Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай»



Дата17.07.2016
өлшемі92 Kb.
#206302
түріСабақ

Бәйдібек ауданы

«Бөген» жалпы орта мектебі

қазақ тілі мұғалімі

Бимурзаева Лаура
5-сынып

«КЕРҚҰЛА АТТЫ КЕНДЕБАЙ»

ЕРТЕГІСІН ОҚЫТУ

Сабақтың тақырыбы: « Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі

Кендебай бейнесі.


Сабақтың мақсаты: Білімділік. « Керқұла атты Кендебай» ертегісін

қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша

отырып, кейіпкер туралы түсінік беру. Өткен

тақырыптармен байланыстыра отырып, әдебиеттен алған

білімін жетілдіре түсу.
Тәрбиелік. Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке,

қайырымдылыққа тәрбиелеу. Оқушы бойына ерлік,

батылдық қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық. Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға

дағдыландыру. Әдебиетке қызығушылығын ояту.


Сабақтың түрі. Сабақты қорыту, білімді жүйелеу.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар көрмесі. Жоспар жазылған плакат .
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері. Қазақ тілі.
Сабақтың барысы. I Ұйымдастыру кезеңі.
II Сабақ құрылымымен таныстыру.

1 Қайталау- оқу анасы.

2 Кітап- досың, ақылшың.

3 Өнерлі өрге жүзер.

4 Кейіпкер келбеті.


  1. Білімдіден ақыл шығар.

Қайталау- оқу анасы. Өткен сабақтарда ертегілер, оның түрлері,

«Керқұла атты Кендебай» ертегісімен таныстық. Олай болса, ортақ сұрақтар қоямын.

Ертегі дегеніміз не? Оның құрылысы қандай? Ертегінің қандай түрлері бар? « Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады
2. Кітап- досың ақылшың.

А) Түсінгенін жоспар бойынша қысқаша айту.

1. Кендебайдың дүниеге келуі.

2. Мергенбай батырдың баласымен кездесуі.

3. Кендебайдың малшы болуы.

4.Алтын құйрықты құлын.

5. Ханның шарты.

Ә) Мәтінмен жұмыс.

- Қазанқап кедейдің іс- әрекеті, кәсібі туралы айтылған жерді тауып оқу.

- Сиыр айдап өткізер жерін табу.


3. Өнерлі өрге жүзер.

Кендебай мен жетім бала кездескен сәтінен инсценировка көрсету.

Мақал- мәтелмен түйіндеу.


  1. Кішіпейілділік- кішілік емес, кісілік.

  2. Мейірімділік- жүректен,

Мейірімсіздік- біліктен
4. Кейіпкер келбеті ( теориялық жұмыс).

А) Сыртқы түрін, қимыл- әрекетін, мінез- құлықн, бббасқалармен қарым- қатынасын ойша біліп, көз алдымызға елестетеміз. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер деп атаймыз.

Ә) Ертедегі қарама- қарсы кейіпкерлерді табайық.

Кендебай Бай балалар

-еңбекқор -еріншек

- мейірбан -жалқау

- батыр -өтірікші

-жігерлі - шыдамсыз

Б) Топтастыру стратегиясы. Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

.



адал жанашыр

Қайырымды Кендебай мейірімді

айлалы
5.Білімдіден ақыл шығар ( әр қатарға деңгейлік тапсырма).

1- қатар: Кендебайға ұқсағаң келе ме?

Қай қасиетті көбірек ұнады?

Қазіргі жастар бойынан осындай қасиеттер кездесе ме?

2- қатар: Сен осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізер едің?

3- қатар: Суреттер сөйлейді. Тест сұрақтарын беру.

Өзіміз оқыған ертегілердің қайсысына ұқсайды?
Ер Төстік Кендебай


  • Жылқы малымен дос болу

  • Сөйлеуі


Сабақты бекіту: 1. « Керқұла атта Кендебай» ертегісін неге қиял-

ғажайып ертегіге жатқызамыз?

2 Халық арманын қай жерден көруге болады?

3 Кейіпкер дегеніміз не?


Үйге тапсырма: 1. Ертегіні ары қарай жалғастырып жаз.

2. Сөзжұмбақ құрау.


Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет