Қазақ тілін білсең, ақшаң көбейеді. Іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізген ұстаздардың жалақысы көбейетін болады



Дата25.02.2016
өлшемі7.2 Kb.
#25895
Нұр Астана.- 2012.-№ 39.- 27 қыркүйек

Қазақ тілін білсең, ақшаң көбейеді.
Іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізген ұстаздардың жалақысы көбейетін болады.

С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А. Күрішбаев қарамағындағы оқытушыларға осындай талап қойып отыр. Бұл жөнінде университет аясында ұйымдастырылған Тілдер апталығында қортынды кешінде ректордың өзі мәлім етті. Ал тілдер мерекесіне орай өткізілген сайысқа тек өзге ұлт өкілдеріне ғана қатысуға мүмкіндік беріліпті. Орыс, кәріс,татар ұлтының ұл-қыздары домбырамен күй тартып, тамылжытып ән салды. Мәнерлеп өлең де оқыды. Владислав Цой. Максим Николаев секілді мемлекеттік тілді меңгеріп, ел құрметіне бөленіп жүрген азаматтарға кейінгі жастарға үлгі болып жүргендіктері үшін алғысын білдірді. «Мемлекеттік тілге, қазақ ұлтына құрмет көрсетіп, тілді еркін меңгерген осындай азаматтарға біз де қашанда құрметпен қарауымыз керек», - деді университет ректоры.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет