«Қазақ тілінің жасалуы туралы» атты еңбекті жазған



Дата15.06.2016
өлшемі92.5 Kb.
#137663
Қазақ тілі Тест сұрақтары 1 нұсқа

1. «Қазақ тілінің жасалуы туралы» атты еңбекті жазған :

А)Сауранбаев В)Радлов С) Бартольд Д)Уәлиханов Е)Айдаров



2. Есiмшенiң жұрнақтарын көрсет

А)ған,- ген,- қан,- кен,- ар,- ер,- р В) ды,- дi,- ты,- тi; С) дар,- дер,- тар,- тер.

Д)-ып,-іп,-п,-ғалы, -келі, -келі; Е)-ма,-ме,-па,-пе

3.Әшекей бұйымдарды кімдер жасайды?

А)зергерлер В)дәрігерлер С)аудармашылар Д) сәулетшілер Е) мұғалімдер

4. Мақалды аяқта

Анам берген туған тілім, ...

А)..., ана тілі ой өсіреді В)...,өнер алды-тіл С)...., туған елдей ел болмас

Д)...., атам берген құрал тілім Е).....,білім-қайық

5.Зат есімнен жасалған етістікті көрсет.

А).көбей В)тазала С)көгер Д)жарқыра Е)сана

6.Біріңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

А)қаршыға В)құмырсқа С)қарға Д)қасқыр Е)қарағай

7.Ғұбайдолла Айдаровтың қанша монографиясы бар ?

А)8 В)6 С)11 Д)10 Е)5

8. Сөздердің орын тәртібі дұрыс сөйлемді көрсетіңіз

А)Болады тоғайда әр түрлі аңдар. В)Әр түрлі тоғайда аңдар болады С) Аңдар болады әр түрлі тоғайда. Д) Тоғайда әр түрлі аңдар болады. Е) Аңдар әр түрлі тоғайда болады

9.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарың табыңыз

А) Біресе, кейде, бірде В)не, немесе, я С)бірақ, алайда, дегенмен Д) да, де, та, те, және Е) себебі, сондықтан

10.Синонимдік қатарға жатпайтын сөздерді белгіле.

А).туған жер ,Отан В)биік,зәулім С)еңбек ,жұмыс Д)қасиетті ,отаншыл Е)көркем ,сұлу

11.Атаулы сөйлемді табыңыз.

А)Жап-жасыл дала В)Қазақстанның жері кең- байтақ. С)Көгілдір көлде аққу

қалқиды. Д)Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу. Е)Таулар бұлтпен тіркескен.

12.Қажетті шылауды қойыңыз

«Ата-анамды сағындым, … оқуды тастап кетуге болмайды»

А) және В) бірақ С) да Д) яки Е) не

13.«Құлан таза» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) кішіпейіл В) ақылды С)момын Д)әділ Е) мықты.

14. «Құдатғу білік» кітабын кім жазған?

А)Ж. Баласағұн В)Н.Сауранов С)Ғ.Айдаров Д)В. Бартольд Е)В.Радлов

15.Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім?

А)сұлтандар В)билер С)батырлар Д)хандар Е)көсемдер

16.Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

А)Көрсеткіш В)Сұра С)Қара Д)Керек Е)Тара

17. Қазақстан Респуликасының ұлттық теңгесі қашан енгізілді?

А) 1993 В) 1991 С) 1992 Д) 1994 Е) 1995

18.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А)ашық мінез B) ашық дала С) қолы ашық D) ашық терезе Е) ашық әңгіме

19.Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

А) кім? не? В) не істеді? қайтті? С) қандай? қай? Д) кімде? неде?

20. Төле би қашан туған?

А)1667 В)1644 С)1663 Д)1664 Е)1756

21.Салыстырмалы шырайда тұрған сөзді тап.

А) биік В) тап-таза С) тар Д) үлкенірек Е) өте дәмді

22.Қазақ тілін зерттемеген ғалым

А)В.В.Радлов В) Н.Сауранбаев С)Ғ.Айдаров Д)В. Бартольд Е) Ж. Баласағұн

23.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А)табиғат В)біраз С)көжек Д)қонжық Е)жылқышы

24.Бастауышы жалқы есімнен болған жақты сөйлемді тап.

А) Еңбек етуді арадан үйрену керек B) Жәуке есікті сыртқа қарай итеріп ашты

C) Қош ұзай берді Д) Маған баруға тура келді E) Жеті қараңғы түн

25.Септеулік шылауды белгілеңіз.

А)Кеше ғана ол ауылдан келді. В)Қоңырау соғылды , бірақ сабақ басталған жоқ.

С)Досым туралы жақсы хабар естідім . Д)Өмірден өз орнын тапқан-ды.

Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

26.Бөлшектік сан есімді тап :

А)100 қаралы В)100-ге таяу С) 100-деген Д)100-100деп Е) 100ден бір

27.Төл сөзді табыңыз.

А) Ол қашан келетінін айтты . В)Жылқылар су ішуге тоқтады .

С) Балам,-деді ол ,- сенің атың кім? Д) Алмас менің атымды сұрады.

Е)Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.

28.Біріңғай жіңішке дауыстылардан жасалған мақалды белгілеңіз.

А) Ерлік – ер адам ісі . В)Бірлік болмай – тірлік жоқ. С)Еңбек етсең , емерсің.

Д)Есебі түгелдің ебі бар . Е)Ар- биік қасиет.

29.Ортақ етісті табыңыз.

А) Жастар ойласты. В) Тас қаланды. С) Әкесінен қаймықты. Д) Тектілігін танытты

30.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Танат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С)Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналысты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

Қазақ тілі Тест сұрақтары 2 нұсқа



1.Тәуелдік жалғауы бар сөзді белгіле.

А) бірлік пен ынтымақ В)отаншыл адам С)туған өлкем Д) жер көлемі С)ұлысты басқару

2. В.В. Радлов кімнің өлеңдерін жазып алған?

А)Жиренше шешен В)Қазыбек би С)Абай Д)Алтынсрин Е) Бұқар жырау

3.Соңғы дыбысы қатаң сөзді тап

А)мектеп В)тамаша С)оқу Д)өмір Е)әке

4.Буын үндестігіне сай жасалған қосымшаны тап

А)Ықыласпен В)зиянкес С)кіріптар Д)әсемпаз Е) лажсыздан

5. Сын – қимыл үстеуді тап.

А) әдейі B) таңертең C) емін – еркін Д) біраз E) тыста

6. Берілген синонимдік қатардан артық сөзді табыңыздар.

Бостандық, еркіндік, азаттық, теңдік, рақымдылық.

А) бостандық Б) еркіндік С) азаттық Д) теңдік Е)рақымдылық

7. « Жеті жарғы « әдет –ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі?

А) Төле би В) Әйтеке би С)Қазыбек би Д) Бала би Е)Әлібек би

8.Дара сын есімді көрсетіңіз .

А)Ақ ала В)Ақ С) Қара ала Д) Қара көк Е) Қызыл сары



9. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не сен барасың, не мен жалғыз барамын. В) Күн суық, әрі қар борап тұр. С) Батырлар шайқасқа кетті, бірақ шайқас болмады. Д) Бірде ән салады, бірде күй тартады. Е) Әжем үйге келді.

10. «Диуани лұғат-ат-түрік» ( түрік сөздерінің жинағы ) қай жылдары жазылған ?

А)1069-1070 В)1070-1071 С)1072-1074 Д)1073-1074 Е)1073-1075

11.«Мұнда» сөзі қандай үстеу

А) мекен В) мезгіл С) мөлшер Д) сын-қимыл Е) сапа

12.Бастауыш пен баяндауыш сан есімнен болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз

А)Үш жерде үш –тоғыз В)Бізге керек сан- он С.)егіз оқушы кешігіп келеді

Д) Ол алтыда келеді Е)Үштен екіні ал.

13.Мақалды аяқта: Тіліңмен жүгірме …

А) біліммен жүгір B) көптеген С) тозбайды D) білімде Е) ақыл азбайды

14. Берілген сөйлемнің ішінен қаратпа сөзін табыңыздар.

Ой-бу, балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.

А) Ой-бу Б) балам-ай С) алдында Д) ұйықтап Е) қалыпсың ғой

15. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А)Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау! В) Балам, амансың ба? С)Өзі осында келіп пе, сірә? Д) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.

Е) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод

16.Отырар қай ғасырларда саяси , шаруашылық , мәдени орталық болған ?

А)X-XIғ В) XIII-XIVғ С) XII-XIIIғ Д) IX-Xғ Е) XVI-XVIIғ

17.Қырқынан шығару – бұл... Сөйлемді аяқтаңыз.

А)жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.

В)нәрестенің туған күніне қырық күн толғанын рәсімдеу.

С)Құда түсу рәсімі. Д)нәрестені киелі , алтын ұясына салу рәсімі.

Е) баланы тербетіп , ұйықтату

18. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой: «Ғылыммен жақын болсаң , ... жетер .

А)басың В)қолың С)тілің Д)білім Е)кітап

19. Сөйлем мүшелерiнiң тұрлаулы мүшелерi.

А) анықтауыш, бастауыш В) баяндауыш, толықтауыш


С) пысықтауыш, анықтауыш Д) бастауыш, баяндауыш
Е) толықтауыш, баяндауыш

20.Нағашы деп кімдерді атайды?

А)бірге туған туыстар В)балалардың анасының төркіні С)әкесінің әкесі Д) балаларының балалары Е) қыздан немесе әпкеден, қарындастан туған балалар

21.Мақалдың мағынасын анықтаңыз.

Ойдың түбі терең , ақылдың түбі ерен.

А)батырлық, ерлік туралы В)ынтымақ, бірлік туралы С)дос, дұшпан жөнінде

Д) ел, қоғам туралы Е) ақыл, парасат туралы

22. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Ер жігіттің құмай тазысы-...

А) сенімді серігі В) қанаты С)оты Д)серті Е)әдіс-айласы

23.Әкеңнің әкесі саған кім болады?

А)немере В)нағашы С)ата Д)жиен Е)шөбере



24. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қалың қар B) Қар жауды С) Қарлы тау Д)Қар қалың жауды Е)Қар жауып тұр

25.Жiбек жолы қандай жол?

А) әуе жолы В) сауда жолы С) су жолы Д) жүру жолы Е) жаңа жол

26. Шабғар деп қай қаланы атаған ?

А)Отырар В)Тараз С)Түркістан Д)Қаялық Е) Созақ

27. Тұрақты сөз тiркесiн тап.

А) Сырт көз - сыншы В) Ауру қалса да әдет қалмас С) Қой аузынан шөп алмас Д) Денсаулық – зор байлық Е) Үй үстiнде ұсақ тас.

28. Iлгерi сөзiнiң антонимiн тап.
А) бергi В) кейiн С) төмен Д) жоғары Е) әрi

29. Дара сөзді тап

А)Ақтау В)көлшік С)кг Д)ата-ана Е)см

30. Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада сақталған?



А)Отырар В)тараз С)Түркістан Д)Қаялық Е) Созақ

Қазақ тілі




1-нұсқа

2-нұсқа

1

А

С

2

А

А

3

А

А

4

Д

Е

5

Е

С

6

Д

Е

7

Д

С

8

Д

В

9

В

Д

10

Д

С

11

А

А

12

В

А

13

Д

А

14

А

А

15

Д

А

16

А

Е

17

А

В

18

Д

В

19

В

Д

20

С

В

21

Д

Е

22

Е

А

23

В

А

24

В

Д

25

Д

В

26

Д

А

27

С

С

28

С

В

29

А

В

30

Е

С


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет