«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/3
Дата04.12.2023
өлшемі20.65 Kb.
#485426
  1   2   3
« аза тілі мен дебиеті Т2» п нінен 3-то сан бойынша жиынты ба


«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Оқушының аты – жөні________________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________________


Тыңдалым
Айтылым
«Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы бола отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс», – делінген. Қазіргі кезде Қазақстанда Күн, жел, су энергияларын пайдалану жоғары деңгейде емес. Мамандардың есебі бойынша, елімізде баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергия жалпы энергияның 1 пайызы ғана екен. Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз. Бірақ жер қойнауындағы қазбаларымызды шексіз деп айтуға болмайды. Оның экологиялық зардаптары – жеке мәселе...
Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол баламалы энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде күн энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. Өкінішке орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті болғандықтан, баламалы энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.
Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын су электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.
Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп, әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр.
[3]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет