«Қазақ тілі стилистикасы» пән бойынша эмтихан сұрақтары


Стилистиканың қандай бағыттары мен түрлері бар, әрқайысына жеке- жеке тоқталыңыз олар туралы баяндап, бірнеше түріне ғылыми талдау жасаңыз



бет4/39
Дата21.01.2023
өлшемі157.83 Kb.
#468597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
СТИЛИСТИКА СЕССИЯ ЖАУАПТАРЫ

5. Стилистиканың қандай бағыттары мен түрлері бар, әрқайысына жеке- жеке тоқталыңыз олар туралы баяндап, бірнеше түріне ғылыми талдау жасаңыз.
Стилистиканың жаңашыл да маңызды бағыттарының бірі – экспрессивтік стилистика. Экспрессивтік стилистика – тілдегі экспрессивтік құралдар мен әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін, қызметін қарастырады. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері экспрессивтік стилистикада жан-жақты көрініс табады. Сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы ойды көркемдеп жеткізудегі ұтымды экспрессиялы құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилистиканың маңызды саласы екендігі С.Қоянбекованың зерттеуінде дәлелденіп, теориялық негіздері дәйектеліп беріледі. Яғни экспрессивтік стилистиканың мазмұны мен ұғымдары, жалпы стилистикалық жүйедегі орны анықталып, сөз мәдениетіне ықпалы көрсетіледі, экспрессивтіліктің әр түрлі стилистикалық амал-тәсілдер жүйесі арқылы жасалатыны талданады.
Зерттеушілер М.Серғалиев, Д.Әлкебаева стилистиканың қазіргі бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының арасындағы кодтау және декодтау стилистикасы да жататындығын дәлелдейді. Ғалымдардың пайымдауынша, кодтау стилистикасы – қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл туынды ав-торының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет етеді. Ал декодтау стилистикасы – қабылдаушының (тыңдарманның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы мәтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Шығарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар аудару, тілдік бірліктердің көркемдік ерекшелігін көрсету мәселесі т.б. қарастырылады.
Стилистика бағыттары арасынан салыстырмалы (немесе сыртқы) стилистиканы да ерекше бөліп қарастыруға болады. Бірақ ол салыстырмалы лингвистика (грамматика, лексикология) сияқты нақты емес, бұның ара-жігі тек Батыстық тіл білімінде ғана нақты көрініс тауып, жеке бағыт ретінде қарастырылғанын байқауға болады. Әдетте, ол салыстырылып отырған тілдердің, мәселен, неміс тілі мен француз тілі т.б. тілдердің ұлттық белгілерін, сипатын көрсеткенде ғана аталып көрсетіледі. Шындығында, соңғы кездері салыстырмалы түрде қарастырылатын тілдердің қызметі, заңдылықтары мен стилистикалық құралдары салыстырмалы зерттеулерде кездеседі.
Сонымен қатар, қазіргі таңда мәтін стилистикасы ерекше бағытта қарастырылып, зерттелуде. Бұл мәселе кеңінен жан-жақты талдауды қажет етеді. Мәтін стилистикасын зерттеуге байланысты еңбектер жеткілікті дәрежеде дамып келеді. Мәтін стилистикасы термині тіл білімі саласында кеңінен қолданыс тауып отыр, алайда осы ұғымның табиғаты жайында ғылымның даму үрдісінде біржақты анықтама берілген жоқ.
Лингвистикалық стилистиканы түр-түрге тарамдағанда басшылыққа алатын ұстаным оның негізгі зерттеу бағыттары болуға тиіс. Сондықтан көп жағдайда стилистиканың түрлері ұғымының орньгаа стилистиканьщ бағыттары деген ұғым пайаланылып жүр.
Зерттеу объектілерінің ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы-салгастырмалы стилистика,ішінара стилистика және дара (индивидуальдық) стилистика болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет