«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП
2009 жылғы 18 ақпаннан бастап 2009 жылғы 18 тамызға дейінгі аралық
__________________________________________
1. Эмитенттің атауы.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдиенгі» АҚ (бұдан әрі - Холдинг).
1-1. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 15 қаңтар күні тіркелді, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 25246-1901-АО.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 мамыр күні қайта тіркеу рәсімінен өтті, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 25246-1901-АО
2. Эмитенттің орналасқан жері.
Холдингтің (Холдингтің атқарушы органының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кеңесары көшесі, 36 үй.
3. Облигацияларды шығару күні мен мемлекеттік тіркеу нөмірі.
Облигациялар шығарылымы 2009 жылғы 10 ақпанда тіркелді және эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне D38 нөмірімен енгізілді.
Холдингтің атауы және орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті ауыстыру жүзеге асырылды (жаңа Куәлік 2009 жылғы 17 шілдеде D38 нөмірімен берілді).
4. Облигациялар туралы мәліметтер:
шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
-
шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі (номиналдық құн бойынша облигациялар шығарылымының жалпы көлемі):
-шығарылған облигациялардың саны 150 000 (бір жүз елу мың) дана;
- жалпы шығарылым көлемі 150 000 000 000 (бір жүз елу миллиард) теңге;
атаулы купондық, қамсыздандырылмаған;
-
бір облигацияның номиналдық құны:
1 000 000 (бір миллион) теңге;
-
облигациялар бойынша сыйақы:
облигациялар бойынша сыйақы ставкасы – номиналдық құнның жылдық 0,02%.
5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
1) орналастыру кезеңінің басталу күні мен аяқталу күнін, орналастырылған облигациялар саны мен облигацияларды орналастырудың әрбір өткен есепті кезеңі үшін жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты назарға алу күнін көрсете отырып өткен есепті бекіту күні:
есеп бірінші рет беріліп отыр;
2) есеп берілетін орналастыру кезеңінің басталу күні мен аяқталу күні:
орналастыру кезеңінің басталу күні – 18 ақпан 2009 жыл, орналастыру кезеңінің аяқталу күні – 18 тамыз 2009 жыл;
3) жазылу және аукцион арқылы ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы. Аукцион өткізу арқылы облигацияларды орналастыру жағдайында оларды өткізу күндерін және аукциондағы ең жоғары сату бағасын көрсету қажет:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сату арқылы Холдинг 120 000 (бір жүз жиырма мың) облигацияны орналастырды, тартылған ақша сомасы 120 000 000 000 (бір жүз жиырма миллиард) теңгені құрады;
4) облигацияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру туралы ақпарат (сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінің санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға мен бірінші және соңғы сауда күні, орналастырылған облигациялардың саны мен тартылған ақша сомасы):
бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигациялар орналастырылған жоқ;
5) есепті кезеңдегі орналастырылған және олардың айналысы басталған күннен бастап бұрын орналастырылған облигацияларды есепке алғандағы барлық облигациялардың саны:
есепті кезеңде және облигациялардың айналысы басталған күннен бастап Холдинг 120 000 (бір жүз жиырма мың) облигация орналастырды;
6) есептілік кезең аяқталған күндегі сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешім қабылдау күні, сондай-ақ эмитенттің оларды сатып алу кезінде шеккен шығыс сомасы:
18 тамыз жағдайында Холдинг облигацияларды сатып алуды жүзеге асырған жоқ;
7) мерзімінен бұрын өтелген облигациялардың саны:
18 тамыз жағдайында Холдинг облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырған жоқ;
8) облигацияларды шығрудың андеррайтерлері туралы ақпарат (эмиссиялық консорциум):
Холдингтің облигацияларын орналастыру андеррайтерлерді тартусыз жүзеге асырылады;
саны 30 000 (отыз мың) дана облигацияларды орналастыруды Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңестің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 01-7.2 шешіміне тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр;
9) меншік иесі санаттары бойынша облигациялардың саны туралы мәліметтер:
Холдингтің саны 120 000 (бір жүз жиырма) дана облигацияларының меншік иесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарушы ретінде) болып табылады;
саны 30 000 (отыз мың) дана облигациялардың меншік иесі Холдинг болып табылады;
10) орналастырылған облигациялардың саны:
2009 жылғы 18 тамыз жағдайында орналастырылған облигациялардың саны 30 000 (отыз мың) дана.
6. Тіркеушісі туралы мәліметтер:
Тіркеуді «Қор орталығы» АҚ жүргізеді, 050012, Алматы қ., Желтоқсан к.,79А, ИИК 5467218 «Қазкоммерцбанк» АҚ, Алматы қ., Код 15, БИК 190501724, СТН 6007000035664, тізілім жүйесін жүргізуге қызмет көрсету бойынша негізгі Тапсырыс-шарт № 17/01, 17 қаңтар 2007жыл, қосымша келісім №17/01 3 ақпан, 2009 жыл.
7. Бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және облигациялардың шығарылымы туралы ақпараттық хабарламаны жариялау күні.
Облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын тарту мақсатында ұйымдастырылмаған нарықта жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі облигацияларды жалғыз сатып алушы болып табылатындықтан ақпараттық хабарлама жарияланған жоқ.
7-1. Кезекті сыйақы төлеумен және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеумен байланысты мүмкін болатын проблемаларды, және осы жағдайдан шығу үшін эмитенттің қабылдаған шараларын бейнелеу.
Кезекті сыйақыны төлеумен және (немесе) осы шығарылым облигациясын өтеумен байланысты проблемалар, жоқ.
7-2. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеуді (ковенант) бұзу жағдайы туралы ақпарат.
Холдингтің облигациялар шығарылымы проспектісінде шектеу (ковенанттар) көзделмеген.
7-3. облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастырумен байланысты проблемалардың болуы.
2009 жылғы 31 тамыз жағдайындағы левередж:
120 031 656 (міндеттемелер) = 0,75
160 241 424 (меншікті капитал)
Холдинг облигациялар шығарылымын бірінші рет жүзеге асырып отыр. Облигацияларды әрі қарай орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 01-7.2 шешіміне тиісті өзгерістер енгізу қажет.
8. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәліметтер:
1) облигациялар бойынша сыйақы төлеудің кезеңділігі және күнi:
облигациялар бойынша сыйақы уақытша база есебінен жылына екі рет теңгемен жүргізіледі: орналастыру күнініен бастап оны өтеу күніне дейін күн сайын жылдың 360-күні, айдың 30 (отыз) күні негізінде теңестіріліп, бірінші күнді қосып, бірақ тиісті кезеңге соңғы күнді алып тастап, тиісінше әрбір 6 айда қолма-қол ақшасыз төлем арқылы сыйақы төлеу бойынша міндеттемелер басталған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде;
2) облигациялар бойынша сыйақы мөлшері немесе мөлшерін анықтау тәртібі. Осы шығарылымның облигациялары бойынша төленген сыйақының есептілік кезеңдегі жалпы сомасы:
облигациялар бойынша сыйақы ставкасы – номиналдық құнның жылдық 0,02%, есептілік кезеңдегі төленген облигациялар бойынша сыйақының жалпы сомасы 12 000 000 (он екі миллион) теңгені құрады;
3) облигациялар бойынша сыйақы төлемі кезінде есептеу тәртібі (есеп айырысу нысаны: қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз):
облигацияларды төлеу қолма-қол ақшасыз теңгемен жүргізіледі.
«ҚазАгро» ұлттық
басқарушы холдингі» АҚ
Басқарма төрағасы Мамытбеков А.С.
Бухгалтерлік есеп жүргізу
және есептілік департаментінің
директоры-Бас бухгалтер Жұмабаева С.Р.
Достарыңызбен бөлісу: |