Қазақ тілі 5-сынып №5 Бөлім бойынша жиынтық бағалау



Дата11.04.2024
өлшемі16.98 Kb.
#498422
5-сынып Диктант БЖБ 3- тоқсан (1)


Қазақ тілі
5-сынып
5 Бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қиял әлемі!»бөлімі бойынша БЖБ (диктант)


Оқу мақсаттары
5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;
5.4.2.2 - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі

  • тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіреді;

  • тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады;

  • сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады;

  • тыныс белгілерді орынды қолданады;

  • зат есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады;

  • зат есімдерден жалқы есімдерді таба алады;

  • зат есімдерден жалқы есімдердің жазылуын біледі;



Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастарды ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыру керек. Тоғызқұмалақ –жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақ-та бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.
Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің ‘’Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған.
Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. (104 сөз). Жас Алаш газетінен

Тапсырма №1
Мәтін бойынша нақты ақпаратты анықтауға 2 сұрақ құрастырыңыздар.
Мысалы;Спорттық ойындар неге үйретеді?
Тапсырма №2
Жалқы есімдердің астын сыз.
Тапсырма №3
Жалқы есімнен сөйлем құрап жазыңыздар.
Мысалы: Абай тоғызқұмалақ ойынын шебер ойнады



Дескриптор

Балл

Білім алушы

мәтіннің негізгі тақырыбын түсінеді;



1

тақырып пен көтерілген мәселе бойынша болжам жасайды

1

тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады

2

сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады

2

тыныс белгілерді орынды қолданады

1

Мәтін бойынша нақты ақпаратты анықтауға 2 сұрақ құрастырады;



2

зат есімдерден жалқы есімдерді таба алады;



1

зат есімдерден жалқы есімдердің жазылуын біледі;



1

Барлығы

10 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет