6-тақырып. Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі, орта ғасыр дәуірлері Жоспары



бет1/4
Дата04.01.2023
өлшемі41.67 Kb.
#468105
  1   2   3   4
6-лекция


6-тақырып. Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі, орта ғасыр дәуірлері


Жоспары:
1.Түрк қағанатының қалыптасу тарихы
2.Көне түркі жазу ескерткіштерінің негізгі топтары
3.Қараханидтер дәуірінің жазба ескерткіштері
4.М.Қашқаридің «Дивани-лұғат-ит түрк» еңбегі
5.Шағатай жазба әдеби тілінде жазылған ескерткіштер


Тірек сөздер: Түркі тілдері қалыптасуының орта ғасыры Х-ХV ғасырларды өз ішіне алады, бұл дәуірде жалпы түркі тілдері өз алдына бөлініп шықты, қараханидтер мемлекеті орнады, оның құрамында қарлұқтар, яғмалар, шігілдер т.б. тайпалар болды, бұл дәуірде жазылған ескерткіштерге мыналар жатады: «Құдатғу біліг», «Дивани-луғат ат-түрк», «Кодекс-куманикус» т.б. Орта Азияда ХIV-ХV ғасырларда қалыптасқан әдеби тілге байланысты шағатай тілі деген термин қалыптасты.

1.Шығыста қытайлар мен сяньбилердің соққысынан кейін хун империясының құлауы, хундардың бір бөлігі Орта Азияға, екінші бөлегі Еуропаға, үшінші бөлегінің қытайларға қосылуы, төртіншісі-сяньбилердің құрамында қалуы Шығыс тарихында үлкен өзгеріс енгізе қойған жоқ. Себебі сяньбилерде, жужандарда көшпелі халық болатын. Олар тез араласып, тез арада ажырасып, жеке мемлекетке айналып отырған. Ал батыста болса, хундардың қозғалысы тайпалар одағының орын өзгертуіне, ұлы көшпенділіктің басталуына себепші болды. Мысалы: сяньбилердің соққысынан кейін Алтай, Саян тауларын аса Еуропадағы бет алған хун тайпалары жолындағы угро тілінде сөйлейтін тайпалармен бірге түркі тілінде сөйлейтін тайпаларды ілестіре отырып, Еділ бойындағы алаңдарды Дон бойына ығыстырады. Хундардың осылай ыдырауы негізінде пайда болған бұлғарлар мен хазарлар Еділ, Дон бойларын Кавказ тауы етектерін, Арал, Каспий жағаларындағы ру тайпаларды қозғалысқа салды. Демек, көптеген көшпелі тайпалардың мекен ауыстырып, көшіп-қонуы Ресей мен Византия сияқты үлкен мемлекеттерге де ықпалын тигізді. Оңтүстікте олар Иран мемлекетіне де ене бастағаны белгілі.


Түркі тайпалары Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Дон аралығы мен Кавказ тауларының етектерінде қаншама көшіп-қонып жүрсе де, олардың ту тіккен жері Сібір өлкесі болатын. «Түрік» сөзі де осы Сібірде қолданылған.
А.Н.Гумилевтің көрсетуінше, біздің заманымыздың 439 жылы тобасцилер хундардың қалдықтарын жеңіп, Хэси өлкесін қытайдың Вэй империясына қосқан кезде 500 үйлік хунның князі Ашина жужандарға қашып өтеді де, Алтай тауының оңтүстігіне орналасады, олар жужандар үшін темір қорыта бастайды. Қытайлықтар Ашина тобын және оның айналасындағы, қол астындағы халықтарды ту-кю деп атайды. П.Пелльо бұл қытай сөзін тюрк-ют деп транскрипция жасаған. «Түрк» деген сөз «күшті», «мықты», «берік» деген мағынаны білдірсе, ют морфемасы монғол тілінде көптік мағынаны білдіреді. (Түрк, түркі сөздерінің этимологиясы туралы алғысөзде толығырау айтылған. Бұл жерде түрк (бұрынғы дәстүр бойынша) пен түркі (кейінгі қалыптасуы) атаулары бір этнонимінің нұсқалар ретінде алынған). Дегенмен де, аз санды Ашина тез арада үлкен беделге ие болуы екіталай еді. Солай бола тұрса да, Ашина тобының жауынгерлігі, Ашинаның ұйымдастырушылық қабілеті мен қолбасшылық қабілеті мен қолбасшылық дарындылығы 500 үйлі топтың басын біріктіріп, басшы тайпаның (топтың) бірі болуына мүмкіндік алды. Ашинаның Алтай тауының оңтүстігіне көшіп келуіне ертеректе көшіп келген хун тайпаларының сол араларда болуы да себеп болса керек.
468 жылы батыс хундар халық ретінде жойылса, 545 жылы түрктер халық ретінде тарихи аренасына шықты. Өте қысқа мерзім ішінде хун тайпаларының жеке халық ретінде қалыптасуы 500 үйлі Ашина тобынан басқа да, Алтай, Саян таулары баурайларында туыстас тайпалардың мол болғандығынан дерек береді.
Халық аз уақыт ішінде қалыптаспайды, ол біртіндеп даму нәтижесінде қалыптасады. Түркі халықтары да солай біртіндеп даму негізінде қалыптасқан. Олардың негізгі Хун империясы кезінде-ақ пайда болған. Бірақ «түркі» сөзінің этноним ретінде қалыптасуы соңғы кездерде (монғол шабуылынан кейін) ғана, о баста түркі(>түркі) сөзі тайпалар одағының атауы ретінде қолданылған. Ал, 545 жылы болса, Батыс Вэй императоры Вэньда түрктердің қағаны (ханы) Бумынға арнайы елші жіберіп, Шығыс Вэй императоры Гао Хуаньға қарсы одақ жасауды ұсынады. Екінші сөзбен айтқанда түрк қағаны Бумынды Қытай императоры өзі мен тең санап, түрктерді жеке халық деп есептеп, одақтастыққа шақырған. Бірақ түрктер бұл кезде жужандарға бағынышты болатын, сондықтан олар Батыс Вэй императорымен астыртын байланыс жасаудан аса алмайды. Тек 552 жылдың қысында Бумын қаған жужань ханы Анахуаньға қарсы жорық жасап, оны жеңеді. Жужань ханы өзін-өзі өлтіреді. Сол соғыстан кейін түрктер бостандық алып, Бумын қаған атағына ие болады. Осы жылдан түрк қағанаты дербес өмір сүре бастайды. 552-554 жылдар олар Енисей қырғыздарын, қай тайпаларын, қидандар мен оғыз-татар тайпаларын өзіне қаратып алады. Түрк қағанаты тек шығысқа қарай ғана қанат жаймай, олар өз территориясының шегін батысқа қарай кеңейте бастайды. Түркілер батыс жорығын Бумын қағанның інісі Истемин қаған басқарды. Истемин қаған өз жорығын 552 жылдан кейін бастады. 555 жылыоның жасақтары Арал теңізін орай өтіп, Каспийге дейін жетеді, бірақ Еділден ары өте алмайды. Оңтүстікте шекарасы Әмударияны жағалай отырып, Шаштың (қазіргі Ташкенттің) солтүстігіне өткен. Соғдияна мен Бұхара Истеминнің қол астына кірмей қалған. Сөйтіп Еділден Сары теңізге дейін созылып жатқан ұланғайыр территория Түрік қағанатының қол астына қарайды. 571 жылы түрк сарбаздарының аттары Солтүстік Кавказ жерінің шаңын шығарып жатты. Бұдан бұрын Истемин қаған Бұқара мен Соғды жерін жаулап алған болатын.
Осыншама байтақ жерді алып жатқан феодалдық мемлекет ұзақ уақыт өз бірлігін сақтап келді. Тек 603 жылы ғана ол Батыс және Шығыс түрк қағанаттарына бөлініп кетті. Батыс түрк қағанатының орталығы Жетісуда, Шығыс түрк қағанатының орталығы Монғолия территориясы болды. Батыс түрк қағанатының тілі туралы мардымды материал жоқ. Дегенмен Батыс түрк қағанатының құрамынданегізінен түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың саны мол болғандығы тарихтан белгілі. Батыс түркі қағанатының құрамындағы бұлғарлар мен хазарлар, печенектер мен қыпшақтар түркі тілінде сөйлегені анық. Жеке сөздер мен сөз тіркестері осы дәуірдегі саяхатшылардың естеліктері мен жазған кітаптарында, сол дәуірдегі жарық көрген түрлі сөздіктерде кездейсоқ кездесіп қалады. Кейде топонимдік атаулар мен ономастикалық материалдар да кездеседі. Егер Батыс түрк қағанатының құрамында болған халықтар мен жерлердің тарихына үңілсек, оған қазіргі чуваш, башқұрт, татар сияқты халықтардың территориясы, Қырым, Кавказ, Мавренахр (Қос өзен арасы), Қазақстанның ұлан-байтақ жерлері қарағандығы мәлім. Қара Гүрен қаған өлгеннен кейін Батыс түрк қағанатында жеке мемлекет болып бөлініп шығу үшін әрекет етушілер көбейе бастады. Әсіресе, түргештер бұған өте белсене кірісті. IX ғасырда Батыс түрк қағанатының жерінде бұлғарлар, хазарлар, қыпшақтар, оғыздар, қарлұқтар өздерінің мемлекеттерін құрды. Ал шығыс түрк қағанатында ұйғырлар мен қырғыздар мемлекет орнады.
Шығыс түрк қағанатының географиялық жағдайы Батыс қағанатына қарағанда мүлде басқаша болатын. Бұл қағанатқа белгілі дәрежеде күш көрсетіп, белгілі дәрежеде бағыт сілтеп отыратын қытай империясы мен Тибет бар болатын. Алғашқы кезде Батыс қағанат Қытайдың ішкі істеріне белсене араласады. Солардың көмегімен 618 жылы Суй династиясын аударып, Тан династиясын орнатады. Бірақ Тан династиясы тез арада түрктерге қарсы шабуылға шығып, 630 жылы оларға қатты соққы береді. Түрктер өздерін қытайларға қарсы қойып, VII ғасырдың 80-жылдары Құтлұғ қағанның бастауымен қытайларға қарсы көтеріледі. Құтлұғ-түрктер тарихында Эльтэрэс (Елтеріс) «Халықтың басын қосушы» деген атымен мәлім. Элтэрэс өлгеннен кейін (691) таққа інісі Мочжо отырады. Мочжо (тарихта Канаган қаған атымен мәлім) билік еткен дәуірде (693-716 ж) қытайлардан мүлде бөлініп, бұрынғы жерлерін қайтарып алады. Мочжо өлгеннен кейін Күлтегіннің (685-731ж.) көмегімен Білге Могилан (684-734 ж) таққа отырады. Бірақ халықтың ішкі жағдайы, ру басшылары мен феодал шонжарлардың таласы Батыс түрк қағандарын мүлдем әлсіретіп жіберген болатын. 745 жылы Батыс қағанат өмір сүруін тоқтатты. Оның орнына ұйғыр хандығы орнайды.
2.Батыс түрк қағанатына қарағанда Шығыс түрк қағанаты ұрпақтарына көп жазба мұралар қалдырған. Олар туралы Қытай жылнамаларындағы деректерден басқа, түрктердің өздері де жазба деректер қалдырған. Олардың ең үлкені де, әсіресе лингвистер үшін құндысы да Орхон-Енисей жазба ескерткіші. Бұл ескерткіш тіл тарихына «руникалық ескерткіш» деген атпен енген. Руникалық жазу ескерткіштері жанры жағынан да, алфавит жағынан да, стилі жағынан да бірізді емес. Көне түркі жазу ескерткіштерінің әрқайсысы Батыс түрк қағанатының әр дәуіріне, белгілі бір саяси әлеуметтік жағдайлармен байланысып жатады. Осы ерекшеліктерін ескере отырып, С.Г.Кляшторный мен Андрей Николаевич Кононовтың көне түркі жазу ескерткіштерін 7 топқа бөліп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет