Құқықтық мәдениет деңгейiн одан әрi арттыру, құқықтық түсiндiру жұмыстарының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, азаматтарға еңбек заңнамасының негiздерiн оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негiздерiне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi 2013 - 2015 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
2) жылына екi рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсiн.
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жылына екi рет, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
4) Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.
5) Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Р/с
№
|
Iс-шаралар
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындау мерзiмi
|
Болжамды шығыстар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
|
1.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жанынан азаматтарды еңбек заңнамасының негiздерiне құқықтық жалпы оқытуды үйлестiрудi жүзеге асыру, талдау және мониторинг жүргiзу жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығы
|
Еңбекминi, Әдiлетминi, БҒМ, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
2013 жылға 25 қаңтар
|
Талап етiлмейдi
|
2.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне қызметкерлердi еңбек заңнамасының негiздерiне оқытуды регламенттеу тұрғысынан толықтырулар енгiзу бойынша ұсыныстар енгiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар
|
Еңбекминi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
2013 жылғы 25 қаңтар
|
Талап етiлмейдi
|
3.
|
Қызметкерлердi еңбек заңнамасының негiздерiне оқытуды ұйымдастыру жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң бұйрығы
|
Еңбекминi, БҒМ, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
2013 жылғы ақпан
|
Талап етiлмейдi
|
2. Ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету
|
4.
|
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негiздерi бойынша буклеттер әзiрлеу және көбейту
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
2013 жылғы 25 шiлде
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде 2013 жылы - 14 720 мың теңге
|
5.
|
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негiздерi бойынша оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттердi әзiрлеу және шығару
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, МАМ, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша
|
2013 - 2014 жылдар, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: 2013 жылы - 14 395 мың теңге; 2014 жылы - 16 554 мың теңге
|
6.
|
Еңбек заңнамасының негiздерi бойынша оқу және жарнамалық бейнероликтер әзiрлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, БҒМ, МАМ
|
2013 жылғы 25 шiлде
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: 2013 жылы - 28 290 мың теңге
|
3. Ұйымдық - әдiстемелiк қамтамасыз ету
|
7.
|
Еңбек қатынастары саласындағы өзектi мәселелер бойынша халықаралық, ғылыми-тәжiрибелiк конференциялар, семинарлар өткiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, БҒМ, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
2013 жылғы 25 шiлде
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: 2013 жылы - 4160 мың теңге
|
8.
|
Әлеуметтiк әрiптестердiң қатысуымен еңбек жанжалдарын реттеу мәселелерi бойынша дөңгелек үстелдер өткiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
9.
|
Еңбек заңнамасының өзектi мәселелерi бойынша интернет-конференциялар өткiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
10.
|
Ұйымдардың еңбек ұжымдары үшiн еңбек заңнамасының негiздерiн түсiндiру бойынша семинарлар мен консенсусқа қол жеткiзу үшiн келiссөздер жүргiзу дағдылары жөнiндегi тренингтер өткiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: 2013 жылы - 45000 теңге; 2014 жылы - 45000 теңге; 2015 жылы - 45000 теңге
|
11.
|
Еңбек заңнамасының негiздерi бойынша оқу және жарнамалық бейнероликтердi тираждау және республикалық телеарналарда көрсету
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, МАМ
|
2013 - 2014 жылдар, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде: 2013 жылы - 7 171 мың теңге; 2014 жылы - 6 171 мың теңге
|
12.
|
Еңбек заңнамасының негiздерi тақырыбы бойынша қолданыстағы ақпараттық - талдау бағдарламалары аясында сюжеттердiң шығуын ұйымдастыру
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
МАМ, Еңбекминi
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 021 «Мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде
|
13.
|
Мемлекеттiк органдар басшыларының, кәсiптiк одақтар, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi өкiлдерiнiң, жалдамалы қызметкерлердiң еңбек заңнамасының неғұрлым өзектi мәселелерi бойынша БАҚ-та сөз сөйлеулерiнiң медиа-жоспарын әзiрлеу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, МАМ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
14.
|
«www.enbek.gov.kz» веб-сайтының базасында жаңалықтардың көшiрмелерiн әлеуметтiк желiлерде (Ғасеbоок, Тwitter) жариялау жүйесiн қосумен еңбек заңнамасы саласындағы жалпы оқыту және бiлiмдi арттыруға бағытталған арнайы айдар ашу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi
|
2013 жылғы 25 каңтар
|
Талап етiлмейдi
|
15
|
Еңбекминiнiң интернет ресурсында еңбек заңнамасы мәселелерi бойынша контенттi өзектiлендiру
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
16.
|
Жұмыс берушi - қызметкер арасындағы қарым-қатынастар мәселелерiн жариялау кезiнде олардың сауаттылығын арттыру және еңбек дауларын дұрыс жариялау үшiн журналистер үшiн арнайы семинарларды өткiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат
|
Еңбекминi, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi
|
Жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
17.
|
Жұмыс берушiлердiң еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру жөнiнде iс-шараларды өткiзу
|
Еңбекминiне ақпарат
|
Жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi
|
Жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шiлдеге қарай
|
Талап етiлмейдi
|
18.
|
Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi өңiрлiк комиссиялар отырыстарында қызметкерлердiң және жұмыс берушiлердiң еңбек заңнамасының негiздерi жөнiндегi сауаттылығын арттыру мәселелерiн жүйелi түрде қарау