Жобалап оқыту технологиясы
Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.
Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.
«Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:
мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;
оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
баланың дұрыс дамуы;
кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу
оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;
мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;
оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен жүйелілігінің бірлігінің болуы;
әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;
Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды. Бірінші сыныптан соңғы сыныпқа дейін барлық мұғалімдер ғылыми негіздегі кеңестер мен психолого-педагогикалық және физиологиялық бағыттағы шектеулерді ескеріп, орындап отырады.)
Достарыңызбен бөлісу: |