ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
КУРС ЖҰМЫСЫ
3-курс, 6-семестр
Пән:
Қазақ тілін оқыту методикасы
Оқытушы:
Кумакбаева.Г
Науаи – 2013
Тақырып: Құрмалас сөйлем синтаксисiнен берiлетiн бiлiм көлемi және оны оқытудың жүйесi.
Жоспар:
1.Құрмалас сөйлем синтаксисі және оның анықтамасы.
2.Құрмалас сөйлем табиғаты туралы ұғым қалыптастыру.
3.Құрмалас сөйлемді теориялық және практикалық деңгейде оқыту.
4. Құрмалас сөйлемді талдау әдістемесі.
Әдебиеттер:
1. М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазiргi қазақ тiлi. Синтаксис,
пунктуация. Алматы,1991.
2. А.Аблақов. Меңгерiле байланысқан етiстiктi сөз тiркестерi.
Алматы. 1992.
3. Т.Сайранбаев. Синтаксистiң кейбiр мәселелерi. Алматы, 1993
4. М.Балақаев, Т.Сайранбаев. Қазiргi қазақ тiлi. Алматы, 1996.
5. Р.Әмiров. Жай сөйлем синтаксисi. Алматы, 1998.
6. Т.Сайранбаев. Сөйлемнiң тұрлаулы мүшелерi. Алматы, 1991.
7. А.Әбiлқаев. Қазiргi қазақ тiлiндегi жай сөйлемнiң түрлерi.
Алматы, 1990.
8. М.Балақаев, Т.Сайранбаев. Қазiргi қазақ тiлi (сөз тiркесi мен жай
сөйлем синтаксисi). Алматы, 1999.
Тiлiмiздегi құрмалас сөйлемдер, негiзiнен, күрделi ойды бiлдiредi. Құрмалас деген термин құра, құрау деген сөздерден туған туынды сөз. Құрмалас деп аталатын сөйлем екi немесе онан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.Құрамы жағынан алғанда жай сөйлемдер жеке сөздерден құралатын болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады. Құрмалас сөйлем өз ара байланысты екi немесе онан да көп жеке ойлардан құралған күрделi ойды бiлдiредi. Кұрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бiр-бiрiне байланысты екi немесе онан да көп жай сөйлемдерден кұралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдердi атайды.
Құрмалас сөйлем синтаксисiнiң негiзгi объектiсi жеке ойды бiлдiретiн жай сөйлемдердiң өз ара тiркесiп, бiр бүтiнге айналуы, сол арқылы күрделi ойды бiлдiру жолдары мен тәсiлдерi болады. Сөйтiп құрмалас сөйлемнiң негiзгi объектiсi сөйлемдер тiзбегi болып табылады.
Қазiргi қазақ тiлiндегi құрмалас сөйлемдер тiркесетiн объектiсiне қарай, негiзiнен, үш түрге бөлiнедi:
1.Салалас құрмалас сөйлем.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем.
3. Аралас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлем компоненттерi интонация жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды бiлдiре алмайтын, бүтiннiң бiр бөлшегi болып қана табылады. Тiлiмiздегi жай сөйлемдер бiр-бiрiмен бiрнеше синтаксистiк т¡сiлдер арқылы құрмаласады.
Мұғалім оқушыларға құрамлас сөйлемді түсіндіргенде әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау тәсілдерін қолданады.
Құрмалас сөйлемнен теориялық білім бергенде, олардың барлық түріне ортақ мынадай методикалық нұсқаулардың басшылыққа алынуы шарт.
-
Өтілейін деп отырған құрмалас сөйлемді оқушыларға жеңіл де саналы меңгеруге көмегі тиетін бұрын өтілген материалдарды үнемі қайталап отыру.
-
Әрбір жаңа материалдардың мәнін, өзіндік белгілерін өзіне дейін өтілген материалдардан ажырата түсіндіру.
-
Оқушыларға өздігінен жұмыс естете, олардың қызығуын арттыра отырып, ойша қорытудың индукция, дедукция түрлерімен құрмалас сөйлемді меңгерту.
-
Әр сабақта көрнекі құралдарды кеңінен пайдалану.
-
Мұғалімнің жетекші сұрағының негізінде әр құрмаласқа анықтаманы және өзіндік белгілерін оқушыларға айтқызу. Сол арқылы олардың ойлау қабілетін арттырып, өздігінен жұмыс істеуге үйрету. Тек оқушылардың шамасы келмеген жағдайда ғана құрмалас сөйлемнің анықтамасы мен өзіндік белгісін мұғалімнің өзі айту.
Бұл тақырыпты оқу арқылы оқушылар құрмалас сөйлемді оқытудағы мақсатын, өзін белгілерін, анықтамасын, өзара салалас, сабақтас, ар алас құрмалас сөйлемдер болып бөлінетіні жайлы білім алады.
Құрмалас сөйлем туралы түсінікті оқушылар санына екі түрлі жолмен жеткізуге болады: біріншісі – әңгіме, байқау әдістері арқылы; екіншісі – мұғалімнің түсіндіруі, байқау әдістері арқылы.
Мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемді түсіндіргенде тақтаға бірнеше жай сөйлемдерді жазып оқушыларға ауызша талдатады.
Оқушылар жоғарыдағы сөйлемдердің бәрі де аяқталған тиянақты бір жай ойды білдіретін, сондықтан барлығы да жай сөйлем екенін, сонан кейін олардың қайсысы жалаң, жайылма, толымды, жақты сөйлемдер екенін айтып, олардағы тұрлаулы мүшелерді атайды. Мысалы: Жаңбыр жауды. Жер көгерді. Күн шықты. Мал өріске кетті. Бет қаратпайтын боран болды. Қапан қалаға бармады деген сөйлемдер жазылады.
Мұғалім оқушыларға осындай жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрату үшін мынадай сұрақтар қояды.
-
Кім, да шылауын қосып, бірінші мен екінші жай сөйлемдерден күрделі бір ойды білдіретін сөйлем құрайды.
-
Мал қашан өріске кетті?
-
Неліктен Қапан қалаға бармады?
Соңғы екі сұраққа жауап бергенде, үшінші мен төртінші, бесінші мен алтыншы жай сөйлемдерді пайдалану керектігі ескеріледі.
Оқушылар мынадай жауап қайтарады:
-
Жаңбыр жауды да, жер көгерді.
-
Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.
-
Күн шықты, мал өріске кетті.
-
Күн шыққан соң, мал өріске кетті.
-
Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан қалаға бармады.
Мұғалім оқушылардан мына құрмалас сөйлемдер неше жай сөйлемнен құралғанын, қандай тәсілмен құрмаласқанын айту талап етіледі. Оның жауабын тыңдап болған соң, оқушыларға ой қорытындысын шығара алатындай жетекші сұрақтар қойылады:
- Жай сөйлем бір я бірнеше сөйлем мүшелерінен құралып, бір тиянақты ойды білдіреді, ал құрмалас сөйлем неден құралады, қандай ойды білдіреді?
Бұл сұраққа жоғарыда талдаған мысалдарға сүйене отара бір оқушы:
- Құрмалас сөйлем екі я бірнеше жай сөйлемнен құралып, бір күрделі ойды білдіреді деп жауап береді.
Мұғалім оқушы жауабының дұрыстығын ескертеді де:
- Құрмалас сөйлемнің күрделі ойды білдіруі – оның бір інші өзіндік белгісі. Құрмалас сөйлемнің екі я онан да көп жай сөйлемдерден жасалатыны – оның екінші өзіндік белгісі. Тіл ғылымында құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемнің компоненттері деп атайды. Мұнан былай біз де құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері деудің орнына құрмалас сөйлемнің компоненттері деп. атаймыз, - деп, оқушылардың құрмалас сөйлем жайында білетіндерін бір түйіп қояды. Мұнан кейін класна мынадай сұраулар қойылып, жауаптар алынады.
Мұғалім тақтаға жазылған жай сөйлемдердің кез-келгендерін былайша біріктіріп, жаңбыр жауды да, бет қаратпайтын боран болды. Жер көгерген соң қар кетті деп айтуға және соларды құрмалас сөйлем деп тануға бола ма?
Оқушылар. Жоқ, олай айтуға да, солай айтқанмен, оларды құрмалас сөйлем деп танула болмайды.
Мұғалім. Неліктен болмайды?
Оқушылар. Жаңбыр жауа сала, бір ден бет қаратпайтын боран болмайды.
Мұғалім. Дұрыс. Сонымен, кез - келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай алама екен?
Оқушы кез-келген жай сөйлемдер құрмалас сөйлем жасай алмайды. Тек мағыналары бір-біріне байланысты әрі жақын жай сөйлемдер ғана құрмалас сөйлем жасайды.
Мұғалім. Дұрыс.
Дәл осындай жетекші сұраулар қоя отырып, сөйлемдерді тал дату арқылы мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемнің тағы да мынадай төрт белгісін танытады:
-
Құрмалас сөлем компоненттері бір-бірімен грамматикалық байланыста болады. Ол байланыс қосымша, шылау, компоненттердің орын тәртібі, өзіндік интонациясы арқылы байқалады.
-
Құрмалас сөйлемнің әр компоненттерінің бастауышы мен баяндауышы болады, т,б.
Мұғалім құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, оның өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға меңгерткеннен кейін, құрмалас сөйлем мағынасы мен тұлғасына қарай салалас, сабақтас және ар алас құрмалас болып үшке бөлінетінін, олардың әрқайсысына алдағы сабақтарда арнайы тоқталынатынын ескертеді.
“Құрмалас сөйлем туралы түсініктен” оқушыларға білім бергенде, аздап грамматикалық талдау да қолданылып отырылады.
Міне мұғалім оқушыларға құрмалас сөйлемді осы жолмен оқытуына болады.
Құрмалас сөйлемдердің түрлеріне қарай талдау.
Құрмалас сөйлем түрлеріне қарай талдау программада өтілетін материалдарын жүйесін сақтай отырып, баспалдықты түрде күрделеніп принципімен жүргзіледі. Осы принцип бойынша, алдымен, салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріне, одан соң сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне, ең соңында, аралас құрмалас сөйлемнің түрлеріне қарай талдау жасалады.
Құрмалас сөйлемнің түрлеріне қарай жүргізілетін талдау өнімді және жүйелі болу үшін, мұғалім әрбір талдаудың түріне қарай жоспарын жасап, мақсатын белгілейді.
Оқушыларға құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері мен анықтамасы олардың жалпы жай сөйлемдер жайындағы біліміне негізделе,жай сөйлемге салыстырыла, талдай, жинақтай меңгертілсе, салалас құрмалас(салаластың өзіндік белгілері мен анықтамсы)біріңғай бастауышты, біріңғай баяндауышты жай сөйлемдерге салыстырыла, ойша қорытудың индуктивті-дедуктивті түрі арқылы меңгертіледі. Бұл арқылы, біріншіден, салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушылар сапалы ұғынса, екіншіден, жалпы құрмалас сөйлемнің, оның ішінде салаластың, жай сөйлемнен айырмашылығын тереңірек түсінеді.
Салалас құрмалас сөйлем жайындағы түсінікті жай сөйлеммен салыстырмай-ақ меңгертуге де болады. Мұндай жағдайда оны біріңғай мүшелі жай сөйлеммен салыстыруға кететін уақытты үнемдеп, жаттығу-дағдыландыру жұмыстарын көбірек жүргізуге мүмкіндік туады; дегенмен оқушылар кейіңгі сабақтарда практикалық жұмыстарды орындағанда, салалас құрмалас сөйлеммен біріңғай бастауышты, біріңғай баяндауышты жай сөйлемдерді бір-бірімен шатастырады.Оны арнайы жүргізілген эксперимент жұмысы мен жоғары оқу орындарына қазақ тілінен емтихан тапсырған абитуриенттердің жауаптары көрсетеді.
Біріңғай бастауышты, біріңғай баяндауышты жай сөйлемдердің негізгі өзіндік белгілеріне мыналарды атайды:
-
Біріңғай бастауышты жай сөйлемнің баяндауышы сол сөйлемдегі барлық бастауышқа ортақ болады.
-
Біріңғай баяндауышты жай сөйлемнің бастауышы сол сөйлемдегі барлық баяндауышқа ортақ болады.
-
Біріңғай бастауыш пен біріңғай баяндауыш біріңғай формада, біріңғай сөз табынан болады.
-
Біріңғай мүшелер бір-бірімен интонация және ыңғайлас, талғаулы, кезектес жалғаулықтармен байланысып келеді.
Қорыта келе, мұғалім оқушыларға салаластың өзіне тән мынадай
белгілерін ғана айтады:
1.Салалас құрмаластың компанентері жеке-жеке айтқанда, олардың әрқайсысы кіші- гірім біршама аяқталған ойды білдіреді.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің компоненттеріндегі баяндауыштар тианақты формада (үш жақтың біреуіндегі ) етістікпен есім сөздердің бірі болып келеді.
3. Салалас құрмаластың компаненттері өз ара жалғаулық шылаулар, интонация, орын тәртібі арқылы байланысады.
4.Көптеген салалас құрмалас компанентерінің орнын ауыстыруға болмайды.
Компаненттерінің орнын ауыстырғанда, салалас алғашқы мәнін жояды, кейде құрмалас сөйлем болудан да қалады.
Ең соңында, салалас құрмалас сөйлемге мынадай анықтама беріледі :Компаненттері мағына, орын тәртібі, интанация, жалғаулық шылаулар арқылы байланысып, баяндауыштары тиянақты формада келген құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Бұл анықтаманы мұғалім байыппен екі рет айтады да, содан кейін оқушыға айтқызады.
Алдымен мұғалім оқушыларға ыңғайлас салаластың мағынасы және компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай жалғаулықты ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас болып бөлінетінін, сонан кейін ыңғайластың осы екі түрінің әрқайсысының мәні мен жасалу жолдарын, тыныс белгісін, көптеген тілдік фактілерді талдай отырып былай түсіндіреді. Салалас құрмалас сөйлемдер мағнасына қарай алтыға бөлінеді. Солардың бірі- ыңғайлас. Бұл- прозада да, поэзияда да кездеседі. Қазақ мақалдарының дені- ыңғайлас салалас. Мұның өзі тіліміздің байлығын меңгергісі келген адамның ыңғайлас салаласты білуі міндет екенін аңғартады.
Сонымен, ыңғайлас салаластың өзіне тән мынадай белгілері бар:
1. Ыңғайлас салалас істің және оқиғаның ретін, бір мезгілде немесе бірінен соң бірінің болғанын, болып жатқанын, болатынын хабарлайды, баяндайды, ыңғайын білдіреді.
2. Компоненттері орын тәртібі, ыңғайлас жалғаулық, интонация арқылы байланысады.
3. Ыңғайлас салалас, компоненттерінің байланысу тәсілдеріне қарай, жалғаулықты ыңғайлас, жалғаулықсыз ыңғайлас болып екіге бөлінеді. Жалғаулықты ыңғайлас компоненттері да, де, та, те, әрі және жалғаулықтар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз ыңғайластың компоненттері орын тәртібі, интонация арқылы байланысады.
-
Айтқанда, ыңғайлас салаластың арасына пауза жасалып, жазғанда, үтір қойылады.
Сонымен, ыңғайлас салаласқа мынадай анықтама беріледі:
Компоненттерінің мағынасы істің, оқиғаныңретін, мезгілін, ыңғайын білдіретін салаласты ыңғайлас салалас дейміз.
Қарсылықты салалас
Қарсылықты салалас грамматикалық талдау, байқау, әңгіме әдістері, ойша қорытудың индуктивті- дедуктивті түрі арқылы меңгертіледі.
Бұл сабақта мұғалім мынадай мақсат қояды: мүмкіндігінше, қарсылықты салаласты оқушылардың өздеріне меңгерту, тек олардың шамасы келмейтін жерлерін ғана түсіндіру. Мұғалім осындай мақсат көздегендіктен, әдеттегідей сабақтың тақырыбын да, оның алдына қоятын мақсатын да түсіндірмейді. Сабақ бірден грамматикалық талдаудан басталады.
Сабақтың соңында қарсылықты салаластың мынадай өзіндік белгілері сараланып көрсетіледі:
Қарсылықты салаластың бірінші компонентіндегі ой, іс, оқиға екінші компонеттегі ой, іс, оқиғаға қарама- қарсы болып келеді.
Компоненттері қарсылықты жалғаулвқпен және интонация, орын тәртібімен байланысты.
Қарсылықты салалас екіге бөлінеді:жалғаулықты қарсылықты салалас және жалғаулықсыз қарсылықты салалас. Жалғаулықты қарсылықты салаластың компоненттеріқарсылықты жалғаулықпен байланысады, ал жалғаулықсыз қарсылықтың компоненттері интонация, орын тәртібі арқылы байланысады.
Қарсылықты салаластың баяндауыштары болымды, болымсыз етістіктерден және антоним сөздерденде жасалажы.
Қарсылықты салаластарды айтқанда, компоненттерінің арасына пауза жасалып, жазғанда, жалғаулықты қарсылықтының арасына үтір, жалғаулықсыз қарсылықтының арасына үтір мен сызықша қойылады.
Қарсылықты салаласқа мағынасына қарай мынадай анықтама беріледі:
Компонеттерінің мағынасы қарама- қарсы салаласты қарсылықты салалас дейміз.
Мектеп оқулығы қарсылықты салаластан мынадай дағды беруді талап етіп келеді:
-
Текстен қарсылықты салаласты таба білу.
-
Қарсылықты салаластың жай сөйлемдерден қандай тәсілдермен жасалатынын айту.
-
Берілген жай сөйлемдерден жалғаулықты қарсылықтарды табу.
-
Тыныс белгісін қою.
-
Берілген компонентке екінші сыңарын ойдан тауып, қарсылықты салалас жасау.
-
Қарсылықты салаласқа ойдан мысалдар келтіру.
Оқушыларға қарсылықты салаластан жоғарыда аталған дағдыларды меңгерту үшін, мұғалім оқулықта берілген жаттығуларды орындатумен шектелмей, творчестволық жұмыстар істету керек. Сабақта уақыт үнемдеу үшін, күні бұрын карточкалар даярлап, сол бойынша жұмыс жасатылса ғана, жоғарыдағы дағдыларды оқушыларға меңгертуге болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер — қазақ тілінде ең жиі қолданылатын және ең күрделі синтаксистік категория. Бұлардан нақты да, саналы да білім беру үшін, алдымен оқушыларға сабақтас құрмалас дегеніміз не, оның қандай өзіндік белгілері бар екенін, оны не үшін оқу керектігін танытып алу міндет.
Сабақтас құрмаластың өзіндік белгілері мен анықтамасын оқушыларға жаттығу орындату әдісімен де, мұғалімнің түсіндіру әдісімен де меңгертуге болады. Бұл тақырыпты мұғалімнің түсіндіру әдісі арқылы оқушыларға қалай меңгерту керектігіне тоқталайық.
Мұғалім кіріспе әңгімесінде осыған дейін оқушылардың салаластармен танысқанын, мұнан былай олар сабақтас құрмаластар жөнінде білім алатынын, сабақтас құрмалас та, салалас құрмалас сияқты, адамның күрделі ойын білдіретінін, салаласқа қарағанда, мұның тілімізде өте жиі қолданылатынын, сабақтасты оқудағы мақсатты, сабақтастардан саналы да терең білім алу үшін, алдымен оның өзіндік белгілерін, анықтамасын жете түсінудің қажеттігін, бұлар жайында осы сабақта білім беретінін айтады.
Мұнан кейін жай сөйлемде істің болу себебі көрсетілгенімен, оның толық еместігі, яғни қалай мыжылғаны, кімнің, ненің мыжығаны ашып айтылмағаны, ал құрмалас сөйлемдерде істің болу себебі анық, айқын, толық етіп берілген, сондықтан да ойды, толық күрделі қып айту үшін, құрмалас сөйлемдердің қолданылатыны түсіндіріледі.
Салыстыру арқылы жай сөйлемнен сабақтас құрмаластың айырмашылығы былайша ашып көрсетіледі
Жай сөйлемдегі пысықтауыш пен сол мәндес бағынынқылы сабақ-тастардың ұқсастығы мыналар:
-
Жай сөйлемдегі мезгіл, себеп, сын-қимыл, мақсат пысықтауыштар мен осындай мағыналарды білдіретін сабақтас құрмаластың компоненттері бірдей сұрауға жауап береді. Мәселен, жоғарыда келтірілген жай сөйлемнің мыжылғандықтан себеп пысықтауышы мен сабақтастың үстіне кісі отырғандықтан компонент н е л і к т е н? сұрауына жауап болып тұр.
-
Жай сөйлемдердің кейбір пысықтауыштары мен сабақтастардың бағыныңқысының баяндауыштары бір тұлғада (формада) келеді. Мысалы, мыжылғандықтан деген жай сөйлемнің себеп пысықтауышы да, отырғандықтан деген сабақтастың бағыңыңқысының баяндауышы да, бір форма (ғандықтан) иеленген.
-
Жай сөйлемнің пысықтауышы да, сабақтастың сол мәнді білдіретін бағыныңқысы да істің себебін, мезгілін, сынын, қимылын, мақсатын білдіреді.
Сонан соң сабақтас салаласқа салыстырыла отырылып, олардың ұқсастығы (салаластың да, сабақтастың да күрделі ойды білдіретіні, екі я онан да көп жай сөйлемдерден жасалатыны, компоненттерінің бір-бірімен мағыналық және грамматикалық байланыста болып келетіні, бір сөзбен айтқанда, жалпы кұрмаласқа тән белгілер екеуіне де ортақ екені) дәлелдені-леді де, сабақтастың өзіне ғана тән мына белгілері танытылады:
-
Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің біреуі өздігінен біршама аяқталған ойды білдіреді, оны қазақ тіл білімі сабақтастың басыңқы компоненті деп атайды.
-
Сабақтастың басыңқы компонентінен басқа компоненті біршама аяқталған ойды білдіре алмайды, мұндай компонент сабақтастың бағыныңқы компоненті деп аталынады.
-
Сабақтастың басыңқы компонентініц баяндауышы әрдайым тиянақты формада, ал бағыныңқы компонентінің, баяндауышы үнемі тиянақсыз формада келеді.
-
Бағынынқының баяндауыштары болатын сөз таптары — жіктелмеген көсемше, шартты райлы етістік, қосымшалы және септеулік шылаулар тіркескен есімше мен тұйық етістік.
-
Сабақтастың компоненттері өзара мағына, қосымша, шылау, интонация арқылы байланысады.
-
Сабақтастың бағыныңқы компоненті басыңқы компонентіндегі уақиғаның қалай, қайтіп, қашан, не үшін, неліктен болғанын, болып жатқанын немесе болатынын білдіру үшін қолданылады.
-
Сабақтастың бағыныңқы компоненті негізінен басыңқының алдынан, кейде ортасында, өлеңде соңынан да келеді.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас — қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын және баяндауышы формаға бай сабақтас. Мұны мезгіл пысықтауыштан терең де берік білімі бар оқушылар ғана қиналмай меңгере алады. Ал пысықтауыштан білімі таяз оқушылар мезгіл бағыныңқыны көбіне мезгіл пысықтауышы бар жай сөйлеммен шатастыра береді. Мұндай кемшілікті болдырмас үшін, мезгіл бағыныңқылы сабақтасты өтерде, мезгіл пысықтауыш болатын сөз таптарын қайталап келу тапсырылады, мезгіл пысықтауышы бар екі-үш жай сөйлемді талдап, пысықтауышы қай сөз табынан, қандай формада келгенін ажырату міндеттеледі.
Сондай-ақ мезгіл пысықтауыштың мынадай екі өзіндік ерекшелігін мықтап есте сақтауды талап етеді:
1. Мезгіл пысықтауыш өзі құрамында тұрған сөйлемнің баяндауышын пысықтайды (істің, қимылдың, уақиғаның мезгілін білдіреді).
2. Мезгіл пысықтауыш мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді есімдерден (есім мен шылау сөз тіркестерінен) жасалады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың мағынасы, баян-дауыш формалары мынадай өзіндік белгілері саралап көрсетіледі:
-
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіреді.
-
Бағыныңқының сұрауы — қ а ш а н?
-
Бағыныңқының баяндауыш формалары бес түрлі: жатыс септіктегі өткен шақтық және болжалды келер шақтық есімше; септеулік шылаулары тіркескен өткен шақтық есімше; -ша, ше жұрнақты өткен шақтық есімше; -ғалы, гелі формалы көсемше; -ысымен, -ғасын формалы етістіктер.
4. Жазғанда, мезгіл бағыныңқының арасына үтір қойылады. Мезгіл бағыныңқының мағынасына негізделген мынадай анықтама беріледі:
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтасты мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз.
Мезгіл бағыныққының өзіндік белгілері оның мезгіл пысықтауышты жай сөйлемнен, ыңғайлас салаластан, басқа бағыныңқылардан ажыратарлық критерийі болып есептелінеді, сондықтан да оларды барлық оқушының білуі міндет.
Мектеп оқулықтары мезгіл бағыныңқыдан алған білімін бекіту үшін, екі түрлі жаттығуды орындатуды талап етеді:
-
Жаттығудағы мезгіл бағыныңқылардың баяндауыштарының қандай тұлғада тұрғанын түсіндіру;
-
Берілген текстен мезгіл бағыныңқыны теріп жазу.
Әрине, оқушылардың мезгіл бағыныңқыдан дағдысын қалыптастыру үшін, жаттығудың бұл түрлері жеткіліксіз, сондықтан да бұларға қоса мынадай жаттығулар орындату қажет;
-
Мезгілдік мағынаны білдіретін салаласты мезгіл бағыныңқыға айналдыру;
-
Мезгіл бағыныңқыны ыңғайлас салаласқа айналдыру;
-
Мезгіл пысықтауышы бар жай сөйлем мен мезгіл бағыныңқыны бір-бірімен салыстыру, әрқайсысының өзіндік белгілерін айту;
-
Бір мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы компонентінің баяндауышын басқа формаларға қойып, мағынасының өзгеретін, өзгермейтінін байқау;
-
Мезгіл бағыныңқының баяндауышы қайдай формаларды иеленетінін айтып, мысалдармен дәлелдеу;
-
Мезгіл бағыныңқының баяндауыш формаларын схема арқылы өрнектеу;
-
Берілген жай сөйлемдерден мезгіл бағыныңқы жасау;
-
Мезгіл бағынынқының тыныс белгісін қою;
-
Мезгіл бағыныңқының тыныс белгісін схема арқылы көрсету;
-
Берілген мезгіл бағыныңқыларды түсіндіріп жазу.
-
Творчестволық жұмыстарда мезгіл бағыныңқыларды көбірек қолдануды талап ету.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді талдаудың мақсаты
а) Талданатын сөйлемдердің сабақтас құрмалас екендігін дәлелдеу;
ә) құрамындағы жай сөйлемдерінің жігін ажыраттыру;
б) ол сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышын табу;
в) жай сөйлемдердің қайсысы бағыныңқы, қайсысы басыңқы екендігін анықтау;
г) мағынасына қарай бағыныңқының қай түріне жататындығын, қандай сұрақтарға жауап беретіндігін, соған сәйкес терминдерін айту;
ғ)бағыныңқы сөйлемдер басыңқы сөйлемге қандай жолдармен (баяндауыштары қандай формада, тұрып) байланысатынын дәлелдеу;
д)бағыныңқы сөйлем мен басынқы сөйлемнің орын
тәртібін көрсету;
е)сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгілерін қойғызып талдату;
ж)сабақтас сөйлемге немесе сабақтастың жеке түрлеріне берілетін ережелерді айтқызып, оған өздеріне мысалдар келтірту т. б.
Қазақ тіліндегі ең күрделі құрмалас сөйлем — аралас құрмалас, сондықтан да оны саналы меңгеру салалас пен сабақтастан білімі жақсы оқушының өзіне де оңайға соқпайды.
Аралас құрмаласты оқушыларға жете меңгерту үшін, алдымен бір сабақта ол жайында жалпы түсінік беріледі. Аралас құрмалас туралы жалпы түсінік берілетін сабақта мұғалім оқушыларға араластың мағынасын, қанша компоненттен жасалатынын, компоненттерінің байланысу тәсілдерін салалас пен сабактасты салыстыра отырып меңгертеді.
Осы сабақта аралас құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен интонация және шылау арқылы байланысатыны, осыған орай ол шылаулы және шылаусыз аралас құрмалас болып екіге бөлінетіні ескертіледі.
Сонымен, аралас құрмалас сөйлем жайында түсінік берілетін сабақта оның мынадай өзіндік белгілері оқушыларға танытылады:
1. Аралас құрмалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.
2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа және сабақтаса құрмаласқан үш я онан да көп компоненттерден жасалады. Сондықтан да оның құрамында үнемі бағынынқы, басыңқы компоненттері және басыңқымен салаласа құрмаласқан компонент болады.
3. Аралас құрмалас үш компоненттен жасалса, кейде біріншісі мен үшіншісі салаласып, екіншісі мен үшіншісі сабақтасып құрмаласады; кейде екіншісі мен үшіншісі салаласып, біріншісі мен екіншісі сабақтасып құрмаласады.
4. Аралас құрмалас екі сабақтастың тіркесуі арқылы жасалса, екінші мен төртінші компоненттері салаласа, біріншісі екіншімен, үшіншісі төртіншімен сабақтаса құрмаласады.
Араласқа мынадай анықтама беріледі.
Компоненттері салаласа, сабақтаса байланысқан құрмаласты аралас құрмалас сөйлем дейміз.
Басыңқыларының баяидауыштары бір формадағы сабақтастардан жасалған шылаусыз араластың салаласа құрмаласқан компоненттерінің арасына нүктелі үтір қойылады.
Методикалық тұрғыдан мағынасына қарай жалғаулықсыз салаластардың арасына қандай тыныс белгісі қойылса, шылаусыз араластың сондай мағынаны білдіретін салаласа құрмаласқан компоненттерінің арасына жалғаулықсыз салаластардың тыныс белгілері қойылуы керек.
Оқушыларға аралас құрмалас сөйлемнен дағдылар төмендеп мазмұндағы жаттығуларды орындату арқылы беріледі.
1. Жаттығудан аралас құрмалас сөйлемдерді табу және олардың неліктен аралас құрмалас деп аталатынын түсіндіру;
2. Берілген жай сөйлемдерден аралас құрмалас жасау;
3. Шылаулы араласты шылаусыз араласқа, керісінше, шылаусыз араласты шылаулы араласқа айналдыру;
4. Аралас құрмаласты салалас және сабақтас сөйлемдерге айналдыру;
5. Аралас құрмаласты көп компонентті салалас және көп бағыныңқылы сабақтастармен салыстыру, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін айту;
6. Көп компонентті салаласты араласқа, керісінше, араласты көп компонентті салаласқа айналдыру;
7. Көп бағыныңқылы сабақтасты араласқа, керісінше, араласты көп бағыныңқылы сабақтасқа айналдыру;
8. Аралас құрмаластың компоненттерінің байланысын және тыныс белгісін схемамен көрсету;
9. Жаттығудағы араластардың тыныс белгісін қою;
10. Аралас құрмаласты түсіндіріп жазу;
11. Аралас компоненттерінің кемінде үшеу я онан да көп болатынын өз мысалдарымен және басқа пәндердің оқулықтарынан я оқыған көркем әдебиеттен теріп жазған сөйлемдермен дәлелдеу;
12. Аралас құрмаласқа толық грамматикалық талдау жасау;
13. Аралас құрмаласты творчестволық жұмыстарында кеңінен қолдану.
Қорыта айтқанда, құрмалас сөйлемнің әр түрінен терең білім, берік дағдыны жоғарыда баяндағанымыздай етіп беру тиімді. Оны озық мұғалімдеріміздің іс тәжірибесі мен ғылми эксперимент жұмысының нәтижесі көрсетті.
Аралас құрмалас сөйлемдерді талдау
Құрмалас сөйлемнің түрлерне қарай жүргізілетін талдаулардың ішінде оқушыларға қиын тиетіні — аралас құрмалас сөйлемдерді талдау.
Аралас қүрмалас сөйлемдерге дұрыс талдаy жасау үшін, салалас пен сабақтас құрмаластың түрлерін және олардың тыныс белгілерін жақсы білу керек. Өйткені аралас құрмалас сөйлемге қойылатын мақсат та, талдау жасатудың жолдары да сол араласқа енген салалас пен
сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне қарай ажыратуға негізделіп, соларды қайталау, пысықтау жолдарымен жүргізіліп отырылады.
Мысалы: Май туса, жаз туады, табиғат жаңа түрге
енвді деген сөйлемді аралас құрмалас сөйлемнің кұрамына қарай талдайтын болсақ:
А) май туса, табиғат жаңа түрге енеді — шартты бағыныңқылы сабақтас сейлем.
ә) жаз туады табиғат жаңа түрге енеді деген сөйлем салаласа байланысып тұрған құрмалас сөйлем.
Егер мұғалім аралас құрмалас сөйлемдерге оқушылардың өздерін іздендіріп, талдатып отыратын болса, мынадай сөйлемдерді береді де, оның ішінен салаласа байланысқан түрлерін бір бөлек, сабақтаса байланыснысқан түрлерін бір бөлек жазғызып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |