Дипломдық жоба бөлімнен құрастырылған технологиялық БӨлімі есептеу бөлім эконмикалық БӨлім



Дата19.05.2022
өлшемі184.86 Kb.
#457612
түріДиплом
Уапова А 2


Саламатсызба, мен Уапова Ардак Хисимовна
Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің оқушысымын, мамандығым 0802000 «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану».
Менің Дипломдық жобамның тақрыбы
Конденсат және газын, мұнайөнімдерін сақтауға арналған жерасты қоймалар жобасы Дипломдық жоба 4 бөлімнен құрастырылған
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІ
2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМ
3 ЭКОНМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
Жер асты мұнай қоймалары орналасқан шағын алаңдарда мұнай мен мұнай өнімдерінің едәуір қорын құруға мүмкіндік береді. Жер үсті мұнай қоймаларымен салыстырғанда олар қауіпсіз,буланудан аз шығындармен, қоймадағы қажетті температураны ұстап тұруға жұмсалатын жылудың
аз шығындарымен және құрылыс пен пайдалануға жұмсалатын аз үлес шығындарымен сипатталады. Жер асты мұнай қоймаларының құрамына жер асты резервуарлары (қазбалар сыйымдылықтар, қосымша тау-кен қазбалары, ұңғымалар және т.б., жер үсті ғимараттары мен құрылыстары кіреді.
(ПХГ) Газды алу және жинауда қолданлатын күрделі технологиялық процесс. Газды кез келген жер қыртысында сақтау мүмкін емес, өйткені газ молекулалары жеңіл әрі үздіксіз қоғалыста болады. Сондықтан газ сақтау үшін өткізгіштігі өте төмен жер қыртысы қолданылады. (ПХГ) – тәуліктік сұйық отынды қолдануды реттейді және қыс мезгілінде отынға деген сұранысты қанағаттандырады.
Қазақстанда жер астындағы газ қоймалары үшеу;
оңтүстік Қазақстан облысындағы «Полторацкий» қоймасы,
Жамбыл облысын дағы «Ақыртөбе»
Ақтөбе облысында орналасқан «Бозой» .
1.5 Конденсат және газын, мұнайөнімдерін сақтауға арналған жерасты қоймалары
Кәсіпкерлікте мұнай және мұнай өнімдерін есепке алу, сақтау және жинау үшін, мұнай өңдеу зауыттарында, мұнайбазаларында және мұнайөткізгіштер мен мұнайөнімдерөткізгіштері станцияларында әртүрлі өлшемді ыдыстар бар.
Тағайындалуы бойынша бұл ыдыстар мұнайды сақтауға, қара және ақшыл мұнай өнімдерін сақтауға деп бөлінеді. Материалы бойынша металл және металл емес. Металл резервуарларды болаттан жасайды, ал металл еместерді темірбетоннан жасайды.
Әр түрлі топтағы резервуарларды формасы бойынша цилиндрлі, көлденең-цилиндрлі, тамшы тәріздес және т.б болып бөлінеді.
Резервуарды орнатудың схемасы бойынша: жер үсті, олардың түбі алаңның ең төменгі белгісінен жоғары немесе сол деңгейде болады, жерасты, сұйықтықтың ең үлкен деңгейлі, ең төмен белгісінен 0,2 м болады.

Сурет 15 - Бөлгіштерді жіберу және қабылдауға арналған құрылғылардың сұлбасы
Резервуарларды әртүрлі көлемді 100 м3-ден 120000м3 дейін болады.
Ақшыл мұнайларды сақтау үшін болат резервуар, сонымен ішкі жабыны бар темірбетоннан, болат беттен немесе металл емес изоляциядан, мұнай өнімдерінің әсеріне тұрақты резервуарды қолданады.
Көп мөлшерді мұнай мен қара мұнайөнімдерін сақтай үшін негізгі темірбетонды резервуар қолданылады. Майлау майларын, ереже бойынша болат резервуарларда сақтайды.
Құбырөткізгішті коммуникациялармен байланысқан біртипті резервуарлар тобын резервуарлы парк деп атайды. Жер үсті резервуарлардың әр тобы жерлі валмен және қабырғамен қоршаларды, олардың биікті төгілетін сұйықтықтың есептемелі деңгейінен 0,2м жоғары.
Тік цилиндрлі резервуарды төменгі қысымды, понтонды және қалқымалы қақпақты болып бөлінеді. Әрбір резервуар жабдықты қарау мен сынама алу және мұнай өнімінің деңгейін бақылау үшін сатымен қамтылған. Сатының қақпақпен байланысқан жерінде өлшеу алаңы құрылады. Онда өлшеу құрылымдары мен аппаратураны орнатады.
Шахталы сақтағыштар жоғарғы жағы тік оқпанмен байланысқан таулы ойық сияқты. (22 сурет )
1.7 Жоғары қысымды газгольдерлер
Жоғары қысымдағы газгольдерлер өндірісте кеңінен қолданады.Қалалық газ шаруашылығында жоғары қысымдағы газгольдерлер газды аз қажеттіліктегі газ аккумуляциясы және тәуліктегі үлкен қажеттілікте беру. Көлемі 175 және 270 м3 болатын цилиндірлік газгольдерлер газгольдерлік станцияларда қондырылған. Ішкі диаметрі 3200мм.Газгольдерлер 2,5-нан 20 кгс/см² артық қысымға есептелген.
Суреттегі а,б нұсқаларында горизонталь және вертикаль орналасқан,жоғары қысымға және тұрақты көлемдегі газгольдерлер схемасы көрсетілген. Газгольдер түбі сфералық формада болады.

1-сурет. Жоғары қысымды цилиндрлік газгольдердің сұлбасы.
а-горизонтальді; б-вертикальді.
3 Экономикалық бөлім
3.1Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Мұнай-газ өндірісінде еңбек заты ретінде мұнай мен газы бар қат, еңбек құралдары ретінде – пайдалану және тоғыту құрал-жабдығы, еңбек өнімдері ретінде – шикі мұнай мен газ шығады. Мұнай-газ өңдеудің ерекшелігі сол, ондағы еңбек заты – құрамында мұнай мен газ бар қат, табиғаттың өтеусіз сыйлығы. Ол еңбектің нәтижесі болып табылмайды және оның бағасы жоқ, сол себептен мұнай өңдеу өнеркәсібінде шикізатқа жұмсалатын шығындар жоқ, бұл кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылымына, деңгейі мен жоспарлауға әсерін тигізеді.
4 Еңбекті қорғау, ортаны қоғау және техника қауіпсіздігі
Қоршаған табиғи ортаның және табиғи ресурстардың пайдаланылу рационы – оның дамуының қазіргі заманғы адамзаттың маңызды мәселелері. Олар адамның шаруашылық әрекеттерінің зиянды салдарын жою және алдын алуға қажеттікті көрсетеді.
Қоршаған ортаны қорғаудың және оны ластанудан қорғаудың экологиялық мәселелерін шешуде бұрғылау өндірісі белгілі бір орынды алады.



Тамшылы резервуарлар





Шахталы типті жерасты ыдыстарының сұлбасы
а, б — сәйкесінше бір немесе бірнеше өнімге арналған ыдыс; 1 — саға; 2 — ыдыс; 3 — өткізбейтін тау жынысы; 4 — сораптық камера; 5 — зумпф; б — мұнайөнімі; 7 — герметикалық қосылу; 8 — коллекторлық өңдеулер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет