Нұсқаулар бақ тілі мен стилі 050504 «Журналистика»



Дата07.07.2016
өлшемі206.41 Kb.
#183272
түріНұсқаулар
Әдістемелік нұсқаулар Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/30

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы


Пәнді меңгеруге арналған

әдістемелік нұсқаулар

БАҚ тілі мен стилі


050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар



Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып. Баспасөздің тілі мен стилі туралы жалпы түсінік.

Журналистикада тілдік, стильдік шеберлік маңызын оқыту. Баспасөз бетінен тілдік қолданыстың лексикамен, грамматикамен, фонетикамен байланыста дамитынын түсіндіріп, тілдік құрылысты, оның қызметін, стилистикалық жан-жақтылылықгы үйрету. Газет материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін ажырата білу, әрі игеру көзделеді. Негізінен тілдік, стильдік құралдардың қолданылу жолдары қарастырылады.


2 тақырып. Баспасөз тілі - жазба тіл.

Қай дәуірде болмасын мерзімді баспасөз өзі қызмет ететін халықтың тілін пайдаланып қана коймайды, оның байып, дамып отыруына әсер-ықпалын тигізіп отырады. Яғни жалпыхалықтық тілдің сөздік қорын, лексикалық жеке сөздерін ұғынып, өз дәрежесінде сай қолдану баспасөздің тілі болып табылады. Әр газеттің өз стилі, тілі болады. Оқырманның көкейіне қонымды, жатық, тартымды етіп жеткізе білу баспасөздің стилі болып табылатынына нақты мысалдар арқылы көз жеткізу. Стиль - автордың өзі. Стиль - дарындылыққа, табиғи талантқа байланысты. Тіл, стиль туралы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, П.Г.Пустовойт, Т.Қожакеев, А.Блок, М.Балақаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың ғылыми пікірлері мен анықтамалары.


3 тақырып. Газет жанрлары және олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері.

Газет жанрлары тек ақпарат берумен шектеліп қалмайды, әртүрлі жағдайларға байланысты қоғамда болып жатқан құбылыстарға баға беру әдістерімен ерекшеленеді. Сондықтан сөз қолданыстарында баға берушілік басым сипат алады. Газет жанрларындағы мұндай сипатты тілдік, стильдік ерекшелік деп түсіну қажет. Публицистикалық жанрлардың көлемі шектеулі болғандыктан стандарт тіркестер, штамп сөздер жиі кездесіп отырады.


4 тақырып. Басмақаланың тілдік, стильдік өзгешеліктері, оның маңызы және тілдік ерекшеліктері.

Басмақала - ұжымдық шығармашылық. Басмақаланың тілі туралы Г.Я.Солганик, И.П.Лысакованың ғылыми пікірлері. Басмақала тақырыптарының сан алуан болып келуі және оның тілдік ерекшеліктері. Басмақаланың түрлері. Басмақаланың проблемалылығы және онда тілдік, стильдік қолданысында әдеби тіл нормасының қатаң сақталуы. Басмақала ерекше жанр болғандыктан ондағы тілдің ролі. Баспасөзде белгілі бір топ, мемлекет, жеке адамның саяси көзқарасы мен позициясын жеткізудегі, үгіт-насихат таратудағы тілдің қызметі, бас макалалар арқылы анық көрінуі. Басмақаланың бұрын да, дәл қазіргі күні де актуальді болу себептері. Мемлекет ұстанып отырған идеологияны іске асырудағы баспасөз тілінің ерекшелігі.

5 тақырып. Ақпарат жанрынын тілдік ерекшеліктері.

Газет материалдарынан нақты мысалдар арқылы акпарат жанрын ашып, айқындап тұрған тілдік, стильдік ерекшеліктерге тоқталу. Жанрлық ерекшеліктен туындайтын талаптар информацияны беру кезіндегі тілдің стиліне көп әсерінің болуы. Заметка жанрының ғылыми-зерттеу мақалалардан айырмашылығы. Көлемінің шектеулі болып келуі. Бұл жанрда публицистикалық сарынды танытып тұратын тілдік штамптарды пайдалану; Осы еркешеліктерді қатаң сақтау аркылы ойды нақты да айқын жеткізуді мақсат ету. Аз сөзбен көп мағына беру арқылы бұл жанрға тән сөйлемдердегі берілген сөздердің қалай қолданылып тұрғандығын, тілдік ерекшеліктердінің мәнін түсіндіру.


6 тақырып. Сұхбаттың стильдік өзгешіліктері.

Газет жанры ретінде сұхбаттың ерекшелігі. Сұхбаттың әлеуметтік маңыздылығы. Тілдік ерекшеліктеріне байланысты Розенталь, В.Т. Бобылевтің, т.б. ғалымдардың ғылыми пікірлеріне тоқталып өту. Сұхбат тілінде әдеби нормадан ауытқу, кәсіби, диалект, термин сөздерімен қоса жаргондардың көп кездесетін жанр екендігі. Себебі, сұхбат тілінен сұхбат берушінің әлеуметтік деңгейі, ойлауы, кәсібі, ортасы көрінуі тиіс. Сұхбат жанрының түрлеріне қарай қолданылатын тілдік, стильдік ерекшеліктер. Шағын формалы сұхбат: /жедел/ сұхбат, блиц-интервью, телефон-сұхбат т.б. әр түрлі басылымдағы тілдік ерекшеліктері. "Дөңгелек стол, пресс-конференция диалог, монолог сияқты пішіндерінің баспасөздегі тілдік, стильдік ерешеліктері. Сұхбат жанрының ресми және бейресми газеттердегі тілдік қолданыстың өзіндік белгілері.


7 тақырып. Корреспонденцияның өзгешіліктері.

Тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, оны газеттің негізгі жанрларының бірі ретінде қарастыру. Корреспонденцияның стильдік әрі жанрлық, ерекшеліктерін ажырата білудегі ерекше белгісі. Корреспонденцияның бойынан басқа жанрларға ұқсастығын тілдік элементтер арқылы да ажырата білуге машықтау. Корреспонденция жанрының құрылысы. Ондағы бастапқы жолдар яғни бастау түрленің тілдік ерекшеліктері. Корреспонденциядағы аяқталу түйінінің түрлері және оның тілдік, стильдік ерекшеліктері. Корреспонденциядағы айдар /рубрика/ және оның мақсаты. Корреспонденциядағы тақырып тілінің ерекшелігі. Тақырып тандауы, зерттелуі, фактінің нақтылығы, логикалылығы. Корреспонденциядағы сурет /образ/ элементтерінің орны мен қолданылуы қызметіндегі тілдік ерекшеліктері. Корреспонденциядағы авторлық "менің тілдік көрінісі. Газеттен нақты мысалдар арқылы корреспонденцияны тауып, нақты мысалдар арқылы тілдік, стильдік ерекшеліктеріне көз жеткізу.


8 тақырып. Газет жанрларына тіл, стиль жөнінен қойылатын талаптар.

Талдамалы-публицистикалық, көркем-публицистикалық жанрларда жазылған материалдардың тілдік, стильдік табиғаты. Газет тілі мен стиліне қойылатын басты талап. Аз сөзбен көп мағына беру. Фактінің дәлдігін берудегі тілдік қолданыс. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелерінің катаң сақгалуы. Қазақша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің тұрақты болып келуі. Сөздерді саралап, таңдап дәл қолдануда газет жанрларының тіліне қажет лексика топтарын дұрыс, орынды, шебер қолдануға назар аудару. Тіл шұбарлылығы. Қысқарған сөздер т.б. түсінікті етіп берудегі тілдік бірізділік мәселесі.


9 тақырып. Газет жанрларының тілі мен стилін әсерлеу жолдары.

А. Байтұрсыновтың әсерлеуге берген анықтамасы. Тілдік шеберліктің сипатын білдіретін әдіс-тәсілдерін екі топқа бөліп қарастыру.

Мақал-мәтел, қанатты сөздердің стильдік қызметі. Экспрессивті тұрақты сөз тіркестері. Көркемдегіш, бейнелегіш құралдардың жасалуы, оның құрылымдық түзілісі, бұл құралдардың лексикалық, грамматикалық ерекшелігі неде деген мәселелерді газет материалдарымен байланыстыра оқыту тиімділігі. Күнделікті газет бетіндегі қарапайым сөздердің өзі де қолдануда стильдік жағынан құбыла алатындығына көз жеткізу. Баспасөзде суретгеме құралдарды пайдалану сол тілдің мәнерлілігі мен көркемдігін, икемділігі мен бейімділігін, анықтылығы мен нақтылығын көрсетуде тиімділігіне көз жеткізу. Тілдің көркемдегіш құралдарын оқытуда оның қалай жасалатындығын, қалай қолданылатындығын және стильдік ерекшеліктерін таныстыру.
10 тақырып. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері.

Баспасөз тілінің мәдениеті туралы тұжырымдар. Тіл мәдениеті туралы А.Байтұрсынов, М.Балақаев, Р.Сыздықов, Р.Әміров т.б. ғалымдардың ғылыми пікірлері. Тіл мәдениетінің салалары. Баспасөз тілін мәдениетті етудегі аударманың орны. Тіл мәдениеті және тілдік норма. Студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәелесіне айрықша көңіл бөлу. Орфоэпикалық, лексикалық және грамматикалық дұрыс болумен бірге тілдік, стильдік жағынан оқырманның қабылдауына жеңіл әрі сауатты болуыңа мән беру.

Газет тілі мен стилінің тіл мәдениеті мәселелерімен тығыз байланыстылығы. Баспасөз тілінің мәдениетіне қойылатын талаптар. Газет тілінің қоғамдық қызметінің әр алуандығы. Қолдану өрісінің кеңдігі, өмірдің барлық саласын дамытудың пәрменді құралы ретінде бейнелеу тәсілдерімен, икемділігімен, мәнерлеу мүмкіндігінің молдығымен бай әрі мәдениетті, жетілген тіл екендігі. Баспасөз тілінің мәдениетінде термин сөздерінің қолданылу аясы.
11 тақырып. Стиль түрлерінің баспасөздегі көріністері.

Ауызекі сөйлеу стилі, кітаби-жазба, іс қағаздары, ғылыми, публицистикалық, көркем-әдеби стильдер. Ауыз екі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі - жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерді қолдану өзгешілігі. Кітаби-жазба стильдердің әр салада атқаратын қызметіне қарай іс-қағаздар мен ресми, публицистикалық, ғылыми және көркем-әдеби стильге жіктелуі. Кітаби-жазба стильдердің бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой-сананың жоғарылығынан болуы. Қоғамдық ойдың жоғарылауының ұлт тілінің маңызын арттыруы. Іс-қағаздары мен ресми құжат тілінде факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазылуы. Іс қағаздары мен ресми құжаттардың ерекше қатынас жасау кұралдары болып саналуы. Ғылыми стильдің зерттеу объектісін ғылыми тұрғыдан сипаттап, дәлелдеп түсіндіруі. Пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену керектігі.


12 тақырып. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.

Жарнама және оның қазақ баспасөзіндегі көрінісі. Жарнама материалдарының тілдік, стильдік айшықтары. Жарнаманың түрлері, стильдік, тілдік қызметі және берілу турлері. Жарнамалық материалдарға қойылатын тілдік, стильдік талаптар. Жарнама тақырыптарындағы тілдің қызметі.


13 тақырып. Репортаж жанрының тілі мен стилі.

Репортаж жанрының тілдік ерекшеліктеріндегі басқа жанрлармен ұқсастығы және айырмашылығы. Репортаждағы автор тілінің тартымдылығы. Репортаж жанрының көркемдігі мен проблема көтере білуіндегі тілдік қолданыстар. Репортаж жанрының экспрессияға құрылған, оқырманға әсер ету, еліктіру сияқты оқиғаға қатысушылар пікіріне иек арта, фактіге сүйене отырып, баяндау, суреттеу, елестету негізіндегі тілдік элементтердің сұрыпталып қолданылуы. Репортаж жанрының шеберлері туралы.


14 тақырып. Телехабардың тілі

Теледидар шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі болады. Оның тілі кинодан мұра етіп алынған. Ол құрамдас үш бөліктен тұрады. Сол телетіл кұрамдастарының калыптасуы кино жасау тарихымен байланысты, ал дамуы телевизияның өз тарихымен астасып жататыны нақты мысалдармен түсіндіріледі.

Телетіл құрамдасының біріншісі – «экран тілі». Оның өз құрамдастары бар. Негізгісі кино- және бейнекамера арқылы алынатын - кадр, план, ракурс деп аталатын тәсілдер.

Екіншісі - монтаж. Ол студиядағы технологиялық құралдар арқылы алынады. Монтаж - құрастыру деген ұғым. Оның кино өндірісіндегі класикалық үлгісі негіз ретінде алынады. Ал, қазіргі электронды кұралдардың дамыған кезіндегі монтаж мүмкіндіктері бүгінді дамудың нәтижесі. Осы мүмкіндіктерді түсініп, оларды орнымен қолдану - телетілді көркемдеудің жаңа да озық түрі. Бұл орайда, көркемдікке қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін ұғындыру үшІн көркем-публицистикалық хабарлар мен телефильмдер пайдаланылады.

Экран тілінің пішіні, стилі әрбір хабардың жанрына қарай белгіленеді. Яғни ақпараттық бағдарламаларда кадрларды қысқа, оның есесіне план алмасу салыстырмалы түрде көптеу, ал монтаж келте түрде кесіп жалғауға негізделеді. Мұны жазба тілдегі тәсілдермен салыстыратын болсақ, стенографиялық тіл деуге болар еді. Өйткені тек ақпарат беретін кадрлар ғана қысқа да дәл етіп беріледі.

Репортаждың экран тілін ауызекі сейлеумен теңеуге; телеэтюд, очерк, публицистиканы экран тілін керкемдейтін әдеби тіл деп салыстыруға болады.


15 тақырып. Радиотілдің ерекшеліктері

Радионың тілі мен стилі туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдарда жарияланған. Олардың авторлары - М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружников, Ю.Гальперин, т.б.

Қазақстанда радиожурналистика зерттелуі академик ғалымы Қажым Жұмалиевтен басталады.

Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттеушілер: Х.Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтің, Н.Омашевтің, Р.Сағымбековтің еңбектеріне қосымша тіл-стилге байланысты айтылатын мәселелер. Радионың тілі, стилі туралы қазақша еңбектер К.Қабылғазина, Ж.Әбжәділқызы, О.Ошанова сияқты жас ғалымдардың зерттеулерімен толықтырылды.


16 тақырып. Телехабардың сөз тілі

Теледидардың негізгі тілі – сөз деуге келіспеске болмайды, - дейді теоретик-режиссер М.Е.Голдовская өзінің «Көрініс пен сөздің арамөлшері» деген мақаласында. Осы сияқты А.Я.Юровский, Р.А.Борецкий, С.А.Муратов жазған «Телевизионная мозайка» кітабындағы еңбектерден экранда сөйлеу мен кейіпкерлерді сөйлету турасында құнды пікірлер бар.

Кадрде сөйлеу. Мұнда диктордың, шолушының, коментатордың, хабар жүргізушісінін сөйлеу шеберліктері талданады, сарапталады. Бұл орайда телефильм тусіруші кинорежиссер Д.Луньковтың «Наедине с современником» деген еңбегі, профессор М.К.Барманқұловтың «ақпарат және тіл», «Фильм –диолог» еңбектеріндегі синхронды түсірілімдер мен кадрде сөйлеудің әдіс-тәсілдері тілге тиек етіледі.

Телехабарды жасауда сөйлеу тілі мен экран тілін монтаждау турасында біршама тәжірибеден түйінделген тәсілдер бар. Кадрде сөйлеу мен кадрден тыс сөйлеуді қабыстырудың да өз заңдылықтары бар. Сөйлеу тілі мен музыка және дыбысты үйлестіру тәсілдері турасында айтылады.

Мысалы, телехабарда сөйлеудің өзін өысөа бірақ мән мағынасын бай етуге болады. Ол үшін, образды сөз, мақал-мәтел, өлеңдер, классик жазушыларымыздың ел арасына түгел тараған ойлы да ұтымды тіркестерін телесөзге енгізу керек.

Образды сөз, мақал-мәтелдерді орынды қолдану шарт. Бұл көбіне сөз ұйқастыру, үнді дыбыстарды үйлестіру үшін шұбата сөйлеудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан сирек қолданылатын мәні бай, айтылуы әдемі сөздерді жинап, олардың мәнін үйрену қажет.

Теле-мәтінге қойылатын үш талап турасында айтылып, тәжірибеде пысықталады. Олар: ұғымды сөйлеу; ақпаратты сөйлеу; көркем де ұтымды сөйлеу.

Қазақ тілі мен әдебиетіне жүгінеміз. Оның ішінде тіл байлығын жетілдірудің жолдарын қарастырған ғалымдарымыздың тұжырымдарын басшылықка аламыз. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін мақал-мәтел, қанатты сөз, сәтті тіркестер талданады.


17 тақырып. Радиодағы ауызша сөз бен жазбаша сөз.

Сөйлейтін сөз радиода негізгі қызмет атқарады. Ал «радио тілі» одан гөрі кеңірек. Себебі, радио тілінің өз зандылықтары болады. Оның бәрі тәжірибеден, радио саласы бойынша қалыптасудан туады. Демек, радио тілін қарапайым түрде түсінбеу керек, оның өз алдына ғылыми негізделген көптеген ерекшеліктері, сипаты бар. Сөз бен тілдің айырмашылықтарын білу керек. Тіл - сөзге қарағанда кең ұғым. Радио тілінің үндік мүмкіндіктері сарапталады. Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу, сұхбат құру, үндік музыкалық қолданыстар да - түптеп келгенде радиотілді құрайды.

Тіл - ғылыми категория. Жайшылықта айтыла салған сөз радио тілі дәрежесіне көтерілмеуі мүмкін. Ол үшін сөздің мән-маңызы үндік бояулар арқылы жетілдіріледі. Ауызша сөзді мөлшерсіз қолдану - радиохабардың көркемдігін төмендетеді.

Ауызша сөзді радиосөзге айналдыра білу де - журналистік өнер. Ол үшін, фонетиканың, морфологияның, лексиканың, синтаксистің қазақ тіліндегі заңдылықтарын білу керек.


18 тақырып. Теледидардың музыка және дыбыстық тілі

Әуен-саздарды ақпарат беретін тіл етіп пайдалану тәсілдері бар.

Бұл жерде музыканы тақырыптық мағынасы бойынша да, мағынасынан басқада мәлімет беретіндей етіп қолдану әдістері талданады. Осы мақсатқа жету үшін, ең алдымен музыкалық шығарманың тақырыбына орай сазы, ырғағы, екпіні болатыны ұғындырылады. Көпшілікке белгілі күй әуендерін талдай отырып, музыка тілін нобайлап болса да түсінуге тырысамыз. Мысалы, Құрманғазының «Кішкентай», Динаның «Он алтыншы жыл», Тәттімбеттің "Саржайлау" күйлері сияқты, Т.Момбековтің «Ерке сылқымы», С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» сияқты сыршыл да сазды музыкалық туындыларды тыңдай отырып, студенттердің оны танып, талдауына мүмкіндік жасалады.

Кейінгі кездегі ұлттық аспаптық ансамбльдердің ұлттық аспап пен оркестордың жаңаша үндестігі, домбыра мен скрипканың, қобыз бен камералық не симфониялық оркестрлердің астасуынан туындаған әсем де, сырлы саздарды радиотілге қолданудың тиімділігі айтылады.

Кейбір хабарлар тақырыбы мен дыбыстар мақсатына карай, музыканың өзі және табиғи дыбыстардың белгілі бір драматургиялық фраза ретінде қызмет атқаратыны өз алдына бір сабаққа арқау болады. Мұнда телесюжеттер немесе телефильм үзінділері көрсетіледі және талданады.

Бұл сабақта теледидар кухнясында осы музыкамен жұмыс істеу қалай жүзеге асырылатыны айтылады. Дыбыс режиссері, дыбыспен безендірушінің (звукоформитель) жұмыстарымен таныстыра отырып, осы шығармашы тұлғалардың шеберлік сырлары ашылады.

Бұл кезде студенттерге белгілі бір тақырып беріледі де соны кім қалай телехабар етіп жасайтыны талданады.
19 тақырып. Радиохабардағы стиль мәселесі.

Стиль - гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде оқытылады.

Стиль көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы.

Стильдің бастауы, қалыптасуы, дамуы сияқты кезендерінің болуы заңды. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.

Радиохабарлардың тілі мен стилі . оларда сөйлеу тіліне сай ерекшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразаларға құрылған сөз тіркестері пайдаланады.

Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен фразалардың түсіну нен айтуға қолайылығын ескеру - стильді радиоға бейімдейді.


20 тақырып. Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика

Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу - хабардың сапасын артырып, көркемдігін күшейтеді.

Тілдік безендіру - радио хабарларының көркем шығуына қызмет ететін фактор. Бұл орайда лиризмнің орны ерекше. Лиризм - адамның көңіл-күйі мен ой-сезіміне қозғау салады. Ал, бұл жағдай радиотыңдаушы үшін аса қажет. Дәріс кезінде белгілі бір хабар негізге алынады.

Радио хабарларын безендірудегі тағы бір жол - акустиканы пайдалану. Акустика радио мен телевизияда ерекше рөл атқарады. Акустика - тіл әуезі туралы ілім. Ол гректің «естілу» деген сөзінен шыққан термин. Радио мен телевизияда акустика хабарлардың дұрыс жасалауына әсер ететін фактор. Раднода хабарларды акустикалық безендіру құралдары - сөз дыбысы, шу, музыка, монтаж. Яғни, хабар ішінде әртүрлі дыбыстарды дұрыс жазып, оны әсерелеу тәсілдері бар.



Радиода тілдік безендіру - фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын ескере отырып жасалады. Және оған акустика заңдылықтары қоса пайдаланылады. Дыбыстық безендіру жұмыстарымен негізінен дыбыс режиссері айналысады. Бірақ, оған әрбір сөздің үндік бояуларының табиғатын танытып отыратын радиожурналист немесе редактор. Осы орайдағы журналистің міндетті жұмыстарына студенттерді машықтандыру жайында әңгіме болады.
3.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен орындау кестесі




Тақырыптар атауы

Мазмұны

1

Баспасөздің тілі мен стилі туралы жалпы түсінік.

Журналистикада тілдік, стильдік шеберлік маңызын оқыту

2

Баспасөз тілі – жазба тіл.

Жалпыхалықтық тілдің сөздік қорын, лексикалық жеке сөздерін ұғынып, өз дәрежесінде сай қолдану

3

Газет жанрлары және олардың тілдік, стильдік ерекшеліктері.

Газет жанрлары тек ақпарат берумен шектеліп қалмайды, әртүрлі жағдайларға байланысты қоғамда болып жатқан құбылыстарға баға беру әдістерімен таңысу

4

Басмақаланың тілдік, стильдік өзгешеліктері, оның маңызы және тілдік ерекшеліктері.

Басмақала ерекше жанр болғандыктан ондағы тілдің ролімен таңысу

5

Ақпарат жанрының тілдік ерекшеліктері.

Газет материалдарынан нақты мысалдар арқылы акпарат жанрын ашып, айқындап тұрған тілдік, стильдік ерекшеліктерге тоқталу

6

Сұхбаттың стильдік өзгешеліктері.

Газет жанры ретінде сұхбаттың ерекшелігі. Сұхбаттың әлеуметтік маңыздылығы.

7

Корреспонденцияның өзгешеліктері.

Тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, оны газеттің негізгі жанрларының бірі ретінде қарастыру

8

Газет жанрларына тіл, стиль жөнінен қойылатын талаптар.

Газет тілі мен стиліне қойылатын басты талап

9

Газет жанрларының тілі мен стилін әсерлеу жолдары.

Тілдік шеберліктің сипатын білдіретін әдіс-тәсілдерін екі топқа бөліп қарастыру.

10

Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері.

Баспасөз тілінің мәдениеті туралы тұжырымдар

11

Стиль түрлерінің баспасөздегі көріністері.

Ауызекі сөйлеу стилі, кітаби-жазба, іс қағаздары, ғылыми, публицистикалық, көркем-әдеби стильдер

12

Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.

Жарнама және оның қазақ баспасөзіндегі көрінісі

13

Репортаж жанрының тілі мен стилі.

Репортаж жанрының тілдік ерекшеліктеріндегі басқа жанрлармен ұқсастығы және айырмашылығы

14

Телехабардың тілі.

Теледидар шығармашылықтың бір түрі ретінде өзіндік көркем тілі туралы түсінік

15

Радиотілдің ерекшеліктері.

Радионың тілі мен стилі туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастауы

16

Телехабардың сөз тілі.

Телехабарды жасауда сөйлеу тілі мен экран тілін монтаждау турасында біршама тәжірибеден түйінделген тәсілдер

17

Радиодағы ауызша сөз бен жазбаша сөз.

Радио тілінің өз зандылықтарын қарастыру

18

Теледидардың музыка және дыбыстық тілі.

Әуен-саздарды ақпарат беретін тіл етіп пайдалану тәсілдері

19

Радиохабардағы стиль мәселесі

Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде оқыту

20

Радиохабарларын тілдік бейнелеу және акустика.

Радиода тілдік безендіру, бейнелеу ажарлау, мәнерлеу көркемдегіш құралдары туралы жалпы түсінік.


3.4 Өздік жұмысқа ұсынылатын тақырыптар тізімі


  1. Баспасөз беттерінде жарық көрген материалдарды жинақтап, олардың ерекшеліктеріне талдау жасау

  2. Қолжазбаның композициясы оның дұрыс құру жолдарын анықтау

  3. БАҚ материалдарының бас тақырыптарына қойылатын талаптарын газет бетінен бақылау

  4. Мәтінді редакторлық сараптаудан өткізудің негізгі ерекшеліктерін бақылау

5.Автордың фактіні бұрмаламай пайдаланғанына көз жеткізудің және фактілердің шығарманың тақырыбы мен мазмұнымен және жанрымен үйлесімділігін анықтау жолдары.

6. Қолжазбаға қойылатын негізгі талаптарын анықтау

7. Газет редакциялаудың құрылымдық моделін дайындау

8. Стиль - гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Тілдің қолданылу сипатына қарай стильдің тууы, қалыптасуы.

9.Стиль көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы.

10.Стильдің бастауы, қалыптасуы, дамуы сияқты кезендерінің болуы. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы .

11.Радиохабарлардың тілі мен стилі .
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
1. Аманжолов С. Қазақтың әдеби тілі. А.: 1949.

2. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А.: 1971.

3. Әміров Р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде.114-б.

Тіл мәдениеті және баспасөз. А.: 1972.

4. Былинский К.И. Язык газеты. МГУ. М.: 1996.

5. Вьюник В.А., Тишунин В.Н. Информация как газетный жанр. М.: 1982.

6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. : 1966.

7. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А.: 1966.

8. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері.

А.: 1991.

9. Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. А.: 1983.

10. Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы. 122

-б.: Тіл мәдениеті және баспасөз. А.: 1972.

11. Кохтев, Розенталь. Язык, стиль рекламных жанров.

12. Қабдолов 3. Сөз өнері. А.: 1992.

13. Қазыбаев К. Такырыпты тауып қой //Журналист және өмір. А., 1967.,173-6.

14. Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Сөз туралы сөз. А.: 1983.

15. Қожакеев Т. Газеттің тілі мен стилі// Журналист және өмір. А.,1967,2136,

16. Момьшова Б. Газет тілінің лексикасы.

17. Пустовойт П.Г. Слово, стиль, образ. М: 1968.

18. Розенталь Э.Д. Стилистика газетных жанров. М.: 1981.

19. Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. А.: 1995.

20. Солганик Г.Я. О языке газеты. МГУ.: 1968.

21. Соколов А.И. Теория стиля. М.: 1968.

22. Сыздық Р. Сөз құдіреті, А.: 1997.

23. Тұрарбеков 3. Мерзімді баспасөздегі аударма. А.: 1967. 253 б.

24. Авторлық коллектив «Телевизионная журналистика», Москва, МГУ,

1994.

25. Барманқұлов М. «Деньги или Власть».-А., Санат, 1997.

26. Вертов Д. «Статьи, дневники, замысли».-М..;Искусство, 1976.

27. Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары.-А.,Қазақ университеті,

1998. Беттері: 18-24,74-90.

28. Қабдолов 3. Сөз өнері.-А., Қазақ университетІ, 1992.

29. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. - Алматы, 1993.

30. Әбжанов Қ. Телевизиялық фильмдер. - Алматы, Қазақ университеті,

2003.

31. Зарва М. Поризношение в радио и телевязионной речи.- М., 1976. Қосымша:



1. Болғанбайұлы Ә. Жауапсыздық па, әлде сауатсыздық па? «Қазақ

әдебиеті» газеті, 28 қазан, 1994.

2. Болғанбаев Ә. Тілің қандай, журналист? «Қазақ әдебиеті» газеті, 13

шілде, 1984.

3. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А.: 1971.

4. Беркімбаев Т. «Бояушы, бояушы дегенге...» «Қазақ әдебиеті» газеті, 13

қаңтар, 1998.

5. Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер. А.: 1971.

6. Золя . /аударған Е. Букетов/. Реклама құрмалдығы. «Астана ақшамы»

газеті. 12қазан, 1999.

7. Қаратаев С. Сізге қосылмауға рұксат етіңіз, профессор!.. «Жас Алаш»

газеті, 15 мамыр, 1997.

8. Қыдырбекұлы Б. "Сөз туралы сөз". «Қазақ әдебиеті» газеті, 2 ақпан, 1990.

9. Мәмбет С. Түсініксіз жарнамадан түс көргендей боласың. «Егемен

Қазақстан» газеті. 12 сәуір, 1996.

10. Мырзабеков С. Емлеге де ем керек. «Ана тілі» газеті. 7 маусым, 1990,

11. Нұржекеұлы Б. Жаңа жазуға көшу - барыңды жоғалту. «Егемен

Қазақстан» газеті. 5 желтоқсан, 2000.

12. Сыздықова Р. Мәдениеттә тіл ғана мәртебелі. «Ана тілі» газеті. 29

наурыз, 1990.

13. Солтанбекова Г. Рекламные ужасы или «жан шошытар» жарнама. «Заман

-Қазақстан» газеті. 26 марта, 1999.

14. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы. «Егемен Қазақстан» газеті. 14

ақпан, 2001.

15. Довженко А.П. Слово в сценарий.-М.,МГУ, 1957.

16. Толыбаева Қ. Нар идірген.-А., Өнер, 1993.

17. Байсеркенов М.Сахна және актер.-А., Ана тілі, 1993. -

18. Әбжанұлы Қ. Экран тілінің шұрайы кетпесін/УХабаршы, Ж)фналистика

сериясы, 6, 122-бет.

19. Копылова Р. «Кинематограф плюс телевидение».-М.,Искусство, 1977,

106-107 6.

20. Борецкий Р, Телевидение - это искусство./УСоветская культура, 1957 г.,

7 мая.


21. Голдовская М.Е. Творчество и техника.-М.,Искусство, 1986.

22. Вертов Д. Человек с киноаппаратом. (Статьи, дневники,



замыслы).-М.,Искусство, 1976.

23. Эйзенштейн С. "Монтаж". Сбор.сочинении в 6 томах. Том 2.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет