ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА БІЛІМ БЕРУ УӘЗІРЛІГІ
НАУАИ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Шет тілдер факультеті
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
Тақырып:
Ғабиттің өмірі туралы мәлімет
Орындаушы: Өтегенова Асима
Ғылыми жетекші: Узакбаева Ж.Х.
۞ Науаи ۞
Тақырып: Ғабиттің өмірі туралы мәлімет.
Жоспар:
1. Ғабиттің өмірі туралы мәлімет.
2. Ғабит Мүсіреповтың драматургиясы.
3. Ғабиттің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» драмасының ерекшелігін үйрену.
Оның азан шақырып қойған аты - Ғабде- әл Ғабид. Бұл арабша - «Құлдың құлы деген» сөз. Ғабиттің бір кезде, кейбір жазуларына осылай қол қойып жүрген шағы да болады.
Ғабит документтерінде «1902 жылы туған» болып жүреді. Отызыншы жылдарда аржағында, оның документтерінде «1900» деген цифр болатын. Осы «қайшылықтың» себебі неге?
Өзара ойнағанда, біз Ғабиттің мынысын «жасарғысы келуі» деп дәлелдейміз. Онымыздың жаны да бар, өйткені, жүрсі-тұрыс жағынан, киіну- сәндену жағынан, жігітшілік я аңшылық құру жағынан қазіргі қазақ жазушыларының ішіндегі серімсіз бен саламыз Ғабит екені рас. Мұндай адамның көп көзіне жасырақ көрінуге тырысуы да табиғи іс.
Осы жайда тағы бір ойынымыз бар: Отан соғысынан кейінгі жылдардың бірінде, Алматыға, Ғабиттің үйіне Дина апай келіп, мәжілістесіп отырғанымызда, мен ол кісіден Ғабиттің туған жылын сұрадым. Сонда Дина апай, « Қай жылы екенін қайдан білейін » деді де, маған «қазақша жыл қайыра біліуші ме едім ?» деген сұрау қойды, Мен «білем» деген. «Ендеше, - деді Дина апай,- Ғабитта, сен де сиыр жылы туғансыңдар: сен басында, Ғабит аяғында. Сонда санап ала бер!
Санаған шағымыздаға, Ғабиттің да сөзінің жаны болып шықты: мен туған жылдың «сиыры» - 1900 жылы болар деп дүрсем, анық бір мәліметте «1901 жыл» екен. Қазақша жыл наурыз айымен-яғни марттың жиырма екісінен басталады. Сонда, егер мен 1901 жылдың апрелінде тусам, (бұл жасымды Ғабитша дұрыстауға тырысқан жоқпын, себебі-бір жас жасарғанда қайда барам? ), сиыр жылының аяғында туған Ғабит, әрине, 1902 жылы туған болады.
Мақметтің шаруасы дөңгелек болғанын жоғарыда айттық. Бірақ, ол, бірінші жақтан- Ботбай қолынан енші алғандықтан, екіншіден-Кәжімбайдың басқа балалаларына сүйенгендіктен, өзі жалшылықта жүрмеген, «ел адамы» аталатындардың санатына қосылған кісі. Шаруасы шағын бола тұра, ол үлкен ұлы Хамитті жалшылыққа бермей оқытқан,Хамит мұғалімдікке ілген соң , Мақметтің шаруасы аздап түзіле бастаған. Дегенмен, Хамитің аз табысы көп жаңға көмек бола алмаған соң, малтүлігі болған шақтарын Мақмет Сәбит пен Ғабит, мысалы, 1914-15 жылдардың жазында, ауланың қасындағы Исаевқа селосының сиырларын жаяу бағуға жалынды.
1916 жылдың жазында, Ғабиттің нағашысы- Онғарбайдың балалары (аттарын ұмыттып) приемға ілігеді де, қолында шаруаға жұмсар адамы қалмаған Онғарбай, Ғабитті үйіне алып кетеді. Ғабит сол үйдің қолғабысы жұмысында жүрген шақта фебраль революциясы болады да, Оңғарбайдың майда жұмысына кеткен балалары қайтады, Ғабиттің қолы жұмыстан босайды. Енді не істеу керек...
Сол аулада, Ыбырай Алтынсарин системасымен ашылған орысша- қырғызша (қазақша) бастауыш мектепте қызымет атқарып жатады екен, учителі- қазақ әдебиетінің революциядан бұрынғы ақындарының бірі, 1913 жылы «жиған – терген» деген атпен өлеңдер жинағы шыққан, демократтық бағытта болған, ауыл мектепінде елу жылдай үздіксіз еңбек атқарып, кеудесіне Ленилін орденін қадаған, Комонист партиасының мүшесі, Ұлы Отан соғысынан кейін, қартаң жаында қайтса болған- Бекет Өтетілеуов. Ғабиттің айтуынша, бұл Бекет патша үкіметіне де, Алашордаға да қарсы болған адам.
- Патша тақтан құлады деген хабар анықталғаннан кейін, - деді Ғабит,- бұрын міндетті түрде, школаның төрінде іліулі тұратын І І Николайдың портретін Бекет жұлып ап жерге тастап, оқушы балаларға тепкілетті. Патшаның кім болғаның , февраль революциясының не екенін мен 1917 жылы, мектеп қабырғасында, Бекет Өтетілеуів аузынан естідім.
1917 жылдың алғашқы алты айында Бекет школынан орысша оқыған ересек Ғабит, тілі жетілмегенмен, орыстың жазу- сұзуына төселіп, бастауыш білімдіеңсеріп тастаған сияқты. Сол жылың күзінде еліне қайтқан Ғабитті, әкесі енді жалшылыққа салмай, қазақша- Ыстап, орысша Пресногорьковка аталған қазақ- орыс ( казачестов ) станицасындағы « бастауыштан жоғары » аталатын орысша жеті жылдық школаға сабаққа береді. 1918 жылың көктемінде, ағасы- Хамиттің мектебіне сауатымды ашып жүрген шағымда, Ғабиттің менен орыс тілінен экзамен алатыны («Өмір мектебінің» бірінші кітабының аяқ жағын қағазын), маған достебреннің (удостоверение) «үлгісін» жазып беретіні осы школадан оқып жүрген шағы.
Одан кейін, Ғабитті мен, 1920 жылдың қысында Ыстапта оқуда жүрген күндерінде жолықтырдым. Қазақтар Ыстапты орысша «штаб» деген сөзден бұрмалап алған. Патша өкіметі қазақ даласын отарлаған шақта, Олар, Орынбар, Троицкий, Петропавл, Омбы, Семей, Өскемен аталатын қалалар салып, солардың арасына қазақ орыс станицаларын тартқан ғой. Сол кезде Троицкий мен Петропавл арасындағы ең зор станица осы Пресногорковка болып, соғыс штабы орнап, атаман сонда тұрған.
Қазақтардың «Ыстап» деуін сонда. Жыл сайын, көктем кезінде Ыстапта үлкем жәрдемке ашылып, алыс жерлердің саудагерлері келеді екен. Ыстапта сабынның, Бұлғарының, пиманың, ұнның кішірек завотары болып, манайдағы көшпелі ауылдар, осы бұйымдарда солардын алған. Ыстап бертінде мәденйеттің де орталығы болып, орталу школасынан бірталай. Қазақ балалары оқып шықты да, артынан көрнекті қызыметкерлер болды. Мәселен: Ақмола губернялық сотының председателі болып жүріп, 1927 жылы олген Хажығали Қасаев, республйкалық прокуратурада жауапты қызыметте жүріп, отызыншы жылдардың аяғында қайтыс болған Махуд Таукин, Қазан қаласында темір жол инженері болып кеткен Саруар Ташатов, көп жыл партиалық қызыметте келе жатқан Өмірұзақ Данияров, офицерлік қызыметте жүріп Ұлы Отан соғысында ерлікпен қазаға ұшыраған Қази Есеналин, тағы басқалар. Ғабит осылармен бірге оқыды.
Ғабитқа мен, 1920 жылжың қасында азық- түлік разверсткасының отрядын басқарып жүрген шағымда жолықтым. Мен ол кезде орыстың әрпін тағынаннан басқа оқуын білмеймін. Орысша тілім «нан жеу» мен «бұйрық беруге» ғана жетелді. Сондықтан ба, әлуде, рас солай ма, Ыстапта оқып жүрген Ғабит маған «орыс тілінің проффессоры»сияқты көрінді. Ал, саясы мәселелерде мен оған «ұстаз» екем. Ыстапта оқып жүрген ересек қазақтар (ішінде Ғабит та бар), қазақ аузынан Кеңес өкіметінің жайын менен ғана естіген сияқтанды.
Одан кейін Ғабитті көруім-1922 жылдың күзі. Көріспеген азғантай уақатта, Ғабиттің басынан бірталай оқйғалар өтіп қапты,жиырма бірінші жылдың февраль айында, сол маңайдағы құлақтар мен байлар Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліс жасағанда Ғабит сол араның қызыл- партизаны- Димрий Қавалевтің отрядында болып, бандаларды жойысыпты. Онан кейін «Таузар» аталатын болыстың соғыс бөлімін басқарғанда ол бөлім жойылып, Ғабит үйінде қызыметсіз жүр екен.
Оған табан аузында құзымет ұсындым: сол кезде, біздің арада қазақша- Жекекөл, орысша- Благовещенко аталатын селод, қазақтың аудандық милиция штабы құрылатын болып, начальнигіне біздің елдің атқты байы және белді феодалы- Абылай Рамазановтың баласы – Сұлтан (орысша «реальное училеще » аталатын орта школаны бітірген жігіт) тағайындалған екен; мен бұл кандидатураны ұнатпап ем, губерниялық милиция нашальнигі Зікрия Мухеев, « жоғарыда бекіліп қалды, бұзуға болмайды, оған жақсы орынбасар табу керек» деді. Сонда менің есіме көптен көрмеген , бірақ нелер істегені сырттан естіліп жүрген Ғабит түсіп , Мухеевке « осындай жігіт бар» деп ем, ол, « ризаласса тағайындайық » деді.
Ғабит менің ұсынысымды қабылдады да, 1923 жылдың жазына дейін жекекөл милиця штабында началниктің орынбасары болып қызымет атқарды. Оның мінезі, жалпы қаталдау адам. Жас кезінде тіпті қатал болып, байларды, әсіресе ұрыларды өте қысып ұстаған. Сондықтан болу керек, 1922 жылдың күзінде Орынбор рабфагына оқуға түсіп 23жылдың жазында каникулға Петропавлға келсем, губернялық милицияға Ғабиттің үстіне шағымдар мен кеңескенде, Ғабиттің Орынбор рабфагына оқуға кеткенін мақұл көрдік. Бұған ризаласқан Ғабиттің аулына оқуға қалай аттанғаны, «Өмір мектебінің екінші кітабында суреттелгендіктен, бұл арада қайталамаймын.
Орынборда Ғабит екеуміз әуелі Сәкен Сейфуллиннің пәтеріндегі (ул. Деевская, 5) қараңғылау кішкене бір бөлмеде тұрдық. Мұнда екі кереует симағандықтан, бір темір кереутте құшақтасып жататын едік. Тұрақ жайынан ыңғайсыздық көргенмен, тұрмыс жағымыз жаман болған жоқ. Мен сол жылы Қазақстан Орталық Атқару комитетіне мүше боп сайланғанм. Мүшелерге ол кезде червонец алатынақшамен айына 75 сом беріледі.
Ол тіпті көп ақша: мәселен, қойдың құны ол ақшамен бес сом, жүн матаның жақұсы костюмі – он бес, жиырма сом жаңа хром етік он, он бес сом... Сондай арзаншылықтан да және «қазақшылығымыз» бойымыздан арулмаудан да болу керек, екі бойдақ жігіт, соқа қара басымызтұрып Сәкеннің үйіне жұма сайын әкеп бір қой сояқтын едік те, азғантай ғана етін пайдаға асырып, көбіне шірітіп алатын едік...
Рабфакқа түскен Ғабит, оқуды жақсы алып кетті. Оның айтуынша, қоғамдық ғылымдар болмаса рабфактің былайғы пәндері бұрын өзі жеткен пәндер.
Келер жылдың оқуында, Ғабит екеуміз «Кеңесская» аталатын мейманқанангың номерінде тұрдық. Мен өкімет мүшесі болғандықтан, номер бізге тегін берілді. Ғабит екеуміз ол жылыдың қысында, оқумен қатар, « Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында қызымет атқардық. Негізігі жұмысымыз үкіметтің газетке жарияланатын бұйрық- жарлықтарын аудару. Осы істің үстінде, мен өзім төмендегіндей қызыққа ұшырадым: өкіметтің бір қаулысында - «Труженники сельских полей в текущем году проявили хорошую инициативу и успешно справились с уборкой хлеба» деп жазған едік.
Мен «труженник» деген сөздің мағынасына түсінбедім де, редакция қызыметкерінің бірі, Бейімбет Майлиннен сұрадым. Ол да орысша шорқақ болушы еді, сондықтан «мен де білмеймін» деді де, осы сөздің түбірін табу керек деп, «түбір- «трус» дегеннен шықан болар» деген жорамал айтты. Мен сол жорамалға тоқырадым да, «труженники» деген сөзді «қорқақтар» деп аударып, газетке сол қалпымен басылды да кетті.
Сол бір кезде, Воскресенов деген орысафторының мақаласын қазақшаға аударған біреу, атын да қазақшалап газетке «Жексембин» болып басылып кеткен. Осы екі фактіден кейін, көргіш біреу газетке «қорқақ жексенбі»дегекн фельетон жазып жұрыт маған көпке дейін күліп жүрді. Ғабиттің аудармаларында мұндай сорақылықтар болмауға тиісті. Орыс тілін жақсы білетіндіктен оның аудармалары дұрысболуға тиісті.
«Кеңес» мейманқанасы Ғабиттің алдағы семьялық өміріне жол ашты. Сол мейманханада,шыққан тегі ақтөбелік, жасамыс учительдердің біреуі- Әбіш Тойбазаров дейтін адам тұрды. (қызыметі оқу комиссариатында болды ғой деймін). Арық та, талдырмаш, бойы шарғалау бұл кісінің Ұлтуған есімді зор денелі, жарқын мінезді, шала сауатты әйелі бар еді, балалары жоқ еді. Осы семьямен танысқаннан кейін, асы дәмді Ұлтуғанға Ғабитекеуміз «нахлебник» болып, сол үйденқоректеніп жүрдік. Әбіш сол қыстың аяғында қайтыс боп қолымыздан жерлестік.
24 жылдың жазында мен елге каникулға кетіп, Орынборға күз қайтсам, Ғабиттің өмірінде «драма» басталып қапты. Сол бір шақта қазақ педогоика институтында Хусии Яғфарова дейтінтатар қызы оқиды екен де, БайменАлмановтың үйінде тұратыносы қызбен, Ғабит Ұлитуған арқылы танысып, енді үйленіуге ойлайды екен.
Мен бұл оқиғаға қарсы болдым. Оған себебі: Ғабит болыстық военкомболып жүрген шағында «Сәпі балалры» аталған байлардың біреуінің жас Қаншайым атты келінін алып қашып, үйіне апарған. Ғабит Орынборға оқуға аттаңғанда, келіншек оның әке- шешесінің қолында қалған.Енді сонытастау маған қиянат көріндіде, Ғабит менің ырқыма көнбеген соң, елдегі туыстарына хат жаздым. Кешікпей Орынборға Ғабиттың ағасы Хамит келіп қалды. Ғабит ағасын да тындамай Хұсниға кешікпей үйленді. Ғабиттің тұрақты семьялық өмірі осылай басталды.
Рабфакты мен 1925 жыл бітірдім де, сол жылдың жазында Қызылордада шығатын «Еңбекші қазақ» газетінде қызымет атқарып, күз Петропавл барып «Бостандық туы» газетіне орналастым. Ғабитті содан кейін көргенім- 1928 жылдың күзі. Мен 1926 жылдың ортасынан 1928 жылдың ортасына дейін, Қызылорда қаласындағы Қазақыстан Мемлекеттік Баспасының (Қазгосиздат) бас редокторы болып қызымет атқардым дп, жаз ортасында ол қызыметтен босанып, Лениград мемлекеттік университетіне оқуға баруға жиналдым. Бас редакторлық қызыметке мен Ғабитті ұсындым.
Орынбор рабфагін 1926 жылы бітірген Ғабит, сол жылдың күзінде Омбыдағы ауыл шаруашылық академиясына барып оқуға түсті. Мені мен жиі хат жазып тұратын ол, 1927жылдыңбасында «Әмірқан бидайығы» (амери, канский прей) дейтін тақырыпқа кітапша жазды да, Қазақстан Мемлекет баспасына жіберіп, Біз басып тшығардық. Менде Ғабиттің «осы кітапшының ақшасы семіиямызға жарты қыс азық болды» деген хаты бар.
Академияның бірінші курсын бітірген Ғабитті, Ақмола губерниялық партия комитеті 1927 жылдың күзінде, (Ғабит сол жылдан партия мүшесі ) Бурабай ауыл шаурашылық теқникомына оқытушы қып жібетді. Сонда жүріп, Ғабит «Теңіз текпісінде» деген атпен алғашқы ұзақ әңгіме жазады да, Қазақыстан Мемлекеттік Баспасына жіберді.
Осы әнгіменің қалай жазылып, редакциясы қалай жасалып, «Тулаған толқында » деген атпен жеке кітапболып басылар алдында, Ғабиттың өз қолымен 1928жылдың 18 апрелі күні маған жазған хаты бар. Оның жазушылық жолын ашқан осы хатты төменде түгел келтіруді мақұл көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. 5-11 сыныптар. А., 1999 жыл.
-
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985 жыл.
-
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., 1969 жыл.
-
Ақшолақова Т. Көркем шығармаға талдау жасау. А., 1969 жыл.
-
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997 жыл.
-
Жұмажанова Т. Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995 жыл.
-
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003 жыл.
-
Қ.Бiтiбаева. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары. Алматы, 1990 ж.
-
Нұрмаханов Ж., Дайырова Ә. Орта мектепте лириканы оқыту. Алматы, 1991 жыл.
-
«Қазақ тiлi мен әдебиетi» (журнал). 1991 жылдан берi қарай.
-
Алпыспаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы,1995 ж.
-
Қоңыратбаев.Ә. 4-7 сыныптарда әдебиетті оқыту методикасы. Алматы. 2001 ж.
-
Мемлекеттік білім стандарты. Алматы, 2000 жыл.
-
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдасы. Алматы, 2000 жыл
-
Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. Алматы, 1979 ж.
-
Дайырова Ә. Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын оқыту. Алматы, 1969 ж.
-
Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. Алматы, 1974 ж.
-
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1981 ж.
-
Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. Алматы, 1981 ж.
-
Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. Алматы, 1999 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |