Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі



Дата11.07.2016
өлшемі42.83 Kb.
#191788
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Адамдардың өмір сүруінің, тұрмыс-тіршілігінің құралы-тіл. Тіл-жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, нәтижесі. Сондықтан да тіл-қоғамдық құбылыс.

Ұлттың өмір сүруінің кепілі-ұлттық тіл. Қазақтар өзінің ұлттық тілін- «Ана тілі» деп атайды.

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Көп ұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқару үшін Тіл заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңы»1989 жылы қабылданды .Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітіледі. Мемлекеттік тіл-Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттік рәміз.Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» қабылданды. Заң 6 тараудан 27 баптан тұрады .Оның 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі»-екені жазылған.

Тілдеріді қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Президент жарлығы шықты.

-1998 жылы 5 қазанда №4106 жарлығы

-2001 жылы 7 ақпанда №550 жарлығымен тілдерді қолдану мен дамытудаң жарлығы енді.

-2001-2010 жыл аралығына арналған мемлекеттік бағдарлама Тілдер 3-тұғырлылығы жарлығы енгізілді.

Қазақстан Республикасының тілдер туралы негізгі заң актілерін жүзеге асыру жолдары №151-1 жарлығымен жүзеге асады.

Мемлекеттік тіл-Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,заң шығару,сот ісін жүргізу, ғылым-білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары-радио,теледидар,мерзімді баспасөз сияқты ақпарат құралдары,іс-қағааздарының тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекет қамқорлығында балады.

АҚПАРЛАМА

13.09.2010ж-23.09.2010 ж аралығында №8 орта мектебінде «Тіл бірлігі-ел бірлігі» он күндігі өтті.

Онкүндіктің 13.09 күні тәлім сағатында ашылуы өтті.10 сынып оқушысы Сүйіндікова Альбина шағын баяндама жасап С.Тұрабаева он күндік жоспарымен таныстырды.

Кітапханада «Тіл мерейі-ел мерейі»атты кітаптар бұрышы жұмыс жасап,он күн бойы өткен шараларға үлкен септігін тигізді .

2-5 сыныптар «Сырлы сөзді суреттер» тақырыбында әдеби шығарма,ертегілерде суреттелген оқиғаларды сурет арқылы беруге арналған сайысқа қатысты. Сайыс жеңімпаздары арнайы марапатталды.

Мектеп дәлізі тіл туралы сөздермен, онкүндік жоспары, тақырыбы және 6-10 сыныптар шығарған қабырға газеттерімен безендірілді. Ерекше мазмұндағы қабырға газеті анықталады.

«Шешендік сөздер ғибраты» көріністер сайысы өтіп,сайыскерлер әдеби шығармалардағы билер билігінен шағын көріністер қойды. Қазақы,әсем,жарасымды безендірілген сахнада өнерлерін ортаға салды.Кешті ұйымдастырушы Өрдекова Гүлжан мен Сатаева Моншақ алдымен сайыс тақырыбын,мақсатын түсіндіріп,кешті жинақы өткізе білді. «Көркем тіл кестелесе замананы» тақырыбында өткен мүшәйра оқушылар арасында әдебиетке деген талпыныс,ұйқасқа,үйлесімділік пен сұлулыққа құштарлық сезімдерін оята білді деуге болады .Бұл шараға жауапты Н.Әлтенова мен Р.Ибраева мектеп оқушыларының арасынан өлең сүйер жастарды іздеп,шәкірттерге өз кеңестерін бере білді.

Сонымен қатар 9-10 сыныптар арасында Атағараева және Жиреншиева Г өткізген «Тіл дарын» сайысы өте сәтті шыққан білім,тәрбие сағаты болды. «Тілдің үш тұғырлығын» көрсете білген бұл сайысқа қазақ,орыс,ағылшын тілдері пәндерінің мұғалімдері төрелік етіп, пікірлерін ортаға салды. Сайыскерлер өздерінің пікірлерін жеткізе білуде ұшқырлық танытып,тыңдармандарын риза көңілге бөледі деуге болады.Құдабаева

Айшолпан өткізген «Парыздан туған пайымдар» атты мәнерлеп оқу сайысында 6-8 сыныптар арасынан сұлу сөздің сырын ұға,сөз қадірін түсіне,түйісіне оқитын оқушылар іріктеледі.

Қызықты өтіп жатқан онкүндіктің сәнін келтірген тағы бір шара «Ғасырлар қойнауынан қалған мұра» атты үш тілде ән айту сайысы.Бұл сайыста сайыскерлерге кез келген үш тілде ән айту тапсырылды.Уақыт пен тақырыпқа шекетеу қойылмады.Әр заманның үнін жеткізе білген әсем әндер мереке шырайын кіргізе түсті.Ән сайысын өткізген Сейдеғалиева Б. мен Махметова Ш. ұйымдастырушылық қабілеттерінің жақсы екенін тағы бір дәлелдеді деуге болады.

Он күндік соңында мектебімізде «Әлем тілдеріне шолу» тақырыбында «Жүрегімнің лүпілінен таныңдар» атты кеш өтті.Онкүндікте өткен әрбір шарада тақырыбы мен мақсаты,берері мен тәлімі, тәрбиесі мен тағылымы түсіндіріліп отырды. Қорытынды кешке 2-11 сыныптар аралығындағы үздіктер мен екпінділер шақырылды. Гүлмен көркемделіп,көрнекіліктермен жабдықталған мектеп Акт залында мерекелік мектеп формасынан киінген оқушылар жас ерекшеліктеріне сай отырғызылуының өзі мереке сәнін кіргізіп тұрды.Кешті жүргізуші Тұрабаева С. «Тіл туралы,тіл құндылығы мен тілдер» достығы туралы айтып өтті.Содан кейін әр ұлт тілдері даналық сөздеріне кезек берілді.

Келесі кезекте онкүндік бойы өткен шаралардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мараппатталады.Қабырға газеттері бастауыш шығармашылары, жас суретшілер марапатталып оларға құттықтауға ән мен биден өнер көрстілді. 4 «ә»сыныбынан Байжанқызы Ақниет «Атамекен» әнін шырқаса, 4 «а»сынып оқушылары «Қаражорға биімен» ортаға шықты. 7 а сынып оқушысы Исан Жадыра орындаған «Отырардағы той»әні жеңімпаздар мен көрермендер көңілінен шыға білді дейміз.

«Шешендік өнер ғибраты»сайысынан жүлдегер атанған 6ә сыныбы өз өннерлерін көрсетіп, мектеп мақтаныштарын бір қуантып тастады.

6 ә сыныбын құттықтап Кенжеғараева Г қазақ,орыс әндерін тамылжыта шырқады. Мүшәйра жеңімпазы Таласбай Жадыра мен мәнерлеп оқу жүлдегерлері 7 сыныптықтар Үйсінбай Жарас,Ажарбаева Шұға,Амантұрлы Бақтыгүл,Сапарова Қамажай 4 сыныптық Қуанышқали Ақмарал,2-ә сынып оқушысы Тәжібай Айшынар өз өнерлерін ортаға салды. «Тіл дарын » сайысының жеңімпаздары Ағаділова Рыскүл,Тайманова Кенжегүл үш тілде мерекелік құттықтау сөз сөйлеп,дәріс беруші ұстаздарына рахмет айтты.Үш тілде ән айту сайысының жеңімпаздары өнерлерімен жалғасқан кеш соңы әр тілдегі әндер шеруіне ұласты. Кешті қорытындылап мектеп директоры Н:К:Челеева сөйлеп,тәлімді,тәрбиелі,білімді оқушылар өсіру бағытында кешті аяқтады.


Ақпарлама дайындаған : Тұрабаева С (қазақ тілі пәнінің мұғалімі)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет