1. Стилистика пәні, оның зерттейтін мәселелерінің басты ғылыми концепцияларын атап көрсетіңіз. Стилистика – тілдік тұлға-бірліктердің бәрін де (дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді) құрылымдық тіл білімінің міндеттері тұрғысынан емес, қарым-қатынастың белгілі бір саласы мен мақсаттарына сай қолданыстық тұрғысынан зерттейді.
Стилистиканың зерттеу пәні, біріншіден, тілдің әртүрлі деңгейлерінің мәнерлегіш құралдары мен мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары; екіншіден, қарым-қатынастың түрлі салалары мен жағдайларындағы тілді қолданудың заңдылықтары және соның нәтижесінде пайда болатын әр салаға тән сөздің (сөйлеудің) ұйымдасу ерекшелік- тері болады
Стилистиканың зерттеу нысаны – лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға-бірліктер.
Бұл тұлға-бірліктер қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға ие болады, оның жиынтығы стилистикалық құралдарды құрай- ды. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес бейтарап элементтері арқылы да жасалатынын ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз.
Қазіргі қазақ тілінің стилистикалық құралдары тілдің барлық деңгейлерін қамтиды: фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Тілдің ең бай стилистикалық бейнелі құралдарының қатарына мәнерлеуіш-көріктеуіш тәсілдері жатады (метафора, метонимия, мақал-мәтел, тұрақты тіркестер, синонимдер, т.б.).
Жалпы тіл білімінде жаңа бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының да дамуына ықпал етіп, стилистикада тілдің функционалды қырлары көбірек назарға іліне бастады. Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика және поэтика, көркем әдебиет, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
2. Ауызекі стилі, лексикасы, грамматикасы, тілдік емес факторлар мәселелері бойынша талдау жасаңыз. Ауызекі сөйлеу стилі – функционалды стильдің бір түрі. Ол күнделікті қарым-қатынас бары-сында, оның барлық сала сында ауызша қолда- нылатын сөйлеу үлгісі, бұл – әдеби тілдің қа-рама-қарсысында танылатын құбылыс, өзіндік нормасы мен тілдік-стильдік белгілері бар. Негізгі қолданылу формасы – диалог, монолог.
Қазіргі қазақ тіл білімінде ауызекі сөйлеу стилі, оның лек- сикалық, синтаксистік, прагмат-икалық ерекшеліктері арнайы зерттеу нысанына алынды. Зерттеушілерден8 Р.Әміров, М.Сер-ғалиев, Ш.Нұрғожина, З.Ерназарова т.б. ғалымдар ауызекі сөйлеу тілін стилистикалық та, коммуникативтік-функционал- дық жүйе тұрғысынан да тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен байланысты қарастыратын еңбектерінің, соны-мен қатар тілдік ком- муникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қаты- сушылар коммуникацияның вербалды / бейвербалды түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан қарастырған Ф.Оразбаеваның да зерттеулерінің стилистика, сөз мәдениетінің комму-никативтік-нормативтік аспек- тісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызы зор.
Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан, ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөз- дер мен сөз тіркестерінің – варваризмдер, кәсіби сөздер, жар- гондар, диалектілердің, т.б. жиі кездеседі.
Ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір ерекшелігі – әңгіме та- қырыбының тез өзгеріп отыратын-дығы (екі адам ауа-райы тура- лы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивтілік, эмоционалдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі сөйлеуде байқалады.
Ауызекі сөйлеуде ойдың қысқа, тұжырымды болуы грам- матикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты (толымсыз, жалаң сөйлемдер, эмоциялы жай-күйді жеткізуде лепті, сұ-раулы сөйлемдер жиі қолданылады. Сөз қайталау тәсілі бар, сөйлем мүшелері инверсияланып жұмсалады, кейбір морфологиялық тұлғалар ықшамдалып беріледі (кеп, боп, келгесін...).