«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. Экспо-2017»



бет2/2
Дата18.03.2024
өлшемі19.74 Kb.
#495976
1   2
қаз т соч 2

Құқықтық сана осыдан туындаған
Азат ел құқығының асқарлары
Белгілі Ата Заңмен басталғаны.
Бұл күнде уақыт салған тарихы бар -
Қоғамда жұрт пікірі қошталғалы.

Жаңғыртты жадында әр кез мұны халық,


Әр бабын өз Заңының ұғып алып.
Жүр бүгін осы құжат аясында
Тынығып, еңбек етіп, білім алып.

Сан істі реттеуге ортаңдағы


Заңдылық салмағының артар мәні.
Сондықтан Ата Заңмен үйлесуге
Тиісті әрбір заңның әр тармағы.

Бостандық бодандықтан бүгін ұлға -


Азат ел тұрғанда асқақ тұғырында.
Орнығар заңның ғана үстемдігі -
Құқықтық мемлекет ұғымында.

Осындай жатады үлкен ұғымда мән,


Ол барда шындық жүзі бұрылмаған.
Келбеті заңдылықтың жатар сонда,
Құқықтық сана осыдан туындаған.

Ел мен ел тек біліммен теңелетін,


Кез келді әлемге ұлт еленетін.
Ата Заң әр санада орнықтырар
Қоғамның шын құқықтық мәдениетін.

Бостан боп, еркіндікпен бағаландың,


Ықпалы қажетті әр кез санаға ардың.
Заң мен ар алшақ түспес екі ұғым,
Сыйлауы тиіс оны әр адамның.

Қоғамың құқықпенен өлшенгесін,


Заңға жат оны ештеңе еңсермесін.
Ата Заң биік болсын, әр кезде де
Фемида таразысы теңселмесін!
(158 сөз)

Ғабиден Қожахмет




Оқылым
Тапсырма
[10]

Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.




ЭКСПО елімізге не берді?
ЭКСПО инфрақұрылымы көрмеден кейін ел игілігіне қызмет ететінін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрылыс басталмай тұрып-ақ айтқан. Көрме аяқталған соң да халыққа нысандарды әрі қарай пайдалану жоспарын түсіндірді.
– «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрініс тапқан басқа да бірқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретінде сақталады. Көрменің аяқталуы бірнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесінде лайықты орынға ие болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы халықаралық көрменің жабылу салтанатында.
Бір анығы, ЭКСПО-2017 – еліміз үшін ғылым мен технология, жасыл экономика салаларындағы озық үлгілерді үйренер тәжірибе алаңы ғана емес, өзінде барды өзгеге көрсететін орта болды. Бұрынғы әріптесімен ынтымақтастығын тереңдетіп, жаңа әріптесімен байланыс орнатуға жол ашқан да – осы көрме. Халықаралық көрме аясында 220 ресми шара ұйымдастырылса, оған 28 елдің президенті, 13 парламент спикері мен мемлекеттік хатшы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрлердің орынбасары, 70 министр мен 48 министрдің орынбасары, 22 халықаралық ұйымның өкілі қатысыпты. Жалпы, елордамызға «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушы 45 елдің делегациясы келген. Яғни, алдағы уақытта сол елдермен арадағы алыс-беріс күшейіп, әріптестік нығая түседі деген сөз.
(176 сөз)
1.Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз. [8]



Мәселенің оң жақтары



Іріктелген ақпарат

Комментарий

1.
2.




Мәселенің мүмкіндіктері



1.
2.






2.«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? ПСМТ формуласы арқылы пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз. [2]

Пікір_______________________________________________________________________________________________________________________________________


Cебебі____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дәлел____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында жанры мен стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. Көркемдегіш құралдарды, ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
1. «Қазақстанның инновациялық дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында жинақы мәтін (тезис) жазыңыз. Жазба жұмысын орындауда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз.
2.«Адам құқығы - менің құқығым» тақырыбында өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз. (150-200 сөз)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет