Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі


І. Қазақ тілі синтаксисінің әдістемелік жағынан зерттелуі



бет3/6
Дата30.05.2022
өлшемі179.5 Kb.
#458808
1   2   3   4   5   6
Қазақ тілі синтаксисіні зерттелуі

І. Қазақ тілі синтаксисінің әдістемелік жағынан зерттелуі.

Қазақ тілі синтаксисі – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан, өрбіп өскен ойын танытатын тіл ғылымының бір саласы. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі мәдениеті мен ғылымы әлемге танылған қазақ ұлты ойының зор табысы. Адамның басында қандай ой туса да, ол тек тілдік материал негізінде ғана туып, өмір сүре алатынын, тілдік материалдан аулақ, жалаң ой дегеннің болмайтынын еске алсақ, қазақ халқының ойы қазақ тілінде сөйлемдер арқылы танылып отыратыны белгілі.


Грамматиканың осындай күрделі де қиын, әрі жауапты саласы синтаксисті оқушыларға оқыту негізінен мынандай мақсаттарды көздейді:



  1. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүние танымын дамыту.

  2. Қазақ тілі ғылымы табысының негізінде оқушыларға синтаксистен тиянақты да терең, саналы білім беру.

  3. Қазақ тілі нормасына сай ойын, өз түсінігін дұрыс айта және дұрыс жаза алатындай оқушыларға дағдылар беру.

  4. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын пайдалана білуге және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

  5. Дене еңбегін де, ақыл-ой еңбегін де атқаруға, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге қабілетті, білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруға үлес қосу [34].

Қазақ тілі синтаксисінің әдістемесі – жастарға сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, де жүйелі білім беруде қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Оның зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері, негізі мен мазмұны және әдістемесі бар.


Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің мазмұны мыналарды қамтиды:

  1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

  2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

  3. Синтаксисті оқушыларға меңгертуге байланысты мұғалімдердің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу.

  4. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

  5. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың түрлерін белгілеу.

  6. Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің ұғымдары мен терминдерін жасау.

  7. Қазақ тілі синтаксисі әдістемесінің құрылысы мен зерттеу әдістерін айқындап, оның басқа пәндермен байланысын ашу [34, 72б.].

Осыған байланысты қазақ тілі синтаксисі әдістемесіне мынандай


анықтама берген:
Қазақ тілі синтаксисінің әдістемесі дегеніміз - дидактика мен психологияға және логикаға сүйене отырып, қазақ тілі ғылымының озық табыстарының негізінде қазақ тілі синтаксисінен мұғалімнің білім мен дағдылар беру, оқушылардан білім мен дағдылар алу, жас буындардың ой-өрісін өсіріп, көзқарасын қалыптастыру және оларды өмірге дайындау әдістер мен тәсілдерінің жүйесі, әрі жиынтығы [34, 73б.].
Қазақ тілі синтаксисінің бірнеше әдістері бар. Қазақ мектептерінде синтаксисті оқытудың озық тәжірибелері мен арнайы жүргізген эксперименттік жұмыстардың нәтижесі оқушыларға білім беруде мынандай оқыту әдістерінің тиімді екенін көрсетті.

  1. Байқау әдісі.

  2. Түсіндіру әдісі

  3. Әңгіме әдісі.

  4. Жаттығу әдісі.

  5. Кітапты пайдалану әдісі.

  6. Грамматикалық талдау.

Қазақ тілі синтаксисін оқытуға байланысты өтілетін пәндердің түрлерін ғалым Х.Арғынов былай жіктейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет