Еуразиялық экономикалық комиссия



бет1/12
Дата30.09.2024
өлшемі0.89 Mb.
#504138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
clco 31122015 188 doc 2


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА


ӨКІМ

2015 жылғы «29» желтоқсан № 188 Мәскеу қаласы




Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы туралы
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің жобасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын және ол Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
КЕҢЕС


ШЕШІМ

20 жылғы « » № қаласы


Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік
заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы

2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімнің 6-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 88-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімді іске асыру туралы» Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 108 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:


1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы Шешім, қай күннің неғұрлым кейінгі күн екендігіне қарай, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісім күшіне енген күннен бастап не 2015 жылғы 2 желтоқсанда қол қойылған Армения Республикасының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар айналысының бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімге қосылуы туралы хаттама күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап ерте дегенде күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет