Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша «Қазақ жазуының тарихы»



бет1/5
Дата14.07.2016
өлшемі0.79 Mb.
#199210
  1   2   3   4   5


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

050117 - қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша
«Қазақ жазуының тарихы»

пәнінен оқу-әдістемелік кешен

Семей – 2010

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырған – ф.ғ.к., Әбікенов М.Т

Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2013 жылғы____________ отырысында қаралған. № хаттама

Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., Жұмағұлова Ә.М.

Филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған.

2013 жылғы ____ №_______ хаттама

Төрайым: Мұқанова Қ.Қ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.

2013 жылғы ____ №_______ хаттама


І БӨЛІМ

ТИПТІК БАҒДАРЛАМА
1. Типтік оқу бағдарламасын жасаған: филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Әбікенов М.Т.

МАҚҰЛДАҒАН: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі.



2. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.
ТҮСІНІК ХАТ

Қазақ жазуыының тарихы курсы жазу және жазба тіл, ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшеліктері мен даму тарихын, зерттелу аясын қарастырады. Жазудың түрлері: пиктографиялық жазу мен пиктограммалар. Идеографиялық жазу мен идеомалар. Буын жазуы. Әріп жазуы, оның пайда болуы мен тармақтары туралы мәліметтер айтылады.

Жазудың алғашқы түрлері. Олардың Орта Азия, Қазақстан, Оңтүстік Сібір жерлерінде кездесуі. Табылған аймақтары, жазуыдың сипаты. Көне түркі туралы және қазақтың рулық елтаңбалары туралы түсінік.

Графикалық лингвистика туралы, оның полеография, эпиграфика, графика, орфографяи деп аталатын тарауларына түсінік. Туыстас тілдердің, қазақ тілі граяикасының дамуындағы кезеңдер, зерттелуі, көзқарастар.

Пән жүйесі лекциялардан және практикалық сабақтардан құралады.

ІІ БӨЛІМ

ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы мәлімет:
1.1. Пәннің атауы және коды: Қазақ жазуының тарихы

1.2. Оқытушы жайында мәлімет: Әбікенов М.Т.

1.3. Байланыс ақпараты: кафедраға келу ережесі сабақ кестесіне сәйкес

1. 4. Кредиттік сағат саны: 2
1. 5. Күні ______2013-2014 оқу жылы ___5__семестр
2. Курсқа қысқаша түсініктеме:

2.1 Курс мақсаты:

«Қазақ жазуының тарихы» пәнінің негізгі зерттеу нысанын көрсеткеннен кейін, студент аталған курстың негізгі мақсаты мен міндеттерін саралағаны жөн. «Түркітануға кіріспе» курсынан алынған теориялық білімнің одан әрі тереңдетіліп, тәжірибемен ұштасатындығы дәлелденеді. Аталған пән аясында көне түркі жазба ескерткіштері туралы толық түсіндіріліп, оның тіліне лексика- грамматикалық тұрғыдан талдау жасалатындығы бақылау жұмысына өзек болуы тиіс. Көне түркі жазба ескерткіштерінің Ү-Х ғасырлар аралығындағы көне түркі дәуірінде жазылғандығы. Н.А.Баскаков классификациясындағы көне түркі дәуіріне қысқаша шолу жасалып, негізгі мәліметтер қамтылады.



Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақ жазуының тарихы курсының негізгі мақсаты жазу және жазба тілі. Жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі, олардың өзіндік ерекшеліктері. Сонымен қатар жазудың түрлері де қарастырылады. Буын, әріп жазуы, онгың пайда болуы мен тармақтары туралы мәліметтер айтылады.



Пәнді оқыту міндеттері:

- Жазу және жазба тілінің теориялық негіздері анықталады;

- Жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен ұқөсастықтары анықталады;

- Жазудың түрлері: идеографияылық жазу мен идеомаларға анықтама беріледі;

- Жазудың алғашқы түрлері. Олардың Орта Азия, Қзақстан, Оңтүстік Сібір жерлерінде кездесуі айтылады;

- Табылған аймақтары мен жазудың сипаты;

- Түркі туыстас тілдердің , қазақ тілі графикасының дамуындағы кезеңдердің зерттелуі мен көзқарастар жайында мағлұмат беріледі;

Графикалық лингвистика туралы, оның палеография, эпиграфика, орфография тарауларына түсінік беріледі;



3. Аптасы, тақырыбы көрсетілген сабақ түрлері бойынша бөлінген күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Дәріс




Тақырыбы

Дәріс сабақтарының мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

Ескерту

1.

Көне түркі жазуының басқа түрлері.


Көне түркі жазуының басқа түрлері – 8-10 ғасырлар арасында көне түркі тайпаларына тән Манихей, соғды және ұйғыр әліпбиіне тән жазу түрлері болғандығы. Ол жазулардың Орта Азия, Қзақастан, Шығыс Түркістан жерлерінен табылғандығы. Сонымен қатар, санскрипт мәтіндері арқылы буын жазуы яғни брахми, оның бір түрі – тибет жазуы да көне түркілерге келгендігі туралы.


2

1,3,5,8




2.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің Ү-Х ғасырлар аралығындағы көне түркі дәуірінде жазылғандығы. Н.А.Баскаков классификациясындағы көне түркі дәуіріне қысқаша шолу жасалып. Көне түркі тілінің жазба нұсқаларына орхон-енисей ескерткіштерінің енетіндігі. Орхон- енисей жазба ескерткіштерінің тарихилығы, түрлері.


1

1,3,5,7,10,





3

Орта түркі ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктері.


Орта түркі ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне , ескі қазақ жазба ескерткіштеріне , олардың тіліне шолу жасап, зерттелу жайын анықтау. Құдатғу біліг, Дивани лұғат ат-түрік дастанының зерттелу жайы.

1

1,3,5,9,7




4

Латын графикасы


Латын графикасы. Латын графикасының түркі және басқа халықтарға кең тарауы, шығу тегі мен даму тарихы. Түркі тілдес халықтардың 1924-1929 жылдар алалығында латын әліпбиіне көшуі. Бұл туралы пікірлер.


1

1,2,5,8,10




5

Тіл біліміне үлес қосқан ғалымдар.


Тіл біліміне үлес қосқан ғалымдар К.Аханова, Р. Сыздықова , С. Аманжоловтардың зкерттеу еңбектері, ашқан жаңалықтары.



1

1,2,4,5,7,9





6

Талас жазу ескерткіштері.


Талас жазба ескерткіштерінің табылуы, зерттелу тарихы көрсетілген соң, оның құрамындағы ескерткіштер тілінің ерекшелігіне тоқталған жөн. Талас жазуының Енисей жазуына ұқсас екендігі мысалмен дәлелденеді. Орхон және енисей жазба ескерткіштерінен басты ерекшелігі.



2

1,3,4,5,6




7

Графикалық лингвистика туралы.


Графикалық лингвистика туралы, оның палеография, эпиграфика, графика, орфография деп аталатын салаларына түсінік.



1

1,2,7,8,9




8

Енесей жазу ескерткіштері.

Орхон-енисей жазбаларының құрамындағы Енисей ескерткіштерінің құрамы мен құрылысы. Енисей ескерткіштерінің табылу мерзімі мен мекені көрсетіліп, олардың зерттелу тарихы

2

1,2,3,8,10




9

Көне түркі жазуының басқа түрлері.


Көне түркі жазуының басқа түрлері – 8-10 ғасырлар арасында көне түркі тайпаларына тән Манихей, соғды және ұйғыр әліпбиіне тән жазу түрлері болғандығы. Ол жазулардың Орта Азия, Қзақастан, Шығыс Түркістан жерлерінен табылғандығы.

2

1,2,4,5,8




10

Қараханид түріктерінің тіліндегі ескерткіштері.


Қараханид түріктері тілінің зерттелу жайы, грамматикасы.


2

1,2,3, 4,8,10





Тәжірибелік (семинар) сабақтары: :




Тақырыбы

Практикалық сабақтардың мазмұны

Сағат саны

Әдебиеттер

Ескерту

1

Қазақ жазуының тарихы туралы ұғым

Жазу және жазба тіл. Жазба тіл мена уызекі сөйлеу тілі, олардың өзіндік ерекшеліктері. Жазудың түрлері. Буын жазуы. Әріп жазуы, оның пайда болуы мен тармақтары туралы мәліметтер.

2

1,2,3





2

Руникалық көне түркі графикасы

Руникалық көне түркі мұраларының тіліне қысқаша шолу. Саылыстырмалы түрде қазіргі тіліміздің факторлары мен фонетикалық жүйе, лексикалық мағына, морфологиялық формалар , синтаксистік тіркесімділік жағынан көп жағдайда қзақ тіліне ұқсас келетіндігіне көз жеткізу.

2

1,2,4




3

Әр жазудың тарихы туралы ой-пікірлер

Жазудың алғашқы түрлері. руникалық, араб, латын графикаларының өзіндік ерекшеліктері мен зерттелуі.

2

1,2,6,8




4

Манихей әліпбиінің құрамы

Көне түркі жазуының басқа түрлері арасында кең тараған көне айтүркі тайпаларына тән Манихей, соды және ұйғыр әліпбилеріне негізделген жазу түрлері.Манихей әліпбиінің құрамы көне түркі фонетикасы жүйесіне сәйкестігі.

2

1,2,5,6




6

Көне ұйғыр жазуы

Латын графикасы

Ескерткіштер табылған аймақтар

Көне ескерткіштердің тілі



Араб әліпбиімен жеткен көне ескерткіштер
Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа түрі (төте жазу)

Көне ұйғыр жазуы ескерткіштерімен таныстыру, оның жазылу үлгілерін көрсету, оқыту. Ұйғыр әліпбиі туралы мәлімет, Ұйғыр жазуымен жеткен көне ескерткіштер және олардың жазылуы.

1

1,2,3,6,7,8




7

Латын графикасының түркі және басқа халықтарға кең тарауы, шығу тегі, даму тарихы. Түркі тілдес халықтардың 1924-29 жылдары латын әліпбиіне көшуі.Бұл туралы пікірлер. Латын графикасына лайық қазақ әліпбиін қабылдаудың негізгі принциптері.










8

Қазақстан жерінен Ертіс, Іле, Жамбыл, Сырдария ,Талас жерлерінен иабылған ескерткіштер, олардыңзерттелуі мен оқылуы, ғылыми маңыздылығы.

1

1,2,3,6,7,8




9

Көне түркі жазуының арасында Манихей және соғды, ұйғыр әліпбилеріне негізделген жазу түрлері болғандығы. Сонымен қоса, санскрит мәтіндері арқылы буын жазуы брахми, оның бір түрі-тибет жазуы да көне түркілерге келгендігі туралы.

1

1,2,3,6,7,8




10

Араб әліпбиімен жеткен көне ескеткіштер Ж.Баласағұнның «Құдағу білік», М.Қашқаридың «Дивани лұғат ат түрік», Рабғузидің «Қисса ал-анбия». Орта түркі ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктеріне, тіліне шолу жасау, зерттелу жайын айту.

1

1,2,3,6,7,8




11

Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа түрі 1924 жылы қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемделіп, 32- ден, 25 әріпке жетуі жайында.

1

1,2,3,6,7,8




12


Латын графикасына негізделген қазақ тілі мәтіндеріне тілдік талдау жасау.

Латын графикасына Латын графикасына негізделген қазақ тілі мәтіндеріне тілдік талдау жасау.

1

1,5,6,7,




13


А.Байтұрсынов тіл білімінің негізін қалаушы.

Ғалым А.Байтұрсынұлының өмір жолымен ғылымға қосқан үлесі. Алғаш тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі ретінде ғылыми зерттеу еңбектеріне шолу жасау.

1

6,7,8,2,




14


1940 жылдан бастап орыс әіліпбиінің графикасына лайық қазақ әліпбиін қабылдаудың негізгі принциптері.

Орыс әліпбиінің графикасына негізделген қазақ әліпбиін қабылдау жайында мағлұмат. Осы жөнініде республикалық газет-журнал беттеріндегі мәліметтерге шолу.

1

5,4,8,3,9,7,




15

К.Ахановтың тіл біліміне қатысты еңбектері

Аханов К. Тіл білімінің негіздері Алматы, 1978 атты еңбегін басшылыққа ала отырып, К.Ахановтың өмірі мен еңбек жолы, тіл біліміне қосқан орасан зор еңбегі жайында.

1

6,5,2,1,4,3,8,9,





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет