Күні: 21-22-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Бізді қызықтыратын бағдарламалар. Септеулік шылаулар.
Сабақтың мақсаттары:
1)Мемлекеттік қызметшілерге септеулік шылаулар мен олардың жасалу жолдарын таныстыру;
2) тыңдаушылардың жаңа сабақты қабылдауына назар аударып, жаңа сөздермен таныстырып, олардың мағыналарын арнайы сөздіктерді пайдалана отырып сөздік дәптерлеріне жазғызу.
3) тіл үйренушілердің сауаттылық дағдысын жетілдіру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Бүгін, кеше, биыл, былтыр, ерте, ертеден, ежелде, таңертеңнен, күндіз мезгіл үстеулерін пайдалана отырып, шағын мәтін жазып келу.
ІІІ.ЖАҢА САБАҚ
ГРАММАТИКА
Атаушы сөздер арасындағы мезгілдік, мекендік, мақсаттық, себептік қатынастарды білдіретін шылаудың түрі септеулік шылау деп аталады.
Септеуліктер белгілі бір септік жалғаудағы сөзбен тіркесіп қолданылады.
Септеулік шылаулар сөз бен сөзді сабақтастыра байланыстырады.Ол атау, барыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөзбен тіркеседі.
Ана туралы ән айтады.
Отбасыңнан бұрын өзің жайлы айтқың келе ме?
Әншілердің жеке өмірі жайында айтпаймын.
Достық үшін не істей аласыз?
Септеулік шылаулар белгілі бір септік жалғаулы сөздерді меңгеріп, оларға бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, ұқсату, қайталау т.б. грамматикалық мағыналар үстеп тұрады.
Ол қалаға оқу үшін келді.
Үлкендер ауылға қарай аяңдады.
Туралы, арқылы, үшін, сияқты, жөнінде шылаулары атау септігіндегі сөздерден кейін келеді және өзгермейді. Мыс: Тарихшы қазақ хандығы туралы айтты.
Байланысты, сәйкес, сай, бола септеулік шылаулары барыс септікті сөзден кейін қолданылады.
Жасалу жолы: Сөз+барыс септік (-ға,/-ге, -қа/-ке) байланысты, сәйкес, сай, бола.
Мыс: Жоспарға байланысты жаңа жоспар құрылды.
Бірге, қатар, қоса сөздері көмектес септігіндегі сөздерден кейін тіркеседі және екі заттың не екі құбылыстың қатар болғанын білдіреді.
Жасалу жолы: Сөз+көмектес септік (-мен/-бен/-пен) бірге, қатар, қоса.
Мыс: Жаңбырмен қатар суық жел тұрды.
ІҮ.ЖАЗЫЛЫМ
-
Қажетті форманы қойыңыз.
Туралы, үшін, бұрын, сияқты, арқылы, дейін, кейін, қарай.
1.Біз үшін сапа маңызды.
2. Осы бағдарламадан ............. не болады?
3.Хабарымыз ................. адамдарға мейірімді болыңыздар дегіміз келеді.
4.Күзге .................. күн суыта бастайды.
5.Жаңалықтардан .................... телесериал көремін.
6. «Балапан» ................. балаларға арналған телеарналар көп болуы керек.
7.Үйге ................. әлі 3-4 аялдама бар.
2.Сұрақтарға бірге, қатар сөздерін қолданып жауап беріңіз.
1.Алғаш рет мектепке кіммен бірге бардыңыз?
.....................................................................................
2.Партада кіммен бірге отырдыңыз?
......................................................................................
3.Оқумен (жұмыспен) қатар немен айналысасыз?
...................................................................................
3.Берілген сөздерді қолданып, күніңіздің қалай өтетінін жазыңыз.
туралы, үшін, бұрын, сияқты, арқылы, дейін, кейін, қарай.
Үлгі: Мен таңғы жетіде ұйқыдан тұрамын. 07.30-ға дейін жаттығу жасаймын.
Ү.ТЫҢДАЛЫМ
4.Тыңдаңыз. Төмендегі сөздерді айтқан адамның мамандығын жазыңыз. (№6)
1.Техникалық қиындықтар продюссер
2.Қиын жаңалықтарды оқу ...................................
3.Микрофонды өшіріп ұмытып кету ...................................
4.Жиһаздардың кедергі келтіруі ...................................
5.Адамдар қатты толқып кетеді ...................................
6.Жер-су атауларын айту қиын болады ..................................
7.Адамдар өз сөздерін ұмытып қалды ..................................
5.Суреттерге қараңыз. Сөйлемдерді үшін, арқылы шылауларымен толықтырыңыз. («Грамматикалық анықтағыш» 225 бет)
6.Сөйлемдерді арқылы, үшін, туралы шылауларымен толықтырыңыз.
1.Сен жақында киноға бардың ба? Ол не туралы?
2.Сіз Астанаға не үшін келдіңіз? Емделу ................
3. Сөзіңізді бөлгенім ................. кешіріңіз.
4.Семинарда оқулықтар ...................... пікір алысады.
5.Теуелсіздік ............. күрескен ұл-қыздарымыздың есімдері ұмытылмайды.
6.Анам соғыс уақытындағы балалар өмірі ................... көп айтып отыратын.
ҮІ.ОҚЫЛЫМ
7. «Абылай ханның түсі»
Абылай хан түс көріпті. Оны бір қарияға жортыпты.
«Түсімде шатырымның алдында бір жолбарыс жатып алыпты. Бұл не қылған жолбарыс деп қарасам, ол аю болып кетті. Екінші қарасам қасқыр болып, сонан соң түлкі, ақырында қоян болып кетті. Содан кейін оянып кеттім. Бұл не?» - дейді Абылай хан.
Сонда қария: «Жолбарыс көрсең, басыңнан бақыт құсы ұшқаны. Жолбарыстың аю болғаны – сенен соңғы балаларыңның заманы аю заманы болады. Халық аюдай алысады. Қасқыр болғаны – немерелерің заманында қасқырдай жұлысады. Түлкі болғаны – онан кейінгі заманда ұрпағың түлкідей айлакер болады. Қоян болғаны – онан кеінгі заманда ұрпағың қорқақ болып өтеді», - дейді. Бұдан әрі қария: «Абылайхан сарттан (өзбектен) өліпті деген атаққа қалмай, шабуылыңды тоқтат», - депті.
8.Аударма жұмысы. «Абылай ханның түсі» мәтінін аудару.
Мәтін бойынша тапсырмалар
9. Сәйкестік тесті.
Екі бағандағы элементтерді өзара сәйкестендіру арқылы сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраңыз.
Абылай хан
|
жорытыпты
|
бір қарияға
|
қасқыр болып кетіпті
|
екінші қарасам
|
кеттім
|
оянып
|
түс көріпті
|
немерелерің қасқырдай
|
ұшқаны
|
басыңнан бақыт құсы
|
жұлысады
|
10.Толықтырыңыз.
1.Сонда қария : «Жолбарыс көрсең .......................................
2. Жолбарыстың аю болғаны .................................................
3.Қасқыр болғаны ...................................................................
4.Түлкі болғаны ......................................................................
5.Қоян болғаны ......................................................................
11.Рет-ретімен орналастыру реті
Сөйлемдерді мәтін мазмұнына сай орналастырыңыз.
1
|
|
а)Түсімде шатырымның алдында бір жолбарыс жатып алыпты.
|
2
|
|
б)Абылай хан түс көріпті
|
3
|
|
в) Жолбарыс көрсең басыңнан бақыт құсы ұшқаны
|
4
|
|
г)Оны бір қарияға жорытыпты
|
5
|
|
д) Абылай хан сарттан өліпті деген атаққа қалмай, шабуылыңды тоқтат
|
6
|
|
ж) Қоян болғаны кейінгі ұрпағыңның қорқақ болғаны.
|
ҮІІ. СӨЙЛЕСІМ
12.Суреттерге қарап, байланысты, сәйкес, сай септеуліктерін пайдаланып, сөйлемдер құраңыз. («Грамматикалық анықтағыш» 228 бет)
ҮІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
13.Сөйлемдерге ішінде, бойы, қатар, қоса, бірге сөздерінің қажеттісін қойыңыз. («Грамматикалық анықтағыш» 230 бет)
ІХ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. Сөйлемдерді туралы, арқылы, қарай септеулік шылауларымен толықтырыңыз.
-
Ертіс қандай облыстар ........................ өтеді білесің бе?
-
Жоқ, ол .................... білмеймін.
-
Зайсан көліне ...................... Ертісті қара Ертіс деп атайды.
-
Рахмет, Ертіс .......................... біраз білдім.
Достарыңызбен бөлісу: |