Қазақстан Армиясының қарулары



Дата09.06.2016
өлшемі41 Kb.
#124615
Қазақстан Армиясының қарулары
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап бейбітшілікті басты нысанаға алды. Біз кейбір әпербақан мемлекеттер сияқты өз билігіміз өзімізге тигеннен кейін де әскер жасақтауға, қару жинауға жанталаса кіріскен жоқпыз. Бұл бітімгерлік шараны бүкіл әлем мойындады. Алайда, айналамызда дүркін-дүркін лапылдап жатқан соғыс ошақтары қауіп ойлатпай және тұрғызбайды. Ендеше, осындай алмағайып кезде қаннен қаперсіз отыру мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болмақ.

Қазақстан армиясының сапында бүгінде 74000 сарбаз бар. Оның ішінде Құрғақтағы күштер қатарында 47000, Әскери-Әуе күштерінде 19000, Әскери-Теңіз күштерінде 3000 сарбаз бен офицерлер тапжылмай күзетте тұр. Мұнан басқа да өздігінен әрекет ететін Аэромобильдік күштер, 1998 жылы құрылған, Қапшағайдағы шабуылдаушы десанттық бригадасы, “Қазбат” бітімгершілік батальоны жасақталды.

Жаяу әскерлердің соғыс көлігі (Боевая машина пехоты, БМП-2). Бізде осындай қарудың 4000-ы бар. Енді оның техникалық жарақтарын сөз ететін болсақ, экипажы 3-7 адамнан тұрады. Қаруы 30мм зеңбірек, 7,62мм пулемет. Ұзындығы – 6,73м, ені – 3,15м, биіктігі – 2,45м. Әскери көліктің салмағы – 14600кг.

Двигатель 6 цилиндрлі, дизель, қуаты 400 ат күшіне тең. Жылдамдығы 65км/сағ. Бір құйған жанармайы 600 шақырымға жетеді.

Бұл әскери көлік Ресей Қарулы Күштерінің сапына 1980 жылдары қабылданды. Содан бері мұны бірнеше рет қайта жарақтандырды. Сонымен қатар, бұл соғыс қаруын әлемнің 18 елі сатып алған. БМП-2 жаяу әскерлерінің таптырмайтын қорғанышы. Талай ұрыстарда қапысыз сыналған. Терең сулардан да жүзіп өте береді. Сондықтан да қарсыластардың жаяу әскерлері үшін БМП-2 қатерлі қару.

Негізінен КСРО Қарулы Күштерінде және одақтас республикалар дивизияларында 1960-90 жылдар аралығында МИ-8, МИ-24 А тікұшақтары қолданыста болды.

МИ-24 тікұшақтары МИ-8 ден әлдеқайда жетілдірілді. Двигательдердің қуаты арттырылды, қаңғалақтарына (винттеріне) өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, МИ-24тің тікұшағының ұшқышы мен мерген операторы бір кабинада отыратын. Бұл ұрыс кезінде тиімсіз болды. Мұны ескерген конструкторлар ұшқыш пен мерген операторды жеке жеке кабинаға отырғызып, тікұшақты қайта жарақтады. Ең бастысы МИ-24 ке ұшуды бақылауға және двигатель жұмысын қадағалап отыратын, оның үстіне ауа райының қолайсыздығында ұша беруді қамтамасыз ететін агронавигациялық, электрондық құрал жабдықтар орнатылды. Әскери және жүк тасымалдауға арналған МИ-24 тікұшағы Ауғанстандағы соғыста, ТМД елдеріндегі қарулы қақтығыстарда әбден сыналған. Әсіресе, Қауіпті жерлерінің дені оқ өткізбейтін бронмен қапталғандықтан тікұшақтың құны арта түсті. МИ-24 тікұшағы 12,7мм пулемет, 30 мм зеңбірек және “Фоланга”, “Штурм” зымырандарымен, ФАБ-250 бомбаларымен жарақтанған. 30мм зеңбірек тікұшақтың тұмсығында орналасқан. Бұл тікұшақ әскерлер арасында ұшып-қонуға қолайлы болғандықтан және жүк тасымалдауға, ұрыс кезінде оңтайлылығымен “ұшатын бронды машина” деп аталады. Бортына 8 десант алып ұшады.

Бүгінде Қарулы Күштеріміздегі жеңіл қарулардың аса кең тараған түрі – Калашников автоматтары. Бұл қаруды тек сарбаздарымыз ғана емес, еліміздің құқық қорғау қызметкерлерімен қатар, бүкіл ТМД мемлекеттерінің Қарулы Күштері күні бүгінге дейін пайдалануда. Калашников автоматтары әлемге 200 миллион данамен тарап оны дүниежүзінің 47 елі сатып алған.

АК-74 автоматы КСРО армиясының қарулар сапына 1974 жылы қабылданды. Конструктор Михаил Калашников өзінің бұрынғы АК-47 және 7,62 мм АКМ оқтармен атылатын етті. Енді АК-74 автоматының сыртқы тұрқы бұрынғыларға ұқсас болғанымен, салмағы едәуір жеңілдеді. Сонымен қатар бұл қару нысанаға өте дәл тиюімен ерекшеленеді. Пластмассадан жасалған оқшантайына шахмат тәртібімен орналастырылған 30 оқ сияды. Автоматтың дүмі ағаштан жасалған. АК-74 және АКС-74 автоматтары бұрынғы КСРО Қарулы Күштерінің құрамдас бөліктері бүгінгі тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің армияларында күні бүгінге дейін қолданылады.

РПК қол пулеметі – Калашников автоматы негізінде жасалды. Қарулар сапына 1961 жылы қабылданса да, бірнеше рет қайта жарақтандырылып қазір көптеген елдердің, оның ішінде Қазақстанның да сарбаздары ұдайы пайдалануда. Бұл қарудың автоматтан айырмашылығы ауыр және ұзын ұңғысы және жиналмалы аяғы болуында. Сонымен қатар қол пулеметі ұрыс кезінде пайдалануға өте ыңғайлы. Оның нысанаға тию қашықтығы 1000 метр, алайда қол пулеметі жақын қашықтықтағы ұрысқа арналған. Және РПК оптикалық немесе инфрақызыл көздеу тетіктері орнатылған. Өзінің ықшам әрі оңтайлылығының арқасында бұл қол пулеметін 30 дан астам сыртқы елдер сатып алған.



Қазіргі таңда Қарулы Күштерімізде 2500 ірі калибрлі минометтер, 495 оперативтік-тактикалық зымырандар құрылымы, 292 зенииттік зымырандар бар екені белгілі. Бұлар алысты көздейтін, қирату аймағы үлкен, жойқын қарулар. Ал жаяу әскерлер пайдаланатын қарудың негізгі түрі РПГ-7 гранотометтер болып келеді. Негізінен, РПГ-7 гранатометі КСРО Қарулы күштерінің қару-жарақ сапына 1961 жылдан бастап енді. Бұл әсіресе партизандық құрылымдарға таптырмайтын қару. РПГ-7 гранатометінің нысананы көздеу қашықтығы 250 метр болса, соңғыларінікі 520 метрге жеткізіліп, бронды тесіп өту әлеуеті де арттырылып, 375мм шамасындай болды. 1990 жылдардың басында гранатометтің ең жаңа түрлері РПГ-27 “Таволга”, РПГ-29 “Вампир” сериялы өндіріске кетті. Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары да осы соңғы қарулармен жарақтанған.


Ақпарат көзі: www.TemaKosan.net интернет сайты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет