Қазақ тілі. 004 нұсқа Бір мағыналы сөзді анықтаңыз



Дата01.07.2016
өлшемі61.7 Kb.
#171267
Қазақ тілі.

004 - нұсқа

1. Бір мағыналы сөзді анықтаңыз.

А) Жастық. В) Ер. С) Мектеп * Д) Мақта. Е) Ай.



2. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз.

А) Көк көйлек. В) Қызыл түс. С)Таудың басы. Д) Өмірдің тұтқасы*. Е) Жасыл орман.



3. Төмендегі мақалды толықтырып жазыңыз:

Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала- ..... .

А) Білімді бала. В) Ақылды бала. С) Сорлы бала * Д) Жақсы бала. Е) Жаман бала.



4. «Бөркін аспанға лақтыру» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) Қуану.* В) Ренжу. С) Ұялу. Д) Қорқу. Е) Шошу.



5. Антонимді сын есімді табыңыз.

А) Жазған-оқыған. В) Қызыл-жасыл. С)Қатты-дәмді. Д) Ащы-тұщы.* Е) ал-алма.



6. Омоним сөзді белгілеңіз.

Ол сенен он жас үлкен.

А) Ол. В) Сенен. С) Бес. Д) Жас.* Е) Үлкен.



7. «У» дыбысы дауыссыз болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Дауыс.* В) Жазушы. С) Оқушы. Д) Бу. Е) Ту.



8.Бір буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Жоба. В) Қуатты. С) Еңлік. Д) Түлік. Е) Жалт.*



9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Отбасы. В) Немере. С) Тыңдаймыз. Д) Кітап.* Е) Кетті.



10. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін көрсетіңіз.

А) Жұрнақ. В) Түбір. * С) Қосымша. Д) Жалғау. Е) Туынды түбір.



11. Түбірлес сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Бас, бастық, басшы.*В) Асан, Үсен, Әлия. С) Мен, сен, ол. Д) Бірақ, алайда, дегенмен.Е) Ух, ах, тәйт.



12. Жалпы есімді сөз тіркесін белгілеңіз.

А) Павлодар қаласы. В) Ертіс өзені. С) Табиғат аясы.* Д) Абай даңғылы. Е) «Медеу» мұз айдыны.



13. Сын есімнің сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кімнің? Ненің? В) Не істеді? Қайтті? С) Қанша? Неше? Д) Қайда? Қалай? Е) Қандай? Қай?*



14. Сан есімнің қай түріне -інші, -ыншы жұрнағы жалғанатынын белгілеңіз.

А) Жинақтық. В) Реттік.* С) Есептік. Д) Болжалдық. Е) Топтау.



15. Жіктеу есімдігін табыңыз.

А) Бұлар. В) Қайдан? С) Ешкім. Д) Олар.* Е) Кейбіреу



16. Өздік етісті анықтаңыз.

А) Көрді. В) Таранды.* С) Сағындырды. Д) Айтысты. Е) Суарысты.



17. Көсемшенің жұрнағын көрсетіңіз.

А) –ған, -ген, -қан, -кен. В) –а, е, й,ып,іп.* С) –атын, -етін, -р.Д) –е, -іп,-ар, -ер. Е) –атын, -етін, -п.



18. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.

А) Естіген болатын. В) Бара жатыр.* С) Келмекші. Д) Ұғыпты. Е) Қарармын.



19. «Қалай?» сұрағы қандай үстеуге жататынын көрсетіңіз.

А) Мақсат. В) Мезгіл. С) Мекен. Д) Қимыл-сын. * Е) Мөлшер.



20. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Туу, сөз бар ма? В) Еркін, Ерболат, мен – үшеуміз бардық.

С) Арманның қойшы деген аты ғана. Д) Бүгін күн жылы болды. Е) Гүлмира мен Талғат достарына барды*

21. Шақыру одағайын анықтаңыз.

А) Уһіледі. В) Ойпырмай. С) Бәрекелді. Д) Е, тәйірі. Е) Көс-көс.*



22. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрін көрсетіңіз.

А) Жақты сөйлем. В) Толымды сөйлем. С) Сұраулы сөйлем.* Д) Жайылма сөйлем. Е) Құрмалас сөйлем.



23. Атаулы сөйлем қандай сөз табынан екенін анықтаңыз.

Түн. Аспан. Бұлт.

А) Есімдік. В) Етістік. С) Сын есім. Д) Зат есім.* Е) Есімше.



24. Анықтауышты белгілеңіз.

Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.

А) Бүгін. В) Бұлт. С) Жоқ. Д) Аспанда. Е) Алақандай*.



25. Берілген жалғаулықтар қай сөйлемде қолданылатынын көрсетіңіз.

Себебі, өйткені, неге десең.

А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Себеп-салдар.* Д) Түсіндірмелі. Е) Талғаулы.



26. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

А) Қайтпейінше? В) Қашаннан бері? С) Қалай? Д) Қайтсе де? * Е) Не еткенде?



27. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Өркенің өссін, балам. * В) Бәрекелді, ұлы сөз. С) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.

Д) Қап, мынау қайтет. Е) Денсаулық – зор байлық.

28. Берілген сөйлемнің дұрыс сызбасын табыңыз.

Мұрат: Ауылға қайтайық, - деді.

А) Төл сөз – автор сөзі. В) Автор сөзі - төл сөз. С) Автор сөзі – төл сөз – автор сөзі.*

Д) Төл сөз –автор сөзі - төл сөз. Е) Төл сөз.

29. Жаңа туған баланың құрметіне жасалатын тойды анықтаңыз.

А) Тұсау кесер тойы. В) Бесік тойы. С) Беташар. Д) Шілдехана тойы.* Е) Тілашар.



30. Абайдың шын атын көрсетіңіз.

А)Асан. В)Ақылбай. С) Дәурен. Д) Ибраһим.* Е) Ерасыл.




Нұсқа

4

Нұсқа

4

1

С

22

С

2

Д

23

Д

3

С

24

Е

4

А

25

С

5

Д

26

Д

6

Д

27

А

7

А

28

С

8

Е

29

Д

9

Д

30

Д

10

В







11

А







12

С







13

Е







14

В







15

Д







16

В







17

В







18

В







19

Д







20

Е







21

Е



















































































































.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет