Лексика тарауы бойынша тест



Дата18.01.2024
өлшемі20.87 Kb.
#489327
Лексика бойынша тест


Лексика тарауы бойынша тест
1. Лексиканың зерттеу нысаны: а) Сөз; ә) Дыбыс; б) Сөйлем; в) Әріп.
2. Толық мағыналы сөзді көрсет: а) дейін; ә) білім; б) керек; в) жөн.
3. Омонимдік қатарды табыңыз: а) қайшының жүзі,суға жүз; ә) жүз,келбет;
б) жүз,өң,дидар; в) таудың басы,ағаштың басы.
4. Антонимдерді табыңыз: а) үлкен-биік; ә) тез-бар; б) үлкен-кіші; в) таза ауа.
5. Синонимдік қатарды анықта: а) халық,жұрт,көпшілік; ә)қымбат-арзан;
б) кәрі,қарт,жас; в) үлкен-кіші.
6. Диалект сөзді тап: а) асаба,аймақ; ә) сүгірет,торлама; б) ханша,сарай; в) Ойсыл қара.
7. Эвфемизмді көрсет: а) ит өлген жер; ә) Ойсыл қара; б) жан тәсілім етті; в) боқмұрын.
8. Тұрақты сөз тіркесін тап: а) Қас қаққанша; ә) Кең болсаң,кем болмайсың;
б) Білімнің қайнар көзі; в) Кітап-білім бұлағы.
9. Мақалды көрсет: а) Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде;
ә) Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда;
б) Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек бекер мал шашпақ;
в) Көзді ашып-жұмғанша.
10. Табу сөздерді тап: а) абысын-ажын; ә) еркем, кенжем;
б) сыйға сый,сыраға бал; в) үлкен-кіші.
11. Дисфемизмді анықта. а) боғымен жасты баламен ойнау; ә) ит үреді, керуен көшеді;
б) ел іші-өнер кеніші; в) еркем, кенжем.
12. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөз тіркесі.
а) қалың дәптер; ә) қалың қол; б) үлкен үй; в) таза бөлме.
13. Омонимді тап:
а) Алатаудың аясындағы балапанды аяп, ұясына апарып қойды;
ә) Бұл жұмыс көпшілікке аян болды; б) Хан-елдіктің ең жоғарғы өызметі; в) Білімді мыңды жығар.
14. Кәсіби сөзді анықта: а) биші; ә) Қорқыт; б) атауыз; в) етікші.
15. Араб тілінен енген сөз: а) кәмпит,сөмке; ә) мектеп,ғибрат; б) Алтай, Зайсан; в) бәтеңке.
16. Фразеологизмді анықта: а) айы оңынан туды; ә) ұялаған тек тұрмас; б) әділ төрелік; в) қонақкәде.
17. Қолдануға жаңадан енген сөз а) лексика; ә) президент; б) жеделхат; в) патсайы.
18. Синонимді анықта: а) баспана, қора; ә) аяу, аяқтау; б) жалғыз, жалақы; в) кітап, қалам.
19. Орыс тілінен енген кірме сөз: а) кәмпит, сөмке; ә) пұл, ғибрат; б) Алтай, Зайсан; в) ұран, ұлан.
20. « Қыздың жиған жүгіндей » тұрақты сөз тіркесінің антонимі: а) көрікті; ә) ретсіз; б) әдемі; в) таза.
21. География ғылымының терминдері: а) етіс, жалғау; ә) үдеу, рәміз; б) тамыр, жасуша; в) құрлық, түбек.
22. Диалект болатын сөз. а) шалбар, көйлек; ә) бекіре, шортан; б) жөткіру, сым; в) кітапхана.
23. Көп мағынаға ие бола алатын сөз: Бұлақ көрсең көзін аш. а) бұлақ көрсең; ә) көзін; б) аш; в) көр.
24. Диалект болатын сөзді тап: Оның баратын жері алыстұғын. а) Оның; ә) баратын; б) жері; в) алыстұғын
25. Терминдерге тән белгілер: а) көнерген сөздер; ә) ғылым, техника саласындағы сөздер
б) кәсіпке байланысты сөздер; в) белгілі бір аймаққа тән сөздер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет