Қазалы аудандық Мәслихатының
2015 жылғы «____» желтоқсандағы
кезекті XXXXXI сессиясының
№_____ шешіміне қосымша
Қазалы аудандық Мәслихатының
2011 жылғы «29» наурыздағы
№ 280 шешімімен бекітілген
ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Әйтеке би кенті, 2015 ж
Мазмұны
1.
|
Бағдарламаның төлқұжаты
|
2.
|
Ағымдағы жағдайға талдау
|
2.1
|
Қазалы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы
|
2.2
|
Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Экономикалық даму
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылымдық кешен
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология, жер ресурстары
Мемлекеттік қызметтер
|
2.3
|
Қазалы ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
|
2.4
|
Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау
|
3.
|
Өңір дамуының көрінісі
|
4.
|
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.
|
|
1 бағыт: Экономикалық даму;
|
|
2 бағыт: Әлеуметтік даму;
|
|
3 бағыт: Инфрақұрылым;
|
|
4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология, жер ресурстары
|
|
5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.
|
5.
|
Қажетті қаржы
|
6.
|
Бағдарламаны басқару
|
БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Бағдарлама атауы
|
Қазалы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
(Одан әрі-Бағдарлама)
|
Оны дайындауға негіздеме
|
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамасы
|
Қазалы ауданының аумағы 37,5 мың шаршы шақырым немесе Қызылорда облысы аумағының 16,6% алып жатыр, Арал теңізінің оңтүстігінде орналасып Арал ауданымен, Шығысы Қармақшы ауданына қарасты Байқоңыр қаласымен, Солтүстік-батысында Қарақұм Қарағанды облысымен, ал оңтүстік – батысында Қызылқұммен шектескен Өзбекстан Республикасымен шекаралас.
Ауданда 19 ауылдық округі, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 44 ауылдық елді мекен бар.
2015 жылдың 1 қаңтарына 75,9 мың адамды құрады, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді. Әкімшілік орталығы Әйтеке би кенті.
|
Бағыттары
|
- Өңір экономикасын дамыту;
- Әлеуметтік даму;
- Инфрақұрылым;
- Ауылдық аумақтарды дамыту, экология, жер ресурстары
- Мемлекеттік қызметтер.
|
Бағдарлама мақсаттары
|
Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.
|
Міндеттері
|
Өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту және бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі;
нарықтың ішкі қажеттілігін жабу үшін қажетті көлемде ауыл шаруашылығы өнімінің тиімді өндірісін өндіру негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту;
тұрақты өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру;
инвестициялық климатты заманауи технологияларды қолдана отырып қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңарту арқылы және қолданыстағы инновациялық өндірістерді сақтау және жаңадан өндірістерді ашу арқылы жақсарту;
білім беру сапасын, қол жетімділігін жақсарту және балалар құқығы және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;
медициналық көмектің тиімді жүйесін қалыптастыру;
аудан халқының ахуалын және өмір деңгейін арттыру. Тұрақты және тиімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
ауданның мәдениет, өнер саласын одан әрі дамыту. Шығармашылық даму және тарихи-мәдени құндылықтарды қолжетімді етуге жағдай жасау;
бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамыту;
аудандағы тиімді бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру;
жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асыру;
аудандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес. Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;
Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызмет көрсету;
құрылыс индустриясын дамыту және аудан тұрғындары үшін тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру;
ауданның дамыған көліктік инфрақұрылымын қалыптастыру;
тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру;
экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, жер ресурстарын ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қол жетімділікпен қамтамасыз ету.
|
Мақсатты
индикаторлар
|
Экономика
Өңірлік макроэкономика:
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, %
Өнеркәсіп:
Өңдеу өнеркәсібі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %
Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші, 2000 жылғы бағамен мың АҚШ доллары
Агроөнеркәсіптік кешен:
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі, %
Шағын және орта бизнес, сауда:
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі, %
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, %
Өңіраралық ынтымақтастық:
Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша), мың теңге
Инновациялар мен инвестициялар:
Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі %
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %
Әлеуметтік сала.
Білім беру:
Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі, %
Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы, жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі, %
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы, %
Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %
15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET-ағыл. Not in Education, Employment or Training)
Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %
Денсаулық сақтау:
Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жас;
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:
Жұмыссыздық деңгейі;
1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны, %
Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі, %
Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі, %
Арнайы әлеуметтік қызметтер қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %
Мәдениет:
Ауданда өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік
Денешынықтыру және спорт
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту, %
Туризм
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілетін келушілердің саны, адам
Мемлекеттік тілді дамыту:
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп:
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %
Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, %
Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету, %
Инфрақұрылым:
Байланыс және коммуникациялар:
Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі, %
Құрылыс:
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі, %
Жолдар мен көлік:
Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық:
Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум обьектілерінің үлесін ұлғайту, %
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі, %
Су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі, %
Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі, %
Экология және жер ресурстары:
Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту, %
Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы, мың.га
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %
Ауылшаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану, мың.га
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру, %
|
Қаржыландыру
көздері мен көлемі
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың дербес қаражаты, қарыздық қаражат.
Қаржыландыру көлемі:
2011 жылы 1792,5 млн. теңге
2012 жылы 2733,7 млн. теңге
2013 жылы 2925,1 млн. теңге
2014 жылы 3129,9 млн. теңге
2015 жылы 3348,9 млн. теңге
Барлығы: 13930,1 млн. теңге Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджетті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының заңдылықтарына орай қаржылық жылға сәйкес нақтыланады.
|
2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.1. Қазалы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оның облыстың әлеуметтік –экономикалық және саяси-қоғамдық дамуына әсері
Қазалы ауданы аграрлы-индустриялық аймақ болып табылады. Ауданда өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі дамып келеді. Соңғы жылдары аймақтық және ауданның индустрияландыру картасына енгізілген жобалар саны көбейіп, құрылыс материалдарын шығару және оны аудан көлемінде пайдалану (күйдірілген кірпіш, брусчатка, темірбетон бұйымдары, шлакоблок, тротуар плиткалары), өнім өндіруді кеңейту тенденциясы қалыптасып отыр. Тамақ өнімдерін шығару (сүт, сүт өнімдері, нан және ұннан дайындалатын өнімдер) тұрақты жағдайда.
Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылыстарын салу, тұрғын үй құрылысын салу өсіп отыр.
Кәсіпкерлік саласының дамуында ілгерілеушілік бар.
Дегенмен, аудан экономикасының дамуына алаңдатушылық тудыратын жақтары жоқ емес.
Аудан бюджетінің өз кірістерінің 30,2 %-ын құрайтын темір жол саласында құрылымдық өзгерістер, темір жол саласындағы кәсіпорындардың жұмыс көзі көрші Арал ауданының Сексеуіл кентіне шоғырландырылуына байланысты бұл саладағы жұмыс көзі азаюда.
Сонымен қатар, облысымыз табиғи ресурстарға бай аймақ болғанымен, ауданда табиғи кен орындары, ірі өндіріс орындары жоқ.
Ауданның негізгі даму әлеуеті.
Өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру әлеуеті жоғары. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында ілгерушілік бар.
Экономикалық потенциал. Ауылшаруашылығы саласын, шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасын дамытудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Мал шаруашылығында ет бағытындағы мал өсіру қолға алынды.
Транспорттық әлеует. «Батыс Қытай-Батыс Европа көлік дәлізі аудан территориясынан өтуі, Азият аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді түйіспе (теміржол және автомобиль) жолдарды қамтуы, экономикалық тиімділікті айқындайды. Ауылдық елді мекендер мен аудан орталығы аралығында жолаушылар тасымалы мәселесі жолға қойылған.
Халықтың өмір сүру деңгейі. Демографиялық жағдай жақсарып, туу көбейіп, өлім азайып келеді.
Ауданда табиғи кен көздері болмаған себепті трансферттер мен субвенцияға тәуелді аудан болып табылады. Сондықтан ауылшаруашылық саласын, кәсіпкерлікті дамыта отырып, өңдеу өнеркәсібін кеңейту, тамақ өнеркәсібін дамыту, құрылыс материалдарын шығару, транзиттік әлеуетін көтеру басты стратегиялық міндет болып отыр.
Бұл аудан экономикасының жоғарғы тұрған бюджеттің трансферттері мен субвенцияға тәуелділігін төмендетуге, жұмыссыздықты азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан бюджетіне қосымша түсімдер түсіруге мүмкіндіктер береді.
2.2. Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау.
Бағыт: Экономика
Өңірлік макроэкономика
Аудандағы тұрақты өнім өндіріп тұрған 18 өндіріс орындары 2012 жылы 8873,8 млн теңге, 2013 жылы 9521,6 млн. теңге, 2014 жылы 10095,2 млн. теңге, 2015 жылдың 11 айында 9282,3 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп саласының басым бөлігі, 87,2 % - ы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру артып келеді: Нақты көлем индексі 2012 жылы - 103,2 %, 2013 жылы - 103,5 %, 2014 жылы 105,3 %, 2015 жылдың 11 айында 88,2 %- ды құрады. 2012 жылы - 8243,1 млн. теңге, 2013 ж - 8531,6 млн. теңге, 2014 жылы 8854,9 млн. теңге, 2015 жылдың 11 айында 8099,3 млн. теңге. Өңдеу өнеркәсібіндегі жеткен жетістіктер төмендегі факторлар негізінде қалыптасып отыр.
Аудан ауылшаруашылық яғни, егін, мал, балық өндірісімен айналысатын өңір болып саналады.
Өнеркәсіп саласында құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдары, асфальт өнімі шығарылады.
Теміржол саласына қызмет көрсететін бірнеше ірі және орта кәсіпорындар тұрақты жұмыс жасауда.
Өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымдарында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің тұрақты өсуі байқалады.
Орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатары көбеюде. Ауданда орта кәсіпорындар қатарында – «Қазақстан темір жолы» АҚ «Қамқор локомотив» ЖШС-не қарасты «Қазалы локомотив жөндеу зауыты», «Қазалы вагон жөндеу депосы», «LCI-MK» ЖШС Қазалы филиалы, «РЗА» АҚ, «Сыр маржаны», «Қазалы құрылыс», «Қазалы жолшы» ЖШС және т.б. атауға болады.
Аудан халқын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде «РЗА» акционерлік қоғамына қарасты сүт зауыты мен күріш, шұжық, нан өнімдерін шығару цехтарында өнім өндіру көлемі ұлғайтылып, индустриалды-инновациялық жоба бойынша жаңа өнім өңдеу зауыттары іске қосылды.
«Сыр маржаны», «Агро өркен», «Жалаңтөс батыр», «Ақмаржан Қазалы», «Рза агро» ЖШС-і, «Мерей» шаруа қожалығы негізінен күріш дақылын өндіруде тұрақты жұмыс жасаса, «Бақыт», «Игіліков» шаруа қожалықтары мен 11 көл пайдаланушы («Бақыт» шаруа қожалығының «Қашқансу» №2 уч. көлінен; «Орын-Ай» ЖШС-нің «Мариям» №1 уч. көлінен; ЖК Ембергенованың «Мариям» №3 уч. көлінен; ЖК Мақсатбаевтың «Жанай» №1 уч. көлінен; ЖК Кеңесбайдың «Жанай» №2 уч. көлінен; ЖК Мейрамбектің «Томай» көлінен; ЖК Еңсепалиевтің «Қотанкөл» көлінен; ЖК Кенжалиевтің «Тұздыкөл» көлінен; «Орын-Ай» ЖШС-нің «Қуаңдария» көлінен; «Қуаныш» ЖШС-нің «Өтебас» көлінен; «Мақсатбай» шаруа қожалығының «Ақкөл» көлінен) жеке кәсіпкерлер аудан көлеміндегі тауарлы көлдерден белгіленген лимит бойынша балық аулап, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-і балық өнімдерін өңдеп, экспортқа өнімдер шығаруда.
«Жеңіс» шаруа қожалығы, «Сыр маржаны» ЖШС, «РЗА» АҚ, «Байқоңыргаз» ЖШС филиалы, «Аян», «Серимов К», «Аржиков Б» шаруа қожалықтары асыл тұқымды түйе, қой, жылқы шаруашылығын дамытуда белсенді жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2014 жылдары жалпы құны 4016,4 млн.теңге құрайтын 21 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.
15 жоба толық іске қосылып, 188 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бағдарлама аясында іске қосылған жобалар:
1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы. Қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1743 басты құрап отыр.
Нақты кезеңде 566 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 28 литрден сүт сауылуда. Германия мен Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен зауытта 2,5 %, 3,2 %, 6,0 % пастерленген, ультрапастерленгенсүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды..
Германия және Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен жабдықталған зауытта 2,5%, 3,2%, 6,0% пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.
2. «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы.
2014 жылдың 12 наурызында Еуропа елдеріне өнімді экспорттау мақсатында «еврокод» алынып, Дания, Германия, Австрия және т.б. елдерге экспортталуда.
Жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.
3. «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауыты» мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехын іске қосу» жобасы бойынша сағатына 60 тонна өнім шығаратын асфальт зауыты мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын 2 шағын цех пайдалануға беріліп, 5 адам жаңа жұмыспен қамтылды.
4. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының («МО-1» ЖШС-нің Қазалы филиалы) жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы бойынша филиал аумағынан жалпы аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа алаң мен темір жол тұйығы салынып, 32 тонналық 2 кран және жылжымалы (КК-2032 маркалы) көтергіш, арнайы балкалар таситын платформа турникет алынып орнатылды.
Серіктестік аумағында ұзындығы 18, 21, 24 метрлік балкаларды келтіріп дайындайтын қалып құрылғылар орналасқан.
Аталған бұйымдар стандарттарға сәйкес дайындалып, республика аумағында пайдалануда. Полигонда айына 20-30 түрлі темір-бетон блоктар, плиталар өндіріледі. Жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылды.
5. «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу» жобасы бойынша тәулігіне 200 тонна асфальт өндіретін зауыт әкелініп, іске қосылды.
6 адам жаңа жұмыспен қамтылды.
6. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының («МО-1» ЖШС-нің Қазалы филиалы) құны 30,0 млн теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдары цехын кеңейту» жобасы бойынша электр бағаналарын дайындау цехының қондырғылары әкелініп, өнімдер сұранысқа сәйкес өнім шығарылуда. Жоба аясында 3 жаңа жұмыс орны ашылды.
7. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы» 3,0 млн. теңге жеке қаражаты есебінен қондырғы әкелініп, балық өнімдерінен фарш өндірілуде. Жоба аясында 2 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.
8. «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 20,9 млн. теңге құрайтын «Нан өнімдерін өндіру цехын кеңейту» жобасы.
Жобаны іске асыру үшін «Цесна банк» арқылы несие қаражаты алынып, нан өнімдерін өндіретін «JafPartners» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынды. Еуропалық стандартты «Ревента» нан пісіру пешін орнатылып, іске қосылды. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.
9. Жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлованың жалпы құны 66,0 млн. теңге құрайтын «Нан және кондитер өнімдерін өндіру цехын іске асыру» жобасы.
Нан және кондитер өнімдерін шығару ғимараттарының құрылысы салынып, «БТА» АҚ-ы арқылы 14,0 млн. теңге несие қаражаты алынып, 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.
10. Жеке кәсіпкер Б.Әбдреймованың жалпы құны 70,0 млн. теңге құрайтын «Тәулігіне 5 тонна нан өнімдерін дайындау зауыты мен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын жасақтау жобасы» бойынша ғимараттың құрылысы салынып, 2013 жылдың қарашасында іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.
11. Жеке кәсіпкер К.Абдраманованың жалпы құны 5,2 млн. теңге болатын «Ағаш өңдеу цехын кеңейту жобасы» бойынша«Банк центр кредит» АҚ-ы арқылы несие қаражаты алынып, қажетті құрал-жабдықтар алынып, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.
12. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 65,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру жобасы» бойынша «Банк центр кредит» арқылы 30,0 млн.теңге көлемінде несие алынып, тиісті балық өңдеу, сақтау ғимараттарының құрылысы салынып, 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. Жоба аясында 5 жаңа жұмыс орны ашылды.
13. Жеке кәсіпкер Б.Бердымұратовтың жалпы құны 45,0 млн.теңге құрайтын «Полипропиленді қапқа флексобаспа жасау және ламинаттау цехын кеңейту жобасы».
Цех ғимаратының құрылысы салынып, тиісті қондырғылары әкелінді. Қазіргі таңда қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізілді. Цех 2014 жылдың қазан айында пайдалануға беріліп, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.
14. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы. Жоба бойынша Әйтеке би кентінен ұйымдастырылып жатырған «Өндірістік аймақтан» 1 га жер учаскесін алып, цех құрылысы салынды. Маусымдық кезеңде 21 адам жұмыспен қамтылды.
15. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,6 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы. Жоба іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.
Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жобалар бойынша:
-
«Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 355,5 млн.теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2015 жылы іске қосылып, 16 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |