Дайындаған: Утеш Нұрсила Тобы: 1901-10 Қабылдаған



Дата24.11.2022
өлшемі17.89 Kb.
#465654
8 апта философия эссе


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Эссе тақырыбы: Қазіргі заманңы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Дайындаған: Утеш Нұрсила
Тобы:1901-10
Қабылдаған: Багдаулетова Қ

Еліміздің маңызды адами ресурсы - жастар болып табылады. Бүгінгі көзі көргеннің бәрін еліктіріп, қоғамды рухани құндылықтардан түрлі түсті бұлынғыр ортаға бөліп бара жатқан жаҺандану заманда, кез-келген ұлт-өкілдерін алып қарасақ, өздерінің ұлттық менталитетін сақтап қалуға тырысуда. Осы мәселе бойынша бүгінгі қазақ жастарының бойынан этикалық құндылығымыз қаншалықты сақталуда деген сұраққа жауап іздер болса:


Атам заманнан найза ұшына үкі тағып, ешкімге жаулық жасамаған, төрт түлік малын бағып, Алтайдан –Атырауға дейін кең жайлап, өзгенін ала жібін аттамаған момын халықпыз. Бұл үрдіс қазірде қанымызда бар екенін байқау қиын емес. Алайда, соңғы жылдары жастарымыздың арасында заманына қарай- адамы деген қағида пайда болып, жастарымыз өздері айалысып жүрген істерінің ақ қарасын ажыратпай, ұлттық менталитетімізге тән емес өзге елдің рэп оқу, сәндік киім деп ашық-шашық киіну, шаш кесу, қас жұлудан бастап т.б көптеген зиянды іс-әрекеттерді жасауда. Осы бір өзге елдің мәдениеттерінің елімізде салтанат құруы болашағымызға балта шабуда десек артық айтқан емес болады. Мысалы: Қазір көгілдір экраннан қазақтың ұлттық киімін киіп, домбыра ұстап, бұрынғы сал-серілердің әнін шырқаса жасы 50 дан асқан әдеби салада жүрген адамдар көрмесе, 30 жасқа дейінгі жастарымызды көруіміз некен-саяқ.
Әлбетте, елімізде бұл мәселе бас қатырып жатқан ешкім жоқ деп айтудан аулақпыз. Себебі бұл мәлесе бойынша ХХ ғасырдың ортасынжа Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең – бесігіңді түзе»-деп ашық айтқан. Бұл жердегі «Бесігінді түзе» дегені ол болашақ ұрпағынды жөнге сал деген сөз екен белгілі. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, біз тек кана мектеп қабырғасында ұлттық тәрбиемізді айтып кана қоймай, мемлекет деңгейінде болашақ жастарымды ұлттық этикалық құныдылықтарымызбен сусындату үшін күрес жүргізуіміз керек деп ойлаймын. Мысалы; мектеп қабырғасында ұлттық құндылығымызды дәріптейтін домбыра сабағы енгізіліп, ұлттық дәстүрлі әндер шырқалса, жоғарыда айтып өткендей көгілдір экран алдында 50 жастан асқандар емес 20 жасқа жетпеген мектеп қабырғасында оқитын, болашақ білімді жастарымыздың саны көбейетініне сенімдімін. Елімізде соңғы жылдары түрлі теріс ағымдағы діни сайттардың бұғатталғаны белгілі, және ендігі дінге қатысты барлық үгіт-насихат айтатын бейне материалдар тікелей Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының арнайы мамандарының сүзгісінен өтіп барып, сол адамдардың рұқсатымен жарияланатыны белгілі. Сол сияқты 3 жастан асқан балаларымыз телміріп отыратын телефондағы әр түрлі сайыттарды жете тексеріп, сүзгіден өткізіп, ұлттық тәрбиемізге, менталитетімізге жат бейне материалдарды ғаламтор бетінен алып тастап отырсақ, тек ұлттық маңызы бар, рухани байлыққа толы пайдалы бейне материалдарды жастарымызға көрсетсек, сол кезде қазақ жастары ұлттық тәрбиемен тәрбиеленіп, білімді, тәрбиелі, мәдениетті, саналы, ибалы да инабатты жастар ретінде қалыптасатыны айқын.
Қорыта айтқанда, жоғарыда айтып өткен жұмыстарды мемлекет деңгейінде қолға алып атқаратын болсақ, еліміз түңгі жарықтай жарқыраған, көрген біткеннің көзін талдыратын, санынан гөрі сапасыз, ұлттық этикаға тән емес мәдениеттерден өздерін аулақ ұстайтын болар еді. Қай заманда болсын, өз ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық құныдылығын, ұлттық этикасын сол елдің ұлттық менталитетін сақтап өскен білімді ұрпағы ғана сақтай алатынын естен шығармауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет