен сымбат
Мақсаты: -оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
. Міндеттері: — оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге шақыру.
—оқушыларды жалпы сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену: «Менің жан дүниемнің гүл бағы.»
Терең тыныс алыңыз…Өзіңізді жайлы , қалыпты ұстаңыз. Өзіңізді бақылаңыз. Көз алдыңыз қараңғыланып кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнектері бар түрлі- түсті қақпа пайда болды.да жарық етіп ашыла кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіндесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген, мыңдаған қызылды-жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шетімен шегі жоқ.
Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізді. Сізді жеңілдік пен еркіндік , қуаныш сезімі биледі. Гүлдердің ішінен өзіңізге жаны жақын адамдардың бейнесі жымиып, сүйіспеншілікпен қарап тұрған сияқты. Олар кімдер?
Жүріп келе жатып сізді алыстан көз тартып шақырғандай болып тұрған гүлдің өзіңізге жақын, сізге туысқандық байланысы барын сезінесіз. Түсі қандай? Жақындап қараыңызшы, ол ешқайсысына ұқсамайды, ерекше және қайталанбайды. Үңіліп қарасаңыз, ол гүлден өз бейнеңізді көресіз. Ол өте әдемі. «Әр гүлдің өз иісі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенін ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Гүлдер, ағаштар, жемістер бір-біріне еш ұқсамайды, бірақ олар бір жер бетіндегі топыраққа өсіп, тамырын жаяды, оларға бір ғана күнжылуын беріп, шұғыласын шашады.
Маған қосылып іштей қайталаңыз: «Мен-ол-мен». Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді.
Талдау:
Қандай сезімде болдыңыздар?
Гүлдер жер бетінде өзін қалай сезінер еді?
Үй тапсырмасын тексеру:
Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сұлулық » деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
Оқу ақпарат
Өткен сабағымызда ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса , бүгінгі сабағымызда қоршаған орта сұлулығын сөз қылмақпыз.
Сұлулық – бұл ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Еркелеп соққан самал жел де, сол желге тербетілген қайың жапырақтары да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әрбір адам сұлу. Сол себебті сұлулықты бағалай, аялай білген жөн. Әсемдікке ,әдемілікке көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Халықта «жүзінен нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар.
Дәйексөз
Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады. Г. Құрманбай
Ш Қалдаяқовтың «Сыр сұлу» әнін таспада бірге қосылып айтамыз.
Шығармашылық жұмыс:
1-топ «Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салу
2-топ «Сұлу Күләш» өлеңін оқи отырып әнші туралы өз ойларын дәптерлеріне жазу.
3-топ Сахналау «Сұлулықпен сырласу.»
Сергіту тапсырма: «Күніміз мәңгі жарқырасын!»
Алдарындағы күннің суретіне табиғатқа деген тілектерін ,әдемі сөздерін жазып тақтаға жапсырамыз, сонда тақтадан үлкен күн пайда болады.
Үй тапсырмасы дәптердегі тапсырманы аяқтау.
Қорытынды:
Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша демалайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз ,-дей келе ортаға жиналып баріміз бірге Әсет Бейсеуовтың «Алтыным» әнін айтамыз
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
— Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кдырниязова Толқын Намысқызы
Т- әріптерінен басталатын сөз, мақал, адам аттары туралы неше сөз жаздың-»тапсырмалары бойынша топтық жұмыс жасай отырып оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тексеру,танымдық қабілеттерін дамыту.
1-топ «Жалғасын тап» (мақалдың жалғасын табу)
Әдептілік, ар-ұят, —
Адамдықтың белгісі…..
( Тұрпайы мінез, тағы, жат-
Надандықтың белгісі)
Тән сұлулығы табиғаттан,
(Жан сұлулығы өзіңнен)
Табиғат адам үшін жаралыпты,
( Бар қызық табиғаттан таралыпты.)
2-топ «Мағынасын түсіндір» (берілген мақалдың мағынасын ашып түсіндіру)
1.«Мың шыбық шаншып өсірсең-
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның-
Өзіңе қорған салғаның»
2 «Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
3 «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
3-топ «Тез ойла Т әрпінен босталатын бірнеше сөз тіркесін жазу тақырыпқа байланысты»
-Туған табиғатты, тау тасты, тіршілікті тамашалай тамсанбау тас бауырлық.
-Талапта, таланта, тілек те, туған табиғаттан таралады.
— Тамырсыз тіршілік таздың тақиясындай тақырлығын тіптіштен тұрады.т.б
Түйін:
Қоршаған ортаның ,табиғаттың сұлулығы адамның сол ортаға деген көзқарасы бәрі-бәрі үндескен жағдайда , адамның жан әлемі мен сыртқы сұлулығы қатар жүргенде әлемде сұлулық орнайды
“Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да ,өзін жалпы жаратылыстың бір бөлшегі ретінде сезіне біледі”,- деп
Шыңғыс Айтматов айтқандай сыры мен сымбаты келіскен адам әрдайым да табиғаттың сұлулығын сезіне , көре білуі қажет
Достарыңызбен бөлісу: |