«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауының Техникалық тапсырмасы



бет3/6
Дата12.07.2016
өлшемі403 Kb.
#193703
1   2   3   4   5   6

5.1 ИБТ БЖ қойылатын жалпы талаптар


ИБТ БЖ келесі талаптарға қанағаттандыруы тиіс:

  • бірнеше пайдаланушы режимін қолдауы керек;

  • талап бойынша тіркелген пайдаланушылар санын қолдау қажет;

  • мәліметтерге бір уақытта бірнеше пайдалануышының қолжетімділігін қамтамасыз ету керек;

  • ақпараттардың үлкен массивін қолдауды қамтамасыз етуі қажет;

  • ИБТ БЖ мәліметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек (қолжетімділікті бөлу, әрбір пайдаланушының әрекетін протоколдап отыру);

  • пайдаланушының жұмыс орнындағы компьютерлерге, аппараттық бөлігіне қойылатын талаптардың минимальды талаптарын қамтамасыз етуі керек;

  • жұмыстың сенімділігі және үзіліссіздігін қамтамасыз етуі қажет;

  • бағдарламалық жабдықтау тарапынан масштабталуға шектеу болмауы тиіс, тек техникалық құралдардың мүмкіндіктеріне ғана байланысты болуы керек;

  • ИБТ БЖ пайдаланушысына жұмыс үшін эргономикалық интерфейсті қамтамасыз етуі керек;

  • жаңа жұмыс орнын орнатудың қарапайымдылығын қамтамасыз етуі керек; қиындықсыз

  • ИБТ БЖ жаңа версияларын орнатудың қарапайымдылығын қамтамасыз етуі қажет;

  • мәліметтер қоры деңгейінде мәліметтер алмасу арқылы қолданыстағы жүйелермен интерфейстік мәліметтерді қолдауды қамтамасыз етуі керек;

  • TCP/IP коммуникациясы протоколдарын қолдауы қажет.

5.2 ИБТ БЖ құрылымына және қызметіне қойылатын талаптар


ИБТ БЖ ашық жүйелер стандарттарына сәйкес жасалуы керек, мәліметтер алмасу үшін компьютерлік желі бар жағдайында ТПБ АЖО мен ИТ АЖО арасында клиент-сервер архитектурасында жұмыс атқаруы тиіс.

  • Ақпараттарды көрсету, ұсыну дәрежесі (мәліметтерді енгізу және көрсету функциясын атқарушы) бағдарламалық өнімнің функционалдығын қамтамасыз ететін компоненттерден тұрады;

  • ақпараттық ресурстарға қолжетімділік дәрежесі (тест тапсырмаларын сақтау, олардың тасымалдауын басқару фукциясын атқаратын)

  • Мәліметтер қорын басқару сервері.

МҚ сервері ретінде FireBird 2.5 мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) қолданылуы керек.

Клиенттік қосымшаларды жасау үшін Embarcadero Delphi 2010 / 2011(XE) бағдарламалық ортасы пайдаланылуы керек.

Пайдаланушылардың жұмыс станциясы үшін операциялық жүйе ретінде Windows XP немесе одан жоғары операциялық жүйесін қолдану ұсынылады.

ИБТ БЖ келесі мүмкіндіктері болуы керек:



  • толығымен Қазақстан талаптарына бейімделген болуы керек (мәліметтерді енгізу мен оларды көрсету, пайдаланушылардың сұраныстары, ескерту, хабарлама берулердің барлығы үшін қазақ және орыс тілдерін пайдалану)

  • орнату, баптау, қызмет көрсету мен администрациялау барысында қарапайым болуы керек;

  • ережеге сәйкес объектілерді автоматтандырудың бизнес-процесінің талаптарына толықтай сәйкес болуы керек;

  • мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етудің қарапайым мүмкіндігі болуы керек;

  • пайдаланушы мен администраторға жетік, интуитивті-түсінікті графикалық интерфейсі болуы керек;

  • мәліметтердің кең таралған форматтарын қолдау мүмкіндіктері болуы керек;

  • арнайы есеп берулер мен сұраныс жасаулардың мүмкіндіктері қарастырылған болу керек;

  • пайдаланушылардың ИБТ БЖ жұмыс барысында толық электронды көмек көрсетуші болуы керек;

  • ИБТ БЖ баптаудың кең мүмкіндіктері қарастырылған болуы қажет.
      1. ИБТ БЖ құрылымының қауіпсіздік талаптары


ИБТ БЖ құрылымының қауіпсіздігі ИБТ БЖ қызметінің әртүрлі режимдеріне қолжетімділікті бөлу мен пайдаланушылардың әртүрлі профильдері үшін парольдер қоюмен қамтамасыз етіледі:

  • тест тапсырмаларын енгізу мен түзету үшін;

  • тест тапсырмаларын көру үшін;

  • емтихан материалдарын қалыптастыру үшін;

  • администратор жұмысы үшін.
      1. ИБТ БЖ жұмыс атқаруының режимдеріне қойылатын талаптар


Жанама құрылғылар мен тест тапсырмаларының мәліметтері қоры дұрыс жұмыс атқарып тұрған уақытта ИБТ БЖ қосылуы кәдімгі режимде өтуі керек.
      1. ИБТ БЖ дамыту мен жетілдіру перспективасы


ИБТ БЖ оны әрі қарай дамыту мен жетілдіру үшін, жаңа функциялар қосу үшін ашық болуы керек. ИБТ БЖ ашықтығы мен сабақтастығы келесі іс-шаралар есбінен қамтамасыз етілуі керек:

  • ИБТ БЖ барлық копмоненттері мен функцияларын толық және сапалы құжаттау;

  • бағдарламаның негізгі кодын жазу барысында қолданыстағы бар стандартар мен келісімдерді сақтау;

  • компьютер, бағдарламалық жабдықтау және мәліметтер форматы салаларында әлемдік және мемлекеттік стандарттарды сақтау;

  • жүйелік анализ, бағдарламалық жабдықтауды әзірлеу мен жобалаудың кең таралған заманауи амалдарын пайдалану;

  • бағдарламаның негізгі кодын жазу және жасау барысында оларды құжаттау;

  • ИБТ БЖ модульді құрылымын сақтау.

ИБТ БЖ жетілдіруі Қазақстан Республикасы заңнамаларының өзгеруіне байланысты қамтамасыз етіледі.
      1. Сенімділікке қойылатын талаптар


ИБТ БЖ сенімділігі келесі:

  • сенімді құрылғылар, өндірістік бағдарламалық жүйелерді таңдаумен;

  • негізгі аппараттық және бағдарламалық құралдардың резервтік көшірмесін әрдайым жасап отыру мен МҚ резервтік көшірмесін жасап отырумен;

  • сенімді сыртқы және локальді сандық желі пайдаланумен;

  • ИБТ БЖ үздіксіз ток көзінің болуымен;

  • ИБТ БЖ администраторына тек регламенттелген қолжетімділігі болуымен;

  • желілік экрандар мен антивирустық бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық жүйелердің қорғаумен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттарды сақтау мен қандай да бір себептерге байланысты бағдарламалық жабдықтаудың жаңылуы кезінде мәліметтердің жоспарлы резервтік көшірмелерін жасап отыру керек.
      1. Мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар


Бағдарламалық жабдықтауды сүймелдеуші мамандардың саны ИБТ БЖ барлық мүмкіндіктерін пайдаланудағы автоматтандырылған процесстерді сүйемелдеуге жеткілікті болуы қажет.

Тест тапсырушыға бағдарламалық жабдықтауды қосып беруші соңғы пайдаланушы (оператор) операциялық жүйелердің пайдаланушыларға ұсынатын графикалық интерфейсімен жұмыс атқара алатындай практикалық дағдылары ьолуы керек.

ИБТ БЖ барлық пайдаланушылары Windows операциялық жүйесінің «нық сенімді» пайдалушылары болуы керек. Мұндай дағдылары қалыптаспаған пайдаланушылар ИБТ БЖ жұмыс жасау алдында алдын ала біліктілік курстарынан өтулері қажет.

Мамандардың жұмыс жасау режимі мекеме жұмысының режимімен сәйкес болуы керек. Бағдарламалық жабдықтауды пайдалану барысында бір ғана маман бірнеше маманның жұмысын атқаруы мүмкін.

БЖ пайдаланушылардың лауазымдық міндеттемелер саласы бойынша кәсіби дайындығы, дербес компьютерді пайдалана білу біліктілігі және электрондық құжаттармен жұмыс жасаудың арнайы дағдылары болуы керек.

      1. Техникалық эстетика мен эргономикасына қойылатын талаптар


ИБТ БЖ пайдаланушыларының автоматтандырылған жұмыс орындары келесі талаптарға қанағаттандыруы тиіс:

  • ИБТ БЖ қосымшаларының формалары дизайны бойынша түсінікті әрі ыңғайлы болуы қажет;

  • пайдаланушы интерфейсі көмек жүйесімен (еске салу, көмек) қамтамасыз етілген болуы қажет;

  • жүйелік диалогтық терезелер мен басқару элементтері пайдаланылуы керек;

  • дизайн немесе әрлеу барысында жүйелік түстер пайдаланылуы керек;

  • эргономикалық өзгерістер ИБТ БЖ барлық компоненттеріне байланысты болуы керек.


      1. Ақпараттарды қорғау мен санкцияланбаған сырттан ену жағдайларына қойылатын талаптар


ИБТ БЖ қауіпсіздік деңгейінің талаптарына сәйкес сыртқы каналдармен тасымалданатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Жүйемен жұмыс барысында ИБТ БЖ ресурстары мен мәліметтер қорына пайдаланушылардың қолжетімділігі шектеледі.

ИБТ БЖ модульдерінің келесі іс әрекеттерден сақтандырылуы керек:



  • ақпараттарға санцияланбаған сырттан енуден;

  • апаттық жағдайларда ақпараттың бүлінуінен;

  • байланыс каналдары арқылы тасымалдау кезінде санцияланбаған қолданыс пен мәліметтерді бұрмалаудан;

  • операторлардың механикалық қателіктерінен;

  • технологиялық операцияларды орындау кезіндегі техникалық жаңылудан.

Санкцияланбаған енуден сақтау жүйесі келесіні қамтамасыз етуі керек:

  • ИБТ БЖ пайдаланушылардың желіде тіркелуі кезінде оны анықтау мен айырып тану әрекеті орындалу тиіс;

  • әрбір пайдаланушының мәліметтерді енгізу, түзету, мәліметтерді көру, есеп берулерді жасаулар секілді мүмкіндіктерге олардың құқықтарының бар-жоқтығын анықтауы қажет;

  • пайдаланушылардың жүйелік ресурстарға қолжетімділік құқығын анықтау керек;

  • пайдаланушылардың жұмыс барысын протоколдап отыру режимі, және олардың мәліметтер қорында авторландыру мүмкіндігін қарастыруы керек.
      1. Патенттік тазалыққа қойылатын талаптар


ИБТ БЖ әзірлеу барысында қажет болған бағдарламалық жабдықтаулар, операциялық жүйе мен офистік бағдарламалардың патентік тазалығы Қазақстан Республикасындағы талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

  1. Функционалдық талаптар


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет