Қазан Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі442.56 Kb.
#166725
  1   2   3


Ж

амбыл облысы әкімі аппараты жұмысының және облыстық


іс-шаралардың 2012 жылдың І
V тоқсанына арналған
жоспарының орындалуы

Қазан
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жамбыл облысының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 138,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 98,7% (ҚР – 100,5%).

Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде өндіріс көлемдерінің 22,7%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 10,8%-ға өсу үрдісі байқалады.



Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласындағы өсім 2011 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда ұсақталған фосфат шикізатын – 7,5%-ға (178,1 мың тонна), барит рудасы және қойыртпаларын – 17,5%-ға (372,5 мың тонна), тас ұнтағы және үгіндісін 1,9 есеге (2215,2 мың текше. м), табиғи құмды – 14,2%-ға (94 мың текше. м), әк тас және гипсті – 6,1%-ға (1231,4 мың тонна) өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр қуатын өндіру 1,5 есеге өсіп, 928,4 млн. кВт/сағ құраған.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерінің 4,6%-ға (106,8 млрд. теңге) азаюы тамақ өнімдері (43,2%-ға), сусындар (1,2%-ға), жеңіл өнеркәсіп (20,3%-ға), химия өнеркәсібі (0,3%-ға), дайын металл бұйымдары (0,5%-ға), машина жасау (18,5%-ға), қағаз өнімдері (78,0%-ға), жиһаздар (18,7%-ға) өндіру көлемдерінің қысқаруына байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсімге қол жеткізілген: мұнай өнімдерін өндіруде 1,7 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын - 2,4 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді - 1,3 есеге, металлургия өнеркәсібінде – 2 есеге.

Фосфорды өндіру 3%-ға, минералды тыңайтқыштарды – 9,3%-ға, дизель отынын – 1,8 есеге, мазут – 2,1 есеге, ферросиликомарганецті – 2 есеге, күміс – 2,1 есеге, алтын – 1,7 есеге, болат құю қызметі – 23,7 есеге, құрылыстық құрама металл қондырғалары – 1,1 есеге, пластмасса құбырлары – 2,9 есеге, портландцемент – 2 есеге, гипс – 1,2 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар – 1,4 есеге, гипстен жасалған бұйымдар – 1,2 есеге, ағаш бұйымдары – 27 есеге, төсек орын тысы – 1,2 есеге, МІҚ терісі – 1,4 есеге, аяқкиімдер – 1,1 есеге, түтілген жүн – 6,3%-ға, ұн өнімдері және алкогольсіз сусындар – 1,5 есеге, ет – 5,3%-ға, ірімшік және сүзбе – 8,7%-ға өскен.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда суды жинау, өңдеу және бөлу қызметі көлемдерінің 2,1%-ға төмендеуі есебінен өндіріс жұмыс, қызмет көлемі 1,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 76,6%.

Өндіріс өсімін 5 ауданның кәсіпорындары қамтамасыз етті: Байзақ, Жамбыл, Қордай, Мойынқұм және Шу.

Үлесіне өнеркәсіп өндірісі көлемінің 65,2% келетін Тараз қаласында есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің 7,4%-ға төмендеуіне шетелдік әріптестердің химия өнімдеріне (натрий триполифосфат – 23,4%-ға, ортофосфор қышқылы – 19,2%-ға,) сұранысының азаюына байланысты «Казфосфат» ЖШС-де өндіріс көлемдерінің қысқаруы (НКИ – 99,7%), «ОАҚК» ЖШС Тараз қант зауыты филиалында шетелден шикізаттың (қант-шикізаты) тұрақты жеткізілмеуінің және басшылықтың ауысуы салдарынан өндірістің тоқтауы себеп болып отыр. Кәсіпорын үстіміздегі жылдың 16 маусымынан жұмысын бастады және қазіргі уақытта қалыпты режимде жұмыс істеуде, онда өндіріс көлемі 57,8 мың тоннаны құрады (НКИ - 34,4%).

Жыл басынан бері өндіріс көлемдері Жуалы ауданында 20,9%-ға («Бурный ірімшік зауыты» ЖШС жетілдіру, кәсіпорын ү.ж. тамыз айынан бастап іске қосылды), Меркі ауданында - 64,9%-ға («ОАҚК» ЖШС-нің Меркі филиалында 2011жылдың 22 желтоқсанынан бастап өндірістің тоқтауы. Кәсіпорында ү.ж. 10 қазанынан бастап қант қызылшасын қабылдау жүргізіліп, іске қосу үшін жөндеу жұмыстары жүргізілуде), Сарысу ауданында - 5%-ға («Қаратау» ТӨК-нда химия өніміне (ұсақ тартылған фосфат шикізаты) тапсырыстың төмендеуі), Талас ауданында – 4,5%-ға («Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалында өндіріс көлемінің төмендеуі), Т.Рысқұлов ауданында – 3,5%-ға (шағын және қосалқы кәсіпорындар өндіріс көлемін төмендету есебінен) төмендеген.

Индустрияландыру картасының шеңберінде 2012 жылдың 1 жарты жылдығында 1050 млн. теңгеге инвестицияланған 3 жоба іске қосылды («Аян и Л.Б.» ЖШС – кірпіш зауытының құрылысы, «База-Servis» ЖШС - құрылыс материалдарын шығару зауытының құрылысы, «Казфосфат» ЖШС - натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфатты өндіру). Тұрақты 90 жұмыс орыны құрылды.

Кедендік статистика мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-тамызында 309,0 млн. АҚШ долл. немесе 2011 жылдың қаңтар-тамызына 70,6% құрады, оның ішінде экспорт – 126,1 млн. АҚШ долл. (58,7%), импорт – 182,9 млн. АҚШ долл. (82,1%). Облыстың сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 56,8 млн. АҚШ долл.

Кедендік одақ және еркін сауданың нақты режимін құру Жамбыл облысында Ресей мен Беларусь елдерімен сауда айналымының өсімін қамтамасыз етті, ол 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 71,1 млн. АҚШ долл. құрады немесе 2011 жылдың кезеңінен 81,6%-ға артық (Ресей – 67,1 млн. АҚШ долл., Беларусь – 4,0 млн. долл.), оның ішінде экспорт – 21,9 млн. АҚШ долл. (83,7%-ға), импорт – 49,2 млн. АҚШ долл. (80,8%-ға).

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 74,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өскен, көтерме сауда айналымы – 106,7 млрд. теңге (11,3%-ға).

Облыста шығарылатын өнім, жұмыс, қызмет көрсету сапасының халықаралық стандарттарына ауысу бойынша жұмыстар жалғасуда (ISO – 9000, ISO – 14000 және т.б.). 2012 жылдың 1 қазанында ИСО жүйесі облыстың 364 шаруашылық субъектілерінде енгізілген.



Көлік саласында автомобиль көліктерімен жүк тасымалдау 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға өсіп, 56,3 млн. тоннаны құрады. Жолаушыларды тасымалдау 17,2%-ға (602,1 млн. адам) өсті.

Үстіміздегі жылы жол жөндеуге 6290,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1344,1 млн. теңге, облыстық – 3953,6 млн.теңге, аудандық – 992,9 млн. теңге бөлінген. 2012 жылдың 1 қазанына 5320,4 млн.теңге (84,6%), оның ішінде республикалық бюджеттен – 1208,6 млн. теңге (89,9%), облыстық бюджеттен – 3510,6 млн.теңге (88,8%), аудандық бюджеттен – 601,2 млн. теңге (60,5%) игерілді.



Ауыл шаруашылығы. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2012 жылы 2623,0 млн. теңге субсидия, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1338,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1284,3 млн. теңге бөлінген. 2012 жылдың 1 қазанына 1617,0 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 506,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1110,2 млн. теңге игерілген.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 64,9 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне 92,7%, бұл масақты дәнді дақылдар жалпы өнімінің 2011 жылмен салыстырғанда 44,6%-ға төмендеуіне байланысты.

Масақты дәнді дақылдардың жалпы өнімі 189,8 мың тоннаны, орташа түсімділігі 9,3 ц/га-ды (2011 жыл 15,8 ц/га) құрады.

Облыста 2013 жылға 115,4 мың га күздік бидай егу көзделген. 2012 жылдың 12 қазанына 60,2 мың га алқапқа күздік дәнді дақылдар себілді, бұл жоспардың 52,2%-ын құрайды. Есепті кезеңде 7,8 мың га алқаптан картоп (99,1%), көкөністер – 17,4 мың га (97,7%), дәндік жүгері – 4,8 мың га (46,3%), майлы дақылдар – 67,2 мың га (81,7%) және бақша дақылдары 7,6 мың га (99,3%) жиналды.

Облыста көкөністің маусым аралық кезеңде тапшылығын азайту мақсатында жылыжайлардың саны артуда. Қазіргі таңда облыста 27,2 гектарда орналасқан 405 жылыжай бар.

Шаруашылықтың барлық санаттарында 65,8 мың тонна ет өндірілді, бұл 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінен 2,3%-ға артық, сүт – 227,2 мың тонна (2,2%-ға), жұмыртқа – 92,8 млн. дана (0,6%-ға), жүн – 5,8 мың тонна (2,0%-ға). Жамбыл ауданында ет өндіру көлемдерінің 2,5%-ға, жұмыртқа - 14,9%-ға, Жуалы ауданында жұмыртқа - 2,5%-ға, Қордай - 5,8%-ға, Мойынқұм - 48%-ға және Шу - 8,3%-ға төмендеуіне жол берілген.

Қой мен ешкі саны 1,3%-ға (2627,9 мың бас), жылқы – 5,0%-ға (94,8 мың бас) өсті, түйе – былтырғы жылдың деңгейінде 100,0% (5,5 мың бас). Сонымен қатар, қой мен ешкі санының Байзақ ауданында 2,7%-ға, Мерке ауданында 0,3%-ға, Мойынқұм ауданында 9,4%-ға қысқаруына, жылқы санының Байзақ ауданында 1%-ға, Мерке ауданында 11,6%-ға қысқаруына жол берілді.

МІҚ саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға қысқарып, 321,9 мың басты құрады, шошқа – 21,0%-ға (40,0 мың бас), құс – 13,5%-ға (1309,6 мың бас) азайды.

2012 жылдың 12 қазанына «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалдарымен 68 шаруа қожалықтарына 563,0 млн. теңгеге несие беріліп, 2949 МІҚ мал сатып алынды (2769 сиыр және 180 бұқа).

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімінің көлемі 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 0,8%-ға төмендеді және 127,4 млрд. теңгені құрады. 2012 жылдың 1 қазанына шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны – 0,3%-ға қысқарып, 36045 бірлікті құрады, онда жұмыс істейтіндер саны – 3,9%-ға (124,7 мың. адам).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде 2012 жылдың 3 қазанындағы жағдайға бірінші және үшінші бағыттарындағы «пайыздық ставкаларды субсидиялау» тетігі бойынша 15,2 млрд. теңгеге 80 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2012 жылы – 7,9 млрд. теңгеге 55 жоба.

«Банк несиелері бойынша кепілдеме беру» тетігі бойынша 482,9 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылуда.

«Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 3,6 млрд. теңге сомасында 20 жоба іске асырылуда.

Бағдарламаның төртінші бағытының шеңберінде «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқыту» компоненті бойынша бекітілген квотаға сәйкес «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебінің базасында облыстың 10 кәсіпкері оқытылды.

«Іскерлік байланыс» компоненті бойынша бекітілген квотаға сәйкес АҚШ және Германияда тәжірибиеден өту мүмкіншілігімен «ТуранПрофи» оқыту орталығының базасында облыстың 24 кәсіпкері оқытылуда.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айыларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 84,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға артық.

Бюджеттік инвестициялар салымының көлемі 29,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 45,7%-ға өсті. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдардың үлесі 34%-дан асады.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын қаржыландыруға тартылған қаржы көлемінің (20,5 млрд. теңге) өсуіне байланысты қарызға алынған инвестиялар көлемі 9,3%-ға өсіп, 27,5 млрд. теңгені құрады. Инвестицияның жалпы көлеміндегі шетел салымдарының үлесі 0,001%-ды (Қытайға транзитті магистралды газ құбыры құрылысының бірінші 2 тізбегінің аяқталуына байланысты), қарызға алынған қаражат 32,5%-ды құрайды.

Инвестициялардың жалпы көлемінде 33,1%-ды өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңартуға жұмсалған, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын шаруашылық субъектілерінің өз қаражаттары құрайды. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 79,3%-ға өсіп, 28,0 млрд. теңгені құрады.

2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестициялық қызмет өсімінің қарқыны Қордай (4,7 есеге), Жуалы (156,8%), Сарысу (139,7%), Жамбыл (128,5%), Меркі (123,4%) аудандарында және Тараз қаласында (105,6%) байқалады, бұл Қордай, Меркі аудандары мен Тараз қаласында индустриалдық саланың және транспорттық-логистикалық жобаларды іске асыруға кәсіпорындардың өз қаражаты және қарыз алған қаражаттарының артуына, ал Жамбыл, Жуалы, Сарысу аудандарында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты болып отыр.

Байзақ (81,1%), Шу (80,3%), Талас (77,6%), Мойынқұм (77,4%) аудандарында капиталдық салымдар төмендеген, әсіресе Т.Рысұлов ауданында (28,2%).

Байзақ, Мойынқұм және Талас аудандарында инвестициялық қызметтің төмендеуі жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды жаңартуға және жаңасын құруға жеке секторлардың өз қаражаттары мен қарызға алынған қаражаттары салымдарының төмендеуіне, ал Шу және Т. Рысқұлов аудандарында - шетел инвестицияларының қысқаруына байланысты болып отыр.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 73,4 млрд. теңгені құрады, немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 63,9%-ға өсті.

Құрылыс қызметінің өсімі Тараз қаласында (123,3%), Байзақ (2,5 есе), Жамбыл (2,9 есе), Қордай (2,4 есе), Меркі (2,6 есе), Мойынқұм (2 есе), Т.Рысқұлов (162,6%) және Сарысу (141,3%) аудандарында байқалады.

Жуалы (27,4%-ға), Талас (46,8%-ға), Шу (5,9%-ға) аудандарында құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

Білім беру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына 2012 жылы бюджеттен 10,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7 млрд. теңге, қосымша қаржыландыруды есепке алғанда жергілікті бюджеттен – 3,3 млрд. теңге қарастырылған. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 7,5 млрд. теңге (80,7%) игерілген, оның ішінде 5,1 млрд. теңге (79,3%) республикалық бюджеттің және 2,4 млрд. теңге (83,8%) жергілікті бюджеттің қаражаттары. 1050 оқушы орындық 2 мектеп (Қордай ауданының Гвардейск пос. 900 оқушыға және Т.Рысқұлов ауданының Салимбай ауылында 150 оқушыға) және Меркі ауданының Меркі ауылында 280 орындық 1 балабақша пайдалануға берілді.

«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде іске асырылатын 3 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2012 жылы республикалық бюджеттен 6128,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 560 млн. теңге қарастырылған. 2012 жылдың 1 қазанына 4792,7 млн. теңге қаражат, оның ішінде республикалық бюджеттен 4474,3 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 318,4 млн. теңге игерілген, бұл есепті кезеңге жоспардың 93,7% құрайды.

15 медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар, денсаулық сақтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге және жерге байланыстыруға, Жамбыл ауданы Аса ауылындағы аусымда 250 келушіге арналған аудандық емхана құрылысын аяқтауға, Шу ауданы Төле би ауылындағы 150 төсек орындық аудандық орталық ауруханаға кәріз жүйелері құрылысына облыстық бюджеттен 1147,6 млн. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 880,1 млн. теңге немесе есепті кезеңдегі жоспардың 88,3% игерілген. Меркі ауданында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және су ағызу, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарын жаңғыртуға және құрылысына, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2012 жылы 10,7 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 7,4 млрд. теңге – республикалық бюджет және 3,3 млрд. теңге – қосымша қаржыландыру есебімен жергілікті бюджет қаражаты. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6,9 млрд. теңге немесе есепті кезеңгі жоспардың 79,3% игерілген, оның ішінде 4,9 млрд. теңге (65,9%) – республикалық және 2,0 млн. теңге (88,6%) - жергілікті бюджет қаражаты.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 136,8 мың шаршы метрді құрады және өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 8,2%-ға азайды. Тұрғын үйлердің барлығы салушылардың өз қаражаты есебінен жеке құрылысшылар секторында тұрғызылған.

Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 5,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,6%-ға артық болды, оның ішінде 1,0 млрд. теңге республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, 4,3 млрд. теңге мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың және халықтың өз қаражаттары.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Байзақ (111,1%), Жуалы (102,3%), Қордай (100,4%), Меркі (106%) және Сарысу (112%) аудандарында өскен.

Жамбыл (16,1%-ға), Мойынқұм (7,4%-ға ), Т. Рысқұлов (8,6%-ға), Талас (25,8%-ға), Шу (16,4%-ға) аудандарында және Тараз қаласында (15,4%-ға) жеке тұрғын үйлер аз салынған. Тараз қаласының «Байтерек» мөлтек ауданында тамыз айынан бері жалға берілетін 70 пәтерлі үйді пайдалануға беру жүргізілуде.

Жыл басынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның нысандарын жобалауға, құрылысына және абаттандыруға Жамбыл, Жуалы, Қордай аудандарында және Тараз қаласында қаржыландыру жоспарына сәйкес республикалық бюджеттен 1275,5 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 293,9 млн. теңге бөлінді. Нақты, республикалық бюджеттен 1051,4 млн. теңге (82,4%) және жергілікті бюджеттен 250,5 млн. теңге (85,2%) игерілді.

Жобалау-сметалық құжаттаманы ұзақ әзірлеуге және мемлекеттік сараптаманың болмауына байланысты Жамбыл ауданындағы "Бектөбе" жаңа тұрғын үй массивін газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жобасын іске асыру басталмаған, сондықтан ауданға бюджет түзету кезінде ерте бөлінген 100 млн. теңге Тараз қаласына және Талас ауданына қайта бөлінген.



Облыстық бюджет. 2012 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті кірістер бойынша 129,8 млрд.теңгеге немесе жоспарға 99,8%-ға, өзіндік кірістер бойынша – 22,0 млрд.теңгеге (102,0%), трансферттердің түсімдері бойынша – 107,8 млрд.теңгеге (99,3%) орындалды.

Шу (тиісінше 99,1% және 96,7%) және Меркі (98,0% және 89,3%) аудандарында кіріс түсімдері, оның ішінде өзіндік кірістер бойынша жоспар орындалмаған.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бюджетінің шығындары 120,6 млрд.теңгені құрады (жоспарға 92,7%) және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,3%-ға өсті, оның ішінде білім саласына – 28,9%-ға, денсаулық сақтауға – 30,7%-ға, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 53,1%-ға, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғауға – 21,6%-ға, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа – 54,2%-ға.

Бюджет қаражатын игерудің төмен деңгейі Сарысу ауданында (88,5%), Қордай ауданында (90,1%), Жамбыл ауданында (94,0%), Талас ауданында (94,0%), және Тараз қаласында (93,9%) тіркелген. Аталған жергілікті бюджеттерде бюджет қаражатының толық игерілмеуіне тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа қарастырлған қаржылардың игерілмегендігі себеп болды. Мемлекеттік сатып алуларды кеш жүргізу, келісім-шарттарға кеш қол қою және тиісті құжаттардың кеш рәсімдеуіне байланысты және де басқа себептермен Талас және Сарысу аудандарында су жүйесі құрылысы бойынша жоспар тиісінше, 67,5%-ға және 57,5%-ға орындалған. Жамбыл ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бөлінген қаражат 8,2%-ға, Тараз қаласы бойынша тұрғын үйлерін салуға бөлінген қаражаттар 69,4%-ға игерілген.



Салықтар мен бюджет. 2012 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 34484,7 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды, немесе болжамға 108,5%, оның ішінде республикалық бюджетке 12504,3 млн. теңге (122%), жергілікті бюджетке – 21980,4 млн. теңге (102%) түсті.

2012 жылдың 1 қазанына берешек сомасы 293,2 млн. теңгені құрап, жыл басынан 484,8 млн. теңгеге кеміді.



Инфляция деңгейі 2012 жылдың қыркүйек айында 2011 жылдың желтоқсанына 103,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары 3,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 2,3%-ға, ақылы қызметтер - 5,9%-ға өсті.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіш деңгейіннен 0,1 пайыздық тармаққа төмен (ҚР-103,9%).

Облыста тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ұнға бағаның өсуіне байланысты нан бағасының өсуі байқалуда. Осы мәселелердің алдын алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «ҚазАгро» Ұлттық компаниясының арасында «Жамбыл облысын азықтық бидаймен қамтамасыз ету туралы» Меморандумға қол қойылды.

Аталмыш Меморандумға сәйкес Жамбыл облысы үшін әр тоннасы 28,0 мың теңгеден, ай сайын 6,8 мың тонна 3-ші класты азық-түліктік бидайға (барлығы 82,3 мың тоннаға) квота белгіленді.

Бүгінгі таңда бидайды өңдеу және нан пісіру бойынша кәсіпорындар белгіленді. Тиісті есептеулерге сәйкес, 1 киллограмм ұнның бағасы 47 теңгені құрайды, ал сол ұннан пісірілген 1 бөлке нанды наубайханалардан сатып алу бағасы – 36 теңгені, бөлшек саудадағы нанның бағасы - 42 теңгені құрайды. Осы өнімдерге бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қоры арқылы ұнды төмен бағамен сату ұйымдастырылған.

Тұрақтандыру қорынан шығарылған өнімдер арнайы 10 сауда нүктелерінде, коммуналдық базарда, 12 ірі супермаркеттер мен дүкендерде сатылуда.

2012 жылы облыс бойынша 100 жәрмеңке өткізілді, онда 230,3 млн. теңгенің өнімдері сатылды.



Еңбек нарығы. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша жұмыспен қамтылған халықтың саны 2011 жылдың 2 тоқсандағы 589,6 мың адамнан 2012 жылдың 2 тоқсанында 592,7 мың адамға дейін өскен. Жұмыссыздықтың деңгейі 5,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендеген.

2012 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздардың саны 32,0 мың адамды құрады, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 291,8 мың адам. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 245 адамға қысқарған, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны – 2,3 мың адамға өскен, жұмыспен қамтылған халық санындағы өз бетінше жұмыспен қамтылған халық санының үлесі тиісінше 51,9%-дан 52%-ға дейін жоғарылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 15477 азамат жүгінді, оның ішінде 9726 адам жұмыспен қамтылған (жұмысқа орналасу деңгейі – 74,5%). Жұмысқа орналасудың төмен деңгейі Талас ауданында тіркелген (61%).

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 2,6 млрд.теңге бөлініп, бағдарламаны іске асыру шеңберінде 4632 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 2012 жылдың 1 қазанына бағдарламаға қатысу үшін 2421 азамат әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды.

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру аясында 2012 жылдың қаңтар- қыркүйегінде кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыруға барлығы 2640 адам жіберілді, олардың 1191-і оқуды аяқтап, 919-ы жұмысқа орналасты.

Жергілікті бюджеттер есебінен кәсіби даярлауға 473 адам жіберіліп, олардың 335 оқуды аяқтап, жұмысқа орналастырылған. Сонымен бірге, Сарысу, Талас аудандарының бюджетінде кәсіби даярлауға шығындар қарастырылмаған.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлікке 159 адам оқытылып, барлық 126 Бағдарламаға қатысушыға микронесие берілді.

Бағдарламаның төртінші бағытымен 62 ауылдық елді мекен қамтылып, онда 80 жобаны іске асыру қарастырылып, 2012 жылдың 1 қазанына 66 жоба аяқталған.

2012 жылдың қантар-қыркүйегінде жұмыспен барлығы 27135 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 3308 адам, маусымдық жұмыстармен 16639 адам қамтылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3323 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етілді. Жастар тәжірибесімен 2612 адам, оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының» шеңберінде – 1610 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 1253 адам, оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының» шеңберінде – 676 адам қамтылған.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың 1 қазанына 0,6% құрады.



Әлеуметтік сала. 2012 жылы қантар-қыркүйек айларында 144,4 мың тұрғынға 1216,6 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 124,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 237,4 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 813,6 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 41,5 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.

Әр-түрлі ұйымдардың қайырымдылық қорлары арқылы заңды және жеке тұлғалардан қаржыландырудың барлық көздері есебінен 168,9 млн. теңгеге 12,9 мың азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетілген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2012 жылдың 1 қазанына 13334 адамды құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,1%-ға қысқарды. Кедейшіліктің ең жоғары деңгейі Мойынқұм ауданында тіркелген – 1,9%.

2012 жылдың шілдесінде халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 35669 теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға өсті, нақты – 5,2%-ға.

Бір қызметкердің орташа жалақысы 2012 жылдың қаңтар-тамызында кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 71370 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2011 жылдың тиісті кезеңінен 24%-ға және нақты – 16,8%-ға артық.

Өмір сүрудің ең төменгі мөлшері 2012 жылдың қыркүйегінде 15786 теңгені құрап, 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 12,6%-ға өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет