Азаматтық бюджетті жасау әдістемесі



Дата30.06.2016
өлшемі128.63 Kb.
#167326





Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2011 жылғы «27» маусымдағы № 331

бұйрығымен бекітілген





Азаматтық бюджетті жасау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

1. Азаматтық бюджет – бұл тиісті (республикалық немесе жергілікті) деңгейдегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілі бір сапа стандарттарына сәйкес барлық азаматтарды белгілі бір қаржылық кезеңге арналған бюджеттік өлшемдермен, басымдықтармен және шешімдермен таныстыру мақсаттары үшін әзірлейтін құжат.

2. Азаматтық бюджетті жасаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) уәкілетті мемлекеттік органдарға азаматтық бюджетті азаматтарды елдің бюджеті туралы толық және қол жетімді хабардар ету мақсатында әзірлеуге мүмкіндік береді.

3. Әдістеме негізінде әзірленген азаматтық бюджет азаматтарды, мемлекеттік бюджеттің негізгі бағыттарымен, негізгі бюджеттік ақпаратпен бейімделген форматтар мен түсінікті тілді пайдалана отырып таныстыруға арналған, сонда кез келген пайдаланушыға қоғамдық ресурстарды шоғырландыру, бөлу және пайдалануды үкіметтің қалайша жүзеге асырып отырғаны түсінікті болады.

4. Азаматтық бюджетті жасау үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мыналар:

- республикалық деңгейде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) деңгейінде - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің атқарылуы жөніндегі атқарушы органдары деңгейде жергiлiктi уәкілетті органымен бірлесе отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы болып табылады.

5. Азаматтық бюджет өкілді органға берілген бюджет жобасы, бекітілген бюджет пен бюджеттің атқарылуы туралы есептің негізінде жасалады.

6. Азаматтық бюджетті жасау кезінде Азаматтық бюджетті жасау үшін уәкілетті органның ресми веб-сайтында Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің заңнамалық базасы мен бюджет процесінің схемасы орналастырылады.

Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің заңнамалық базасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және оны іске асыру мақсатында әзірленген заңға бағынысты актілердің сәйкес қалыптастырылады. Республикалық немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті, бюджетті жасау және бекіту кезіндегі негізгі ұғымдар, бюджеттердің деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастар, бюджетті атқару кезіндегі қағидалар, есеп пен есептілік жөніндегі ережелер, мемлекеттік қаржылық бақылау және бюджет заңнамасына сәйкес бюджет процесінің басқа да негізгі құрамдас бөлшектері сипатталады.

Бюджет процесінің Схемасында республиканың немесе облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет процесіне қысқаша шолу сипатталады, оны ұйымдастыруды және кейінгі сатылар жиынтығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар айқындалады. Бюджетті жоспарлаудың және атқарудың негізгі рәсімдері:

- республикалық бюджет, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың бюджеті, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

- республикалық бюджетті, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін кім қарайды және қандай нормативтік құқықтық актімен бекітіледі;

- бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, қашан және не себептермен түзетулер енгізілгені көрсетілері;

- республикалық бюджеттің, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың бюджетінің, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуын кім қамтамасыз етеді;

- түсімдер мен шығыстар бойынша тиісті бюджеттің атқарылуының негізгі кезеңдері;

- есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау, қарау және бекіту көрсетіледі.
2. Азаматтық бюджеттің жасалуы
2.1 Республикалық деңгейдегі азаматтық бюджет
7. Республикалық деңгейдегі азаматтық бюджет мынадай бөлімдер бойынша жасалады:

1) Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге бюджет шығыстарының мемлекеттік саясаты, ЖІӨ-нің болжанатын деңгейін, инфляция, АҚШ долларына теңгенің орташа жылдық бағамы, тауарлардың экспорты мен импорты туралы жалпы мәліметті беретін, жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған негізгі макроэкономикалық өлшемдері бойынша ақпаратты қамтитын «Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық өлшемдері мен әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштері». Республикалық бюджеттің негізгі өлшемдерін бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, талдау келтіріледі;

Сонымен қатар осы бөлімде негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер: ең аз күнкөріс мөлшері, айлық есептік көрсеткіш, ең аз және орташа айлық жалақының мөлшері, ең аз және орташа айлық зейнетақы мөлшері, стипендиялар, жәрдемақылар мөлшері, жұмыссыздық деңгейі, халықтың туу деңгейі көрініс табады.

2) Бюджет аралық қатынастарды қоса алғанда, бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, республикалық бюджеттің жоспарланатын түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтитын «Республикалық бюджет түсімдері мен шығыстары». Осы бөлімнің ақпараты графиктік құралдарды, кестелерді, суреттерді, диаграммаларды пайдалана отырып ұсынылады.

Республикалық бюджеттің түсімдерінде мыналар:

- салықтық түсімдер (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер, кедендік төлемдер);

- салыққа жатпайтын түсімдер (республикалық меншіктен түсетін кірістер, айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, негізгі капиталды сатудан түсімдер);

- трансферттер түсімі (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен түсетін трансферттер, Ұлттық қордан түсетін трансферттер) бойынша талдамалық ақпарат көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған маңызды әлеуметтік объектілер салу, маңызды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, өнеркәсіпке және өндіріске инвестициялау сияқты негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарды талдау бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып келтіріледі.

Әлеуметтік салада негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұдан бұрын қабылданған барлық міндеттемелердің орындалуы болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруге, денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға арналған шығыстар көлемі туралы деректер көрсетіледі.

Білім беру саласында жоспарланатын кезеңге арналған бюджет қаражаты мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру объектілерін салуға, жоғары білімі бар мамандар даярлауға, мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалғаны туралы ақпарат ұсынылған.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласында үш жылдық кезеңге арналған нақты бағыттар мен іс-шаралар бойынша бюджет қаражатының жұмсалуының негізгі бағыттарын көрсеткен жөн.

Республикалық бюджеттің жоспарланатын кезеңге әрбір әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша сумен жабдықтауға, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын қамтамасыз етуге арналған шығыстары бойынша деректер көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған негізгі бағыттар бойынша нысаналы трансферттердің аумақтық бөлінуі, сондай-ақ бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, аумақтар бойынша өзгеріс серпіні көрсетіледі.

3) Бюджет қаражаты оларға арнап жоспарланған негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен басым бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізу туралы деректер мен ақпараттарды қамтитын «Бюджеттің атқарылуы туралы есеп» бойынша жасалады. Бұл бөлім бұдан алдыңғы бөлімдерде көрсетілген өлшемдерге сәйкес, негізгі атқарылмау себептерін көрсете отырып жасалуға тиіс, бюджеттің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түсімдері мен шығыстары туралы салыстырмалы ақпарат қамтылуға тиіс.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру халықты әлеуметтік қорғау, сумен жабдықтау, көлік инфрақұрылымы саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі қол жеткізген нәтижелерге қысқаша шолу беріледі.

Осы бөлімде есепті қаржы жылындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары ұсынылады.



2.2 Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі азаматтық бюджет
8. Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі азаматтық бюджет мынадай бөлімдер бойынша жасалады:

1) тиісті кезеңге бюджет шығыстарының мемлекеттік саясаты, ЖӨӨ-нің болжанатын деңгейі туралы жалпы мәліметті бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып беретін облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері бойынша ақпаратты қамтитын «Өңірдің негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері».

Сонымен қатар осы бөлімде айлық есептік көрсеткіш, ең аз және орташа айлық жалақының мөлшері, ең аз және орташа айлық зейнетақы мөлшері, стипендиялар, жәрдемақылар мөлшері көрініс табады.

2) Бюджет аралық қатынастарды қоса алғанда, бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жоспарланатын түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтитын «Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдері мен шығыстары». Осы бөлімнің ақпараты графиктік құралдарды, кестелерді, суреттерді, диаграммаларды пайдалана отырып ұсынылады.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің түсімдерінде мыналар:

- салықтық түсімдер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер);

- салыққа жатпайтын түсімдер (коммуналдық меншіктен түсетін кірістер, айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, негізгі капиталды сатудан түсімдер);

- трансферттер түсімі (аудандық бюджеттерден (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен түсетін трансферттер, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер) бойынша талдамалық ақпарат көрсетіледі.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған маңызды әлеуметтік объектілер салу, маңызды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, өнеркәсіпке және өндіріске инвестициялауды қоса алғанда, негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарды талдау бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып келтіріледі.

Әлеуметтік салада негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұдан бұрын қабылданған барлық міндеттемелердің орындалуы болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруге, денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға арналған шығыстар көлемі туралы деректер көрсетіледі.

Білім беру саласында жоспарланатын кезеңге арналған бюджет қаражаты мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру объектілерін салуға, мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалғаны туралы ақпарат ұсынылған.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласында үш жылдық кезеңге арналған нақты бағыттар мен іс-шаралар бойынша бюджет қаражатының жұмсалуының негізгі бағыттарын көрсеткен жөн.

Бюджеттің жоспарланатын кезеңге сумен жабдықтау объектілеріне, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын қамтамасыз етуге арналған шығыстары бойынша деректер көрсетіледі.

Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған негізгі бағыттар бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің бөлінуі, сондай-ақ бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, өзгеріс серпіні көрсетіледі.

3) Бюджет қаражаты оларға арнап жоспарланған негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен басым бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізу туралы деректер мен ақпараттарды қамтитын «Бюджеттің атқарылуы туралы есеп» бойынша жасалады. Бұл бөлім бұдан алдыңғы бөлімдерде көрсетілген өлшемдерге сәйкес, негізгі атқарылмау себептерін көрсете отырып жасалуға тиіс, бюджеттің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түсімдері мен шығыстары туралы салыстырмалы ақпарат қамтылуға тиіс.

Сондай-ақ, өңірді дамыту бағдарламаларының іс-шараларын іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтиже жетістіктері көрініс табады.

Осы бөлімде есепті қаржы жылындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары ұсынылады.


2.3 Аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі азаматтық бюджет

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегі азаматтық бюджет мынадай бөлімдер бойынша жасалады:

1) тиісті кезеңге бюджет шығыстарының мемлекеттік саясаты, ЖӨӨ-нің болжанатын деңгейі туралы жалпы мәліметті бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып беретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері бойынша ақпаратты қамтитын «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) негізгі әлеуметтік –экономикалық даму көрсеткіштері».

Сонымен қатар осы бөлімде айлық есептік көрсеткіш, ең аз жалақының мөлшері, ең аз зейнетақы мөлшері, стипендиялар, жәрдемақылар мөлшері көрініс табады.

2) Бюджет аралық қатынастарды қоса алғанда, бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің жоспарланатын түсімдері мен шығыстары туралы ақпаратты қамтитын «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің түсімдері мен шығыстары». Осы бөлімнің ақпараты графиктік құралдарды, кестелерді, суреттерді, диаграммаларды пайдалана отырып ұсынылады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің түсімдерінде мыналар:

- салықтық түсімдер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, мүлікке салынатын салық, жер салығы, көлік салығы, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланудан түсетін түсімдер);

- салыққа жатпайтын түсімдер (коммуналдық меншіктен түсетін кірістер, айыппұлдар, негізгі капиталды сатудан түсімдер);

- трансферттер түсімі (облыстық бюджеттен трансферттер түсімдері) бойынша талдамалық ақпарат көрсетіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған маңызды әлеуметтік объектілер салу, маңызды әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, өнеркәсіпке және өндіріске инвестициялауды қоса алғанда, негізгі басым бағыттар бойынша шығыстарды талдау бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып келтіріледі.

Әлеуметтік салада негізгі басымдық азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұдан бұрын қабылданған барлық міндеттемелердің орындалуы болып табылады.

Денсаулық сақтау жүйесі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруге, денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялауға арналған шығыстар көлемі туралы деректер көрсетіледі.

Білім беру саласында жоспарланатын кезеңге арналған бюджет қаражаты мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру объектілерін салуға, мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге жұмсалғаны туралы ақпарат ұсынылған.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласында үш жылдық кезеңге арналған нақты бағыттар мен іс-шаралар бойынша бюджет қаражатының жұмсалуының негізгі бағыттарын көрсеткен жөн.

Бюджеттің жоспарланатын кезеңге сумен жабдықтау объектілеріне, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын қамтамасыз етуге арналған шығыстары бойынша деректер көрсетіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің шығыстарында үш жылдық кезеңге арналған негізгі бағыттар бойынша облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің бөлінуі, сондай-ақ бұдан алдыңғы жылдармен салыстыра отырып, өзгеріс серпіні көрсетіледі.

3) Бюджет қаражаты оларға арнап жоспарланған негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мен басым бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізу туралы деректер мен ақпараттарды қамтитын «Бюджеттің атқарылуы туралы есеп» бойынша жасалады. Бұл бөлім бұдан алдыңғы бөлімдерде көрсетілген өлшемдерге сәйкес, негізгі атқарылмау себептерін көрсете отырып жасалуға тиіс, бюджеттің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түсімдері мен шығыстары туралы салыстырмалы ақпарат қамтылуға тиіс.

Сондай-ақ, өңірді дамыту бағдарламаларының іс-шараларын іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтиже жетістіктері көрініс табады.

Осы бөлімде есепті қаржы жылындағы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұсынымдары ұсынылады.


3. Азаматтық бюджетті жариялау тәртібі
10. Азаматтық бюджет азаматтық бюджетті жасау үшін уәкілетті мемлекеттік органның ресми веб-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады. Ағылшын тіліндегі нұсқасының болғаны жөн.

Халықты кеңінен хабардар ету үшін аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қала деңгейінде) азаматтық бюджет бұқаралық ақпараттың баспа құралдарында басып жарияланады.

11. Бюджет заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің заңнамалық базасы мен бюджет процесінің схемасы тиісті нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жаңартылады.

12. Азаматтық бюджетті жариялау, тиісті деңгейдің өкілді органы бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіткеннен кейін бір ай бойында жарияланатын «Бюджеттің атқарылуы туралы есеп» деген бөлімнен басқа үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде азаматтық бюджет тиісті деңгейдің өкілді органына бюджет жобасын қарау және бекітуге енгізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жарияланады.

Екінші кезеңде азаматтық бюджет тиісті деңгейдің бюджеті бекітілгеннен кейін бір ай бойында жарияланады.

Үшінші кезеңде азаматтық бюджет тиісті деңгейдің өкілді органы бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіткеннен кейін бір ай бойында жарияланады.

Республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджет туралы мәслихатшешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда азаматтық бюджет олар қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай бойында жарияланады.

13. Азаматтық бюджеттің мазмұны қисынды, түсінікті және азаматтар үшін жеңіл қабылданатын болуға тиіс, оны жариялау кезінде кестелер, схемалар, диаграммалар және басқа да форматтар пайдаланылады.

14. Азаматтық бюджеттің бөлімдері өзге де осы өңір үшін ерекшелігі бар ақпаратпен толықтырылуы мүмкін. Мәселен, білім беру, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздық деңгейі және т.б. саласындағы қосымша ынталандырушы төлемдер.

15. Азаматтық бюджетке сілтемелер, оның ішінде электрондық сілтемелер немесе неғұрлым толығырақ ақпараты бар басқа көздер де енгізіледі.

__________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет