«Қазақ тілі стилистикасы және сөд мәдениеті» пән бойынша емтихан сұрақтары



бет2/4
Дата09.05.2024
өлшемі30.06 Kb.
#500773
1   2   3   4
Қазақ тілінің стилистикасы және сөз мәдениеті. Емтихан (2)

Секілденіп «лимузинмен» даңқ сынасқан отарба. Рух солай сырғып кеттің ең кейінгі қатарға (М.Шаханов).
3. Мәтін қай стильге жатады?
Ата-бабамыз қыруар күшімен, найзаның ұшымен қорғап, тұтастығын сақтап қалған қасиетті жеріміз қазына-байлыққа бай да жомарт болып шықты.
Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратац қойнаулары нағыз алтын сандық екен. Соның кілті енді еліміздің қолына ерккін тиді. Қазақстан қазба-қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген он елдің ішіне кіреді. Бұл – ғажап.
4. Мәтіндегі тәуелік жалғаулы сөздердің эмоциялық қызметін көрсетіңіз.
Қыз: Ағам едің, Алау едің, көктигенге көзіңе. Билетемін, илетемін, қалай нанып сөзіңе?! Жігіт: нан, қарағым! Ал барамын, - кет десең, мен өлімге! Бір сен үшін, бір тең .үшін өлген өлім, өлім бе?
5. Ауызекі стиліне тән лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді табыңыз.
Тәкең жымың етіп:
- Хамаң отыр, - дейді.
Хамит аға гүр ете қалады.
- Оның кім еді тағы?
Тәкең отқа май құя түседі.
6. Берілген мәтін тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық ұйымдасу ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Шіркін жастық, шіркін махаббат!
Махаббат деген бір аққу құс қой.
7. Мәтін қай стильге жатады?
... Дара дарын иелері өз туындыларында тек табиғатты өрнектеп не болмаса белгілі оқиғаларды, танымал тұлғалардың кескін-келбетін дәл сол қалпында беріп қойған жоқ. Салған суретке жан бітіреді, қылқаламмен өрнектей отырып, тылсым күшті енгізді. Құдірет тұнған суреттердегі тылсым күшті, сиқыр-жұмбақты қазіргі ғылым әлі шеше алған жоқ. Сондай сиқыр тұнған атақты суретшілердің туындылары біреуге қуаныш сыйласа, енді біреулеріне ажал болып көрінеді... .
8. Берілген үзінділердегі балама сөз қолданыстарын тауып, талдау жасаңыз.
Қызыл көз, қасқыр жүз, қобылан ару, қара түнді Алтай аңғарынан үркіткелі, қорғасын аспанға алтын айдай Күнікей сұлуды өршелеткелі, күншығыс ұжмағы қызыл қақпасын ашқанда, Ақбілек артына алақ-алақ етіп жолға шықты.
9. Мына өлең жолдарындағы сәтті, сәтсіз сөз қолданыстарын табыңыз, түзету енгізіңіз.
Санамды сансыз ой қамап,
Моншақ мұң түспей көзімнен.
Тапа-тал түсте,
(Ай да жоқ.)
Адасып қалдым... Өзімнен...
10. Мәтіндегі эмоционалды экспрессивті сөздерді табыңыз.
Дауыс: Қалада оқып жүрген немересі Аман келгенде Қадір қария қуана қутыңдап, бір желпініп қалды. Ол аппақ сақалын тарамдап, қызара бөртіп, қызыл шай ішіп отыр. Қарт ойлы көзін немересіне қадап, оған сауал қоюда.
Қадір: Жө-ө-өн, балам... . Сонымен каникулге келдім де... .
Аман: Атам қызық... .Каникулге келмегенде, саникулге келді дейсіз бе? Странно сұрақтар қоясыз, ата ... .
Қадір: Е, шырағым, не оқу жоқ, не жұмыс жоқ әдейіленіп сән құрып жүрген бос мойын, бота тіркестер аз ба? Ал саған сауал қойғаным-дүдәмалданып отырғаным ғой ... .
Аман: «Дүдәмал» деген не? Сіз осы непонытый сұрақтарды көп қоясыз. Миымды хомпосар қылмаңыз, онсыз да шаршаған ми.
Қадір: Дүдәмал дегеніміз – күмінда ну, секем алу, саған сеніңкіремей отырмын, балам.
Аман: Маған қалайша сенбейсіз, ата?
Қадір: Саған бір әңгіме айтайын. Баяғыда мен сияқты бір шалдың шалдуар, шатақ қызы болыпты. Қызы бой жетіп, оны күйеуге ұзатып жатқанда анасы егіле жылапты бейшара, ананың аты ана ғой. Әкесі де еңірепті. Қызын ұзатып салған соң оңашада: «Ей, шалым-ау, сен қызыңа мұнша егілмеуші едің ғой» депті ана. Әкесі: «Сен қызың кетті деп жыладың, ал мен болсам қызым қайтып келеді-ау деп жыладым» деген екен.
1. Қаратпа сөздердің стилистикалық ерекшеліктерін табыңыз, қазіргі сөйлеу мәдениетіндегі қаратпа сөздермен салыстырып көрсетіңіз.
Құрметті ұлық синьорлар!
Кепілім менің өмірім! Сенімді Яго.
Маған қажет сіз едіңіз, тақсырым!
О Жауынгер асылым!
Оттелом менің!
О сүйікті Англия!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет