№
п/п
|
Құрылымдық элемент
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
«Қазақстан Республикасының әуе жайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы»
2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 404 қаулысы
|
2
|
Тармақша 2)
Тармақ 2
|
2. Қағида Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртiбiн, оның iшiнде авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды және өткiзудi белгiлейдi, оған мыналар кiредi:
1) авариялық-құтқару күштерi мен құралдарының кезекшiлiгiн ұйымдастыру;
2) әуежай (әуеайлақ, әуеайлақ маңындағы аумақ) аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
3) авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшiн әуежай қызметтерi бөлiмшелерiнiң үйлестiрiлген iс-қимылдарын, сондай-ақ олардың осы жұмыстарды жүргiзу бойынша басқа да тиiстi қызметтермен бiрлескен iс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) авариялық-құтқару жасақтарын (топтарын) құралдармен және жарақтармен техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
5) авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшiн мамандарды даярлау.
|
2. Қағидалар ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету тәртібін (бұдан әрі – АҚҚТ) белгілейді, оның ішінде Қазақстан Республикасының әуежайларында авариялық-құтқару жұмыстарын (бұдан әрі АҚЖ) ұйымдастыруды және өткізуді белгілейді, оған төмендегілер кіреді:
1) авариялық-құтқару күштері мен құралдарының кезекшілігін ұйымдастыру;
2) әуежай (әуеайлақ) және әуежай (әуеайлақ) маңындағы аумақта авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және орындау;
3) авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру үшін әуежай қызметтері бөлімшелерінің үйлестірілген іс-қимылдарын, сондай-ақ олардың осы жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да тиісті қызметтермен бірлескен
іс-қимылдарын қамтамасыз ету;
4) авариялық-құтқару жасақтарын құралдармен және жарақпен техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;
5) авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін мамандарды даярлау.
|
Авариялық-құтқару жумыстарының аймағын анықтау үшін өткізу
|
3
|
Тармақ 3
|
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авариялық-құтқару жұмыстары - апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелерiне уақтылы көмек көрсетуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
2) әуежай аумағы - әуежай күштерiмен және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылатын жер немесе су учаскелерi.
|
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) авариялық-құтқару жұмыстары - апатқа ұшырау жағдайындағы немесе зардап шегушілерге уақытылы көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар кешені;
2) апаттық жедел орталығы (стационарлық командалық орын) – әуежайдағы авариялық жағдай кезінде операцияларды қамтамасыз ету және үйлестіру үшін пайдаланылатын әуежайдың белгіленген аймағы (орны);
3) су жағалауындағы әуежай – ұшып көтерілу және қонуға кіру әуежайға (әуеайлаққа) іргелес шегінде су үстінде жүзеге асырылатын әуеайлақ;
4) шектелген оқулар – әуежайда авариялық жағдайдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес бір немесе бірнеше бөлімше қатысатын оқу әрекеттерінің тиімділігін арттыру мақсатында өткізілетін оқулар;
5) авариялық жағдайдағы толық көлемді оқулар - нақты авариялық жағдай туындағанда тартылатын қолдағы барлық ресурстарды күшейту және пайдалану;
6) әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жер –шегінде әуежайдың күштері және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын әуеайлақтың бақылау нүктесінен (бұдан әрі – ӘБН) 8 км дейінгі радиустағы аумақ;
7) әуежай (әуеайлақ) аумағы - әуежай күштерімен және құралдарымен авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылатын жер немесе су учаскелері.
8) штабтық оқулар – өткізгенде ең төмен шығындармен байланысты оқудың ең қарапайым түрі. Авариялық оқиғаның салдарын жою үшін пайдаланылатын ресурстардың өзара байланыстары мен мүмкіндіктерін тексеру үшін өткізілетін штабтық оқулар тәжірибеде оларды жүзеге асыруға дейін оқиға салдарын жоюға бағытталған әр түрлі шараларды сыни талдаудың, айқындаудың және жоспарлаудың қарапайым құралы болып табылады.
|
ИКАО стандартарымен бекітілген, ереже терминалогия
|
4
|
Тармақ 4
|
4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған.
|
4. Ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуежай (әуеайлақ) аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен орындауға бағытталған.
|
«Әуежайға(әуеайлаққа)іргелес аудан» деген ұғымның кіріспесімен, әрбір авариялық-құтқару жұмыстар еңсеріледі
|
5
|
Тармақ 5
|
5. Авариялық-құтқару жұмыстары авиациялық оқиға әуежай аумағында болған және апатқа ұшыраған адамдар мен әуе кемесiн iздестiруге қажеттiлiк болмаған жағдайда жүргiзiледi, оған мыналар кiредi:
1) әуежай аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң жолаушыларын және экипажын құтқару;
2) зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялау;
3) әуе кемесiндегi өрттi сендiру.
|
5. Авариялық-құтқару жұмыстары авиациялық оқиға әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежайға іргелес (әуеайлақ) жерде болған және апатқа ұшыраған адамдар мен әуе кемесін (бұдан әрі – ӘК) іздестіруге қажеттілік болмаған жағдайда жүргізіледі, оған мыналар кіреді:
1) әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежай (әуеайлақ) аумағына іргелес жерде апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің жолаушыларын және экипажын құтқару;
2) зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялау;
3) әуе кемесіндегі өртті сөндіру.
|
«Әуежайға(әуеайлаққа)іргелес аудан» деген ұғымның кіріспесімен, әрбір авариялық-құтқару жұмыстар еңсеріледі
|
6
|
Тармақ 6
|
6. Авариялық-құтқарумен қамтамасыз етудi әуежайдың iздестiру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметi ұйымдастырады.
|
6. Авариялық-құтқарумен қамтамасыз етуді әуежайдың ұшуларды іздестіру және ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі – ҰІАҚҚҚ) ұйымдастырады. Әуежай басшысы АҚҚТ материалдық-техникалық жабдықталуын жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді.
|
Авариялық-құтқару жұмыстарын жаупкерді таңдап алу үшін
|
7
|
Тармақ 7
|
7. Әуежайдың авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын күшейту мақсатында авариялық-құтқару командалары (бұдан әрi - АҚК) жасақталады.
|
7. ҰІАҚҚ қызметінің негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
1) әуежай (әуеайлақ) аумағында немесе әуежай (әуеайлақ) аумағына іргелес жерде ӘК ұшуларын іздестіруді және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету;
2) әуеайлақта ӘК ұшуларын өртке қарсы қамтамасыз ету;
3) әуежай (әуеайлақ, ұшақ айлағы) аумағында және объектілерінде төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысу;
4) әуежай шегінен тыс жерде төтенше оқиға және апатты жағдайдың салдарын жоюға қатысуға (өзара әрекет ету жоспары бойынша);
5) авариялық-құтқару жасақтарының кезекшіліктерін ұйымдастыру және авариялық-құтқару командаларының (бұдан әрі – АҚК) штаттан тыс авариялық-құтқару жасақтарының дайындығын бақылауды қамтамасыз ету;
6) әуежай (әуеайлақ) аумағында өзара әрекет ететін ұйымдармен, мекемелермен және кәсіпорындармен бірлесе АҚЖ өткізу;
7) мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің өңірлік бөлімшелермен өзара әрекет етіп ӘК және әуежай объектілерінде өрттерді сөндіру;
8) табиғи және техногендік сипатындағы төтенше жағдай саласының уәкілетті органының бөлімшесімен өзара әрекеттесіп әуежай күштерімен бірге апатқа ұшыраған ӘК экипажы мен жолаушыларды іздестіру және құтқаруға қатысу;
9) АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының жеке құрамымен оқулар және оқу дайындығын өткізу;
10) бортында жолаушылары бар ӘК қосымша отын құю кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) өрт техникасын, жарақты, өртке қарсы құтқару жарағын сынау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету;
|
Авариялық- іздеу құтқару жұмыстарын мақсатарын үшін, редакция өзгереді
|
8
|
Тармақ 8
|
8. Әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшiн әуежайда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық әзiрленедi ол әуежай ауданында орналасқан өзара iс-қимылдағы азаматтық авиация ұйымдарымен келiсiледi және оны әуежай басшысы бекiтедi.
|
8. ҰІАҚҚ қызметінің басшысы:
1) лауазымға тағайындалғанда ҚР АА авиациялық оқу орталықтарында тиісті оқудан өтеді;
2) қызметті басқарады, оның жұмысын ұйымдастырады, оны жетілдіру және болашақта дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) жауапкершілік ауданындағы іздестіруді және авариялық-құтқаруды өткізу туралы есептерді дайындайды, оларды өткізу кезіндегі кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;
4) әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде іздестіру-құтқару жұмыстарын және/немесе АҚЖ өткізу туралы есептерді дайындайды, оларды өткізу кезіндегі кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;
5) қажетті іздестіру және авариялық-құтқару техникаға және құралдарға, өрт-техникалық жабдыққа және жараққа өтінім әзірлейді;
6) ІҚЖ және АҚЖ өткізудің озат тәжірибесін АҚК мамандарынының назарына жеткізеді;
7) жаңа авариялық-құтқару және өртке қарсы құралды игеруді ұйымдастырады;
8) АҚК штаттық және штаттан тыс жасақтарының жеке құрамының оқу дайындығын ұйымдастырады және өткізеді;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласының уәкілетті бөлімшелерінің және органдарының, сондай-ақ, әуежайдағы (әуеайлақ, тікұшақ айлағы) төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартылатын басқа мекемелер мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жүзеге асырады.
|
ҰІАҚҚ бастықтын атқаратын қызметтерінің үшін, редакция өзгереді
|
9
|
Тармақ 7
|
7. Авариялық-құтқару жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң бөлiмшелерiмен, аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық көмегiмен, әскери бөлiмшелермен және құқық қорғау органдарымен бiрлесiп, өзара iс-қимылдар жоспары бойынша жүзеге асырылады.
|
9. АҚЖ жүргізу үшін әуежайларда АҚК жасақталады.
|
Тармақтың нөмірлерді өзгерісі. Редакция айқындалу.
|
10
|
|
Жоқ
|
10. Әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін ҰІАҚҚҚ басшысы өзара іс-қимылдағы ұйымдармен келісіледі және оны әуежай басшысы бекітетін АҚЖ ұйымдастыру және жүргізу жоспарын әзірлейді. Авариялық жоспарды әзірлеу бойынша нұсқамалық ұсыныстар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
|
Әуежай басшылық қызметтерге ИКАО құжатының
сәйкестікке келтіруге үшін
Әрбір әуежайда авариялық қүрастырылған жоспар(Doc 9137 - AN/898), бойынша болу керек
|
11
|
Тармақ 9
|
9. Авариялық-құтқару жұмыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң бөлiмшелерiмен, аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық көмегiмен, әскери бөлiмшелермен және құқық қорғау органдарымен бiрлесiп, өзара iс-қимылдар жоспары бойынша жүзеге асырылады.
|
11. Авариялық-құтқару жұмыстары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласының уәкілетті органы бөлімшелерімен, аумақтық денсаулық сақтау органдарының жедел медициналық көмегімен, әскери бөлімшелермен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, өзара іс-қимылдар жоспары бойынша жүзеге асырылады.
|
Тармақтың нөмірлерді өзгерісі.
Мемлекеттік органның және ұйымның атауының редакциялық түзету
|
12
|
|
Жоқ
|
12. Авиациялық оқиға орны белгілі болған жағдайда әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде (әуежайдың жауапкершілік ауданы) авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіледі. Авиациялық оқиға орны туралы мәлімет болмаған жағдайда АҚЖ алдында іздестіру-құтқару жұмыстары (ІҚЖ) жүзеге асырылады.
|
АҚЖ және ІҚЖ жері айқындауыш болу керек
|
13
|
Тармақ 10
|
10. Әуежай аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын әуежай басшысы ұйымдастырады.
Авиациялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тiкелей басшылық жасау әуежай басшысының орынбасарына немесе әуежай басшысының бұйрығымен тағайындалатын басқа тұлғаға жүктеледi.
|
13. Әуежай (әуеайлақ) аумағында және әуежайға (әуеайлаққа) іргелес жерде авариялық-құтқару жұмыстарын әуежай басшысы ұйымдастырады. Авиациялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тікелей басшылық жасау әуежай басшысының орынбасарына немесе әуежай басшысының бұйрығымен тағайындалатын басқа тұлғаға жүктеледі.
|
Тармақтың нөмірлерді өзгерісі, АҚЖ жері айқындауыш болу керек, қысқарт- кіріспесі
|
14
|
Тармақ 11
|
11. Авариялық-құтқару жұмыстары:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесiнiң алдағы қонуы туралы хабар алған кезде;
2) авиациялық оқиға кезiнде;
3) өзара iс-қимылдар жоспарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың талаптары бойынша;
4) әуежай басшысының нұсқауы бойынша жүргiзiледi.
|
14. Авариялық-құтқару жұмыстары:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің алдағы қонуы туралы хабар алған кезде;
2) авиациялық оқиға кезінде;
3) егер жолаушыларды, ӘК экипаждарының мүшелерін эвакуациялау қажет етілсе;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көмек көрсету үшін;
5) әуежай басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
|
Тармақтың нөмірлерді өзгерісі. АҚЖ бірінші кезекте тындырымды болу керек.
АҚЖ болғанда, керек жұмыстар еңсерілмейді, бірақ адамдарды шығарғанда АҚЖ орындайды
|
15
|
Тармақ 12
|
12. АҚК штаттық және штаттан тыс құрамалардан (жасақтардан) тұрады. Азаматтық авиация ұйымының өртке қарсы қызметiнiң және ұшуды iздестiру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметiнiң (бұдан әрi - ҰIАҚҚҚ) құралдары мен күштерiнiң құрамынан штаттық өрттен құтқару жасағы құрылады.
Әуежайдың әрбiр ауысымында медициналық, әуеайлақтық, инженерлiк-авиациялық қызметтердiң (бұдан әрi - ИАҚ), тасымалдарды ұйымдастыру, арнайы көлiк қызметiнiң, полицияның желiлiк бөлiмi қызметкерлерiнен штаттан тыс авариялық-құтқару жасағы құрылады.
Әуе кемелерiнiң ұшуы және қонуы теңiз (үлкен су айдынының) үстiнде жүзеге асатын әуежайларда катерлермен және үрленетiн жүзу құралдарының қажеттi санымен жасақталған суда құтқару станциялары ұйымдастырылады.
|
15. АҚК штаттық және штаттан тыс құрамалардан (жасақтардан) тұрады. Ұшуды іздестіру авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі - ҰІАҚҚҚ) құралдары мен күштерінің құрамынан штаттық өрттен құтқару жасақтары құрылады. АҚЖ негізгі міндеті болып жолаушыларды және экипаж мүшелерін, құнды жабдық пен жүкті, мүмкіндігінше авиациялық техниканы да құтқару болып табылады.
Әуежайдың әрбір ауысымында медициналық, әуеайлақтық, инженерлік-авиациялық қызметтердің (бұдан әрі - ИАҚ), тасымалдарды ұйымдастыру, арнайы көлік қызметінің, авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) және/немесе желілік полиция бөлімі (бұдан әрі - ЖПБ) қызметкерлерінен штаттан тыс авариялық-құтқару жасақтары құрылады.
Өрт автомобильдерінің саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 қаулысымен бекітілген Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамды нормаларымен (бұдан әрі - Жарамдық нормалары) анықталады.
Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметімен (бұдан әрі – ААБ қызметі) тікелей және тұрақты байланысты ұстауға жауапты әуежайдың лауазымдық тұлғалары ААБ қызметіне әуежайдың (әуеайлақтың) ағымдағы ТӨҚҚД санаты туралы, соның ішінде ТӨҚҚД санатының уақытша төмендеуі кезінде ақпаратты ұсынады.
Осындай ақпаратты ұсыну және оны жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларымен анықталады.
|
АҚК мақсаттың ұйғарымі үшін.
АҚК санының нормативының орнату
Азаматтың авиациясында жөн-жоба басқа нормативтік қүжаттармен өзара байланыс
|
16
|
Тармақ 13
|
13. Өрттен құтқару жасағына әуежайдың өртке қарсы қызметтiң құрамынан өрт құтқарушылар кiредi және мыналармен жарақтандырылады:
1) өрт автомобильдерiмен;
2) фюзеляжды ашуға арналған аспаппен;
3) жылу шағылыстырғыш костюмдермен;
4) газдан, түтiннен қорғайтын құралдармен;
5) жолаушы креслоларының байлайтын бауларын кесуге арналған пышақтармен;
6) өрт автомобильдерiн жинақтау ведомосiне сәйкес шанцтiк аспаппен.
Өрттен құтқару жасақтарын жарақтандыру жергiлiктi жағдайға және жаңа авариялық-құтқару құралдарының келiп түсуiне байланысты өзгертiледi және толықтырылады.
Жасақтың жеке құрамының саны әуежай сыныбын негiзге ала отырып, әуежайдың АҚК саны нормативiмен анықталады, өрт автомобильдерiнiң саны әуеайлақты қажеттi өрттен қорғау деңгейi санатымен анықталады.
|
16. Өрттен құтқару жасағы осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес жинақталған өрт автомобильдерімен жабдықталады.
Өрттен құтқару жасақтарын жарақтандыру жергілікті жағдайға және жаңа авариялық-құтқару құралдарының келіп түсуіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
|
Өрт сөндіретін автомобильге ең төмен жинақталым болу тиіс
Толық талаптар 2-косымшада
|
17
|
Тармақ 14
|
14. Медициналық жасақ әуежайдың медициналық қызметiнiң кезекшiлiк ауысымы есебiнен құралады және авиациялық оқиға орнында тiкелей алғашқы медициналық көмек көрсетуге, зардап шеккендердi сұрыптауға және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялауға арналған.
Медициналық жасақтың сандық құрамы әуежай сыныбымен анықталады және әрбiр медициналық қызметкерге 10 зардап шегушiден аспайтындай есеппен ауысымнан бос медициналық қызметкерлер, санитарлық дружиналар және өзара iс-қимылдағы медициналық және емдеу мекемелерiнiң күштерiмен толықтырылуы мүмкiн.
|
17. Медициналық жасақ әуежайдың медициналық қызметінің кезекшілік ауысымы есебінен құралады және авиациялық оқиға орнында тікелей алғашқы медициналық көмек көрсетуге, зардап шеккендерді сұрыптауға және оларды медициналық мекемелерге эвакуациялауға арналған.
Медициналық жасақтың сандық құрамы әрбір медициналық қызметкерге 10 зардап шегушіден аспайтындай есеппен ауысымнан бос медициналық қызметкерлер, санитарлық дружиналар және өзара іс-қимылдағы медициналық және емдеу мекемелерінің күштерімен толықтырылуы мүмкін.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі. АҚК санының нормативының орнату
|
18
|
Тармақ 15
|
15. Медициналық жасақ мыналармен жарақтандырылады:
1) авиациялық оқиға орнына нормативтiк уақытта жасақты алып баруды қамтамасыз ететiн және зембiлдермен (2 дана); оттегi ингаляторымен; өкпенi жасанды желдетудiң шағын аппаратымен; 10x2 метрлiк брезент кенеппен, электрлi шаммен жинақталған санитарлық машинамен;
2) жеткiзу құралдары бар автотiркеме-фургонмен;
3) қажеттi мөлшердегi шабадандармен: әуе кемесiндегi 80-90 % жолаушы зардап шегедi деген есеппен 10 зардап шегушiге 1 шабаданнан.
|
18. Әуеайлақта осы әуеайлақта пайдалануға жіберілген ең ірі ӘК жолаушылар сыйымдылығының төрттен бір бөлігіне арналған тасымалдау материалымен авариялық медициналық төсеуі және зембілі бар санитарлық автомобиль (автомобильдер) және/немесе тіркеме-фургон болу қажет. Автотіркеме-фургонын тіркеп сүйреу үшін көлік құралы ескеріледі. Автотіркеме-фургонды жабдықтау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық жасақ қажетті көлемде шабадандарымен жарақтандырылған: 10 зардап шегушіге 1 шабадан. Шабаданды дәрі-дәрмек, құралдар және таңу материалдарымен жабдықтау осы Қағидалардың
4-қосымшасына сәйкес анықталады.
|
Тармақтың нөмірлер өзгерісі.
Осы жөн-жобада 4 қосымшада жаңа редакция, санитарлық автомобильмен және тіркелгіш фургомен байналысты
азаматтың авиациясының аэродромының қанаушылығын осы жөн-жосықтың талабына жарастықпен келтіріде
|