Қазақ тілі мен әдебиет сабағында көркем суреттерді тиімді пайдалану



Дата16.06.2016
өлшемі49.5 Kb.
#139928
Қазақ тілі мен әдебиет сабағында көркем суреттерді тиімді пайдалану
Толекеева Алма Амангельдиевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Айқын Нұрқатов атындағы

Шұқыркөл орта мектебі


Дарынды оқушылармен жұмыс жасау мәселесі қазіргі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бүгінде мектепке жоғары талаптар қойылып жатыр. Сонда ата-аналар мен қоғам үшін «жақсы мектеп» дегеннің не маңызы бар?


– Бұл – барлық пән бойынша жақсы білім беретін, ал бітірген соң балалардың ЖОО-ға оңай түсуіне көмектесетін мектеп.
– Бұл мектепте жоғары санатты және білімді мұғалімдер сабақ беруі керек.
– Мектептің өзіндік дәстүрі болуы тиіс.
– Мектеп жаңашыл білім беруі қажет.
– Жақсы мектепте баланы жеке тұлға ретінде құрметтеп, олармен тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар қосымша айналысуы керек.
Алдымен қандай балалармен жұмыс істеу керектігін айқындаймыз. Ерекше қабілеті бар балалармен:
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетте нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіндік ерекшелігі.
Дарын дегеніміз белгілі бір жағдайдағы ең үздік мүмкіндік, қабілеттіліктің жоғары сатысы. Әдетте дарын белгілі ортада байқалады.
Данышпандық – дарын дамуының жоғарғы дәрежесі, ол сапалы да жаңа әрі өте сирек кездесетін дүниенің жасалуымен, шығармашылықтың ертедегі зерттелмеген жолдарының ашылуымен байланысты.Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі – сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.

Жобалық оқытудың өз мәнінде тұлғаға бағытталғандығы маңызды болып табылады, ол оқушыларға өзінің және өзгелердің тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттырады, өз еңбегі нәтижесінен қанағат алуға мүмкіндік береді, оқуда жетістікке жету жағдайын жете ұғуға көмектеседі.

Сурет – оқушының коммуникатиытік тілдің дамуына ықпал етеді. Ол балалардың белсенділігін арттыуға ой тастап, олардың назарын бақылау қабілетін нығайтады. Атақты суретшілердің репродукциясы қоршаған орта арқылы оқушылардың білімдерімен ойлау қабілеттерін және ой-өрісіне, эстетикалық талғамына көмек береді.Көркем суретті зерттей отырып, оқушы суретшілердің шығармашылығы, суреттегі бейнені талдауын ғылыми жобалар арқылы жүзеге асырады. Қосымша ақпарат іздеу, жаңа материалды өңдеу пайда болады. Сонымен қатар осындай маңызды мәселені шешу арқылы оқушының дербестік ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығы және сабақа деген сана сезімі қалай пайда болғанын көреді.

Ең бастысы біз ауызша және жазбаша жұмыстарын жетілдіреміз. К.Д.Ушинскийдің «Егер сіз сабаққа ауыздарынан сөз ала алмайтын сыныпқа кірсеңіз, біріншіден оларға сурет көрсетуден бастаңыз, сонда осы суретке қарап сыныптағы оқушылар өз ойларын ортаға салып, сабаққа қатысып, еркін сөйлей бастағаның өздері де байқамай қалып, сөйлей бастайды»

Көркем бейнелеу, жарқы сурет арқылы оқушылар сезімін білдіре алады. Осыған қарап оқушы сөздерін ашық, жарқын жеткізе алады.

Сабақтың көркем сурет құрылымы, өзіндің ерекшелік құрылымын қажет етеді:



  1. Балалардың дайындығын қабылдау.

  2. Суретті үнсіз қарастыру.

  3. Суреттің мазмұның талдау.

  4. Орфографиялық жұмысты және стилистикалық сөздікті қажет етеді.

  5. Мәтінді талдау.

  6. Шығармашылық кесте немесе жоспар құрастыру

  7. Ауызша және жазбаша жұмыстар.

  8. Оқушылардың талдау жұмыстары.

Оқушылардың белсенділігін және қабылдауын арттыру үшін алдын ала әңгіме жүргізу керек. Балалардың іштей алған әсерін әңгімеде, іс-тәжірибеде қолданып, көрсету. Біріншіден, әңгіме қысқаша және мазмұнды болуы керек, екіншіден әңгімеде суретті дұрыс көрсете білу және алдын ала дайындық керек.

Оқушылар суретті 1-2 минут ішінде зерттейді. Содан кейін оқушыларға бірнеше сұрақтар арқылы көмек беруге болады.

Мысалы:


  1. Суретте не көріп тұрсындар?

  2. Суреттің ортасында не бейнеленген?

  3. Суреттің арғы жағындағы бейнесінде не көрініп тұр?

  4. Заттар қандай тұсқағазда бейнеленген?

  5. Суреттің басты кейіпкері кім? Қалай таптыңыздар?

  6. Кейіпкер туралы не айта аласыздар?

  7. Суретші осы суретке неге осындай ат қойды?

  8. Сіздер қалай атар едіңіздер?

  9. Сіздерге сурет ұнай ма? Неліктен?

  10. Бұл сурет қандай көңіл-күйді білдіреді? Неліктен?

Көркем сурет шығармаларының талдауы, жүйелілігі әр түрлі болуы мүмкін, ол - суреттің ерекшелігі, оған қойылған мақсатқа, оқушылардың жасы мен ой-өрісінің дамуына байланысты болады.

Бірінші кезеңдерде суреттің талдау жұмысы әсіресе оның табиғи көріністері жүйелі түрде болу керек.

Бірінші нұсқасы:


  • Суреттің төмеңгі жағы (жер, су, тұсқағаз)

  • Негізгісінде: суреттің композициясы;

  • Суреттің үстіңгі жағы (тұсқағаз, аспан)

Екінші нұсқасы:оқушының нақты ептілігіне және біліміне байланысты болады.

Төмендегі жоспар бойынша іске асыруға болады.



  • Суреттің жанры

  • Заттың мазмұны

  • Бейнелеу өнерінің шығармашылық көңіл-күйі

  • Суреттің негізгі шағын тақырыбы.

  • Суретшінің бейнелерді құрастыру жолдары. (формат, композиция және түстер)Суреттің ойын көрсету құрамдарының негізгі рөлі автордың ұстанымы.

Тіл дамыту үшін төмендегі тапсырмалар беруге болады:

  1. Суретке зейін қойып, қара, суреттің .....назар аудар. Осы суреттің тақырыбына байланысты сөйлем құрастыр

  2. Суреттегі заттарды белгіле (түсін, көлемін, түрлерін)Осы сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр, содан кейін байланысқан мәтінмен біріктір.

  3. Тақтада жазылған жоспар бойынша суретке сипаттама бер.

  4. Тақтада жазылған тірек сөздер арқылы суретті сипаттап бер

  5. Суретке өз пікірлеріңізді білдіріңіздер

  6. Суреттегі бейнеленген оқиға жағдайын сипатта.

Дарынды оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін суретпен жұмыс жасағанда күрделі, проблемалық тапсырмалар ұсынылады. Мысалы:



  • Ойлау қабілеттерін және дамыту жаттығуларын қажет етеді

  • Суреттегі кейіпкерлердің диалогын ойдан шығару

  • Суретшінің бейнеленген оқиғаларды ары қарай жалғастыру

  • Қай кейіпкердің рөлінде болғын келеді?

  • Осы бейнеленген суретке дейін не болғаның айтып көр

Осындай көркем суретер үздіксіз жұмыстар арқылы оқушылардың тілдерін жетілдіріп, ойлау қабілеттерін арттырады.

Оқушылар өз таңдауларын тақырыбы мен мақсатын бір-бірімен қарым-қатынас арқылы жүзеге асыра алады. Осындай көркем суреттер арқылы оқушылар суреттің мазмұның талдай алады, бейнелеу өнерінің тілін, сөйлеу мәнерін, жазбаша түрінде өз ойларын еркін, дұрыс жеткізе алады.

Сонымен, оқушылар мұғаліммен бірлікте салынған суреттің мұратты мазмұнының негізгі мағыналық міндетін айқындайды .

Суретші салған суреттерден автордың көңіл-күйін , ой-толғанысы мен оқиғаны бастан өткізу әсерлері көрерменге бірден ашыла қоймайды . Алайда , оқушыға әсерге толы , сезімді , қызықты шығармамен диологқа түсуді үйрету мұғалім үшін оңай шаруа емес .



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Киселева А.Ф Знакомство с живописью на уроках литературы М., 1954

  2. Новоселова Л.Г. Приемы работы с исскусвоведческим текстом на уроках развития речи 2009

  3. Худякова Л.А. Живопись на уроках русского языка. Теория и методические разработки уроков 2000 г








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет