Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет32/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
ШОҚАН – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ 
 
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, шы-
ғыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағар-
тушы.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде 
қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын же-
рінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге 
келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы аға сұлтан болған. Шоқан-
ның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы – Қа-
зақ ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан – оның шөбересі. 
Шоқанның шын есімі – Мұхаммед-Қанафия.
Шоқан әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған. Шоқан 12 
жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілі-
мімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жү-
ріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы 
оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орна-
ластырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолын-
дағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. 
Бұл жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әс-
кери сабақтарға қоса, орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен 
тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері 
оқытылған.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс ті-
лін білмесе де, өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның 


51 
корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын 
басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар ау-
дарды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып 
ақ сурет сала білетін», – дейді.
«Жоңғария очерктері», «Қазақтың халық поэзиясының түр-
лері туралы», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа 
қаласы» т.б. еңбектерін жазды. Табиғатты және ел тұрмысын 
Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны 
орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» 
деп атаған. Тарих, география саласындағы даңқы Петербург ға-
лымдарына да жетіп, 20-дан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс 
География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды. 
Шоқан Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 
тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Аса 
көрнекті қазақ ғалымы өте ауқымды ғылыми-шығармашылық 
мұра қалдырды. Оның «Абылай», «Қырғыздар туралы жазба-
лар», «Ыстықкөл күнделіктері», «Үлкен орда қырғыз-қайсақта-
ры туралы» т.б. еңбектері өте құнды саналады. Шоқанның қа-
зақтардың, сондай-ақ Орта Азия халықтарының өмірінен салған 
150-ден астам суреттері сақталған. Ол қазақтардың алғашқы 
кәсіби суретшілерінің бірі. 
Ш. Уәлихановқа орнатылған ескерткіш бар. Жазушылар
Г. Марков, С. Мұқанов Шоқан туралы роман жазған. «Мәдени 
мұра» бағдарламасы бойынша 2010 жылы «Ш.Уәлиханов» көп 
томдық шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет