Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері
педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының
үшінші деңгейі бойынша мектептегі тәжірибесін іске асыру барысындағы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мейрамова Шынар Бактияровнаның
Қ Ы С Қ А М Е Р З І М Д І С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Пәні: Қазақ тілі
Кабинеті: Қазақ тілі кабинеті
Сыныбы: 5"Ә"
Мерзімі:23.10.14
Тақырыбы: Антонимдер.
Мақсаты: Антоним сөздердің мағынасын түсініп өмірде қолдану.
Міндеттері:
-Диолог арқылы антоним, синоним, омоним сөздерді ажырату;
- Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар арқылы логикалық ойлауын дамыту;
- Тілдік қорын диолог арқылы дамыту;
Енгізілген модульдері:
1.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
2.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
3.Оқытудағы АКТ-ны пайдалану.
4.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау .
5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
6. Оқытудағы көшбасшылық.
7. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.
Әдіс-тәсілдер, стратегиялар: "Шаттық шеңбер" стратегиясы, "Достар" топтау; «Жұмыр қылыш» сергіту сәті,
диалогтік оқыту(сұрақ-жауап, пікірталас), "Сұрақты ұстап ал", "Ойлан, бірік, бөліс", "Жедел хат","Хатқа жауап", "Бағдаршам", "Смайликтер", "От шашу" әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» рефлексия, Кері байланыс.
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері
Уақыты
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
|
Кіріспе
5-мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Психологиялық дайындық. "Достар"әнін айтады.
|
Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын.
Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында Сакен Майғазиевтің "Достар" әнін айтып, би билетемін.
Достармен жаным бірге
Достармен бағым гүлдеп
Жан жүрегім ән салады
Сендерді сағындым деп
"Достар" ойынын бойынша 4 топқа топтаймын. 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін «Алтын ережені» есімізге түсіреміз.
|
Мұғаліммен барлық оқушы амандасады.
Оқушылар "Достар" әнін айтып би билейді.
"Достар" ойыны бойынша топтасады.
Бірлесіп алтын ережені еске түсіреді. Өздерінің ережелеріне бағынады.
Мысалы:
- сабаққа кешікпеу;
-басқаның пікірін тыңдау, сыйлау;
-уақытқа бағыну, регламент сақтау;
-тапсырмаларды тиянақты орындау;
|
Смайликтер беру,
"Басбармақ",
"Керемет",
"Қошемет".
|
Смайликтер,
қима қағаз,
АКТ
|
Тұсауке
сер
10 мин
|
Өткен сабақты бекіту.
Қызығушылықты ояту.
|
1.«Cұрақты ұстап ал" әдісі. Ойынның мақсаты өткен сабақтан алған білімдерін еске түсіріп, қайталау.
Алдыңғы сабақ бойынша оқушыларға түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтарын қоямын.
Сұрақтары:
1. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысалы
2.Көп мағыналы сөздер қалай жасалады? мысалы
3. Омоним деген не? мысалы
4. Көп мағыналы сөздермен омонимдердің айырмашылығы неде?
мысалы
|
Оқушылар алдыңғы тақырыптарды еске түсіріп , жауап береді. Біріне-бірі қапшықты сұрақ қоя тастап ойынды жалғастырады.
|
«Диалогтік оқыту» арқылы оқушыларды формативті бағалау.
"Тамаша"
|
АКТ
|
Негізгі бөлім
20 мин
|
Жаңа сабақ.
Мағынаны тану
Миға шабуыл әдісі
"Білім",
"Түсіну"
"Ойлан, бірік, бөліс" әдісі
Топтық жұмыс.
Жеке жұмыс
"Қолдану", "Талдау"
"Жедел хат" әдісі
Сергіту сәті.
"Синтез"
"Хатқа жауап"
|
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында интербелсенді тақтадан флипчарттармен жұмыс жасайды. Суреттерді мағынасына қарай сәйкестендіріп тақырыпты айқындайды.
-Балалар , антоним грек тілінде анти-қарсы, онота -атау дегенді білдіреді. Ендеше сендер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
АНТОНИМДЕРГЕ ереже құрады.
Бүгінгі сабаққа МАҚСАТТАРЫН қандай болмақ?
Ментальді картамен жұмыс жасайды.
АНТОНИМ ДЕГЕН НЕ ? СУРЕТ арқылы көрсет.
4 МЫСАЛ АРҚЫЛЫ ДӘЛЕЛДЕ
Флеш технологиясы бойынша тақтадағы флипчарт тапсырмаларды орындайды.
Оқулықтағы 87-жаттығудағы Әсем-ұсқынсыз, тез-баяу, Батыс-шығыс, мықты-әлсіз,жиі-сирек сөздерінің антонимдерін тауып жазыңдар.
1- топ тапсырмасы:
1.Мағыналық жағынан бір-біріне қарама-қарсы болып келетін тұрақты тіркестерді жаз.
Ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер.
3 мысал
2.Сын есімді антоним сөздерді жаз.
Ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, жас-кәрі, артық-кем, аш-тоқ, арық-сезім, оңай-қиын. 5мысал
2-топ тапсырмасы:
1.Құрамында антоним сөздер кездесетін жұмбақтарды жаз. 3мысал
2. Етістік антоним болатын сөздерді жаз.озу-қалу,кету-келу,қону-ұшу,шашу-жинау,ашу-жабу,кіру-шығу,күлу-жылау,сату-алу. 5мысал
3- топ тапсырмасы:
1.Құрамында антоним сөздер кездесетін жаңылтпаштарды жаз. 3мысал
2.Зат есім болатын антоним сөздерді жаз.өтірік-шын,обал-сауап,алғыс-қарғыс,рахат-бейнет,бақ-сор,өмір-өлім,пайда-зиян,жаз-қыс,күн-түн. 5мысал
4-топ. тапсырмасы.
1. Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдерді жаз. 3мысал
2.Үстеу антоним сөздерді жаз.ерте-кеш,ақырын-шапшаң,жоғары-төмен,алыс-жақын,әрі-бері.5мысал
Сергіту сәті. "Жұмыр қылыш" биі
Балалар бізге келген хатпен жұмыс жасадық. Енді осы хатқа жауап жазуымыз керек. Сұрақтарға жауап болатындай шағын мәтін жазыңдар. Онда міндетті түрде 5 антоним сөздер болуын ескеріңдер.
1-топ. Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?
2-топ. Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің?
3-топ. Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің?
4-топ. Егер сен президент болсаң, қайтер едің?
|
Оқушылар суреттерді сәйкестендіріп тақырыпты ашады. Бүгінгі сабаққа мақсат қояды.
Топтаса оқушылар тапсырманы орындайды.
Мақал-мәтелдерді, антоним сөздерді сәйкестендіріп орындайды.
Оқушылар топтаса конверттегі мақалдарды толықтырып антонимдік қатарды табады. Топ спикерлері дәлелдеп, жауап береді. Сонымен қоса өзара пікір алмас отырып, талдайды.
Оқушылар топтаса конверттегі мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар, сөз тіркестерін жазады.
Оқушылар сергіту сәттерінен кейін, бойлары сергіп қалады.
Антоним сөздермен хатқа жауап қайтарады.
|
«Жарайсың», «өте дұрыс» деген сөздерін қолдану арқылы формативті бағалаймын.
Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды. "Бағдаршам"
Смайликтер,
«басбармақ» бағалау
Тамаша!
Смайликтер,
«басбармақ» бағалау
Тамаша!
Тамаша!, Керемет!
|
АКТ
ПОСТЕР
АКТ
Оқулық, А4 парақтары,
Хат, А4 парақтары
|
Қорытынды.
7 мин
|
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Кері байланыс.
Үйге тапсырма
|
Күз мезгіліне байланысты күзгі ағаштың суреті тақтаға ілінеді.
-Ал, балалар біздің бүгінге сабағым жақсы өтті. Енді сабағымыздың тақырыбына байланысты мына ағаш жүдеп тұр, осы ағашты көркейтіп, жандандырайықшы.т Осы ағашқа алдарындағы стикерлерге Екі жұлдыз, бір тілек жазайық.
Ережені жаттау. "Қандай әсем сөйлейді" эссе жазу.
|
Оқушылар өздерінің пікірлерін таратылған парақшаларға жазып, жабыстырады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
Күзгі ағаштың суреті,
стикерлер
|
3 мин
|
бағалау
|
Топ басшылары тобында жақсы жұмыс жасаған оқушыны бағалау.
Сабақтың қорытынды бағасын шығарамын.
|
Бірін-бірі бағалауы
|
Керемет.
От шашу.
Сумативті бағалау.
|
Стикер, бағалау парақшалары
|
Достарыңызбен бөлісу: |