І тур
7-сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті
Жазылым. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап,жазба жұмысын орындаңыз. (10)
«Көшпенділер мәдениеті» тақырыбында эссе. (Сөз саны 80-100)
«Ұлттық киім –бай тарихи-мәдени мұра» деген тақырыпта эссе. (Сөз саны 80-100)
ІІ тур
Тыңдалым мен айтылым (5)
Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көтерілген басты мәселені анықтаңыз.Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,мысалдар арқылы дамытып,дәлелдеңіз.
2. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ құрастырып жазыңыз.
Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру. Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.
Оқылым тапсырмасы (7)
Мәтінді мұқият оқып,берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Көшпелілер деген кімдер?Олар-біздің ата-бабаларымыз.Ұлы дала көшпелілері өздерінің мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт-дәстүрлерін,киім кию мәдениетін,ғажайып өркениетін мұраға қалдырды. Кейінгі ұрпағы қазақ халқының көшпенді өмір салтының ыңғайлы құндылықтарын өз бойына сақтап қалды.Қазақ тұрмысы мен мәдениетінде ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақтар,ғұндар,түркілер мәдениеті көрініс тапты.
Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.
Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.
Біздің бабаларымыз –сақтар ежелгі заманда өздерінің салт-дәстүрлерімен,жауынгерлік өнерінің жақсы меңгергендігімен танымал болған.Сақтар-төзімді жауынгер.Олар бірнеше тәулік бойы аттың жалына бастарын салып ұйықтай алған.Сақтардың киіну мәдениеті археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде ашылған.Пазырық ,Шелекті,Бесшатыр қорғандарынан табылған металдан,ағаштан,матадан жасалған көркемөнер туындылары ғылым саласын байытты.
Әлемге әйгілі болған «Алтын Адам» қорғаны 1969-1970 жылдары табылған Есіктегі жас көсемнің зираты-сақтардан қалған ескерткіш.Б.з.д ІV-ІІІ ғғ.Жетісу жерінде олардың мемлекеті құылған.Осы қорғаннан аң стиліндегі алтын,қоладан жасалған құнды нәрселер табылған.Кейінірек табылған алтын заттардың көшірмелері мен теңдесі жоқ әсем киімдер ,баскиімдер және аяқкиімдер үлгісі қалпына келтірілді.
1.Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
2.Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар?
3.Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
4.Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?
Әдеби тіл нормалары (5)
Сөйлемдерді аяқтап, логикалық кідірісті тап.
Аппақ шатырдай кимешек киген әжелерді күнде...
Болашақта әлем назары қазақ сән үлгісінде...
Қазақ әдебиеті (1)
«Қыз Жібек » фильмінің режиссері кім?
А) Ғ.Мүсірепов Б) С.Қожықов
Ә) М. Әуезов В) Е.Рақышев
2.Күлтегін жырының басты идеясы ? (1)
А) халықты соғыстыру Б) халыққа көмек көрсету
Ә) халықты қолдау В) халықты бірлікке шақыру
3 Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған? (1)
Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! Қонысымнан ауған соң, Кетпегей еді ырысым.
А) Төлеген
В) Жиембет
С) Күлтегін
Д) Қазтуған
Достарыңызбен бөлісу: |