Қазақ тілінен қайталау тесті 3-сынып
1. Жазушы сөзіндегі –шы қандай қосымша?
а/ Жұрнақ ә/Жалғау б/Түбір
2. «Таға» қандай сөз?
а/ түбір сөз ә/туынды сөз б/біріккен сөз
3. «Біл» сөзінің түбірлес сөздерін тап
а/ белгілі, белдік, белдеу ә/ білім, білгір, білгіш. б/ берік, берен, береке
4. «Керуеншілер» сөзі қай сөзге жатады?
а/ түбір сөз ә/ қосымшалы сөз б/ сын есім
5. Сөз құрамына дұрыс талданған сөзді тап
а/ жазушылар ә/ оқулық б/ кітапта
6.Түбір сөзді тап
а/ білім, сызық, достар ә/келді, алды, оқыды б/оқы, дос, біл
7. сызбаға сәйкес сөзді тап
а/ мектепте, қалада ә/әнші, күйші б/достар, балалар
8. ( түбір+жұрнақ ) сызбаға сәйкес сөзді тап
а/ жазушы ә/өнерпаз б/балаға
9. (түбір+жұрнақ+қосымша ) сызбаға сәйкес сөзді тап
а/ оқушылар, балалар ә/кітапханаға, ауруханада б/қалаларға, жұмысқа
10. Жалғаудың неше түрі бар?
а/ 5 ә/ 6 б/ 4
11. Мына сөздердің қай қатарында жуан дауысты дыбыс барын көрсет.
а/ қыс, суық, боран, тұман ә/ Үсен, әйнек, өрнек, ирек
12. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а/ о-қу-шы ә/ оқ-у-шы б/оқу-шы
13. Дұрыс тасымалданған сөзді тап
а/ к-езекші ә/ кезе-кші б/ке-зекші
14. Сөйлемдегі етістіктің астын сыз
Әтеш шақырады.
15. «Жазып отыр» етістігі қандай етістікке жатады
а/ дара етістік ә/ күрделі етістік б/ туынды етістік
16. «Алатау» деген сөзқай есімге жатады?
а/ сын есім ә/ жалқы есім б/жалпы есім
17. «Байлық» сөзі қандай зат есім?
а/ негізгі зат есім ә/ туынды зат есім б/ етістік
18. «Дәптер» сөзін тәуелдеп жазғандағы 3 жақты тап
а/ дәптерлеріңіз ә/ дәптерлері б/дәптерлеріміз
19. Қазақ тілінде сөз таптары нешеу?
а/ 5 ә/3 б/9
20. Мына сөздер қандай сөз? Айналайын, қарағым, ботам
а/ қаратпа ә/қыстырма б/ біріккен (Құрастырған Умарова Г.Т.)
Достарыңызбен бөлісу: |