Айша бибі кесенесі туралы аңыз
Баяғыда Қарахан есімді хас батыр өмір сүріпті. Ол өзінің дұшпанының Айша есімді сұлу қызына қатты ғашық болып, әкесінің алдынан өтеді. Бұған Айшаның әкесі үзілді-кесілді қарсы шыққан екен. Бірақ бұл қарсылық қос ғашыққа кедергі болмайды. Олар бақытты ғұмыр іздеп, елден қашып шығады. Мұны білген Айшаның әкесі өлтіруге бұйырып, артынан бір топ әскер жібереді. Ұзақ жол жүріп, Асу өзенінің бойында екеуі тоқтап, суға түседі. Осы сәтте таяп қалған сарбаздар суға шомылуға кеткен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Қос ғашық бұны байқамай қалады. Осылай сәукелесін кимек болған Айшаны жылан шағып алады. Қатты қайғырған Қарахан жақын жердегі молдаға некесін қидырып үлгереді. Айша осылай өмірмен қош айтысады. Ал Қарахан жары дүние салған жерге кесене салдырады.
Аңыздағы Айша қандай кейіпкер? Неге? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен жеткізіңіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кестеге кейіпкердің іс-әрекетін талдаңыз, бағалаңыз.
Кейіпкер
|
Кейіпкердің іс-әрекетін сипатта
|
Кейіпкердің іс-әрекетіне менің бағам
|
Қарахан
|
|
|
Айшаның әкесі
|
|
|
Аңызда берілген сөздерді шырай түріне түрлендіріп жаз. Қай шырай түрі қолданғанын көрсетіңіз.
Айша есімді сұлу қызы _______________________________________________________
Қатты қайғырған Қарахан _____________________________________________________
Жазылым. «Ұлы жібек жолы- тарихтың жолы» деген пікірмен келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, құрылымын сақтап эссе жазыңыз. Эсседе салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз. (Сөз саны 100-110 сөз) . 2 балл
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айтылым. «Ұлы Жібек жолындағы көне қалалар» тақырыбы бойынша диалог құрастырыңыз. Диалогта салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай түрін қолданыңыз . 0,5 балл
Достарыңызбен бөлісу: |