«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып


ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет8/13
Дата15.02.2024
өлшемі188.13 Kb.
#491868
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тжб 8- сынып

ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 45 минут
Тыңдалым – 10 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30




Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тап
сыр ма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма лар түрлері

*Орындау
уақыты, мин

Балл

1-5

8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына
байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну

8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық


шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 160-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында бірінші тапсырмада перифраздалып берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін екі ақпаратты анықтайды. Екінші тапсырмада мәтін бойынша екі бағандағы ақпараттарды өзара сәйкестендіреді. Үшінші тапсырмада мәтіннің идеясын
өз сөзімен түсіндіреді.

Қысқа жауапты
қажет ететін сұрақтар

10

5

1-5

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін
салыстырып, талдау жасау

8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар жалпы көлемі 180-
190 сөзден тұратын тақырыптары жақын екі мәтінді оқиды. Бірінші-екінші тапсырмада мәтіндер мазмұны бойынша сөйлемдердің мағынасына сай келетін нұсқаны белгілейді.Үшінші тапсырмада екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтайды. Төртінші тапсырмада 2-мәтінге қатысты ақпаратты анықтайды. Бесінші тапсырмада мәселе бар
мәтінді және мәселені анықтап, өз сөзімен жазады.

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты


қажет ететін сұрақтар

15

5

1

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің
оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап, 150-
160 сөзден тұратын эссе жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында сөздік қорын пайдаланып, тақырып бойынша өз ойын жазбаша жеткізе алуына, ұсынылған жанрға сай жазуын, эссе құрылымын сақтауына, пунктуациялық нормаларды сақтауына назар
аударады.

Жазбаша толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға ортақ бөлімге қатысты екі түрлі кесте- сызба/диаграмма ұсынылады. (тоқсандағы әр бөлім бойынша кесте-сызба/диаграмма әзірлену керек!). Жұптағы әр оқушы өзінің кесте-
сызбасы/диаграммасындағы
ақпараттарды сипаттап, оны өз ойымен байланыстырып 3 минут сөйлейді. Екінші оқушы жұбына тыңдалған ақпарат бойынша 1 ашық сұрақ қояды. Бірінші оқушы қойылған сұраққа дәлелді әрі толық жауап береді. Мұғалім оқушының кесте-сызбадағы мәліметтерді өз сөзімен жеткізе алуын, өз пікірімен
байланыстыра алуын, тыңдалған ақпарат негізінде ашық сұрақ қоя алуын, сұраққа толық әрі дәлелді жауап бере алуын бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне
тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты
қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс
тексеріледі, әр білім
алушыға 2 минут
беріледі.

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет