Қазақстан – туберкулезден азат ел!
Дүниежүзілік түберкулезге қарсы күрес күні 24 наурыз және оған орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында айлық өткізіледі. Айлық ұраны: «Қазақстан – туберкулезден азат ел!»
Қазақстанда туберкулез ауруы және өлімі ұзақ уақыттан бері өзекті және шешілуі күрделі мемлекеттік маңыздағы мәселе болып отыр.
Туберкулез – адам ағзасына туберкулез бактериялары түсуі арқылы дамитын жұқпалы ауру.Туберкулез бактериялары ауамен тарайды.Олар туберкулезбен ауырған адамдардың өкпесінде өсіп, көбейеді. Туберкулез жұқтырудың басты көзі – туберкулезбен ауыратын адам және оның қақырығы. Әрбір туберкулезбен ауыратын адам орташа алғанда 10-15 кісіге жұқтырады.
Туберкулез жұқпасының берілу жолдары: ауа тамшысы және шан жұқпасы, алиментарлық жолмен. Сөйлесіп тұрып түшкіріп жөтелгенде, ауру адамның сілекей тамшылары кеуіп шаңға жабысып қалады да,бірнеше сағат бойы сақталады. Шаң басқан,желденбеген жай туберкулез жұкпасыңың таралуына жағдай жасайды. Жұқпаның тағам арқылы енуі (ауру сиырдың сүті). Негізгі зақымдалатын мүше - өкпе. Кейбір жағдайларда ми және оның қабыршағы, сүйек, буын, бүйрек, жыныс мүшелері, көз, ішек туберкулезі болуы мүмкін.
Туберкулездің қоздырғышы не? Бұл бактерия – туберкулез таяқшасы. Оның көбеюіне ынғайлы температура – адам денесінін температурасы (+37). Туберкулез таяқшасы сыртқы ортаға тұрақты: топырақта,суда,тамақ өнімдерінде микобактериялар бір жылға дейін сақталады. Бірақ тура түскен күн сәулесі бірнеше минутта жойып жібереді,қайнатқанда 5 минут ішінде, хлорамин сепкенде жылдам жойылады.
Туберкулез жұқтырудың қауіпті факторлары:
жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау, тамақтану және күн тәртібін сақтамау, иммунитет төмендеу, жиі суық тию ауруларына шалдығу, темекі шегу, ішімдікті шамадан тыс қолдану.
Туберкулездің алғашқы белгілері:
үш аптадан артық жөтелу, тәбет тартпау, салмақ азаю, түнде терлеу, дене қызуының 37,0 37,5 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тез шаршау, кеуде ауыруы.
Осы белгілердің біреуі байқалса, дереу дәрігерге қаралыңыз!Мерзімінде флюрогрфиялық тексеруден өту тыныс алу мүшелері туберкулезінің асқыған түрі қалыптасуының алдын алады.Жыл сайын ересектер, әсіресе, медициналық және балалар мекемесінде жұмыс істейтіндер, тамақ өнімдерін өндіретін және сататындар, малшылар флюрографиялық тексеруден өтеді. Мерзімінде анықталған туберкулез жақсылап емдесе жазылып кетеді. Катон-Қарағай ауданында флюрографиялық тексеруді Катон-Қарағай ауылында және Улкен Нарын ауылында ауруханаларында тегін өтуге болады.
Алдын алу шаралары:
-
БЦЖ екпесі туған кезде, екінші қайтара екпе 6-7 жаста.
-
мерзімінде диагностика (жыл сайынғы флюорография);
-
қоршаған орта тазалығы;
-
материалдық-тұрмыстық жағдайды, тамақтану сапасын жақсарту;
-
жеке бас тазалығын сақтау.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!Туберкулезді емдегеннен, алдын алу оңай!
СӨС қалыптастыру бөлімінің медбикесі Г. Абдыкерова
Достарыңызбен бөлісу: |