Қазақстан балалары



Дата23.02.2016
өлшемі141 Kb.
#9708
2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2010 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2010 Қаулысы



      2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2010 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделi ұйымдар:
      1) Iс-шаралар жоспарын орындау жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шiлдеге жарты жылдықтың
қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгiне Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шiлдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                      К.Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2009 жылғы 4 желтоқсандағы
N 2010 қаулысымен    
бекiтiлген      

2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi 2010 - 2011 жылдарға арналған iс-шаралар
жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.23 № 344 Қаулысымен.



Р/с
N

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзiмi

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы заңнамасын жетiлдiру

1

Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеушi анасына немесе әкесiне, бала асырап алушыға, камқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны беру

"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Еңбекминi

2010 ж. I тоқсан

2010 жыл - 5196,7;
2011 жыл - 9510,1

Республикалық бюджет

2

Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы әдiстемелiк құралдарды, нұсқауларды әзiрлеу және басып шығару

Жарияланымдар, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар

2010 жыл - 5,140;
2011 жыл - 9,500

Республикалық бюджет

3

Бала құқықтары туралы конвенция ережелерiн орындау жөнiндегi мәселелердi өңiрлердiң стратегиялық жоспарларына енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


4

Мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын тарта отырып, барлық санаттағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау бөлiгiндегi заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекминi  IIМ, Әдiлетминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар және 20 шiлде

2010 жыл - 4,000;
2011 жыл - 4,340

Республикалық бюджет

2. Мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және үкiметтiк емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету

5

Барлық санаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен ведомствоаралық үйлестiру мен ынтымақтастықты жетiлдiру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), IIМ, ДСМ, Еңбекминi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


6

Мектепке дейiнгi жастағы балалардың ата-аналарымен жұмыс жөнiнде әдiстемелер әзiрлеу және енгiзу

әдiстемелiк ұсынымдар

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


7

Отбасылармен және балалармен, оның iшiнде мүгедек балалармен әлеуметтiк жұмыс жасаудың, сондай-ақ отбасылық нашар тұрмыстың алдын алудың жаңа технологиялары мен нысандарын енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), Еңбекминi  IIМ, облыстарды ң, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 ж. 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


8

Балалардың ақпараттық саладағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстанның халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын мiндеттемелердi орындау жөнiнде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынымдар, талдамалық есеп, ұсыныстар

БҒМ (жинақтау , ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 20 қаңтар

2010 жыл - 5,075

Республикалық бюджет

9

Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерiнiң республикалық ақпараттық деректер банкiн құру

Деректер банкi, БFМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң сайтына орналастыру

БҒМ (жинақтау) ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2010 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


10

Балалардың құқықтарын қорғау комитетi мен оның аумақтық органдарының қызметiн ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ

2010 - 2011 ж.ж. 20 қаңтар

2010 жыл - 660,230;
2011 жыл - 816,335

Республикалық бюджет

11

Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдардың жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар, 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


12

Ведомстволық тиеслiлiгi әр түрлi ұйымдар мен органдардың қызметiн мемлекеттiк аттестаттауды өткiзу кезiнде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нормаларын сақтауды көрсеткiш ретiнде енгiзу жөнiнде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынымдар, талдамалық есеп, ақпарат

БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 20 қаңтар

2010 жыл - 5,075

Республикалық бюджет

3. Балалардың сапалы бiлiм, медициналық және әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жағдайлар жасау

13

Өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтiк қызметтер көрсету жүйесiн дамыту

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


14

Пенитенциарлық ұйымдардағы кәмелетке толмағандардың қоғамда толыққанды бейiмделуiне ықпал ететiн бiлiм беру қызметтерiн алуға құқықтарын қамтамасыз етудi мониторингiлеу жүйесiн енгiзу жөнiнде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынымдар, талдамалық есеп, ақпарат

БҒМ (жинақтау), Әдiлетминi, АҚҰО, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2012 ж. 20 қаңтар

2011 жыл - 5,075

Республикалық бюджет

15

Психофизикалық ауытқуларды анықтау және психологиялық-медициналық-педагогтiк консультацияға уақтылы жiберу мақсатында сәбилердi скринингтiк тексеруден мiндеттi өткiзудi қамтамасыз ету

БҒМ-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 - 2012 ж.ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


16

Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың әлеуметке кiрiгуiн қамтамасыз ету жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу

Әдiстемелiк ұсынымдар, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ

2011 - 2012 ж.ж. 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


17

Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларды кешендi сауықтыру жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу және бекiту

Бiрлескен бұйрық

Еңбекминi (жинақтау), БҒМ, ДСМ

2010 ж. IV тоқсан

Талап етiлмейдi

 


18

Балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мамандардың ведомстволық бағыныстылықтың барлық түрлерi мен үлгiлерiндегi органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау моделiн әзiрлеу

Нұсқаулық хат

БҒМ

2011 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


19

Балалар үйлерi, мектеп-интернаттар, мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету бiлiм беру ұйымдары, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн мекемелер мен ұйымдар қызметiнiң мониторингiн жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), Еңбекминi, ДСМ, АҚҰО (келiсiм бойынша)

2010 - 2011 ж.ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


20

"Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негiзгi көрсеткiштерi" атты анықтамалық материалды әзiрлеу және басып шығару

Жинақ, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ

2011 - 2012 ж.ж. 20 шiлде

2010 жыл - 0,5;
2011 жыл - 0,5

Республикалық бюджет

21

Тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын әзiрлеу және бекiту

Бiрлескен бұйрық

Еңбекминi (жинақтау), ДСМ, БҒМ

2010 ж. IV тоқсан

Талап етiлмейдi

 


22

Арнайы түзету бiлiм беру ұйымдарын ашу (қайта жаңарту)

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. IV тоқсан

Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 217,860
2011 жыл - 508,340
Қостанай облысы:
2010 жыл - 50,000

Жергiлiктi бюджет

23

Жалпы оқыту жүйесiн жетiлдiру және мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 ж. 20 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


4. Өмiрде қиын ахуалға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, панасыз қалудың және құқық  бұзушылықтардың алдын алу үшiн шаралардың кешендi жүйесiн қалыптастыру

24

Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерiнде өмiрде қиын жағдайға тап болған ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау), IIМ, Еңбекминi, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


25

Өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған "Адамның адамгершiлiк-рухани өсу мектебi" тақырыбында оқыту семинарларын, тренингтер өткiзу

Ұсынымдар, талдамалық есеп

БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж.

2011 жыл - 4,075

Республикалық бюджет

26

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеу және шығару

Мерзiмдi баспа басылымы

БҒМ

2010 - 2011 ж.ж.

2010 жыл - 15,460;
2011 жыл - 15,460

Республикалық бюджет

27

Мектептегi каникулдар кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, спорттық және сауықтыру лагерлерi мен бос уақытты ұйымдастыру мекемелерiн құру жөнiнде шаралар қабылдау

БҒМ-ге ақпарат

ТСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкiмдiктерi , ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


28

Қызығушылықтар бойынша қоғамдық балалар ұйымдарын одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2010 - 2011 ж.ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


29

Қиын жасөспiрiмдерге арналған әлеуметтiк психологиялық оңалту қызметiн құру

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


30

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, техникалық және кәсiптiк оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы қоғамдық жасақтар құру

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


31

Балалар еңбегiнiң ең нашар нысандарына тыйым салуды және оларды жоюды қамтамасыз ететiн тиiмдi iс-шаралар қабылдау

БҒМ-ге ақпарат

Еңбекминi (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


32

Қадағалаусыз, панасыз қалған, оның iшiнде оқымайтын балаларды есепке алу жүйесiн енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

IIМ

2010 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


33

Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелер қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу

Әдiстемелiк ұсынымдар

IIМ (жинақтау), БҒМ

2011 ж. II тоқсан

Талап етiлмейдi

 


34

Бiрлескен кешендi жедел-алдын алу iс-шараларын өткiзу

БҒМ-ге ақпарат

IIМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2011 ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


35

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталықтарын ашу жөнiнде ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

БҒМ

2011 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


5. Әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу

36

Барлық санаттағы балаларды бiлiм беру, медициналық, әлеуметтiк қызметтермен қамтамасыз ету жөнiндегi бақылауды жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

БҒМ (жинақтау) ДСМ, Еңбекминi, ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


37

Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерiн жаратылыстану-математикалық бағыттағы және техникалық-шығармашылықтағы қосымша бiлiммен қамтуды қамтамасыз ету

Нұсқаулық хат

БҒМ

2010 ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


38

Болашақ аналармен жұмыс жасау үшiн босану ұйымдарын психолог мамандармен жасақтау жөнiнде шаралар қабылдау

БҒМ-ге ақпарат

ДСМ (жинақтау)  облыстардың , Астана және Алматы қалаларының  әкiмдiктерi

2010 ж. IV тоқсан

Талап етiлмейдi

 


39

БАҚ-ты тарта отырып, нысаналы топтар (оқушылар, студенттер) арасында әлеуметтiк жетiмдiк проблемалары туралы түсiндiру науқанын жүргiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынымдар ақпарат

БҒМ (жинақтау) ДСМ, Еңбекминi, МАМ облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2010 - 2011 ж.ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


40

"Арнайы әлеуметтiк қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шеңберiнде патронаттық және асырап алушы отбасыларға көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн кеңейту және сапасын жақсарту

Бiрлескен бұйрық

БҒМ (жинақтау), Еңбекминi, ДСМ

2011 ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


41

Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

БҒМ

2010 - 2011 ж.ж. 20 шiлде

Талап етiлмейдi

 


42

Облыстық, қалалық бiлiм департаменттерiне, басқармаларына, аудандық бiлiм бөлiмдерiне балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша қосымша мамандар енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 ж. 20 шiлде

Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 8,195
2011 жыл - 10,653
Атырау облысы:
2010 жыл - 0,595
2011 жыл - 4,764
Шығыс Қазақстан облысы:
2010 жыл - 37,812
2011 жыл - 38,988
Жамбыл облысы:
2010 жыл - 18,606
2011 жыл - 17,591
Қарағанды облысы:
2010 жыл - 53,253
2011 жыл - 69,232
Маңғыстау облысы:
2010 жыл - 1,357
2011 жыл - 1,813
Солтүстiк Қазақстан облысы:
2010 жыл - 11,542
2011 жыл - 15,004
Оңтүстiк Қазақстан облысы:
2010 жыл - 10,149
2011 жыл - 13,193

Жергiлiктi бюджет

43

Патронаттық отбасыларда тәрбиеленетiн, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесi бойынша мониторинг және бақылау жүргiзу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi

 


44

Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар ауылдарын ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж.IV тоқсан

Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 100,000
2011 жыл - 100,000
Алматы облысы:
2010 жыл - 100,000
2011 жыл - 364,000

Жергiлiктi бюджет

45

Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған отбасы үлгiсiндегi үйлердi ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011  ж.ж. IV тоқсан

Ақтөбе облысы:
2010 жыл - 10,495
2011 жыл - 30,000
Оңтүстiк Қазақстан облысы:
2011 жыл - 132,000
Астана қ.:
2011 жыл - 800,000

Жергiлiктi бюджет

46

Балалар үйлерiнiң, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi үшiн жасөспiрiмдер үйлерiн ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкiмдiктерi

2011 ж. IV тоқсан

Шығыс Қазақстан облысы:
2011 жыл - 10,000
Маңғыстау облысы:
2011 жыл - 250,000
Астана қ.;
2011 жыл - 920,000

Жергiлiктi бюджет

47

Балалардың үйлерi мен мектеп-интернаттарды балалар үйлерi және отбасы үлгiсiндегi ауылдарға қайта бейiндеу арқылы жетiм балаларға арналған балалар мекемелерiн деинституционализациялау

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж.

Талап етiлмейдi

 


6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмiрге қатысу құқығын iске асыруға ықпал ететiн жағдайлар жасау

48

Балалардың әлеуметтiк бастамаларын, балалардың қоғамдық қозғалыстарын және балалардың қоғамдық ұйымдарын мемлекеттiк қолдау мәселелерi бойынша ұлттық заңнамаға зерттеу жүргiзу

Ұсынымдар, талдамалық есеп

БҒМ (жинақтау), ҮЕҰ (келiсiм бойынша)

2011 ж.

2011 жыл - 5,075

Республикалық бюджет

49

Мүмкiндiктерi шектеулi балалардың салауатты өмiр салтын, әлеуметтiк бейiмделуiн, оңалуы мен қоғамға кiрiгуiн қамтамасыз ету жөнiндегi "Sресiаl Оlуmрiсs" бағдарламасын iске асыруға жәрдем көрсету

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi

 


50

"XXI ғасырдың балалары: мемлекет пен қоғам өмiрiне қатысу" балалар саммитiн өткiзу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкiмдiктерi

2011 ж. 10 қаңтар

Талап етiлмейдi




51

"Жұлдыз-ай" мүгедек балалар мен мүмкiндiктерi шектеулi балалар шығармашылығының республикалық фестивалiн өткiзу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 ж. 10 шiлде

Талап етiлмейдi




52

Жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiне арналған республикалық "Таң Шолпан" конкурсын өткiзу

БҒМ-нiң бұйрығы

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2010 - 2011 ж.ж. ақпан

2010 жыл - 4,868;
2011 жыл- 3,945

Республикалық бюджет




Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң барлық қаражаты:










2010 жыл - 6 766,912;
2011 жыл - 13 409,983
Жиыны: 20 176,895







Оның iшiнде:










2010 жыл - 5 897,048;
2011 жыл - 10 374,405
Жиыны: 16 271,453

2010 жыл - 869,864;


2011 жыл - 3 035,578
Жиыны: 3 905,442

Республикалық бюджет
 
 
 
 

Жергiлiктi бюджет



      Ескертпелер:
      2010 - 2011 жылдарға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландырылатын шығыстар көлемi "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және мәслихаттардың шешiмiне сәйкес тиiстi қаржы жылына анықталады, мемлекеттiк органдардың бюджеттiк бағдарламаларында көрсетiледi.
      Бұдан басқа, халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктердiң және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен тыйым салынбаған басқа да көздердiң техникалық және гранттық көмектерiн тарту ұйғарылып отыр.

       Аббревиатуралардың толық жазылуы:


      БҒМ        - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
                   министрлiгi
      IIМ        - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
      Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
      ДСМ        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлiгi
      МАМ        - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                   министрлiгi
      ТСМ        - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                   министрлiгi
      Еңбекминi  - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                   әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      АҚҰО       - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
      ҮЕҰ        - үкiметтiк емес ұйымдар
      БАҚ        - бұқаралық ақпарат құралдары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет