«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің арасында өткізілетін Республикалық пән олимпиадасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2014 жылдың 17-19 сәуірінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің арасында Республикалық пән олимпиадасы өткізіледі.
2014 жылдың 17-19 сәуірінде ҚР ЖОО-ларынан жіберілген командалар қатысуымен республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңі өтеді.
Республикалық пән олимпиадасының нәтижесі бойынша қазылар алқасы 1, 2, 3 орын алған қатысушыларды анықтайды.
Пән олимпиадасына 5В011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В020500 – «филология» мамандығының үшінші және төртінші курсында оқитын студент-бакалаврлар қатысқаны жөн. Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері, сынақ кітапшалары немесе студенттік билеттері болулары қажет.
Команда құрамы: 1 команда жетекшісі мен қатысатын 3 адамнан тұрады.
Қатысушылардың іс сапар шығындары команданы жіберген ЖОО қаржысы есебінен төленеді.
Команданың келуі: 2014 жылдың 16 сәуірі. Пән олимпиадасының басталуы: 2014 жылдың 17 сәуірі.
Республикалық пән олимпиадасының өтетін жер: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 40-үй мекен-жайында орналасқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимараты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық пән олимпиадасына қатысатын білім беру мекемесі ұйымдастыру комитетінің korkyt_kaztil@mail.ru адресіне электрондық поштамен өтінім жіберуі тиіс.
Анықтама телефондары: 8(7242) 27-85-72 (жұмыс), 87014141933 (Ғабит Тұяқбаев), 87772733494 (Боранбай Болат Елтайұлы).
2014 жылдың 15 наурызына дейін пән олимпиадасын ұйымдастырушы комитетке команданың қатысатындығы туралы өтінім түсуі керек.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық пән олимпиадасына қатысатындығы туралы өтінім
(барлық қатысушыларға толтырылады)
Тіркеу карточкасы
-
Қатысушының аты-жөні (толық)
-
Шифры, мамандығы, курсы
-
ЖОО (толық атауы)
-
Мекенжайы
-
Байланыс телефондары/факс
-
Қонақүйден орын брондау (иә/жоқ)
-
Келуі (күні, уақыты, көлік түрі)
-
Қайтуы (күні, уақыты, көлік түрі)
-
Команда жетекшісінің аты-жөні, қызметі, байланыс телефон(дар)ы
-
e-mail (міндетті)
Тіркеу карточкалары doc форматында электронды адреске жіберіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан к-сі, 40-үй, 204-каб., байланыс телефоны: 8(7242) 27-85-72 (жұмыс), 87014141933 (Ғабит Тұяқбаев), 87772733494 (Боранбай Болат Елтайұлы), korkyt_kaztil@mail.ru (Боранбай Болат Елтайұлы).
Республикалық пән олимпиадасының бағдарламасымен www.korkyt.kz сайтынан танысуға болады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің арасында өткізілетін Республикалық пән олимпиадасының
БАҒДАРЛАМАСЫ
(Қызылорда, ҚМУ, 2014 жылдың 17-19 сәуірі)
Күні
|
Іс-шара атауы
|
Өткізетін уақыты
|
Өткізетін орны
|
2014 жылдың 16 сәуірі
|
Республикалық пән олимпиадасына қатысушылардың келуі
|
Күні бойы
|
Желтоқсан к/сі, 40-үй
|
2014 жылдың 17 сәуірі
|
Қатысушыларды тіркеу
|
9.00-9.30
|
Студенттер сарайы, фойе
|
Пән олимпиадасының ашылуы
|
9.30-10.00
|
Студенттер сарайы,
үлкен зал
|
Конкурстық тапсырмаларды орындау:
|
10.00-18.30
|
Студенттер сарайы,
үлкен зал
|
1) Команданы таныстыру (командалық есеп) (сәлемдесу, мамандық ұраны және эмблемасы) – 7 минут
|
10.00-12.30
|
Студенттер сарайы,
үлкен зал
|
Түскі ас
|
12.30-14.00
|
Асхана
|
2) Эссе жазу
|
14.00-15.30
|
Желтоқсан к/сі, 40-үй, кіші акт залы
|
3) Тест тапсырмалары: «Қазақ тілі мен әдебиеті: теориясы мен тарихы» (компьютерлік тестілеу) (жеке есеп)
|
16.00-17.00
|
Желтоқсан к/сі, 40-үй
Компьютер сыныбы
|
Кофе-брейк
|
15.30-16.00
|
Желтоқсан к/сі, 40-үй
|
2014 жылдың 19 сәуірі
|
Пән олимпиадасының қорытындысын шығару. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау.
Пән олимпиадасының жабылуы.
|
10.00-13.00
|
Студенттер сарайы,
үлкен зал
|
Ұйымдастыру комитеті
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Студенттердің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша республикалық пән олимпиадасы (РПО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес өткізіледі.
1.2. Республикалық пән олимпиадасының мақсаты – талантты жас мамандарды анықтау және қолдау, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті саласы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау бағытында бірыңғай білім беру кеңістігін құру.
1.3. Республикалық пән олимпиадасының міндеттері:
1.3.1. Студенттерді ғылыми-іздену жұмысына баулу.
1.3.2. Дарынды жастарды анықтау және жоғары оқу орындарының оқытушылық, ғылыми-зерттеу қызметінің кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
1.4. Республикалық пән олимпиада жыл сайын өткізіледі. «Студенттердің пән олимпиадасы» шеңберінде ұйымдастырылатын республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады.
І кезең қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша маман даярлайтын әр жоғары оқу орнында ұйымдастырылады. ЖОО ішілік комиссия шешімімен үш адамнан тұратын студенттер іріктеліп, екінші кезеңге жіберіледі.
ІІ кезең Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (ҚМУ) базасында ұйымдастырылады. Республикалық пән олимпиадасына 5В011700 – «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының үшінші және төртінші курсында оқитын студент-бакалаврлар қатысады. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы келесі оқу жылы «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студент-бакалаврлар арасында өткізілетін республикалық пән олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізуіне мүмкіндік алады.
1.5. Аталған Ереже республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңін өткізу мен олимпиада жеңімпаздарын анықтау тәртібін көрсетеді.
2. Республикалық пән ОЛИМПИАДАСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ
2.1. Республикалық пән олимпиадасын өткізу үшін ректор өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылады. Оның құрамына кіретіндер:
-
төраға – институт ректоры;
-
төраға орынбасарлары – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор мен Стратегиялық даму және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор;
-
мүшелері: Тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы білікті ғалымдар мен өнер қайраткерлері және әдебиет саласының майталмандары.
2.2.1 Ұйымдастыру комитеті – Республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы Ережені дайындайды.
-
Республикалық пән олимпиадасының өткізу уақытын белгілеп, өткізу жөніндегі ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-ларға хабарлайды.
-
Республикалық пән олимпиадасын өткізуге бір ай қалғанға дейінгі уақытта ЖОО командалары қатысушыларын тіркейді.
2.2.4. Республикалық пән олимпиадасын өткізудің техникалық және ұйымдастыру жағын қамтамасыз етеді.
-
Республикалық пән олимпиадасының қазылар алқасын жасақтайды.
-
Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттауды ұйымдастырады.
3. Республикалық пән сайысын өткізу ШАРТтары
3.1. Республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы студенттердің тіл мен әдебиеттік танымын көрсететін шығармашылық жұмыс, екіншісі – тест тапсырмаларына жауап беру.
3.1.1. Шығармашылық жұмыс:
Үй тапсырмасы – студенттің шығармашылық қабілеті мен алғырлығы тексеріледі. Мұнда әр команданың аты (мәселен, жалғау; сөйлем т.б.), ұраны (команда атына сай тарқатылады), эмблемасы (команда атына сай безендірілгені жөн). Тапсырмаларды орындау сурет салу, компьютерлік безендіру, киноға түсіру, болмаса т.б. негізде жүргізіледі. Бұл команда қабілетіне сай орындалады.
Екіншіден, команда капитандары да бағалаудан өтеді. Оларға бекітілген конверт ұсынылып, ішіндегі сұрақтарға жауап береді. 10 сұрақтың алтауы тіл-әдебиет саласындағы ғалымдар мен еңбектерін анықтау болса, екі сұрақ әдебиеттік, екі сұрақ тілдік сәйкестендіруге жатады.
3.1.2 Тест тапсырмалары:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теория мен практика ұштастырылып, қатысушының білімі тексеріледі. Қатысушыларға бірнеше дұрыс жауаптан тұратын тест беріледі (бір сұрақта кемінде 3 дұрыс жауабы болады).
4. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ МЕН МАРАПАТТАУ
4.1. Республикалық пән олимпиада тапсырмалары төмендегі қағидалар бойынша бағаланады.
4.1.1. Үй тапсырмасын орындауда таныстырудағы тапқырлық, шешендік, жеткізу мәдениеті мен әдебі; эмблеманың символдық мәні (түр-түстік, дизайндік, семантикалық т.б); ұранның мазмұны, семантикасы, шешендігі.
4.1.2 Команда капитандары сайысында сұраққа дұрыс жауап беруі, барынша барлығын қамтуы ескеріледі.
4.1.3. Тест тапсырмалары компьютерде орындалады және бағасы бірден шығарылады.
4.2. Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары командалық есепте анықталады.
4.3. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары болып командалық есепте жүлделі І – ІІІ орын алғандар саналады. Жеңімпаздар ретінде команда бойынша республикалық олимпиаданың екі кезеңінде ең көп ұпай жинаған жақ есептеледі.
4.4. Республикалық пән олимпиадасында төмендегідей жүлделі орындар белгіленеді:
5. ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ
5.1. Пән олимпиада жеңімпаздары ретінде танылған команда 1, 2, 3-дәрежелі диплом мен кубокқа ие болады.
5.2. Басқа қатысушылар ҚМУ сертификаттарымен марапатталады.
6. Республикалық пәнДІК ОЛИМПИАДАСЫН
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1. Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен ұйымдастыру шығындары ҚМУ қоры және демеушілердің көмек қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
6.2. Республикалық пән олимпиадасын өткізудің қаржы шығынын ұйымдастыру комитеті қарастырады.
7. Республикалық пән ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ
7.1. Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен жеңімпаздарын анықтау 2014 жылдың 19 сәуірінде өткізіледі. Пән олимпиадасы нәтижесі ҚМУ сайтына орналастырылады (www.korkyt.kz).
-
Республикалық пән олимпиадасы 140002, Қызылорда қ., Желтоқсан к/сі, 40-үй мекенжайда орналасқан ҚМУ-дың №1 ғимаратында өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |