Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
Инновациялық Еуразия университеті
Екібастұз колледжінің НОБ-418
тобының студенті
Қайыржан Сымбат Дүйсенқызы
Сценарий тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған
Әдеби кеш
Ғабит Мүсірепов – ардақты ат
Іс-шараның мақсаты:Оқушылардың «Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған»тақырыбы бойынша білімдерін кеңейтіп бекіту. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.
Іс-шараның міндеттері:
1.Көркем сөйлеуге баулу;
2.Тіл мәдениетін дамыту;
3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
4.Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамкершілік пен парасаттылыққа баулу;
5.Оқушыларды елін,Отанын сүюге,патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі:кітап көрмесі,фотосурет көрмесі,буклет,қабырға газеті.
Слайт
Кітапханашы:-Құрметті оқушылар және ұстаздар! Ұлы жазущы, сөз зергері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120-жыл толуына орай өткізіп отырған «Ұлтына ұлағат қалдырған» атты әдеби кешімізге хош келдіңіздер.
«Ғабит Мүсірепов-ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден –«Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең,мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану керек», - деген жазушы Зейнолла Қабдоловтың сөзімен кешімізді бастаймыз.
1.Кіріспе сөз: «Өмір-дерек» Ғ.Мүсіреповтің өмірбаяны
1-жүргізуші: (Қарлығаш) -
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов-жазушы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Әкесі Махмұт кедей шаруа болған. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып,арабша хат таныды. 1916 жылы екі сыныпты ауылдық орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне түсіп, онда үш жыл Сәбит Мұқановпен бірге оқыды. Сәкен Сейфуллинмен танысты.
Достарыңызбен бөлісу: |