Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» лагерлері Тлегенова Г.О. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерінің тарихына шолу жасау; Дамытушылық: 30 - шы жылдардағы оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, пайдалану дағдысын дамыту, қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажырата білуге, қорытынды жасауға дағдыландырып ғылыми шығармашылық жұмыстарға жағдай туғызу, Тәрбиешілік: Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа сабақ 1. Жаңа сөздерге түсінік беру 2. 1937 - 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары 3. Қазақстан аумағындағы еңбекпен түзеу лагерлері 4. Карлаг, Алжир, Степлаг
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі. Репрессия – мемлекеттік органдар қолданатын жазалау шаралары. Геноцид – қандай да болсын ұлттың этностың немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу. Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі. Гулаг – Лагерлер Бас Басқармасы
1936 жылдың 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақтық VIII төтенше съезінде жаңа сталиндік конституция қабылданды. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды. 1937 - 1938 жылдары сталиндік қуғын - сүргін репрессия «геноцид саясаты» осылай басталды. 1936 жылдың 5 желтоқсанда Кеңестердің Жалпыодақтық VIII төтенше съезінде жаңа сталиндік конституция қабылданды. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды. 1937 - 1938 жылдары сталиндік қуғын - сүргін репрессия «геноцид саясаты» осылай басталды. Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялылары Осы жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында КСРО Халық Комиссарлары Комитеті «Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерьін құру туралы» қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады.
ГУЛАГ
КАРЛАГ
АЛЖИР
СТЕПЛАГ
Карлаг ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері. Карлаг 1930 жылы құрылған болатын. Бұл лагерь Қарағанды облысының Тельман Жаңаарқа және Нұра аудандарының аумағында құрылды. 1930 жылдан бастап Карлаг аумағы ұлғайып, 1940 жылы жалпы көлемі 1млн 780 мың гектар жерді қамтыды. Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі сол кезде қарқынды дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейініне, Жезқазған және Балқаш, Мыс қорыту комбинаттарына аса ірі азық - түлік базасын жасау болды. Өнеркәсіп саласын құрып, дамытуға жұмыс күші де қажет болатын. Карлаг далада Орталық Қазақстанның елсіз мекенінде құрылды. Карлагта 1930 жылдардың басында тұтқын саны - 37 мың адам болды. Оған қамауға алғандардың 4 жасқа дейінгі 980 балалары қосылды. Олар лагердегі балалар үйінде тәрбиеленді. Карлаг патшалы Ресейдің еңбекпен түзеу колониясы принципі бойынша құрылған. Карлаг тұтқындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысты. Карлаг мұражайындағы көрініс Степлаг лагері СТЕПЛАГ — «халық жауларына» арналған ерекше лагерь. 1940 жылы Кеңгір өзенінің жағасында бұрынғы пионер лагерінің орнынан КСРО ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) ірі лагерь «Жезқазған лагері және КСРО НКВД ГУЛАГ-ның комбинаты» құрылды. 1943 жылы Үлкен Жезқазғанның іске қосылған және салынып жатқан бөлімдерінің бәрі НКВД-ның қарауына беріліп, ол «НКВД Жезқазған еңбекпен түзеу лагерь-комбинаты» деп аталды. 1947 жылы №4 Ерекше лагерь немесе СТЕПЛАГ деп аталды. СТЕПЛАГ-тың басты міндеті — Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагер 1940 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді. 1942 жылдың 1 қаңтарында лагерьде 120–140 тұтқын ұсталды. Алжир лагері
А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |